Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 20:56, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты бастауыш мектеп жасындағы балаларының ойлау іс-әрекетінің деңгейін арнайы дайындалған әдістемемен зерттеу; олардың сапасын арнайы жаттығулар арқылы дамыту; психологиалық картамен жұмыс жүргізуді пайдалану.
Зерттеу міндеттері
•Зерттеу мақсаты мен ұсынылған болжамға сәйкес ойлау іс-әрекетінің оқытудағы маңыздылығн тәжірибе жүзінде зерттеу және дамыту.
•Қазақ тілі пәнінің әдістемелік негізін дамытуға арналған жұмыс түрлерін психологиялық тұрғыдан жүргізілудің тиімділігі. ( әдістемелерді іріктеу, модификациялау).
•Төменгі сынып оқушыларының оқу әрекетіндегі ерекшеліктерін экспериментті зерттеу.
•Төменгі сынып оқушыларының оқу процесіне таным әрекеттерінің психологиялық әсерін анықтау.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………….......
I ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ
ТАНЫМ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІН АНЫҚТАУ....................................................................................................
1.1 Танымдық процестегі ойлаудың ғылыми мәні мен ойлаудың маңыздылығы..............................................................................................
1.2 Оқу процесіндегі төменгі сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту.................................................................................
1.3 Төменгі сынып оқушыларына кәсіби маман психологтың қызыметі..
1.4 Төменгі сынып оқушыларының дамуына психологтың кәсібінің тигізетін маңыздылығы.................................................................................
1.5 Дарынды балалардың таным процестері мен тұлғалық ерекшеліктерінің психологиялық мәселелері...............................................
II ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІ ЗЕРТТЕУ..........................
2.1 Зерттеудің мақсаты, міндеттері, ғылыми әдістемесі.............................
2.2 Зерттеудің ғылыми зерттеу әдістемесі..................................................
2.3 Зерттеудің нәтижесін өңдеу......................................................................
III БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСТЕ САҚТАУДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ОҚУҒА ДЕГЕН ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...............................................
3.1 Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері.....
3.2 Бастауыш сынып жасындағылардың ерекшеліктері мен дамуы........
3.3 Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқындағы қиындықтарды түзету жолдары..............................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ..............................................
ҰСЫНЫСТАР....................................................................................................
ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Айнука.doc

— 1.04 Мб (Скачать файл)

  Практик психолог  іс-әрекетінің негізгі принципі-индивидуалды  бағыттың міндеті-дамудың индивидуалды  тәсілдерін, бала мүмкіндіктерін анағұрлым толық анықтау, оның өзіндік белсенділігін нығайту, оның тұлғасының қайталанбастығын ашып көрсету.

  Психикалық саулық-ортадағы  жағдайға өз мінез-құлқын, іс-әрекетін  бейімдеу арқылы қамтамасыз етілетін, адам жан дүниесінің жағымды қалыпты тыныштығы.

  „Психикалық саулық”  термині ең алдымен жекелеген  психикалық процестер мен механизмдерге  қатысты, ал „психикалық саулық”  тұтас тұлғаға қатысты, адамзат  рухының жоғары көріністерімен  тығыз байланыста болады. Сондықтан  балалардың психикалық денсаулығын мектепке дейінгі мекемедегі психологиялық қызметтің мақсаты ретінде де, осы қызметтің эффективтілігінің критерийі ретінде де қарастыруға болады.  Мектептегі психолог-бұл білікті және баланы терең түсінетін, жалпы психикалық даму заңдылықтарын, яғни жеке және жас ерекшелік дамуын қарастыра білетін адам.

  Сондықтан психологтың  міндеті-бала дамуының заңдылықтарын  ескеріп, оған қажетті жағдай  жасауға көмектесу арқылы баланың  қалыпты дамуын қамтамасыз ету.  Мектеп психологтың негізгі функциясы-әр баланың денсаулығын, жан дүниесін қорғауға, эмоциялық жағымды қалпын қамтамасыз етуге, қабілетінің еркін және тиімді дамуына жағдай туғызу.

   Психолог жұмысы  оның ұжымдық беделіне, яғни қызметкерлермен  өзара қарым-қатынасына байланысты. Беделге жету үшін ұжымда психологиялық ағарту жұмысын жүйелі жүргізу қажет, яғни психолог өз іс-әрекеті арқылы психологиялық білімнің қажеттілігін ұжымға сезіндіру керек.

Мектептегі педагог-психолог қызметін іске асырудың бағдарламасы.   Оқыту процесі психологияның негізгі пәні емес, нақтырақ айтсақ, психология монополиялық иегер бола алмайды. Оқытудың психологиялық теорияларын бірден практика жүзінде қолдану мүмкін емес. Алдымен оларды дидактикалық ұстанымға айалдырады, оқу әдістерінде бейнелеп, жаңа әдістемелер деңгейіне көтеру қажет. Бұл проблеманы шешуде педагог-психологтың бірлескен келісілген іс-әрекет болуы қажет.

