Басу формаларын жасауға арналған пластиналар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 11:53, лекция

Краткое описание

Осы таңда басу формаларын жасау үшін негізінен алғанда екі технология пайдаланады. Біріншісі – дәстүрлі. Онда фотоформадағы бейне-кескін көшірмелеу рамасында формалық пластинаға көшірмеленеді де экспозицияланған пластина қолмен немесе процессорда айқындалады. Екінші жаңа технология, «компьютер – басу формасы» атпен белгілі. Басылым парағындағы бейне-кескінді бірден формалық пластинаға жаздыруға мүмкіншілігі бар, яғни технологиялық тізбектен фотоформа алынып тасталады. Одан кейін пластинаны процессорда өңдеу жүргізіледі.

Вложенные файлы: 1 файл

Басу формаларын жасауға арналған пластиналар.docx

— 278.77 Кб (Скачать файл)

Басу  формаларын жасауға арналған пластиналар. Жазық офсеттік басу формалары

3.1 Жалпы мағлұматтар

Осы таңда  басу формаларын жасау үшін негізінен  алғанда екі технология пайдаланады. Біріншісі – дәстүрлі. Онда фотоформадағы бейне-кескін көшірмелеу рамасында формалық пластинаға  көшірмеленеді де экспозицияланған пластина қолмен немесе процессорда айқындалады. Екінші жаңа технология, «компьютер – басу формасы» атпен белгілі. Басылым парағындағы бейне-кескінді бірден формалық пластинаға жаздыруға мүмкіншілігі бар, яғни технологиялық тізбектен фотоформа алынып тасталады. Одан кейін пластинаны процессорда өңдеу жүргізіледі. Басу формаларын жасау тәсілдері мен сол процесті жүргізетін жабдықтар әрқашан жетілдіруде және өзгеріп тұрады, сонымен қатар формалық пластиналардың өздері де өзгеріп тұрады, Осы аймақта қандай жаңалықтар болса да, қандай көшірмелеу қабаттары қолданылса да басу формаларының негізгі қасиеттері мен сипаттамалары сол қалпында қала береді.

Формалық  пластиналар (алдын ала сезгіштендірілген  пластина)  - оған жарықсезгіш композиция – көшірмелеу қабаты түсірілген металдық, полиэфирлік немесе қағаз негіз.

Басу формасы  - бояу қабылдайтын (басу элементтері) және бояу қабылдамайтын (ашық жол элементтері) жеке бөлімшелер түрінде бетінде  бейне-кескін түзілген пластина.

Офсеттік  басу формаларын жасаудың ең кеңінен  таралған дәстүрлі технологияның негіздері  және формалық пластиналардың сипаттамалары  төменде қарастырылған.

Монометалдық  формалық пластиналардың классификациясы  мынандай:

Негіз материалы  бойынша: алюминийлі, болат, қаңылтыр;

Көшірмелеу  қабатының типі бойынша: позитивті, негативті көшірмелеу қабаттары;

Негіз бетін  дайындау тәсілі бойынша (алюминийлік  негіздегі пластиналар үшін): электрхимиялық түйіршіктелген анодталған, механикалық  түйіршіктелген анодталған тегіс алюминий;

Негіз қалыңдығы  бойынша: 0,15 мм; 0,20-0,24 мм; 0,30 мм;

Арналуы бойынша: сынамалы басу формаларын жасауға арналған, таралымдық басу формаларын жасауға  арналған.

3.2 Монометалдық офсеттік формалық  пластиналар құрылысы

3.2.1 Формалық пластиналарды жасаудың  негізгі кезеңдері

Позитивті көшірмелеу қабатты монометалдық офсеттік басу формалары біздің елде ең көп қолданыс тапқан. Формалық пластиналар шығарушы фирмалардың бәрі сол пластиналарды  ұсынады.

Монометалдық  офсеттік пластиналарын жасауға  қажетті металл бетін қоқыстан, ластардан  мұқият тазарту керек. Тазалаудан кейін  алюминийді электрхимиялық түйіршіктендіреді. Бұл кезеңде алюминий бетінде  жоғары дамыған құрылым пайда  болады. Ол ылғалдандырушы ерітіндінің  көп мөлшерін ұстап тұруына басу кезінде мүмкіндік береді, «бояу-судың» қажетті балансын оңай жасауға болады. Түйіршіктендіру нәтижесінде беттің адсорбциялық ауданы алғашқы тегіс  түйіршіктенбеген бет ауданымен  салыстырғанда 40-60 есе өседі (3.1 –сурет).

Формалық  пластиналар рыногындағы көшбасшы фирма, әдетте көпдеңгейлі түйіршіктендіруді 3 кезеңде жүргізеді; нәтижесінде  алюминийлік пластина бетінде микротегіссіздіктердің 3 типі -ірі, орт және майда түйіршіктер  пайда болады. Ірі түйіршіктер  жартылай реңктерді сапалы қайта  шығаруды және ылғалдауыш ертіндіні  жақсы қабылдауды қамтамасыз етеді; орта түйіршіктер алынатын басу формаларының таралымға тұрақтылығына жауап  береді; «бояу-су» балансы мен  форма бетінің тозуға тұрақтылығы  майда түйіршіктер көмегімен  алынады.

Көшірмелеу  қабат бетінің кедір-бұдырлығын тудыратын микробөлшектер

 

 

3.1-сурет.  Көпдеңгейлі түйіршіктену көмегімен  алынған формалық пластина бетінің  құрылымы: 1 – жарықсезгіш қабат; 2 – алюминийлік негіз; 3 – ірі  түйіршік; 4 – орта түйіршік; 5 –  майда түйіршік

 

Түйіршіктендіру процесінен кейін анодтау процесі  өтіледі. Анодтау немесе анодтық  оксидтеу дегеніміз алюминий пластиналарының  бетіне алюминий оксидінен пленка түсіру. Алюминий оксиді алюминий қаттылығын өсіреді, механикалық әсерге офсеттік формалардың тұрақтылығын арттырады, басу кезінде пайдаланатын химиялық өнімдердің әрекетінен, тырналудан және үйкелуден қорғайды. Анодтаудың басқа  да арналуы бар, ол – формалық пластиналардың таралымға тұрақтылығын арттыру.

Түйіршіктендірілгеннен  кейін және анодтық оксидтегеннен  кейін алюминий беті кедір-бұдыр  болады да берік кеуекті оксидтік пленкамен жабылады, тасықтынудың химиялық операциясы (мысалы, гидрофилді коллоидпен жағылғанда) нәтижесінде гидрофилдік  қасиеттері тұрақталады. Осы өңдеу  операциялары мыналар үшін қажет. Алюминийлік  негіздің кедір-бұдыр бетіне көшірмелеу қабатының адгезиясын, ілінісу беріктігін өсіреді. Кейінірек басу формасын жасау  процесінде алюминийдің гидрофилдік  бетіне ашық жол элементтері түзіледі, оларға ылғалдаушы ерітінді жақсы жұғылу керек те бояуды қабылдамау керек.

Басу формаларын жасаудың соңғы қадамы - әзірленген негізге көшірмелеу (жарықсезгіш) қабатты  салу. Бұл кезеңде ең маңыздысы  – ерітінді құюдың біркелкілігін  қамтамасыз ету, яғни бір пластина ауданында  көшірмелеу қабатының бірдей қалыңдығын қамтамасыз ету, өйткені оның қалыңдығынан формалық пластиналардың көптеген сипаттамалары  байланысты (мәселен, жарықсезгіштік, айқындық қабілеттілігі және т.б. қасиеттері).

Бұдан басқа  көшірмелеу қабатының құрамына ерімейтін  микробөлшектер енгізіледі, олар оның бетіне кедір-бұдырлық тудырады (3.1-сурет), осымен экспозициялау алдында көшірмелеу рамасында вакуумдау кезінде  ауаның шығуына себебін тигізеді.

3.2.2 Басу мен ашық жол элементтерінің  түзілуі

Офсеттік  басу формасының бетіндегі басу мен  ашық жол элементтерінің беттері  физика-химиялық қасиеттері бойынша  ажыратылады: басу элементтеріне бояу жинақтылық жағылу керек те, ал ашық жол элементтеріне ылғалдауыш ерітінді жағылу керек. Бұл ерекшеліктер офсеттік формалық пластиналар жасау процесінде алдымен беріледі. Сонымен, формалық пластина төртқабатты күрделі құрылымнан тұрады, әрбір қабат өзінің белгілі  бір функциясын орындайды:

- алюминийлік  пластина басу формасының механикалық  негізі болады;

- анодтық  пленка ашық жол элементтерінің  тозуға тұрақтылығын қамтамасыз  етеді;

- гидрофильді  қабатар форманың тұрақты ашық  жол элементтерін түзейді;

- көшірмелеу  қабаты бейне-кескінді қайта шығаруға  қажетті форманың басу элементтерін  түзейді.

Басу мен  ашық жол элементтерінің түзілу қағидасы нұрлану әсерінен көшірмелеу қабаты қасиеттерінің өзгеруіне негізделген. Бейне-кескінді позитивтік фотоформадан позитивтік көшірмелеу қабаты бар формалық пластинаға көшірмелеу кезінде нұр  сәулесі ашық жол элементтер жатқан орындарға әсер етеді. Бұл бөлімшелердегі көшірмелеу қабаты ерітілетін болады. Еру дәрежесі көшірмелеу қабатымен  жұтылған нұр сәуле мөлшеріне  байланысты: жарық энергиясының жеткілікті мөлшерін қабылдап, ол ашық жол элементтерінен толығымен бөлінуі мүмкін. Осыған айқындау процесі негізделген Алынып тасталынған көшірмелеу қабат астынан  алюминийдің гидрофильді кедір-бұдыр  беті босатылады – бұл ашық жол  элементтері, ал алюминий бетінде қалған гидрофобты көшірмелеу қабаты – бұл  басу элементтері.

