Тестілеу арқылы оқушылардың білім, білік Дағдысын тексерудің МАҢЫЗЫ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2014 в 18:41, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру мен тәрбие мәселесін гуманистік дәрежеге көтеруші, мәдени құндылықтарға қол жеткізуші, оны іске асырушы мұғалім. Жаңа ғасыр мұғалімі жаңа нарықтық экономика заманына сай құзырлы болу үшін үнемі ізденіс үстінде болуы қажет.
Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру мен тәрбие мәселесін гуманистік дәрежеге көтеруші, мәдени құндылықтарға қол жеткізуші, оны іске асырушы мұғалім. Жаңа ғасыр мұғалімі жаңа нарықтық экономика заманына сай құзырлы болу үшін үнемі ізденіс үстінде болуы қажет.

Содержание

КІРІСПЕ ......................................................................................................................3

1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫСЫН ТЕКСЕРУ ӘДІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ............................................................................................... 6
Оқыту процесіндегі білім бақылаудың маңызы...................................... 6
Білім білік дағдыны анықтаудың педагогикалық тексерудің түрлері... 11

2. Тестілеу арқылы оқушылардың білім, білік Дағдысын тексерудің МАҢЫЗЫ...................................................................................... 14
2.1 Бақылаудың бір түрі-тест және оны өткізудің әдістері............................... 14
2.2 Жаңа материалдарды пысықтау кезеңіндегі өз бетінше жұмыстарды ұйымдастырудың дидактикалық негіздері............................................. 21

Қорытынды.......................................................................................... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................... 28

Вложенные файлы: 1 файл

Береш Әсем.doc

— 324.50 Кб (Скачать файл)

 

2. Тестілеу арқылы оқушылардың білім, білік дағдысын қалыптастырудың МАҢЫЗЫ

2.1.     Бақылаудың бір түрі-тест және оны өткізудің әдістері

 

«Тест»-ағылшын сөзі-«сынау»,«тексеру» деген мағынаны білдіреді. Тестердің біздің өмірімізде қолданыла бастағанына көп уақыт өткен жоқ.

Тестік бақылау жүйесі - оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу әрекетін арттырады, оқытудың тиімділігіне қол жеткізеді, ойлау қабілетіне шығармашылық әрекеттерін белсендіреді. Осыларға қоса оқушылардың алған білімдеріндегі оқулықтарын анықтайды, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Тест ең алғаш рет 1864 жылы Англияда жеке тұлғаның даму деңгейін анықтау әдісі ретінде енгізіп, әуелі психология саласында дамыған. Ол XX ғасырдың басында жаңа психологиялық және педагогикалық тест болып бөлінді.

Тест мақсатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

а) жеке дара топтық объектіні таңдап алу;

ә) іс-әрекетінің сипатына жазбаша, ауызша, әрекет орындалу формасы;

б) табиғи (сынып) зертханалық жағдайда жүргізу орнына;

в) кинотест, телетест;

г) сөздік, сандық, кеңістік графикалық көрсету формасына қатысты.

Формасы мен құрылымына байланысты тест сұрақтары мына    талаптар бойынша қарастырылады. Олар:

  • логикалық байланыстарға берілген тапсырмалар;
  • бірнеше ұынылған жауаптың ең жақсысын таңдап алу;
  • берілген тасырмалардан «дұрыс», «дұрыс емес» жауапты белгілеу;
  • бір жолда бірнеше жауаппен берілген тапсырмала негізінде жазылған тест, әр тапсырмаға байланысты дұрыс жауапты таңдап алу керек;
  • Жұп таңдау, сұрақ-жауап бір-біріне сәйкес келетін;

- көп сатылы тест, өзара  байланысты сұрақты талдау.

Тестік тапсырманы құрастырудың әдістемесі.