  Практикада мынадай  жағдайлар қалыптасқан, баланы  оқытуды жүзеге асыруда тәрбиеші  бекітілген аға педогогтың әдістемелік  көмегіне сүйенеді, ал психолог тек тәрбиешінің сұранысы бойынша жұмыс істейді. Тәрбиеші оқу құралдары арқылы баланың психикалық даму міндетіне әсер ете алмаған жағдайда ғана, психологқа жүгінетін дәстүрлер қалыптасқан.

   Баланы оқытуды  іске асырудағы психологтың өзара  әрекеттесетін субъектілері, бұлар: тәрбиешілер, әдіскерлер, педагог-мамандар, ата-аналар, балалар.

   Осыдан келіп психологтың міндеттері айқындалады, бұлар:

  • мұғалімдерді баланы тиімді оқытудың психологиялық теорияларымен, зерттеулерімен таныстыру;
  • оқытудың дидактикалық ұстанымдарының психологиялық негіздемесін жасау;
  • арнайы мамандармен бірлесе отырып, суреттен, ән-күйден, дене тәрбиеден және басқа іс-әрекет түрлерінен дамыта оқыту дидактикасын жасау;
  • оқу процесі барысында педагогтарды кәсіби жағынан өзін-өзі тануға дайындау;
  • мұғалімдерді оқу процесі барысында баланың және тұлғалық өсуін, ақыл-ой дамуын зерттейтін диагностика құралдарымен жұмыс істеуге үйрету.

   Сол уақытта ғана психолог оқыту-түзету бағдарламасын қолданады.

   Өкінішке орай, психологтың функционалдық міндеттерін „жедел жәрдемнің” жұмыс тәртібі сияқты түсінеді, яғни тек диагностика және түзету жұмысымен шектеледі деген түсінік бар. Балабақшадағы психолог қызметінің мүмкіндіктерін мұқият талдаған болсақ,баланы оқытуды жүзеге асырудағы психологтың функционалдық міндеттерінің аясы кеңеюі мүмкін. Оқытудағы психологтың іс-әрекетінің объектісі, бұл оқу процесіндегі бағдарлама мазмұнын дидактикалық материалдар, оқытудың заттық ортасы және т.б.

   Жаңа педагогикалық  технологияларды жасауға және  ендіруге қатысады және де инновациялық процесс жағдайында бала дамуына диагностикалық-бақылау функциясын жүзеге асырады, оларды айтар болсақ:

  • оқыту процесі барысында педагог пен баланың өзара қарым-қатынасының дамыған жеке моделін жасау және әкімшілік сұранысы бойынша педагог оқушының өзара қарым-қатынасына бақылау жүргізу;
  • педагог арқылы баланың сабақта шығармашылықпен жеке жұмыс істеуіне түрткі жасау;
  • кәсіби және жеке тұлғалық даму тренингтерінің көмегімен, тәрбиешілердің оқу процесі барысында қолданған жоғары деңгейдегі біліктілігін қалыптастыру;
  • ата-аналармен баланы оқыту мәселесі бойыша, ағарту жұмыстарын жүргізу;
  • жеке сұраныстар бойынша баланы оқыту және мектепке дайындығы жөніндегі прблемаларды шешу және арнайы үй жағдайында жүргізілетін жеке бағдарламалар жасау;
  • ата-аналардың сұранысы бойынша баланың ақыл-ойын арнайы қабілетін дамыту, мысалы фонематикалық естуі, сенсомоторикасы, кеңістікті бағдарлауы, математикалық білімі, түсті айыруы т.б;
  • психолог (балалармен) мұғалімдерді сұранысы бойынша қандай да бір оқыту барысында қиындықтар болған жағдайда, балалармен топтық және жеке дамыту сабақтарын жүргізу;
  • сабақта балалардың оқу дағдылары  мен іскерліктерін меңгерту, өзін-өзі реттету , өзін-өзі бақылауды дамыту,
  • оқу іс-әрекетінде жеткен нәтижесіне диагностика жүргізу және де осының негізінде балаға көмек көрсетудің жүйесін жасау;
  • арнайы жасалған диагностикалық бағдарлама бойынша дайындау;
  • баланың жан дүниесін сақтап, оның құқығын қорғау және де баланы оқытуға жағымды эмоционалдық жағдай туғызу.

