Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 06:47, реферат
Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) — дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін.
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012 2 басылым |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ | ||
Оқу-әдістемелік кешені |
Ф.4.09-40 | |
01.09.2012 ж. |
Педагогика және психология факультеті
Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор_________Еркінбаева Л.К.
«_____»__________ 2013 ж.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың бейнелеу іс-әрекетінің теориясы мен әдістемесі пәнінің
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандық: 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу
Оқу
формасы: қашықтықтан оқыту
Талдықорған 2013 ж.
Оқу - әдістемелік кешенді оқу бағдарламасына сәйкес 5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығына аға оқытушы Альменбетова Қ.Ж. кұрастырған.
Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының отырысында қарастырылды.
«______» _________ 2013 ж. № хаттама.
Кафедра меңгерушісі Г.Н.Жолтаева
«______» _________ 2013 ж. № хаттама.
Педагогика және психология факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
Әдістемелік
бюроның төрайымы
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012 2 басылым |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ | ||
Силлабус |
Ф.4.09-42 | |
01.09.2012 ж. |
Педагогика және психология факультеті
Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы
С И Л Л А Б У С
Пән: Мектепке дейінгі жастағы балалардың бейнелеу іс-әрекетінің теориясы мен әдістемесі
Мамандық: 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу
Оқыту түрі: қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша сырттай
Курс 3
Семестр 6
Кредиттер саны - 4
Барлық дәрісханалық сағат саны: 180
Барлық аудиториялық сағат 36
соның ішінде:
дәрістер
лабораториялық
Консультациялар
F2F
Барлық қашықтан оқыту 144
лабораториялық
сабақтар
ӨЖ
Консультация on-line, off-line 30
Аралық бақылаулар-2
Емтихан – 6семестр
Талдықорған 2013
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жоғарғы кәсіптік білім беру
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ
5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
мамандығы бойынша 5кредит (225сағат)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Алматы 2007
ТҮСІНІКТЕМЕ
Қазіргі заман талабы болашақ
ұрпақтың эстетикалық тәрбиесі
мен көркемдік білімін
Пәннің мақсаты, оның оқу үрдісіндегі орны
Студенттердің эстетикалық мәдениетін көтеру және мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері құралдары арқылы оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне үйрету.
Пәнді оқыту міндеттері:
Студенттер пәнді оқу нәтижесінде білуге тиіс:
ПӘН МАЗМҰНЫ
Пән обьектісі, міндеттері, басқа пәндермен байланысы философия, педагогика, психология, эстетика, мәдениеттану және т.б.
Курсты оқыту әдістері- әдебиеттерді оқыту, педагогикалық үрдісті бақылау, эксперимент, балалар жұмыстарын психологиялық - педагогикалық талдау, тәжірибе қорыту, бейнелеу өнер шығармаларын идеялық көркемдік талдау.
2.Бейнелеу өнерінің теориясы, оның түрлері мен жанрлары
Бейнелеу өнерінің қоғамдағы ролі, пайда болуы мен дамуы. Өнердегі көркемдік бейнелер. Өнердегі мазмұн, форма, үйлесім. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары.
Кескіндеме-заттар мен құбылыстардың түрлі-түсті материалдар негізінде кеңістікте бейнеленуі. Кескіндеме түрлері: монументті, станокты, театрлық-декорациялық, миниатюра.
Кескіндеме техникасы: фреска, өрнек, мозайка, витраждар. Станокты сәндік кескіндеменің жанрлары: пейзаж, натюрморт, портрет, тарихи, тұрмыстық жанр т.б.
Графика. Оның бейнелеу құралдары. Графика түрлері: плакаттық, кітаптық, станокты, журнал-газеттік, сатиралық графика. Балалар кітаптарын иллюстрациялау.
Мүсін – көлемдік- кеңістікте бейнелерді мүсіндеу өнері. Мүсіннің техникасы мен материалдары.
Сәулет өнері мен оның өзіндік ерекшеліктері. Сәулет өнерінің әсерлі құралдары:пропорция, ырғақ, симметрия, қарама – қарсылық, үйлесімділік, әшекейлеу элементтері. Сәулет өнерінің стилі. Халықтық және сәндік қолданбалы өнер. Халық өнерінің ерекшелігі. Сәндік қолданбалы өнер материалдары (ағаш, темір, жүн, сазбалшық, сүйек, әйнек және т.б.)
