Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 18:42, статья
Отаншылдық – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі қазақ өркениетінде Отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналды.
Төрт дыбыстан ғана тұратын «Отан» деген сөзді айтқан кезде қазақ тілін білетін кез-келген адам көз алдына өзінің атамекенін елестетеді.
Осы бір сөзде ұлағатты ұғым, адамға өте бір жақын, ауызбен айтып болмайтын түсінік бар.
Адамзаттың асылы да, ардақтысы да, қысылғанда тірек сүйенері де, қуанғанда сүйсінері де туған жері - өз Отаны. Ертеден ақындардың ел – жұртын, өзінің туып-өскен жерін жырға қосуы, батырлардың туған ел топырағында өлсем деп арман етуі тегін емес.
Батыр – жерлестерімізге тағзым ретінде қала мен аудандағы елді мекендердің көшелері олардың есімімен аталады.
Олар мәңгілік халық есінде! Олардың ерлігі мәңгі өшпес!
Қазақта «бақыт» деген ұғым бар. Бұл сөздің мағынасы өте тереңде жатыр. Шын мәнінде бақытты болудың негізгі факторы: ол сенің тәуелсіз Отаның, Ұлы тұғырың.
Ал мен үшін бақыттың кіндігі – Отан.
Әр баланың сәби жүрегі: «Туған жерім, ата-анам, сүйікті мектебім, достарым», - деп лүпіл қағады.
Сәулелі, жарқын өміріміз үшін күрескен ата-бабаларымыздың арқасында, біз әрине бақыттымыз.
Балалық ақ
тілекпен XXI ғасырда Қазақстанда
бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің
егемендігі ұзағынан болсын