    Мектеп  психологиялық қызметтің педагогтармен жұмыс    жөнінде міндеттері:

    -тәрбиешілерді, баларды оқыту жөіндегі психологиялық теориялармен, зерттеулермен таныстыру;

     -оқытудың  дидактикалық ұстанымдарына психологиялық  негіздер беру;

-бейнелеу, музыка, дене  тәрбие мамандарымен бірлесіп, оқытудың дидактикалық дамыту іс-әрекетін дайындау;

-пәндерді дамыта-оқытуға  қойылған психологиялық талапты  талқылау және оны құру;

-педагогтар балаларды  оқу жұмыс процесінде қайтымды рефлексияға дайындау;

-тәрбиешілер оқу тәрбие  процесінде баланың жеке тұлғалық  өсуінің, ақыл-ой дамуының диагностикалық  тәсілдерімен танысуын қамтамасыз  ету;

-инновациялық процесс  жағдайында баланың дамуын диагностикалап  бақылау жүргізу арқылы тиімді  педагогикалық технологияларды ендіру;

-әкімшіліктің сұранысы  бойынша оқу процесі барысында педагогтар мен балалардың қарым-қатынасына бақылау жүргізу, өзара қарым-қатынасты дамытудың жеке модельдерін жасау және педагогтарды оқыту;

-сабақта балалармен  шығармашылықпен жұмыс істеуге  деген түрткі қалыптастыруға педагогтарды дайындау;

-жеке тұлғалық және  кәсіби өсу тренингтерінің көмегімен  тәрбиешілердің жоғары біліктілік  деңгейін қалыптастыру.

  ата-аналармен жұмыс жөнінде:

-балаларды оқыту мәселесі  жөніндегі ата-аналарға ағарту  жұмысын жүргізу;

- оқыту жайындағы сұраныстарды  шешу, ата-аналарға арнап үйде  жүргізуге жеке сабақтардың бағдарламасын  жасау;

-сұраныс бойыша баланың  қабілетіне, интеллектуалдық дамуына  диагностика жүргізу (фонематикалық  есту, сенсомоторика, кеңістікте  бағытталу, математикалық бейімі, түсті айыру және т.б).

  балалармен жұмыс:

-жағымсыз әсерлерден  бала психикасын қорғау, бала  құқығын сақтауда толыққанды  эмоционалдық қалыпты бақылауды  қамтамасыз ету;

-тәрбиешілердің сұранысы  бойынша жеке және топтық дамыту  сабақтарын жүргізу, қандай да бір проблеманы дербес шешу;

-балаларға оқу дағдыларын, іскерліктерді меңгертуге көмектесу,  сабақта өзін-өзі реттеуді және  өз-өзін бағалауды дамыту;

-оқу іс-әрекетіне диагностика  жүргізу, соның негізінде балаға  көмек берудің жүйесін құру;

-мектеп топтарын арнайы  диагностикалық бағдарлама бойынша  дайындау;

  әкімшілікпен жұмыс:

-диагностикалық зерттеу  нәтижесімен таныстыру және оны  талқылау;

-жүргізілген диагностика және басқа жұмыс түрлері бойынша анықтама дайындау, педагогтарға ұсыныстар беру;

-мектепке жылдық жұмыс  жоспарын құруға қатысу;

-педагогикалық кеңестің  дайындық жұмыстарына қатысу, ұжымдық  жұмысқа психологиялық көмек  беру;

-әкімшіліктің сұранысы  бойынша туындаған проблемаларды  шешуге қатысу.

Сабақтар жүргізудегі психологтың іс-әрекеті.

   Сабақ соңынан  семинарға, сабаққа қатысушылар,  инспекторлар, әдіскерлер  тәрбиешілер  өткізген сабақтың барысын, мазмұнын, бала тәртібін және олардың  ақыл-ой  белсенділігін, іс-әрекеттің  нәтижелерін, диагностикалық тәсілдерін  мұқият талқылайды.

  Сабаққа енудің мақсаттары түрліше болуы мүмкін, айталық: тәжірибе алмасу, тәрбиешінің тәжірибелі мамандығының жаңа дидактикамен танысуы, бақылау және бағалау функциясы.

   Психолог та өз тарапынан осындай іс-шараларға қатынасып, бақыланған жағдайларға психологиялық талдау жасайды. Мысалы, баланы дамытудағы сабақтардың тиімділігін, баланың эмоциялық жағдайларын, тәрбиеші мен бала арасындағы қарым-қатынастың педагогикалық стилін және баланың жас ерекшеліктерін есепке алу тактикасын бағалау.[14]      

Психологтың мұндай ашық сабақтарды талдау бағдарламасы, әрбір нақты сабақ түрінің мазмұны мен мақсатына байланысты көп аспектілі болуы мүмкін.

  Психолог та бұл дәстүрлі жағдайдан тыс қалмайтын, өз-өзіне ашық сабаққа кірер алдында нақты мақсат, міндеттерін, функцияларын қойып алғаны жөн.