Олар:

  1. Тексеруге алынған ауқымның тапсырмалары көп, соғұрлым оның 
    сенімділігі жоғары.
  2. Әр тапсырманы жан-жақты өңдеу, оған енетін сұрақтарды тиянақты 
    және бірнеше қайтара тексеру, жауабын да тексеру, бұл текстің 
    сенімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
  3. Тәжірибеге сүйене отырып, әрбір тапсырманың қиындық дәрежесін 
    анықтау.
  4. Нәтижесін есептеуді жеңілдету берілген әрбір үлгі және трафарет 
    арқылы есептеу.

 Оқушылардың білімін тексерудің ғылыми формасы ретінде педагогикалық тест бір ғасырдан астам уақыт бойы белгілі. Бұл әдіске қойылатын талаптарды көрсеткен ағылшын ғалымдары.

Тест сұрақтары бойынша жауап беру үшін төмендегі жағдайларды ескеру қажет:

  1. Тест  ашық  түрде  беріледі,   оған  толық  жауап   беріледі.   Ережесі 
    айтылады, мысал келтіріледі.
  2. Тест жабық түрде беріледі, оған қосымша «Иә» немесе «Жоқ» деп 
    жауап беріледі.
  3. Тест   сұрақтары   мен   оның   жауаптарының   барлық   варианттарын 
    дұрыс оқып, анықтап-айырып, түсініп ал.

5. Сұрақтардың бірнеше вариантарының біреуі ғана дұрыс екенін ескер.

6. Егер бір сұраққа жауап   беруге қиналсаң оны ең соңына қалдыра тұруға болады.

7. Тест сұрағының жауабы төмендегідей жазылады:

1. Бұйырықты рай формасында тұрған сөзді тап:

а) өте

ә) мол

б) жиі

в) жап

у) тура

дүрыс жауабы : в)

8. Тест сұрақтарының 65% жауап берген оқушы ғана қанағаттанарлық 
баға алады.

9. Тест  сұрақтары  мен жауаптарын  бірге қосып, жұмыс соңынан 
емтихан қабылдаушы мұғалімге тапсырылады.

Тест түрлерінің мынадай түрлері кездеседі:

  1. Толықтыру тесті (берілген нүктелердің орнының толықтыру)
  2. Еске түсіру тесті (қайталау бойынша жауап)
  3. Үйлестіру тесті (екі бағандағы сөзді сәйкестендіру)
  4. Реттілік тест (рет-ретімен, жүйесімен көрсету)
  5. Кәсіптік тест (кәсіп бойынша сұраққа жауап)
  6. Баламалы тест («иә», «жоқ», не «+» деп белгі қою).

Тест жүргізу арқылы ойға алған мақсат тез орындалады, уақыт үнемделеді, оқушылар өзін-өзі бақылайды.

Бұл тест бойынша санмен белгіленген, жұмбақпен көшірілген бірнеше жауаптары, яғни жұмбақтың шешімі беріледі. Оқушы шешімі дұрыс жауапты шешіп, олардың сандық белгілерін сәйкестендіреді. Жауаптың дұрыс шешімін оқытушы өзіндегі тестпен салыстырып, тексереді.

Бұдан басқа өлшемдік тест деп аталатын тестің тағы бір түрін бөліп шығаруға болады. Өлшемдік тест оқушының білім дәрежесін тексеру үшін жүргізіледі. Бұл тест бойынша бұл сұрақтын бірнеше жауабы беріледі: бірі толық әрі дұрыс, екіншісі жартылай дұрыс, үшіншісі жартысынан азы дұрыс, төртіншісі дұрыс емес. Оқушы осылардың ішінен ең дұрыс жауабын тауып көрсетуі керек.

Тестілер (ағылшын test - сынау, сынама) жеке тұлғаның даралық, психологиялық касиеттерін, сондай-ақ білімін өлшеуге, белгілі бір машығын салыстырмалы шамалармен өлшеуге арналған стандартталған тапсырмалар, психологиялық диагностиканың негізгі әдістемелерінің бірі тестілер, модельдік жағдайлар болып табылады. Олар арқылы индевидтің тән сипаты реакциялары анықталып зерделенетін нышан көрсеткіштерінің жиынтығы есептеледі. Тестілерді әртүрлі негіздер бойынша саралауға болады.