3.Шетел және отандық бейнелеу өнерінің даму сатылары
Өнердің тарихи сипаты. Ежелгі египет және Рим империясының өнері. Қайта өрлеу дәуірінің өнері /Леонардо Да Винчи, Микеланджело Буанаротти, Рафаель Санти т.б./
Орыс бейнелеу өнері. Сәулеттік ескерткіштер, портреттік кесіндеме, ХІХғасырдағы бейнелеу өнері И.Репин, В.Суриков,И.Левитан, И.И.Шишкин т.б.) Қазіргі бейнелеу өнері.
Орта Азия өнері. Қазақтың халық сәндік – қолданбалы өнерінің өзіндік ерекшеліктері, оның шығу тарихы мен дамуы. Қазақтың халықтық дәстүрлі қол өнері. Қабырғадағы суреттер, тас мүсіндер. Қазақстанның мүсін ескерткіштері /Бабаджа – Қатын, Ахмет Яссауи, Айша – Биби мазарлары мен Отырар қаласы/. Қазақтандағы қазіргі сәулет өнері.
Қазақтанның бейнелеу өнері шеберлері /А.Кастеев, А.Ғалымбаева, Г.Исмаилова, Қ.Тельжанов, С.Мәмбеев, О.Таңсықбаев, М.Қисаметдинов, Н.Г.Хлудов, Б.Иткина, Е.Сидоркин, Х.Наурызбаев, С.Романов, Т.Досмағамбетов, Е.Мергенбаев т.б./ Қазақстан жас мүсіншілері мен суретшілерінің шығармалары.
4.Бейнелеу
іс – әрекетіне үйрету
әдістерінің дамуына қысқаша
Әдістеменің дамуындағы негізгі бағыттар. Алғашқы бағыттар. Эстетикалық тәрбие беру саласындағы Е.Флерина, Н.Ветлугина, Н.Сакулина, Богатеева З.А, Григорьева Г.Г, Казакова, И.С.Комарова, В.С.Мухина, Г.Н. Пантелеева, С.Т.Халезова, сынды зерттеуші ғалымдардың еңбектері.
Эстетикалық тәрбие беруде қазақ
педагогтары мен
Балаларға эстетикалық
Қазақстандағы эстетикалық
5.Әр түрлі жас топтарында бейнелеу іс – әрекетін ұйымдастыру.
Бейнелеу
іс – әрекетінің ұйымдастыру.
Сабақ және балалардың өзіндік
көркемдік іс – әрекеттері.
Материалдар мен құрал –
Күн тізбегіндегі сабақтың алатын орны. Сабақтың түрлері: жаңа сабақ, бейнелеу дағдыларына жаттығу, есте сақтау, кіріктіру сабақтары. Тәрбиешінің сабаққа дайындығы. Материалдар мен арнайы құралдарды сақтау. Әдістер мен тәсілдердің топталуы мен сипаттамасы /көрнекілік, сөздік, ойын/. Олардың өзара байланысы. Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу іс – әрекетіне үйретудегі көрнекілік әдістері, оны психологиялық – педагогикалық жағынан негіздеу. Қоршаған өмірді бақылау оқытудың негізі. Заттарды зерттеуге үйрету тәсілі. Иллюстрациялар, слайдтар, диафильмдер, кинофильмдер мен нақты заттар. Сөздік әдіс – тәсілдер: сипаттық әңгіме, түсіндіру, нұсқау, сұрақтар, қайта түсіндіру, көркем сөз қолдану /жаңылтпаштар, жұмбақтар, тақпақтар, мақалдар т.б./ мектеп жасына дейінгі балаларды үйретудегі ойын тәсілдері /ойын ұйымдастыру, ойын түріндегі көрнекілік – әрекеттік жаттығулар/. И.ЯЛернер ұсынған әдістер мен тәсілдер топтамасы: ақпараттық – рецептивтік, репродуктивтік, зерттеу, эвристикалық, проблемалық мазмұндау әдісі.
6.Әр түрлі жас топтарында сурет салуға үйрету және олардың шығармашылықтары.