  Жалпы психологтың  ашық сабаққа қатысудағы негізгі  функциялары мынандай:

-балалардың қызығушылықтарын, мүдделерін қорғау; бала топтарына  бейтаныс адамдарды қатыстырмау  арқылы жағымсыз жағдайларды  болдырмау; ашық сабақтарда бала мен тәрбиешіге қалыпты эмоционалдық жағдай жасау;

-тәрбиешілерге сабақтардың  сценариін жасауға көмек беру; мақсаттарын құру, ашық сабақтарды жүргізудің әдіс-тәсілдерін көрсету, сабақтың мақсаты мен міндеттерін оңтайлы түрде іске асырудағы бала мен педагог іс-әрекеттерінің мазмұнын анықтау; тәрбиешілердің кәсіби сенімділігін актуализациялау;

-сабаққа дайындық  кезіндегі қобалжудың алдын алу;  тәрбиешілерге сабақтарынан кейін  өз кәсібилігін және жеке тұлғалық  дамуын сезіндіру мақсатында  өзін-өзі тануға көмектесу;

-топқа бейтаныс адамдар  енгенде балаларды психологиялық  жағдайға дайындап, өтіп жатқан оқиғаны сезінуге көмектесу; жаңа адамдарды қонақ ретінде қабылдаудың нұсқамасын жасау; қатысып болған соң балалардың өзін-өзі тануы; бейтаныс адамдар сабаққа қатысып болғаннан кейін, балаларды жағымсыз әсерлерден арылту;

-ашық сабаққа қатысушыларды  психологиялық жағынан дайындау; осы сабақтардан не алғысы  келеді және не алуы мүмкін  екенін нақтылау; сабақ көру барысында  кәсібилікті арттыру, мақсат пен  мүмкіндіктерін сезіндіру.

      Психолог кімге бағынады және кіммен жұмыс істейді.

   Білім берудегі  практик психолог екі жақты бағынышты болады. Әкімшілік саласы бойынша, ол педагогикалық ұжымның барлық мүшелері сияқты мектеп (интернат, лицей, колледж) директорына немесе балабақша меңгерушісіне бағынады. Ал, кәсіби сала бойынша-психологиялық орталыққа бағынады. Психологиялық Орталықта қызмет ететін психолог-мамандар білім беру мекемесіндегі психологтың іс-әрекетін бақылау функциясын ғана жүзеге асырып қоймайды, сондай-ақ оған әдістемелік, ұжымдастырушылық көмек көрсетеді. Және ауданның, аймақтың, қаланың және т.б. басқа практик психологтарымен ынтымақтастықты және кәсіби қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.

  Айлық, тоқсандық,  кварталдық, жылдық жұмыс жоспарын (әкімшіліктердің өтініштеріне және өздерінің қажеттілігіне байланысты) психолог өздігінен құрастырады, бірақ бұл кезде мекеме басшыларының, тәрбиешілер мен мұғалімдердің тілектерін міндетті түрде ескереді. Жоспарды психологиялық Орталық қызметкерлерімен келісіп құрған дұрыс.

   Психолог балалармен, тәрбиешілермен, мұғалімдермен, білім  беру мекемелерінің әкімшілігімен,  қамқор көрсету және милиция  органдарымен, балалардың ата-аналарымен  және олардың туыстарымен, т.б.  жұмыс істейді. Бұл жерде, ең  бастысы, оның барлық жұмысының орталығында тұлға ретінде қалыптасушы бала мүдделері тұруы тиіс. Бұл бағытты-бала мүдделерін еш уақытта жоғалтуға болмайды. өйтпесе психолог балаға емес, білім беру жүйесіне қызмет ете бастайды. әрине, білім беру жүйесі көп жағдайда баланың психикалық дамуын да, психикалық саулығын да анықтайды. Бірақ ол педагогтар үшін де, психологтар үшін де қара бастың қамы болмауы тиіс. Кез-келген қазіргі бағдарламалардың, жаңа педагогикалық әдістердің, оқыту мерзімдері мен формаларының тиімділігінің немесе тиімсіздігінің бірден-бір шынайы көрсеткіші балалардың психикалық саулығы болып табылады.

Психологқа  қойылатын жалпы талаптар.

   Психология ғылымы  теориясы мен практикасының жалпы  талаптарына сәйкес психолог  кәсіби дайындықтың жоғары деңгейінде  болуы тиіс, психологияның барлық саласынан терең білімді, кең эрудициялы және мәдениетті болуы, психологиялық білімдер мен біліктерге әлеуметтік қажеттіліктерді айқын көрсете білуі, практик психологқа қойылатын этикалық, әлеуметтік-психологиялық және мінез-құлық талаптарын орындауы тиіс. [16]

Информация о работе Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу