3Мектепке дейінгі жастағы балалардың бейнелеу іс-әрекетінің теориясы мен әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 06:47, реферат

Краткое описание

Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) — дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін.

Вложенные файлы: 1 файл

Бейнелеу өнері Мдк.doc

— 2.69 Мб (Скачать файл)

      Мектеп жасына  дейінгі  балалардың  жеке  басының  дамуындағы сурет   салудың  алатын орны.  Балабақшадағы   сурет салу  түрлері: заттық,  мазмұндық, сәндік. Заттарды  бейнелеуге  үйретудің мазмұны мен міндеттер. Бейнені әсерлі  бере  білу  талаптары. Сурет салу  техникасына үйрету  мен бейнелеу  әсерлі  құралдарын  қолдану жолдары.

       Мазмұнды  сурет салу.  Мектепке даярлық  тобында  сурет салудың  мазмұны  мен міндеттері. Кеңістікпен  байланысты  бірнеше  заттың  суретін  салуда  жақындағы  және  алыстағы  обьектілердің  композициялық  орналасуын  бере  білуге  біртіндеп  көшу. Әсерлеу  және бейнелеу  құралы  ретіндегі  түспен колоритті  пайдалану.  Сәндік  сурет  салуға  үйретудің  мазмұны  мен міндеттері. Көркемдік  талғам  мен  эстетикалық  дамуды  қалыптастырудағы   сәндік  сурет  салудың  мәні.  Балаларды  халықтың сәндік  қол  өнерімен  таныстыр  ою – өрнек  әдістеріне  үйретудің  әдістері мен тәсілдері.

       Бірінші   сәбилер  тобындағы  сурет  салудың  өзіндік  ерекшеліктері.  Көрнекілікке, ойын элементтеріне,  ойын – драматизациялар,  тақырыптың  бейнелілігіне  негізделген   үйрету тәсілдері,  екінші  сәбилер  тобындағы балалардың  көзқарасын  жетілдіру.  Үйрету тәсілдердің  ойындық сипаты. Бала суретіндегі  бейненің  қалыптасуы,  тақырыпқа  қызығушылығы мен бейненің  нақтылығы  үшін  суреттер  мен   картиналар көрсету. Тәрбиешінің  іс – әрекетті сөзбен  түсіндіруі.  Балалар  жұмыстарын талдау.

       Естиярлар   тобында  балалардың  заттың  негізгі  бөліктерін  көре  және бейнелей  білу  қабілеттерін  дамыту.  Көрнекілік  пен  бейнелі   сөз  үйлесімділігіне  негізделген әр  түрлі әдістер мен тәсілдер  қолдану.  Ересек  топ  балалардың  бейнені  дұрыс құра  білу,  әр  түрлі  бейнелеу  құралдарын  өз  бетімен  пайдалану  қабілеттерін  дамыту  бағытындағы  жұмыстар. Нақты  затты  пайдалану,  бейнелеу  тәсілдерін  көрсету.  Кеңістікте  бейнелеу  қабілеттерін  қалыптастыру  мақсатында суреттер,  слайдтар, кинофильмдер  көрсету.

      Балалардың  көңіл – күйі  мен  қызығушылығын   арттыру  мақсатында  көркем  әдебиет    образдары  мен  музыкалық  шығармаларды  пайдалану.  Балалар жұмыстарын  талдауды  ұйымдастыру. Өз  бетінше жұмыс істей білуге,  өз  жұмысына сын көзбен қарауға,  бағалауға тәрбиелеу.

     Мектеп жасына  дейінгі баланың  жеке  басын   дамытудағы  бейнелеу  өнерінің  маңызы. Баланың  эстетикалық   дамуының  педагогикалық  эстетикалық   мәдениетіне  байланыстылығы.  Балабақшаны  безендіруде,  сабақтар  өткізуде,  көрмелер мен  топ  серуендер  ұйымдастыруда  бейнелеу  өнерін пайдалану.  Мектеп  жасына  дейінгі балалардың  қабылдауына  қарай  бейнелеу  өнері  шығармаларын (кескіндеме,  мүсін, халық  өнері) таңдауға  қойылатын талаптар.  Өнер  туындыларымен   таныстыру.  Мақсатты  және  берік қабылдауды дамыту  тәсілдері.  Балалардың  өзіндік іс – әрекеттерін ұйымдастыру. Оның  күн тәртібіндегі  алатын орны. Жұмыс орнын таңдау. Өзіндік көркем  іс – әрекетке жанама  әсер  ету  жолдары  мен  әдістері.  Мерекелік  ойын - сауықтар,  сахналандырылған  ойындар,  балалар  жұмыстарының  көрмесі.

