Педагоогиканың әдіснамалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 14:14, реферат

Краткое описание

Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз.

Содержание

К І Р І С П Е...........................................................................................................3
Педагогика әдіснамасы жөнінде түсінік ....................................................4
Педагогиканың философиялық негіздемесі.................................................5
Педагогиканың жалпы ғылымдық əдіснамасы.............................................8
Педагогикалык зерттеулердің әдіснамалық принциптері............................9
Әдіснамалық негіз және басқа ғылымдармен байланысы............................9


Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы............................................................................................14

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................15

Вложенные файлы: 1 файл

ПЕДАГОГИКА РЕФЕРАТ.docx

— 55.62 Кб (Скачать файл)

Диалектикалық материализм  табиғат, қоғам жəне ойлау процестерінің жалпы қозғалыс жəне даму заңдылықтары жөніндегі философиялық білім ретінде XIXғ. 40-жылдарында туындады. Ол XXғ., əсіресе социализм елдерінде кең өріс тапты. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері – К.Маркс жəне Ф.Энгельс қоғам тарихын танудың құралы материализмді жариялай отырып, теориялық таным үшін қоғамдық тəжірибенің рөлін негіздеді, материализм мен диалектиканы табиғи ұштастыққа келтірді.

Диалектикалық материализмнің негізгі тұжырымдары келесідей: материя – бірінші, ал сана –  одан туындаушы, материяның (адам миының) дамуы нəтижесінде пайда болатын өнім (материалистік монизм принципі); объектив дүние мен сана құбылыстары себепті шарттасқан, өзара байланысты жəне тəуелді (детерминизм принципі); барша заттар мен құбылыстар қозғалыс жағдайында болып, дамиды жəне өзгеріске келеді.

Диалектикалық материализм  философиясында аса маңызды орын диалектика заңдарына берілген: сандық өзгерістердің сапалық ауысуы, қарама-қарсылық бірлігі мен күресі, жоқты жоққа  шығару.

Диалектикалық материализм  педагогикасының негізгі идеялық  ұстанымы- тұлға қоғамдық қатынастардың  объекті де, субъекті де. Адамның тұлғалық дамуы мен кемелденуі сыртқы жағдайлармен себепті тəуелділікте (детерминирован), сонымен бірге сол нақты адамның табиғи болмысына байланысты. Тұлға дамуында жетекшілік рөл – тəжірибеде. Ал тəрбие тарихи жəне таптық сипатқа ие болған күрделі əлеуметтік процесс. Тұлға жəне адам іс-əрекеті ажырамас тұтастық құрайды, яғни тұлға іс-əрекетте, еңбекте көрінеді жəне қалыптасады.

Жаңаланған дəуір педагогикасы философиялық деңгейлі əрқилы əдіснаманы өз ғылыми зерттеулерінің бас қаруы ретінде міндетті түрде қолданып, пайдалануы қажет.

 

 

         1.3.Педагогиканың жалпы ғылымдық əдіснамасы

 

Жалпығылымдық əдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен процестерінің жалпыланған байланысы жəне өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен танылуы мүмкін. Ол əрбір зерттеуші мен практикті белгілі құрылымға, сондай-ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесіне бағдарлайды.

Жүйелілік мəніне орай əрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады. Осыдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе қасиеттері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің заттасқан жəне тарихи қырлары келесідей зерттеу принциптерін бірлікте іске асыруды қажет етеді: тарихилық, нақтылық, көптарапты байланыстар мен дамуды ескеру.

Жүйелілікті білуден  педагогикалық теория, эксперимент  пен практика тұтастығы орындалады.

Теориялық негізде  жобаланған экспериментте біршама  тексерілген ғылыми білімдер мен  тұжырымдардың шынайылылығы практика міндеті мен талаптарына орай өлшестіріледі. Практикадан білімнің жаңа іргелі проблемалары туындайды. Сонымен, теория практикалық шешімдердің  дұрыстығына арқау болады, ал білім  тəжірибесіне байланысты ұланғайыр проблемалар мен міндеттер іргелі дəстүрлерді қажет ететін жаңа сұрақтардың туындауына жол ашады.