Пайдаланылатын материалдар бойынша бланкілік (карандаш пен қағаз арқылы орындалатын), заттың (белгілі бір заттар мен амалдау тесті, мысалы бөлшектерден фигуралар құрау), аппаратуралық (арнайы техникалық жарақтарды талап ететін) түрлері болады.

Бақылау кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.

Бақылау (контроль; франц соntrole) тексеру және белгіленген мақсаттан ауытқулар мен олардың себептерін анықтау мақсатындағы іс-әрекет;

2) Қабылданған шешімдердің іс жүзіндегі жағдайда, сәйкестік дәрежесін анықтайтын басқару функциясы.

Педагогикада бақылау оқушының білім сапасын анықтау үшін қажет. Түрлері: тақырыптық бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша жүргізіледі; тараулық (тоқсандық) бақылау тоқсанның аяғында өткізіледі. Қортынды бақылау оқушылардың жыл бойы алған теориялық және практикалық білімдерін анықтау мақсатында қолданылады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қортынды шығарылады.

 

 

Тексеру түрлері




Бақылауға қатынасатын оқушылар санына қарай

 

 

 

 

Жеке




 

Топтық




 

Әрбір оқушыға өз алдына жеке тапсырма беріледі, жеке оқушының білімі тексеріліп, бағаланады.




 

Тапсырманы сыныптағы оқушылар ішінен азғантай топ мүшелері ғана орындайды.




 

Жалпы сынып бойынша бір тапсырма бойынша жалпы сынып оқушылары түгел

жұмыс істелінуі.




 

Жаппай фронтальный




 


Қоры-тынды




 

Бақы-лау жмысы




 

Сынақ




 

Емти-хан




 

Алдын-ала




 

Ағымда-ғы күн-делікті




 

Өз

бетінше





 


 

Жаз баша




 

Ауызша




 

Тексеру түрлері




 

 

Тәжі-рибе-

лік





 


Аралас




 

Сызықтық график




 

Байқау, бақылау




 

Грам-мати-калық




 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылаудың осы аталған түрлерінің бәрінде де тест әдісі жүргізіледі. Бұл әдіс дұрыс жүргізілген жағдайда оқушылардың білім деңгейін толық әрі тез арада анықтап, әр оқушының табиғи қабілетін мүмкіндігінше дәл белгілеудің бірден бір тиімді әдісі ретінде тиімді қолданылуда.

Тест тапсырмаларына қойылатын негізгі талаптар мыналар:

- барлық сыныптағы тест тапсырмаларға бірдей жағдай жасалу 
керектігі ;

  • тапсырманы орындау үшін берілген нұсқалар түсінікті, айқын болуы;
  • оқушылар санына қарай нұсқалар саны бірнеше болуы;
  • қортынды, аралық күнделікті бақылау түрлеріне қарай тестке 
    алынатын тапсырмалар санының көлемі болуы;
  • алынған материалдар оқушылардың өтілген материалдарының 
    негізінде болуы керек.

Тест сұрақтарын құрастыруда мынадай талаптар қойылады:

  • тестік тапсырмалар бақылау материалының белгілі бір бөлшегі 
    болады;
  • әр тапсырманың реттік номері болады;
  • тапсырманы орындау үшін арнайы нұсқау беріледі;
  • сыналушылардың жауабына байланысты тест бір немесе көп ұпаймен 
    бағаланады;
  • тесте екі немесе бірнеше дербес тапсырма берілмеуі керек.

Тест тапсырмаларды тексерудің әр түрлі әдістерін жоққа шығармайды. Олармен қатар оқушы білімінің сапасын анықтау үшін қолданылады. Тест тапсырмалары тек бақылау ретінде емес, оқушыларды үйрету машықтандыру үшін де тиімді. Педагогикалық тест арқылы әрбір оқушының білім деңгейін нақты және тез анықтауға болады.

