Оқыту әдістері мен формаларының оптимизациялануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2015 в 15:49, доклад

Краткое описание

Дидактиканың негізгі ұғымы – оқыту. Оқыту – оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және дамыту процестері жүретін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты түрде жүргізілетін қарым-қатынас түрі. Бұл оқушы мен оқытушы арасындағы оқушыларды дамыту, олардың бойында білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды қалыптастыуға бағытталған бірлескен іс-әрекеті. Білімдер мен іскерліктерді меңгеру репродуктивті және продуктивті түрде жүзеге асырылады.

Вложенные файлы: 1 файл

4 кәсіби білім.docx

— 61.23 Кб (Скачать файл)

Көптеген мұғалімдер оқушының орнынан тұрмай ауызша жауап беруін жақтайды, өйткені бұл да уақыт үнемдеуге септігін тигізеді.

12.  Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқу-еңбек тәртібін қамтамасыз ету. Алдыңғы айтылған талаптарды орындау сабақтағы тәртіпті белгілі бір деңгейде қамтамсыз етеді Әйтсе де, мұғалім тәртіпті үстау үшін әрбір оқушының жеке басын силай отырып, белгілі бір талап қоя білуі керек. Сынып ұжымы тәртіп бұзушылыққа төзбейтіндей болуға қол жеткізуі керек, өйткені сабақтағы тәртіп- олардың ынтасының орнықты болуына негіз салады.

Көптеген мұғалімдер көбіне оқушылардың жалған ынтасымен ғана шектеледі, К. С. Станиславский "ынта объектіге көзін тігу ғана емес" деп атап көрсетті. Оқушылар тек мұғалімге жай қарап және тыңдап қана қоймауы керек, оқылатын материалға қатысты белсенді болуы керек, сабақта тиімді танымдық қызметке септігін тигізетіндей жұмыс жағдайы үстемдік құруы тиіс.

13.  Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады. Мысалы, мұғалім сабақтың айқын құрылымын, оның нақты мақсатын ойластырды, бірақ кейде сабақ белгіленген жоспар бойынша өтпейді. Бұл жағдайда мұғалім сабақ барысында қажетті түзетулер енгізе, оның құрылымын ауыстыра, қосымша тәсілдерді пайдалана білуі керек, бірақ мақсатқа жету керек. Сабақ - спектакль емес, оған көп дайындалғанмен де, ол ешқашан репетицияланбайды.

14.  Сабақтың кәсіби бағыттылығы. Әрбір сабақтың оқу пәніне тәуелсіз, кәсіби бағыттылығы болуы керек. Мүмкіндігінше әр ретте оқу материалының болашақта қандай да бір мамандықты иемденудегі маңызын, алған білімнің алдағы бүкіл өмірдегі маңызын атап көрсету керек.

15. Үй тапсырмасының тиімділігі  және оны міндетті тексеру. Мұғалім, үйге тапсырма бере отырып, оқушылардың барлығы оны орындай алатынына сенімді болуы керек. Кейде өте қиын тапсырма ұсынылады, бірақ кез-келген жағдайда мұғалім үй тапсырмасына, оның мәні неде екенін, мақсаты қандай, оны орындаудың негізгі ережелерін қайдан оқуға болатынын түсіндіре отырып, түсініктеме беруге міндетті. Оқушылар орындаған кез-келген үй тапсырмасы міндетті түрде тексерілуі, талдануы керек, әйтпесе оқушылардын өз бетінше танымдық қызметке деген қызығушылығы жойылады.

16.  Қолайлы моральдық-психологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызу. Бұл жағдайлар көпшілігінде сабаққа қойылатын барлық жоғарыда аталған талаптардың орындалуымен анықталады. Әрбір сабақта, бәрінен бұрын, сыныптағы оқушыларды4 арасында, мұғалім мен оқушылардың арасында қалыпты қатынас орнату керек. Оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріп де ескеру керек.

Жоғарыда сабаққа қойылатын он алты талап қарастырылды, бірақ бұл тізімді (перечень) жалғастыруға болмайды дегенді  білдірмейді. Әрине, мұғалімнің әрбір сабақта олардың барлығын орындауын талап етуге болмайды. Бірақ оларды білу міндетті, өйткені ол сабақтың жоғары тиімділігіне алып келеді.

Сабақты құруға қойылатын талаптар:                                           

1. Сабақтын бағдарламаға, өтетін орнына және уақытына сәйкестігі.

2. Сабақтың құрылымы мен кезеңдерінің  қажеттілігі, олардың

уақытқа байланысты арақатынасы.

3.  Идеялылығы мен  ғылымилығы.

4.  Эстетикалық тәрбие, сабақтың эмоционалдық жақтары.

5.  Жаңа материалдар беру.

6. Дамыта оқыту принциптерін  сақтау.

7. Өмірмен байланыс.

8. Оқытудың көрнекілігі, оқытудың  техникалық, ақпараттық-коммуникациялық құралдарын пайдалану.

9.  Кітаппен жұмыс істеу.                            :

10.  Жаңа ұғымдардың тууы, таным қуанышы.