 Педагогикалық  зерттеулердің əдіснамалық принциптері. Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:

- педагогикалық  құбылыстардың шынайылылығы мен  шарттасқандығын ескеру, себебі  дүниедегінің бəрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары жəне себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды əрі дамиды;

- құбылыстарды  даму барысында зерттеу; 

- бір құбылысты  екіншілерімен өзара қатынаста  байланыстыра зерттеу; 

- зерттеу процесінде  қалаған ғылыми проблеманың шешімі  бірін-бірі толықтырып отырушы  көптеген əдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;

- зерттеу əдістері зерттелетін құбылыстың мəн-мағынасына сай келуі;

- даму процесін  сол дамудың қозғаушы күші  жəне даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс жəне өзіндік даму ретінде қарастыру;

- сынақталушыға,  білім-тəрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік- инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.

 

1.4. Педагогикалык зерттеулердің әдіснамалық принциптері

 

Ғылыми-педагогикалық  зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:

- педагогикалық  құбылыстардың шынайылылығы мен  шарттасқандығын ескеру, себебі  дүниедегінің бəрі өзінің ішкі  объектив заңдары, қарама-қарсылықтары  жəне себепті-салдарлы байланыстарына  орай жасайды əрі дамиды;

- құбылыстарды  даму барысында зерттеу;

- бір құбылысты  екіншілерімен өзара қатынаста  байланыстыра зерттеу;

- зерттеу процесінде  қалаған ғылыми проблеманың шешімі  бірін-бірі толықтырып отырушы  көптеген əдістер кешенімен орындалатынын  естен шығармау;

- зерттеу əдістері  зерттелетін құбылыстың мəн-мағынасына  сай келуі;

- даму процесін  сол дамудың қозғаушы күші  жəне даму көзі саналатын оның  қарама-қарсылықтарына негізделген  өзіндік қозғалыс жəне өзіндік  даму ретінде қарастыру;

- сынақталушыға,  білім-тəрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік- инабаттылық талаптарына  қайшы болатын эксперименттерді  өткізбеу.

 

1.3 Әдіснамалық негіз және басқа ғылымдармен байланысы.

 

Бұл жұмыста тәрбие ұғымы  әдіснамалық тұрғыдан сипатталады, тарихи-педагогикалық білім әдіснамалық  негізде талданған. Қорытындыда  әдіснамалық негіздеуді қажет ететін тарихи-педагогикалық білімнің негізгі  мәселелерді ерекше бөлініп берілген.

Әдіснамалық шындықты танудың  ерекше жалпы жолдары туралы ғылым  ретінде қарастырылды. Әдіснаманың  басқа да анықтамалары баршылық. Мәселен, ондағы танымдық мәселені бөле отырып, әдіснаманы шындықты танудың жолдары туралы ғылым деп анықтама беруге болады. 
Болмыстың мәні, болмыс пен сананың қатысы, адамның мәнін тану сияқты мәселелердің әдіснамалық тұрғыдан мәні ерекше. Бұл мәселелерді диалектикалық-материалистік негіздеуде әруақытта да болмыстың біріншілігі және сананың екінщілігі туралы түсіндірілді. Осындай орын алған, қалыптасқан көзқарас рухани дүниенің мәнін, сананың белсенділігін тежеп келді.

Қазіргі кезде зерттеушілер орыс философиясы мен педагогикалық  ой-пікірінің көрнекті өкілдері Н.А.Бердяев, В.В.Зенковский, И.А.Ильин және көптеген басқаларының идеяларына көңіл бөле бастады. Олардың пайымдауынша, рухани дүниенің мәнін, сананың рөлін, оның адамның және қоғамның дамуына әсерін атап көрсетті.

Жалпы алғанда, әдіснама танудың  елеулі қызметін атқарады, оның ішінде белгілі білім саласының дамуының, әсіресе, әлеуметтік ғылымдарынң әртүрлі  саласына қатысын орындайды. Бұл  қызметтерін жүйе ұйымдастырушылық, түсіндірме-бағалаушылық, жобалаушылық ретінде анықтауға болады.