7.Әр  түрлі  жас  топтарында  мүсіндеуге  үйрету  және  олардың  шығармашылықтары.

     Балалардың  эстетикалық  тәрбиесіндегі  мүсіндеудің  ролі.  Балабақшаның  әр түрлі  жас  топтарындағы  мүсіндеу  сабақтарының  түрлері  мен  саны.

      Затты   мүсіндеу. Міндеттері.  Бағдарламалық   талаптардың  бір  топтан  екінші  топқа  біртіндеп   күрделенуі.  Мүсіндеу  техникасының  сазбалшықты алақанда  илеуден бастап  саусақтардың  белсенді қызметіне қарай ауысуы.  Саусақ  бұлшық  еттері мен тепе – теңдік  дәлелдігін  дамыту. Мазмұнды  мүсіндеу. Міндеттері.  Сәбилер,  естиярлар,  ересектер топтарындағы  бағдарлама талаптарының  біртіндеп  күрделенуі.  Қатар  тұрған  жеке  заттарды мүсіндеуден  біріккен  мүсіндік  топтарды  бейнелеуге  көшу.  Зат  мүсінін  берудегі  бөліктердің  ролі.

        Сәндік  мүсіндеу.  Әр  түрлі  жас   топтарында  сәндік  мүсіндеуде  үйретудің  мазмұны  мен міндеттері. Жазықтықта  басыңқы және  шығыңқы бейнеленген заттарды  сәндік  безендіру. Әр  түрлі жас топтарындағы  мүсіндеуге  үйрету  әдістемесі.  Сенсориканы дамытуға  арналған  дидактикалық  ойындар.  Балаларды көлемді денелердің  бөліктерімен  таныстыру,  затты  құрылысы  қарапайым  денелермен  салыстыра  білуге  үйрету.  Балалардың  пішін  туралы  ұғымдарын қалыптастыру  үшін  кіші  мүсін шығармаларын  қабылдау.

8.Әр  түрлі  жас  топтарында  жапсырмалауға   үйрету  және  олардың  шығармашылықтары

       Халықтық сәндік – қолданбалы  өнердің  бір  түрі  ретіндегі  жапсырмалаудың  өзіндік  ерекшелігі  және  эстетикалық  маңыздылығы. Әр  түрлі  жас  топтарындағы  жапсырмалау  сабақтарының  мазмұны  мен  міндеттері.  Төрт  жастағы  балалардың  қарапайым  дайын  геометриялық  фигураларды  орналастырулары  және  жапсырулары.

        Жапсыру   техникасын  меңгерту.  Мектеп  жасына  дейінгі  сәбилердің  ойлауының  нақтылық – бейнелілік  сипатын  ескере  отырып,  геометриялық  пішіндерді  жапсырудың  бейнелік  принципі. 2-ші  сәбилер  тобындағы  сәндік  жапсырмалаудың  мүмкіндіктері.

      Қайшымен  қию  тәсілі  естиярлар  және  ересектер тобындағы  негізгі   міндеттердің  бірі.  Балаларды қайшымен  қиюға біртіндеп үйрету.  Дайындық  тобындағы силуэттік кесудің күрделі тәсіліне  түзу  қию арқылы  үйрету.  Заттық,  мазмұнды  және  сәндік  жапсырмалау тапсырмаларының өзіндік ерекшеліктері. Жапсырмаған пішіндерді  орналастыру  арқылы  кеңістікті  бағдарлау  мен  көзбен  мөлшерлеуді  дамыту.

      Кесу  және  жапсыру  тәсілдерін  көрсетуге  қойылатын талаптар. Жапсырмалау сабақтарында  қолданылатын  әдістемелік тәсілдер:  үлгілердің  алуан түрлілігі,  заттың  сұлбасына талдау  жасау  арқылы  қиып  жапсыру,  қайшымен  қию  тәсілдерін көрсету.  Балалардың  жұмысындағы  қателіктерді  табуы  және  талдауы.  Мектепке  дайындық  тобындағы жапсырмалаудың  ұжымдық жұмыс мүмкіндіктері.  Жапсырмалау сабақтарында  балалардың  шығармашылығын  дамыту.  Балаларды  құрастыру мен  көркемдік  еңбекке  үйрету.

       Құрастырудың  өзіндік  ерекшелігі.  Оның ақыл – ой  дамуындағы  техникалық  қызығушылықтарының  қалыптасуындағы,  тапқырлықты,  ойлауды  дамытудағы  мәні.  Мінез – құлықтың  ерік,  табандылық,  төзімділік,  ұйымшылдық  сияқты  сипатын  қалыптастыру.  Құрастыру  іс – әрекеті  арқылы  балалардың  эстетикалық  даму  мүмкіндіктері.  Кеңістік  туралы  ұғымдарды  кеңейту,  үш  мөлшерлі  пішіндердің атауларын,  конструкторлардың  бөліктерін, шамаларын,  бағыттарын  меңгерту. Құрылыс  материалдары  мен  әр  түрлі конструкторлар   арқылы  өтілетін  құрастыру сабақтарының  мазмұны,  міндеттері  және  әдістері.