11. Дайындық  жаттығуларын ұйымдастыру.

12.  Оқушылардың жұмысындағы дербестік.

13.  Оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы.

14.  Оқушыларды жұмыстың әр алуан түрлерімен қамту.

15. Ауызша және сөздік жұмыстармен қамту.

16. Жекелей әдіс (қабілеттілерге  назар аудару, артта қалушылармен  жұмыс істеу)

17.  Оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру.

18.  Оқушылар білімінің тереңдігі мен беріктігі

19.  Бағалардың сәйкестігі және  оларға аннотация.

20.  Үй тапсырмасын ұйымдастыру.

21.  Сабақ өткізу қарқыны.

22.  Мұғалімнің педагогикалық әдебі.

23.  Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті.

24. Дауыстап айтумен жұмыс істеу.

25.  Сөздік — фразеологиялық және стилистикалық жұмыс.

26.  Байланысты дамыту, практикалық бағыттылық.

27.  Грамматиканы, лексиканы оқу.

28.  Оқу техникасы.

29.  Сөйлеу және жазу мәдениеті.

30.  Көркем шығармаларды оқу.

31. Жазбаша жұмыстар жүйесі.

 

 

 

Сабақтың түрлері, дидактикалық құрылымы

 

Сабақ классификациясы (жіктелуі) - сабақтарды құрылысы жөнінен топастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз. Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшелік-теріне де байланысты болып келеді. Мысалы, И. Н. Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С. В. Иванов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді.

И. Н. Казанцев бойынша:

  1. Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
  2. Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ.
  3. Жаңа білімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалы өтетін сабақ.
  4. Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
  5. Жаттығу сабағы - оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
  6. Тәжірибелі сабақ - оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар.
  7. Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту сабақтары.
  8. Тексеру сабағы - оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
  9. Білім сапасын бағалау сабағы - оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары.
  10. Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары.

 

 С. В. Иванов бойынша:

  1. Кіріспе сабақтар.
  2. Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы.
  3. Жаңа білімді меңгеру сабағы.
  4. Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы.
  5. Дағдылану сабағы.
  6. Қайталау, пысықтау және қорыту сабақтары.
  7. Бақылау сабағы.

 

Б. П. Есипов бойынша:

  1. Аралас сабақтар.
  2. Жаңа оқу материалымен танысу сабағы.
  3. Пысықтау сабағы.
  4. Қайталап жинақтау, қорыту сабағы.
  5. Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
  6. Білім сынау сабағы.

 

Қорыта айтқанда, қазіргі мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрлеріне мыналарды жат-қызуға болады:

  1. Кіріспе сабағы.
  2. Жаңа білімді хабарлау сабағы.
  3. Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.
  4. Жаттығу және тәжірибе сабақтары.
  5. Зертханалық сабақ.
  6. Қайталау-қорыту сабағы.
  7. Оқушылардың білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын тексеру және бақылау сабағы.
  8. Аралас сабақ өздігінен білім алу сабағы.

 

Сабақты бұлай жіктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуында белгілі бір заңдылықтар бар. Атап айтсақ, сабақтың мақсатына байланысты мұғалім оқушыларға жаңа білім беруді көздесе, осыған орай ''Жаңа білімді хабарлау сабағы'' деп аталса, сабақта оқушылардың қабылдаған жаңа білімін іс жүзінде пйдалана білу жолын қарастырса, онда ол ''Жаттығу немесе практикалық сабақ'' деп аталады. Сол секілді мұғалім өткен оқу материалын оқушы-лардың есіне салу, қайталау мақсатын көздесе, ол ''Қайталау-қорыту сабағы'' деп аталады. Ал сабақтың ''Аралас сабақ'' түрі оның құрылымына байланысты болып келеді. Мұғалім сабақтар жүйесінде дидактикалық бірнеше мақсаттарды жүзеге асырады. Демек, оқушыларға жаңа білім береді, оны өмірде, практикада пайдалану жолын үйретеді, өткен оқу материалын қайталап. қорытады, сонымен бірге оқушылардың білім көлемі мен сапасын сынап, оны бағалайды. Мұндай жағдайда көпшілік сабақ оның бірнеше элементтері (кезеңдері) арқылы аралас өтеді. Міне, осындай сабақ түрі ''Аралас сабақ'' деп аталады.

 

Сонымен сабақ құрылымы деп сабақтың барысында оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Олар мынандай болып келеді:

  1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат, міндеттерін тұжырымдау).
  2. Сабақта үй тапсырмасын тексеру.
  3. Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру.
  4. Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жат-тығулар жасау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу).
  5. Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.
  6. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

 

Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы аса елеулі кезеңі болады. Сөйтіп, сабақ түрін жіктеу және құрылымын құру өзара байланысты, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгешелігі болады. Жоғарыда баяндағанымыздай сабақтарды топтастыру, оның құрылымын белгілеу негізінен дидактикалық мақсат пен міндеттерге және сабақтың кезеңдеріне байланысты болып келетіндігінде.

 


Информация о работе Оқыту әдістері мен формаларының оптимизациялануы