Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2015 в 15:49, доклад
Дидактиканың негізгі ұғымы – оқыту. Оқыту – оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және дамыту процестері жүретін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты түрде жүргізілетін қарым-қатынас түрі. Бұл оқушы мен оқытушы арасындағы оқушыларды дамыту, олардың бойында білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды қалыптастыуға бағытталған бірлескен іс-әрекеті. Білімдер мен іскерліктерді меңгеру репродуктивті және продуктивті түрде жүзеге асырылады.
Оқыту әдістері мен формаларының оптимизациялануы
Дидактиканың негізгі ұғымы – оқыту. Оқыту – оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және дамыту процестері жүретін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты түрде жүргізілетін қарым-қатынас түрі. Бұл оқушы мен оқытушы арасындағы оқушыларды дамыту, олардың бойында білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды қалыптастыуға бағытталған бірлескен іс-әрекеті. Білімдер мен іскерліктерді меңгеру репродуктивті және продуктивті түрде жүзеге асырылады. Репродуктивті меңгеру кезінде ақпаратты қабылдау, ой елегінен өткізіп, байланыстарын ұғыну, есте сақтау, меңгеру және қолдану жүреді. Продуктивті нұсқада білімдерді алу, қолдану ізденімпаздық және шығармашылық арқылы келеді.
Кәсіби білім беруде оқыту процесі – сынып-сабақ және дәріс-семинар формасында ұйымдастырылады.
Сынып-сабақ жүйесіндегі негізгі компонент – сабақ. Сабақтың дидактикалық мақсаттарға және өткізілу орнына байланысты бірнеше түрлері бар: үйлестірілген (комбинированный), жаңа білімдер меңгеру сабақтары, жаңа іскерліктер қалыптастыру сабақтары, іскерлік ойын түрінде ұйымдастырылған сабақтар, сайыс түрінде, театрландырылған көрініс түріндегі т.б. сабақтар.
Колледждерде, жоғары мектептерде дәрістік-семинарлық жүйе қолданылады. Бұл жүйеде оқыту процесі дәріс, семинар, практикалық сабақтар, лабораториялық сабақтар және студенттердің өзіндік жұмыстары түрінде ұйымдастырылған.
Дәріс – материалды жүйелі түрде ауызша баяндау, оның негізі – баяндалатын теориялардың ғылымилығы, дәлелділігі және аргументтілігі. Дәрістер дәстүрлі және проблемді болып бөлінеді. Семинар сабақтары – студенттердің оқытушы жетекшілігімен оқу материалдарын, тақырыптарын топтық талқылау. Семинарда оқу курсының күрделі тақырыптары тереңірек талданады. Практикалық сабақтар – дәрісте жалпылама формада алынған білімдерін тереңдету, кеңейту, нақтылау және кәсіби іс-әрекетте қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.
Проблемдік және бағдарламалық оқытудың енгізілуі негізінде дидактикадағы оқыту процесін оптимизациялау бағыты туындады.
Оптимизация (лат. optimus - “ең жақсы”) – жалпы түрде, барлық мүмкін әрекеттердің, амалдардың, шарттардың ішінен ең тиімді нұсқасын таңдау дегенді білдіреді. Егер оқыту процесіне қатысты айтар болсақ, оқытушы мен оқушының аз уақыты мен күшін жұмсап, ең жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін әдістемені таңдау дегенді білдіреді.
Ю.К. Бабанский и М.М. Поташник оқыту әдістемесінің оптималдылығын/оптималды еместігін анықтаудың 4 критерийін ұсынады:
1.БІД (білімдер, іскерліктер, дағдыларды) қалыптастырудағы мүмкіндігінше максималды нәтижеге жету;
2. Белгілі бір нәтижеге минималды аз уақыт ішінде жету;
3. Нәтижеге берілген уақытта минималды аз күш жұмсап жету;
4. Берілген уақыт аралығында
нәтижеге типтікпен
Жалпы айтқанда, егер оқыту нәтижесі жоғары және аз уақыт ішінде, минималды күш жұмсау арқылы қол жеткізсе, ондай оқыту процесін оптималды деуге болады.