        Кіші  сәбилер  тобындағы   құрастыру  іс – әрекетінің  өзіндік  ерекшеліктері,  оның  ойындық  сипаты. Қарапайым   құрылыстарды  құрастыруға  үйрету,  дайын  құрылыстарды  оңай  бұза  білу  қабілеттерін  қалыптастыру.  Материалдарды  жинастырудың  ойындық  тәсілі. Естияр,  ересек,  мектепке  дайындық  топтарындағы  құрастыру сабақтарының  мазмұны,  міндеттері  және  әдістемесі.

       Естияр  және  ересек  топтардағы  құрастыру сабақтарының  әр  түрлі типтері: үлгі  арқылы  көрсету,  үлгі  бойынша бірақ көрсетусіз,  тәрбиешінің нұсқауы,  сызба немесе  сурет бойынша, тақырыпқа берілген  шарттар бойынша балалардың  өз  ойлары  бойынша құрастыру.

       Үйрету  тәсілдері: үлгілердің  әртүрлі  нұсқауларын,  іс –  әрекетінің  түрлі  тәсілдерін  көрсету,  оқытудың  сөздік әдістері, кеңес, талдау, жинау т.б.

       Тұрмыстық  және  табиғи  матералдарды  қолдану  арқылы  құрастыру   түрлері.  Түрлі  табиғи  заттарды (қарағай  тұқымы, ағаш  қабығы,  өсімдіктер  тұқымы)  қолдану арқылы  балалардың  сәбилік қиялдарын дамыту.  Балабақшаның ересек топтарында  ағаштан құрастыру.  Тоқыма  материалдарымен жұмыс. Балалардың  сабақтан тыс кездегі құрастыру тәсілдерін  меңгеру және  оған  басшылық.

 

9.Мектепке  дейінгі  ұйымда  балалардың  бейнелеу  іс – әрекетін  ұйымдастыру.

         Бейнелеу  іс – әрекеті   жұмыстарын  жоспарлаудың  негізгі   принциптері. Оның мектепке  дейінгі   ұйымның білімділік – тәрбиелік  жұмыс мазмұнымен  байланыстылығы. Балалар  жұмысын  талдау  және  оны  жинақтауды  ұйымдастыру. Сабақты  жоспарлауда  педагогтарға  көрсетілетін күнделікті  көмек (жеке  және  топтық  кеңес  беру,  семинарлар,  практикумдар,  үйірмелер).   Ата – аналармен  жүргізілетін  жұмыстар  (жиналыстар,  кеңесулер,  дөңгелек  үстел).

      Мектеп  жасына  дейінгі  және  кіші  мектеп  жасындағы  балаларды   бейнелеу  өнері  құралдарымен  үйрету,  дамыту,  тәрбиелеудің  байланыстылығы. Балабақша  және  бастауыш  сынып  оқушыларымен  бейнелеу  өнері сабақтарын  ұйымдастырудың  өзіндік  ерекшеліктері.

Студенттердің  оқытушымен  орындайтын  жұмысының  (СОӨЖ) үлгі  тақырыптары:

  1. Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  бейнелеу  қабілеттері  мен шығармашылықтарын дамыту
  2. Кескіндеме  және  оның  түрлеріне сипаттама
  3. Мүсін  өнері  және  оның  түрлеріне  сипаттама
  4. Сәндік – қолданбалы  өнері  және  оның  түрлеріне  сипаттама
  5. Сәулет  өнері  және  оның  түрлері  және  оның  түрлеріне  сипаттама  Қазақстанның ежелгі  сәулет  өнерінің  ерекшеліктері  (пікір сайыс)
  6. Балалар  кітаптары  мен мультфильмдерінің  суретші иллюстраторлары. Қазақстанның атақшы  суретші – иллюстраторларымен  таныстыру
  7. Бейнелеу  іс – әрекетінің түрлері  және олардың  мектеп жасына  дейінгі  балаларды  жан – жақты  дамытудағы  маңызы.
  8. Бейнелеу  өнеріне  үйретудің  әдістері мен  тәсілдері. Үйретудің әдіс  тәсілдеріне   талдау  жасап,  зерттеу  әдістерін  ұйымдастыру.
  9. Студенттерді  сабақ  өткізу  әдістемесімен  таныстыру
  10. Балабақшада сурет салудың  түрлері  мен  үйретудің  кезеңдері
  11. Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды мүсіндеуге  үйрету  және  оның  ерекшеліктері
  12. Мектеп  жасына  дейінгі  мекемелерде  құрастыру іс – әрекетін  ұйымдастыру  әдістемесі.