Тарихи-педагогикалық білімді  әдіснамалық негіздеу үшін тәрбиенің  мәнін түсінудің маңызы орасан зор. Педагогика тарихы ғылым ретінде  және оның негізінде құрылған оқу  пәні жалпы түрде қоғам өміріндегі тәрбиенің теориясы мен тәжірибесінің  даму заңдылықтары үрдісін зерттейді. Тәрбиені кең мағынада түсінетін  болсаң, сонда оның құрамына оқыту  да, білім беруде кіреді.

Тәрбиені әлеуметтік және педагогикалық құбылыс ретінде  қарастыру қажет. Тәрбие үрдіс ретінде  белгілі әлеуметтік, қоғамдық жағдайларда  пайда болды. Ол қоғамдық дамудың  тарихымен тығыз байланысты. Егер де тәрибеге жан-жақты берілген анықтамалардың бірінде “тәрбиені адамзат тәжірибесін  бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беру үрдісі ретінде қарастырады, демек, тәрбиенің қоғамның дамуында, ұрпақтар сабақтастығында, жас ұрпақтық өркениеттің, жинақталған тәжірибесін меңгеруде  мәні ерекше”.

Педагогика тарихы-ғылым  және оқу пәні ретінде кеңестік дәуірде  көп жылдар бойы өзінің әдіснамалық  негізі ретінде марксистік-лениндік ілімдігі, диалектикалық және тарихи материалдық біржақты басшылыққа алып келді. Бұл ілімнің қатаң қағидалары негізге алынады, ғылыми зерттеу  жұмыстары мен әдебиеттер, өткендегі  белгілі педагогтардың, ағартушылардың көзқарастары мен педагогикалық  жүйелері, сонымен қатар әртүрлі  тарихи кезеңдегі тәрбиенің, білім  берудің, оқытудың теориясы мен тәжірибесін  қарастырғанда және оған баға бергенде марксистік-лениндік әдіснама, партиялық  таптық көзқарас тұрғысынан түсіндіріледі.

Тарихи-педагогикалық үрдісті, оның ішінде тәрбие тарихын әлеуметтік құбылыс ретінде бағалауда таптық көзқарас басшылыққа алынды. Тарихи-педагогикалық  құбылыстарға таптық тұрғыдан қарау  тәрбиенің тарихи-теориялық теориясы мен тәжірибесінің барлық байлығын тежеп отырды, тарихтағы көрнекті педагог тұлғалардың идеяларын  жеткіліксіз бағалауға, олардың дүниетанымдық идеяларын пайымдауда біржақтылыққа ұрындырды, сонымен қатар объективтік тұрғыдан оларыдң тарихи-педагогикалық үрдістегі орны мен мәнін дұрыс бағалалауға жол берілді. Әсіресе, бұл кемшіліктер педагогика тарихынан жазылған оқулықтар мен оқу құралдарында ерекше орын алды.

Дей тұрғанмен, барлық кеңестік кезеңдегі педагогика тарихының  дамуын тек ғана біржақты жағымсыз тұрғыдан бағалау дұрыс болмаған болар еді. Кезінде педагогика тарихынан  оқулықтар мен оқу құралдарын жазған белгілі ғалымдар Н.А.Константинов, Е.Н.Медонский, М.Ф.Шабалда, тұңғыш қазақ  тілінде шыққан “Педагогика тарихы”  оқулығының авторлары, белгілі ғалымдар, педагогика ғылымдарының докторы, профессор  Қартбай Бекенұлы Бержанов пен педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор  Сыздық Мусиннің еңбегін ерекше атаған жөн. Бірақ бұл оқулықтар ескі әдіснама мен идеологияға негізделіп жазылғандықтан, қазіргі уақыт талабына сай көптеген тарихи мәселелерді  тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан қайтадан қарастыру қажет болды.

Тарихи-педагогиканың білім  беруде маңызды әдіснамалық негіздеуге өркениет тұрғысынан қарау жатады, ол тәрбиенің тарихи педагогикалық  идеялары мен тәжірибесінің дамуын бағалауда әлеуметтік алғышарттарды  енгізуге мүмкіншілк жасайды, оның дамуын қозғалысын әлеуметтік себептермен  негіздейді.

Келесі педагогика тарихының  мәнді әдіснамалық негіздеріне  мәдениеттану тұрғысынан қарауды жатқызуға  болады. Оның мәні мәдениет ұғымының өз мәнімен байланысты, мәдениетті өмір сүру үрдісінде адамзаттың жинақтаған тәжірибесі деп анықтама беруге болады. Сонымен қатар тәрбие жалпы алғанда  тәжірибені бір ұрпақтан келесі ұрпаққа  беру мағынасында қолданылады. Осы  мәдениет, адамзат тәжірибесі, тәрбие ұғымдарының өзара байланысында, мәдениеттанудың негіздері жатыр. Екінші байланысы-тарихи-педагогикалық  ілімінің өзі – бұл мәдениеттің  бір бөлігі. 
Әрбір педагогикалық ілім ғылымның даму тарихында белгілі орын алады және басқа ғылымдармен бірге мәдениеттің дамуына көмектеседі, оны байыта түседі.

Педагогика тарихы курсында өткендегі көрнекті педагогтардың  ілімдерімен қатар аса дарынды  философтардың, ойшылдардың, жазушылардың және қоғамдық қайраткерлердің педагогикалық  көзқарастары талданылады, олар кәсіптік білімі бар педагогтар-болмағанымен, педагогикалық теорияны дамыту үшін ерекше еңбек сіңірді, тәрбиенің  мақсаттары мен міндеттері туралы, кейбір әдістемелік мәселелер туралы құнды идеялар қалдырды.

Қазіргі кезде өткендегі  Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің даму тарихын зерттеуде үкіметтің  “Мәдени мұра” атты мемлекеттік  бағдарламасын басшылыққа алып, сол  бағдарлама саласында тарихи-педагогикалық  мұраны тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан зерделеуге тиіспіз. Өткен тарихи мұрамызды зерттеуде әдіснамалық тұрғыдан тарихи-педагогикалық құбылыстарды бүгінгі күннің мәселелерімен байланыстыра отырып пайымдауда, педагогикалық теориялар мен көрнекті педагогтарымыздың мұраларын зерделеуде тарихилық қағида басшылыққа алынды. 
“Педагогиканың қазіргі мәселелерін,- деп жазды профессор Н.К.Гончаров, барлық педагогика тарихына сын көзқараспен пайымдамайынша, түпкілікті шешу мүмкін емес. Үрдістер немесе құбылыстардың мәні тарихи дамуда ашылады, ал құбылыстың өзі педагогика тарихының жалпы фонында түсінікті болады”.

Тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеуде дәстүрлі педагогикалық  әдістер кеңінен қолданылады. Дәстүрлі әдістер деп педагогика ғылымының  бастауында тұрған зерттеу ілімдерден, ағартушы-ойшылдардан мұрагерлікпен  қазіргі педагогика ғылымына жеткен әдістерді айтамыз. Бұл Платон мен  Квинтилиани, Коменский мен Песталоцци пайдаланған әдістер; олар күні бүгінге  дейін педагогика ғылымында пайдаланылып келеді.

Зерттеу жұмысының мәселесі, пәні және міндерттеріне сәйкес барлық тарих ғылымдарына ортақ тарихи және логикалық зерттеу әдістері бір-бірімен бірлікте қарастырылады, сонымен қатар арнаулы әдістер, атап айтқанда, тарихи-салыстырмалы, ретроспективті, статистикалық және тағы басқа да зерттеуге, салыстырмалы талдауға және деректі әдеби, мұрағат материалдарын  теориялық жинақтауға бағытталған  әдістер қолданылады.

Тәрбиені зерттеу –  педагогикалық зертеудің ертеден  қолданылып келе жатқан әдістердің бірі. Кең мағынада тәжірибені зерттеу  әдісі тәрбиенің тарихи байланысын орнатуға, жалпы, оқу-тәрбие жүйелерін  айқын көрсетуге бағытталған  ұйымдасқан таным қызметі болып  табылады. Бұл әдістің көмегімен  нақтылы мәселелерді шешудің  жолдары талқыланады, жаңа тарихи жағдайда оны қолданудың қажеттігі туралы ойластырылған қорытынды жасалады. Сондықтан да қарастырып отырған  әдісті кейде тарихи әдіс деп те атайды.

Информация о работе Педагоогиканың әдіснамалық негіздері