Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 20:56, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты бастауыш мектеп жасындағы балаларының ойлау іс-әрекетінің деңгейін арнайы дайындалған әдістемемен зерттеу; олардың сапасын арнайы жаттығулар арқылы дамыту; психологиалық картамен жұмыс жүргізуді пайдалану.
Зерттеу міндеттері
•Зерттеу мақсаты мен ұсынылған болжамға сәйкес ойлау іс-әрекетінің оқытудағы маңыздылығн тәжірибе жүзінде зерттеу және дамыту.
•Қазақ тілі пәнінің әдістемелік негізін дамытуға арналған жұмыс түрлерін психологиялық тұрғыдан жүргізілудің тиімділігі. ( әдістемелерді іріктеу, модификациялау).
•Төменгі сынып оқушыларының оқу әрекетіндегі ерекшеліктерін экспериментті зерттеу.
•Төменгі сынып оқушыларының оқу процесіне таным әрекеттерінің психологиялық әсерін анықтау.
КІРІСПЕ…………………………………………………………………….......
I ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ
ТАНЫМ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІН АНЫҚТАУ....................................................................................................
1.1 Танымдық процестегі ойлаудың ғылыми мәні мен ойлаудың маңыздылығы..............................................................................................
1.2 Оқу процесіндегі төменгі сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту.................................................................................
1.3 Төменгі сынып оқушыларына кәсіби маман психологтың қызыметі..
1.4 Төменгі сынып оқушыларының дамуына психологтың кәсібінің тигізетін маңыздылығы.................................................................................
1.5 Дарынды балалардың таным процестері мен тұлғалық ерекшеліктерінің психологиялық мәселелері...............................................
II ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІ ЗЕРТТЕУ..........................
2.1 Зерттеудің мақсаты, міндеттері, ғылыми әдістемесі.............................
2.2 Зерттеудің ғылыми зерттеу әдістемесі..................................................
2.3 Зерттеудің нәтижесін өңдеу......................................................................
III БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСТЕ САҚТАУДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ОҚУҒА ДЕГЕН ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...............................................
3.1 Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері.....
3.2 Бастауыш сынып жасындағылардың ерекшеліктері мен дамуы........
3.3 Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқындағы қиындықтарды түзету жолдары..............................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ..............................................
ҰСЫНЫСТАР....................................................................................................
ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................
Оқытудың мазмұнына
да фактілерден, әрекет
Белгілі бір дәрежеде оқу - танымдық
іс - әрекетті белсендірудің қажеттігі
туындайды. Мұнда оқыту үрдісіндегі әдістемелік
жүйенің (мазмұны, әдіс - тәсілдер, оқыту
формасы, оқыту құралдары) өзара байланысы
негізінде оқу - танымдық іс - әрекет міндеттерін
жүзеге асырылуын талап етіледі. Оны оқу
- тәрбие үрдісінде қолдану үшін мына ұстанымдар
жүзеге асуы тиіс:
1. Оқушының өзіндік жұмыстарының жоғары
формасы болып табылатын олардың өз еркімен
жаңа амал - тәсілдер қолданып жасайтын
шығармашылық жұмыстарына басты назар
аударылуы тиіс.
2. Жаңа педагогикалық
технологияны қолдану
Оқыту үрдісінде оқушының оқу - танымдық
белсенділігін қалыптастыру үшін барлық
қажетті шарттарды: білімдер мен әрекет
тәсілдерін алуды, қажетсінуді қалыптастыратын
шарттарды, өзін - өзі бейімдеу шарттарын,
проблемаларды шешудің түрлі нысандарын
ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын
қамтамасыз етуге тиіс. Оқу -
танымдық белсенділіктің деңгейлерінің
даму барысы дәл анықталуы, мүмкіндігінше
неғұрлым дәл бақылау өлшемдеріне ие болу
үшін қажет. Бұл адамның «ішкі» мүмкіндіктерін
«сыртқы» факторлар арқылы жарыққа шығару
нәтижесінде жүзеге асады. Оқушылардың
белсенділігін арттырудың жаңа формаларын
епті пайдалана отырып, жаңашыл ұстаз
белсендіру әсерін жүзеге асырады, онда
оқушылар: өз пікірінде тұра алуы; пікірталастар
мен талқылауларға қатысуы; өз жолдастарына
және мұғалімдеріне сұрақ қоя алуы; жолдастарының
жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары
мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта
қалған оқушыларды оқытуы; үлгерімі нашар
оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіруі;
өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды
таңдауы; танымдық міндетті (мәселені)
шешудің бірнеше түрін табуы; өзін - өзі
тексеру үшін, өзіндік танымдық және тәжірибелік
әрекеттерін талдау үшін жағдайлар ойластыруы;
танымдық міндеттерді шешімнің өзіне
белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы.