Оқыту процесін оптималдандыру үшін оптималды оқыту формалар мен әдістерін таңдау керек. Әдістер өте көп, олардың бірін ең жақсы немесе кемшіліксіз деп айтуға болмайды. Әдістің оптималдылығы жағдайға байланысты. Ю.К. Бабанский, И.Т. Огородников әр түрлі оқыту әдістерінің тиімділігін салыстырп көрді. Сөздік әдістер теориялық және фактілік білімдерді қалыптастыруда, сөздік-логикалық ойлау мен сөйлеуді қалыптастыруда тиімді, ал практикалық және еңбек дағдыларын қалыптастыруда, көрнекі-бейнелік ойлауды дамытуда тиімділігі төмен. Осылайша ғалымдар оннан аса әдістерді 13 парамерт бойынша талдап шықты. Сабаққа дайындалу кезінде оқытушы сабақтың мақсаттарын, оқу материалының мазмұнын және т.б. ескере отырып, оптималды әдісті таңдауы керек. Зерттеушілер оптимизацияны оқытудың әдісі немесе амалы ретінде қарастырмайды. Оптимизация нақты сабаққа арналған әдістерді жүйелі түрде таңдау.
Шебер оқытушылардың еңбектерін эксперттік бағалаудан өткізе отырып, Ю.К.Бабанский оқытудың оптималды нұсқасын жобалаудың этаптарын ұсынды:
Оқыту процесін оптимизациялау кезінде оқушылардың интеллектуалды даму ерекшеліктері де, оқу қабілеттері мен мүмкіндіктері де ескерілуі керек. Сондықтан, әр оқушының оқу жетістіктерінің деңгейі әр түрлі болады. Оптималды оқыту кезінде әр оқушы өзінің мүмкіндігінің жоғары көрсеткішіне жетуі керек деп саналады.
Сабақ – оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі, дидактикалық талаптар.
Сабақ - бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері - мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық-жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі. Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады.
Педагогикалық процестің біртұтастығы тұрғысынан сабақты оны ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастыру қажет. Сыныпты-сабақтық жүйенің барлық артықшылықтары тек сабақта ғана көрініс табады.
Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар
1. Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі қажет.
Сабақта белгілі бір білімді баяндай отырып, оқушылардың пайымдауын дамыту, олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету және оларды қоршаған дүниеге лайықты қатынасын қалыптастыру, оларға осы қатынастар негізінде мінез-құлық дағдысын сіңіру қажет. Тұлғалық қасиет қалыптасуы үшін алған білімнің оқушылардың мінез-құлқын айқындауына, оларда қажетті тұлғалық қасиеттің қалыптастыруына ұмтылу керек (жұмыс орнындағы мәдениеттілік, тапсырманы орындау сапасын жауапкершілікпен қарау, оларды орындаудағы қиындықтарды жеңу).
2. Әрбір сабақ дидактиканың
барлық принциптеріне және
3. Әрбір сабақ, ең алдымен,
сабақтың тақырыбымен жиі
4. Сабақтың барлық кезеңдерінде
оқушылардың танымдық қызметін
жандандыру мақсатында
5. Сабаққа қойылатын
талаптардың бірі — оның
Оқушылар сергек болуы үшін сабақ эмоционалды болуы керек, бұл олардың белсенділігін арттыру тәсілдернің бірі. Сабақта әр түрлі проблемалық ситуацияларды пайдалану да эмоционалдылыққа жағдай жасайды, оқушылардың танымдық кызметін жеделдетеді.
6. Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жургізілуі керек. Оқыту процесі кез-келген сабақта тұрақты кері байланыс болған жағдайда тиімді болады. Сабақтың әрбір кезеңінде мұғалім, оқушының оқу материалын игеру деңгейін біліп отыруы керек, өйткені ол осы деңгейдің үнемі өсіп отыруына жағдай туғызуы керек. Сондықтан да оқушылардың білімін бақылаудың әр алуан түрлерін пайдалану керек. Осы мақсатта әр түрлі компьютерлік бағдарламалар, жазбаша тапсырмалар, сауалнамалар, перфокарталар пайдаланылуы мүмкін, олар білімді тексерудің нәтижесін бірден алуға мүмкіндік береді. Бұл жерде ең бастысы-әрбір мұғалімде оқушының сабақтағы танымдық кызметінің нәтижесін бағалау үшін байқағыштық қасиеті жақсы дамуы керек.
7. Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, оң нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек. Әрбір өткен сабақ мұғалім мен оқушыға алға басушылық сезімін туғызуы керек. Сабақ білім көлемінің елеулі өсуін қамтамасыз етуі немесе сапасын жетілдіруін, немесе осы екеуін де қамтамасыз етуі керек. Білімнің осындай елеулі өсуі (білік пен дағдының) қанағаттану сезімін туғызады, әрине оқушының оқуға деген белсенді көзқарасын туғызады. Әрбір сабақ оқыту процесінің тамандалған бөлігі болуы тиіс.
8. Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс. Қайталау ешқашан да жаттанды қайта айтуға алып келуі тиіс емес. Әрбір сабақтағы жаңадан оқылатын материал бұрын өтілгеннің тұрғысынан қарастырылуы керек. Мұғалім жаңа материалды баяндағанда мүмкіндігінше оны алдыңғы өткенмен байланыстыруы, оған сүйенуі керек.
9. Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақ-тандырылган болуы керек. Таным сезімдік қабылдаулардан басталады. Әйтсе де, көрнекілік, техникалық құралдарды орынды пайдалану қажет, бәрінің де шегі болуы керек. Мұғалімнің сабаққа дайыңдалуда көрнекі, дидактикалық құралдарды ойлап табуға және дайындауға кеткен уақыты оқытудың нәтежесімен ақталады.
10. Кез-келген пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы. Кез-келген сабақ басқалардан оқшауланып қарастырылмауы керек, ол сабақтың жалпы жүйесіндегі белгілі бір буын болуы керек. Мұғалім белгілі бір пән бойынша сабаққа дайындалғанда өткен сабақты жақсы елестете білуі керек. Әрбір мұғалім өз мүмкіндігіне қарай сабақтың материалын өткен материалмен байланыстыруға тырысады. Сондай-ақ алдағы сабақтың құрылымы меп мазмұнын да жақсы білуі керек. Бұл бастауыш сынып педагогтары үшін өте маңызды. Мұғалім кез-келген сабақта білімді қалыптастыра отырып, келесі (ертеңгі) сабаққа негіз қалауға міндетті. Оқыту процесін ұйымдастыруда осындай әдістің қажетігі теориялық түрде Л. С Выготскийдің зерттеулеріне негізделген. Бұл идеяны сабақта жүзеге асырудың нақты мысалына белгілі жаңашыл-педагог Лысенкованың кызметін жатқызуға болады.
11. Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану. Сабаққа дайындалғанда оқушылардың сабақ бойы жұмысын ұйымдастыруды ойластыру керек. Сынып ешқашанда бүкіл сынып үшін жеткілікті мөлшерде тапсырмалар, сұрақтар жинақтаған мұғалімнің назарынан тыс қалмауға тиіс. Сабақта оларды дайындауға уақыт шығындамау үшін көрнекі құралдар, аспаптар, техникалық құралдар алдын-ала тексерілуі керек. Дәстүрлік құрылымның өзі де (сұрау, түсіндіру, бекіту) қызметтің бір түрінен екіншісіне көшкенде уақыт жоғалтуға алып келеді. Сондықтан да құрылымды көшіру оқушыларға елеусіз болып қалатындай етіп ойластыру керек. Жекелеген оқушылардың сабаққа кешігу, сабақтағы басқа да тәртіп бұзушылық себептерін аңықтауға мүмкіндігінше уакытты шығындамау керек, бұл туралы қоңыраудан кейін әңгімелесуге болады.
Информация о работе Оқыту әдістері мен формаларының оптимизациялануы