Педагогикалык тест-оқушылардың білім, дағды, іскерлікті игеру дәрежесін тексеру әдісі.

Тест әдісінің артықшылығы:

-  тексерудің, бақылаудың обьективті болуы;

  • тест  арқылы  бағалау  нақты  әрі сараланған (дифференцияланған) 
    даралық сипатта болуы;
  • дәстүрлік тексеру әдістерінен тиімдірек болуы;

-    уақыт үнемделеді, уақыттың шектеулігі;

Тестің мәні оның адам қабілеттерін айқындау, өлшеу  туралы болуында.

Өлшеу, айқындау түріне қарай тест түрлері




 

Педагогикалық

Қалыпты - бағдарлы (нормативно-ориентированные)





 

Педагогикалық



 

Психологиялық




 

 

 

Өлшемдік (критериально-ориентированиые) -бағдарлы




 

 

 

 

 

 

 

Ф.Оразбаева өзінің  «Тілдік қатынас, теориясы және әдістемесі» деген еңбегінде былай бөледі:

  1. Баламалы (альтернативті) тесті
  2. Таңдамалы тест
  3. Қосымшалық тест
  4. Жұмбақтық тест
  5. Толықтырмалы тест (еске түсіру)
  6. Өлшемдік тест.

 

Енді осыларды қалай құрастыру керек, соған мысалдар келтірейік.

  1. Баламалы (альтернативті) тест. Мысалы: 2 сынып оқушыларына «Түбір, қосымша тақырыбын бекіту» тақырыбн өткенде «баланы, ағасын, інісін,дәптерді» сөздерінің барлығы табыс жалғауы сөз бе? деп сұраққойылады. Оған тек «Иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.
  2. Таңдамалы тест. Бұл тест бойынша бір сұраққа бірнеше жауап (3-4) 
    беріледі, оның біреуі, дұрыс басқалары қайшы болып келеді. Тіл 
    үйренуші оның ішінен ең дұрысын тауып, дәлелдеп, таңдап алуы 
    керек. Мұны 3-4 сыныпта қолданған қолайлы, себебі баланың есте сақтау қабілетін дамытады.

   Мысалы қай қатарда жіңішке дауыстылар берілген

а) а, о, ү, ы; б) ү, ө, і, и;

ә) б, в, г, д; в) ұ, ж, і, б;

г) ы, о, ү, і;        Жауабы: б

3. Қосымшалық тест. Қазақ тілінің жалғамалы ерекшелігін оқушы 
меңгере алды ма, жоқ па деген сұраққа жауап іздегенде өткізіледі, әсіресе бірінші сыныпта . Сөйлемдер, текстер беріліп, оның сыртында нөмірленген бірнеше жұрнақтар, жалғаулар тізбегі көрсетілген. Мысалы:

Көп нүктенің орнына көптік жалғауларын қой. 
 
1.Балық   2.Гүл                                Жауабы: ( тар, дер)

4. Жұмбақтық тест. Тілдегі сөздерді, олардың мағынасын қолдану 
аясын жете білумен байланысты оқушының мүмкіндігін білдіреді, 
Тестің жауабын шешемін оқушы жұмбақтың мазмұнына, оның 
құрамындағы сөздердің ішкі мағнасына ерекше ден қояды, әрқайсына 
мән береді, тест бойынша санмен белгіленген бірнеше жұмбақпен 
нөмерленген бірнеше жауаптар, яғни жұмбақтың шешімі беріледі. 
Оқушы дұрыс жауапты тауып, олардың сандық белгілерін сәйкестендіреді. Жауаптың дұрыс шешімін оқытушы өзіндегі теспен салыстырып, тексереді:

Информация о работе Тестілеу арқылы оқушылардың білім, білік Дағдысын тексерудің МАҢЫЗЫ