Көптеген зерттеушілердің пікірінше,
өз бетінше үздіксіз білім алудың қажетті
жағдайы ретінде оқу - танымдық белсенділікті
қалыптастыру болып табылады. Алайда,
мектептерде оқушының осы қасиеттерін
дамытуға байланысты бағытталған оқушылардың
өзіндік жұмысының жүйесі әзірге қалыптасқан
жоқ.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның
әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi
роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай
айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып,
дамуының жалпы шарттары философияның
негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың
болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн
iлiм таным теориясы деп аталады. Таным
теориясының басқа ғылыми теориялардан
түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы
мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын,
объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Танымдық әрекет - шәкiрттiң бiлiмге деген
өте белсендi ақыл - ой әрекетi. Ол танымдық
қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан
және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық
белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.
Танымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру
проблемасын көптеген педагогтар, психологтар
мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер
жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау
көне замандардан бастау алады.
Егер баланың қызығушылығы жайында жүйелi
мәлiмдемелер түсiп отырса, баланың даму
үрдiсi шапшандайды. Бiз бұл жерде Л. В. Занковтың
идеясын негiзге алдық. Ол баланың қоғамдық
өмiрдiң әртүрлi жақтарымен еркiн араластыру
керек, әртүрлi баланың дамуы үшiн туындайтын
шегiнiстерден қашпауымыз керек, керiсiнше,
баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал
еткенiн айқындай отырып, жүргiзу қажет
деген ұсынысын зерттеуiмiзге басшылыққа
алдық. Тарихи ескерткiш мұраларға жүргiзiлген
саяхат - сабақтар мен эксурсиялар баланың
танымын қалыптастыруда негiзгi орын алатынын
практика барысында айқын байқадық. Әртүрлi
жүргiзiлген саяхат жұмыстары бастауыш
сынып оқушыларының ынтымақтастығын жетiлдiре
түседi. Бұл туралы психолог Л. С. Выготский
«Дербес жұмыс iстегеннен гөрi бала ынтымақтастықта
күштiрек әрi ақылдырақ болып, ол өзi шеше
алатын интелектуалды қиындықтар деңгейi
жөнiнен биiкке көтерiледi…», - дейдi.
Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершiлiк
құндылықтарын қалыптастыруға байланысты
арналған ғылыми - зерттеу еңбектерiн зерделеу
барысында бастауыш сынып оқушыларының
қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына
байланысты арналған еңбектер сараланып,
жүйеленгенiн байқадық. Мәселен, С. Төрениязова
«Бастауыш мектеп оқушыларын сыныптан
тыс оқу - тәрбие жұмысы арқылы дамытудың
педагогикалық негiздерi» атты ғылыми
- зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда
бiлiм мен тәрбие негiзгi орын алатынын
атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын
нақтылайды:
- психикалық дамуға - оқушының мiнез - құлқының,
ерiк - жiгерiнiң, қабiлетiнiң дамуы;
- денелiк дамуға - дене бiтiмiнiң өз жасына
сай болуы;
- рухани дамуға - оқушының iшкi жан дүниесiнiң
сырттан әсер ететiн күшпе өзара бiрлiгi;
- әлеументтiк дамуға - өздерi өмiр сүрiп
отырған қоғамдық ортаға үйлесе дамуы;
- жалпы дамуға - оқушының жан - жақты үйлесiмдi
дамуы, - деп қорытындылай келе, сыныптан
тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларын
дамытудың ғылыми - теориялық негiзiн айқындай
отырып, бастауыш сынып оқушыларымен жүргiзiлетiн
жұмыстардың тиiмдiлiгiн арттыруға ойын
жұмыстарының тиiмдiлiгiн нақтылайды.
Бастауыш мектепте
оқыту процесінде дидактикалық ойындар
әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен
ерекше орын алады. Ойын - балалар әрекетінің
бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу
мақсатындағы қарым - қатынастың әдісі
мен құралы. Ойын әрекеті естің, ойлау
мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін
тигізеді.[10]
Ойын - оқытуда жаңа технологияның
маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын»
ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның
мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын
қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған
жағдаяттар негізінде әс - әрекеттің бір
түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді
атқарады:
Ойын - сауық
Коммуникативтік немесе қарым - қатынастық
Диагностикалық (ойын барысында өзін -
өзі тану)
Коррекциялық (өзін - өзі түзету)
Әлеуметтендіру
Бала оқуға кірген соң жеке заттарды солардың негізгі белгісіне қарап және соған сүйене отырып топтастыруға үйреніп ,ойын ұғымы арқылы жүзеге асатын болады. Мектепке дейін қабілеттіліктің осы түрі сәбилерде кездеспейді. өйткені мектепке дейінгілер Л .С. Выготскийдің т.б. айтуынша, заттың негізгі белгісі- ажырату мысалы, қысқа жататындардың негізгі белгісі –қауырсынының бар екеніне негізделіп, соларды жалпылай бейнелей алмайды. Сондықтан да, мектепке дейінгілерге ұғымға сүйеніп ойлану кездеспейді. Бұл тек мектепке кіргеннен кейін қалыптасады.
Бастауыш мектеп оқушысының бірте-бірте ой-өрісінің қалыптасып және заттарды тиісті ұйымдарға жатқызып, өзінен ойын құрбылары арасында дәлелдеуге үйренеді. Ол не болса соған көнбейдің, өзгелерден дәлел келтіруді талап етеді. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйелерге логикалық негіздеріне сүйенеді. Cонымен қатар өзінің пікіріне не ісіне өзгерісінің бағыты тұрғысынан қарай алуға үйренеді. Мұндай сынмен қарауды рефлексияның қарапайым түрі деп айтады.Бастауыш мектепте тапсырма балаларға мынандай жолмен беріледі:
Берілген тапсырманың-мәселелік жаттығуларын орындай білу баланың ойлауына жан-жақты әсер етеді. Осы орайда мынандай екі түрлі пікірді басшылыққа аламыз. Оның бірі: “топты оқыту жағдайында бірлескен ойлау әрекетін табысты қалыптастыру үшін ең алдымен олардың мағналы-мотивациялық білімін қалыптастырып алу қажет” – деген пікір; екіншісі: “адамның жалпы іс-әрекет мотивінің қалыптасуы, оның “мағыналы өріспен” сәйкес келіп отыруының нәтижесі” – деген пікір.
Сонымен оқыту іс-әрекетіндегі ішкі мотивтердің қайнар көзі оқушының қажеттілік аймағы болады. Ал осы қажеттіліктің өзі баланың ойлау іс-әрекетіне үлкен әсер етеді. Бастауыш мектептегі балаларды оқыту процессіндегі интелектуалдық құрылымын анықтауда, бірінші орында олардың танымдық іс-әрекеті оның ішінде ойлау мен есте сақтау қалады. Психологтар Л.С. Рубинштейн, Н.А. Менчинская, З.М. Калмыкова еңбектерінде ойлау іс-әрекеті мынандай ойлау процестерінен құрылады; жалпылау мен талдап қорытудан, жаңа материалдың ережесі мен принциптерін ашудың негізгі заңдылықтарын анықтаудан тұрады. Психологтардың пікірін қолдай отырып, ойлауға маңызды мінездеме берген В.С. Библер болды: “Ойлау бұл дегеніміз “ақылда”, шындықтағы заттың жобасын құрастыру және ойлап табу”.
Ал бастауыш мектептегі ойлау іс-әрекеті оқыту процесінде бірнеше зертеу мақсатын қояды. Оны мынандай негізгі түрге бөліп қарастырамыз.
Оқыту процесінде есте сақтау мен ойлау әр қашан бірге әрекет жасайды. Бүгінгі күннің ең көкетесті мәселесі оқушыларды жүйелі және күрделі оқытудың тиімді үлгілерін үйрету. Мектептегі баланың интеллектуалдық құрылымынан негізгі орынды оқыту алады, бұл деп отырЈанымыз оқытуды қабылдау, ойлау және есте сақтау сияқты танымдық іс-әрекеттің жоғарғы деңгейінде құрылады.Оқу мазмұнының құрылымын құру және олармен байланысты операцияларды бөліп алу, оқушылардың білімді толық меңгеруіне негіз болады. Оқытудың дамуға әсері қалдырады, онда бұрын қалыптастырылған әрекеттер ғана қолданбайды, сонымен бірге олардан жаңа әрекеттер жасалады. Оқушылар оларды орындау тәсілідерін оқытудың әрбір сатысында меңгереді. Оқыту әсерінен дамыған ойлау әрекеті танымдық міндеттерді шешуге негіз болады. Оқушылар әрекетінің жалпылануы және олардың танымдық іс-әрекетінің нәтижелері ақыл-ой әрекетінің жалпыланған тәсілдерін жасауды жеделдетеді, жаңа танымдық міндеттерді шешу шеберліктерін арттырады. Оқу процесі өзіне екі міндет қояды: біріншіден, балаларға білім беру, екіншіден оларды жан-жақты дамыту. Ақыл-ой дамуы танымдық қабілеттердің даму және адамның гармониялық дамуының құрамдас бөлігін құрайды. Оқыту процесіндегі іс-әрекет өзіне екі міндет қоя отырып ойлау әрекетінің дамуын көрсететін белгілерді анықтау педагогикалық психологияның тағы бір маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Балалардың ойлау әрекетінің дамуын зерттеу, оларда интелектуалды іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін қалыптастыру ең өзекті мәселелердің бірі.
Бастуыш мектеп жасындағы баланың психикалық дамуына оқыту іс-әрекетінің әсері әр түрлі. Ол оқытушының оқушыға білім беруінің негізіне байланысты.
В.О. Ключевский былай деген: “мұғалімге тіл өзінің ойын жеткізу үшін ғана берілмеген, ол басқаның ойын ояту үшін беріледі”.
Мұғалімнің оқушылармен қатынас жасаудағы қолданылатын сөздері неше түрлі болып келгенімен, балаға әсер етуі жағынан алып қарағанда, оларды негізінен екіге бөлуге болады. Біріншіден, сөйлесудегі сөздердің көбі ақыл, кеңес беру жөнінде айтылады. Ақыл айтып, кеңес берудің өзі оқушының істеген ісін қостамай, қателігін мойындату үшін, керісінше, оның ісі ұнамды болған жағдайда, осы баланың өзіне сендіру үшін қолданылады. Екіншіден, кейде балаға осы сияқты сөздер жетпегенде оған қатты талап қойып, қолданатын сөздер міндетті түрде бұйрық ретінде қолданылады.
Оқыту жағдайында жалпы мақсат ретінде оқытушы мен оқушының арасында танымдық мақсат орын алады, ол көп мақсаттардың ішінде оқытушы мен оқушының қажеттілігімен, қызықушылығына жауап бере отырып, оқыту процесінде біріккен-диалогтық танымдық іс-әрекет негізінде жүзеге асады.
А.З. Зак өзінің ғылыми еңбегінде бастауыш мектеп оқушыларының теориялық ойлауының дамуына тоқталған. Ол ойлаудың логикалық және психологиялық жағын қарастыра келе мынандай қатарға бөлді:
Бірінші, теориялық ойлау танылатын объекті туралы ұғым қалыптастыруға бағытталады, ішкі, қажетті байланыстарда көрінеді. Эмперикалық ойлау керісінше, дайын белгілі танымдық объекті , сезімдік қабылдауы мен сыртқы байланыстарға тән.
Екінші, теориялық ойлауды пайдалана келе адамның танымдық объектісін талдау және біріктіруді бейнелеуде, олардың мәнді байланысын пайдаланады.
Біздің зерттеуіміздің негізгі мақсаттырының бірі оқушыларға білім берудің дұрыс жолын іздестіру болса, осыған орай екінші мақсатымыз – оқушының сабақ үстінде ой-өрісін дамыту, яғни теориялық жаңа білімді балада қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі кездегі оқытудың белсенділік әдістемесін біз ертедегі грек қалымдарының еңбектерінен қарастырып көрсек Платон өзінің ұстазы деп санаған Сократ оқыту әдістемесін қолданғанын, кейіннен Сократтың әдістеме деп аталыпкеткенін көреміз. …әдістеменің негізгі барысы диалогтың басқару болды, тыңдаушылары арасында дискуссиялар өтіп өздерінің мәселелерін шешумен қоса, әңгіменің туындау барысында, сонымен қатар білімде алды.
С.М. Джакупов қазіргі оқытудың белсенділік әдістемесінің негізі ретінде топтық дискуссияны алған. Оның негізгі белгілері мәселенің болуы (шындықтағы, өндірістік, танымдық) және оның шешімін бірлескен түрде орындалады – деп тоқталды.