 

Курстық  жұмыстың  үлгі  тақырыптары:

    1. Қазақстанның ежелгі  ескерткіштері
    2. Мектепалды  дайындығы тобында  сәндік  сурет  салудан  сабақ  өткізу әдәстемесі
    3. Мектепалды  дайындығы  тобында  затқа  қарап сурет салу  сабақтарын ұйымдастыру
    4. Мектеп жасына  дейінгі  балалардың  көркемдік – шығармашылық  қабілеттерін  қалыптастыру
    5. Мектеп жасына  дейінгі  балаларды  қазақтың  сәндік – қолданбалы  өнерімен  таныстыру
    6. Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  қазақтың  ою – өрнек  өнерімен  таныстыру
    7. Эстетикалық  білім  беруде  ата – аналармен  жүргізілетін  жұмыс  түрлері
    8. Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  суреттерінде  ересектер  еңбегінің  бейнеленуі
    9. Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  суреттеріндегі табиғат  көрінісі
    10. Мектепалды  дайындығы  тобында  мазмұндық сурет салу  сабақтарын  өткізу  әдістемесі

Негізгі  әдебиеттер:

  1. Аубакирова Р.Ж. Абремская И.Б. Бейнелеу өнері. Сурет салу. А. Алматы кітап. 2009
  2. Богатеева З.А  Мотивы народных  орнаментов  в детских  аппликациях. – М.,2001
  3. Венгер Л.А., Пилюгина Э.Г., Венгер Н.Б.  Воспитание  сенсорный  культуры  ребенка. – М.,2003
  4. Григорьева Г.Г. Развитие дошкольника в изобразительной деятельности.-М., 2005
  5. Гусакова М.А. Аппликация.-М.,2001
  6. Жумабекова Ф.Н. Балабақша балаларын бейнелеу өнеріне баулуда көркемдік талғамын дамыту жолдары. А.Атамұра. 2011
  7. Конышева Н.М.  Лепка  в детском саду. М., Просв., 2005
  8. Сакулина.Н.П және Комарова Т.С  Балалар  бақшасындағы  бейнелеу жұмысы.  Оқу  құралы   А.,1999
  9. Сергеева Д.В. взаимосвязь  занятий  по конструированию  и  ручному  труду // Нравственное – трудовое  воспитание  в детском саду/ Под. Ред. Р.С.Буре.-М.,2007
  10. Сергеева Д.В. Воспитание  ребенка  дошкольника  в  процессе  трудовой  деятельности. М.,2007
  11. Халезова Н.Б., Курочкина Н.А., Пантюхина Г.Г., лепке в  детском саду.-М.,2006
  12. Халезова Н.Б.т.б Балалар  бақшасының  пішіндеу  жұмыстары. Құрал, А., 2000

 

Қосымша әдебиеттер:

13.Шпикалова Т.Я. Изобразительное  искусство.   Основы  народного  и  декоративно – прикладного  искусства.-М.,2006

14.Программа  «Изобразительного  искусства» 1-4 кл. Одиннадцатилетней  школы. Автор программы: Т.А.Левченко, Алматы,1997

15.Изобразительное  искусство. Методическое  руководства  для  учителей  3кл. Алматы, Атамұра  2007

16.Хазарова В.М., Тяпушкина С.Ю., Тематика  контрольных  работ по  курсу  «Основы  изобразительного  искусства  с  методикой  руководства изобразительной  деятельность  детей  школьного возраста» М.,2005

17.Загребальная – Раупова И. Учебно – методическое  пособие  по  изо  искусству  для  преподавателей  начальных  классов  средних  и спец. Школ. Дет садови   худ,студ. Алматы. Өнер.2007

18.Болатбаев Н., Ибрагимов  И., Бейнелеу  өнері оқыту әдістемесі. 4сынып мұғалімдеріне арналған. Алматы, Атамұра 2000  

19.Бейнелеу өнеріндегі пәнаралық байланыс. Қазақстан мектебі. Алматы.2008ж №2 15б

20.Барімбеков Ж.Ш. 100 ою-өрнектің сырлары. Алматы.Мектеп 2007ж

21.Дәстүрлі қолөнердегі бояу түстерінің танымдық тәрбиелік белгілері. // Қазақстан мектебі. - Алматы, 2007, №11 -Б. 52-54.

Информация о работе 3Мектепке дейінгі жастағы балалардың бейнелеу іс-әрекетінің теориясы мен әдістемесі