3.3 Формалық пластиналардың сипаттамалары

Болашақтағы басу формаларының сипаттамалары формалық пластиналарды жасау кезінде  беріледі де көшірмелеу қабаты мен  негіздің қасиеттеріне байланысты.

1) Көшірмелеу қабатының жарықсезгіштігі – көшірмелеу қабатына актинді нұрланудың қабат қасиеттерін (бұл жағдайда оның ергіштік қасиетін) өзгертуге қажетті әсер мөлшері.

Оның екі  түрі бар: спектралды және интегралды.

2) Спектралды жарықсезгіштік – толқын ұзындығы әр түрлі нұрланулардың әсеріне пластиналардың сезгіштігін көрсетеді. Спектралды жарықсезгіштік графиктері бойынша қабатта қажетті түрлендірулерді нұрланудың толқын ұзындығы қандай болу керек екендігі жөнінде айтуға болады (ондай нұрлану актинді деп аталады), яғни формалық пластина экспозициялау кезінде жарықтың қандай көзін пайдалануға болатынын көрсетеді. Проспекттерде көбінесе пластинаның көшірмелеу қабатының спектарлды жарықсезгіштігінің қисық сызықтары келтіріледі, онда толқынның қандай ұзындығына жарықсезгіштіктің максимумы келетіні беріледі. ОНХД негізіндегі көшірмелеу қабаты үшін актинді ретінде толқын ұзындығы 330-450 нм УК-нұрланулары болады.

3) Интегралды жарықсезгіштік – көшірмелеу рамадағы пластиналарды экспозициялау уақыты мен қажетті жарық қуатын анықтайды.

Жарықсезгіштік  мына факторларға тікелей байланысты:

- көшірмелеу  қабатының химиялық құрамына;

- көшірмелеу  қабатының физикалық параметрлеріне (қалыңдығына, формалық пластина  астарының шағылысу коэффициентіне, көшірмелеу қабатының шағылысу  коэффициентіне);

- экспозициялау  жаағдайына (жарық көзінің спектарлды  құрамына);

- айқындау  жағдайына.

4) Айқындық қабілеттілігі – бейне-кескіннің кіші элементтерін (нүктелер, штрихтар және т.б.) бөлек қайта шығаратын көшірмелеу қабатының қасиеті. Айқындық қабілеттілігіне мыналар әсер етеді:

- көшірмелеу  қабат қалыңдығы (ол үлкен болған  сайын айқындық қабілеттілігі  кеми береді);

- түйіспелік  көшірмелеуде – жарық көзінің  өлшемдері мен көшірмелеу қабатына  дейінгі жарық көзінің арақашықтығы. Жарық көзі нүктелік болу керек,  сондықтан көшірмелеу рамаларында  жарық көзін формалық пластинадан  мүмкіншілігіне қарай алыс орналастыруға  тырысады.

5) Градациялық беріліс – көшірмелеу қабатының растрлық  бейне кескін градацияларын беру қасиеті. Спецификацияларда белгілі бір пластинада қайта шығарыла алатын белгілі бір линиатурадағы растрлық нүктелердің минимал және максимал салыстырмалы аудандары беріледі.

6) Негіз бетінің кедір-бұдырлығы. Кедір-бұдырлық үш параметрмен сипатталады – профилдің орта арифметикалық ауытқуымен, микротегіссіздікдің биіктігімен және кедір-бұдырлық коэффициентімен сипатталады. Кедір-бұдырлық коэффициенті бетті кедір-бұдырлық профилінің оның горизонтал осьтегі проекциясына қатынасы ретінде профилограмма бойынша анықталады). Анықтамалық әдебиетте және проспекттерде әдетте бірінші параметр келтіріледі.

Пластина  кедір-бұдырлығына негізгі көшірмелеу қабаттың адгезиясы, ылғалдаушы ерітіндінің  жұғылатын мөлшері және басу кезінде  алынатын бейне-кескін сапасының тұрақтылығы  байланысты;

7) Көшірмелеу қабатының адгезиясы. Негіздің ірі түйіршіктелген бөлімшелерінде көшірмелеу қабаты жеткілікті қалың болу керек, өйткені барлық тегіссіздікті жабу керек болады, басқа жағынан алғанда, қалың көшірмелеу қабатында майда растрлық нүктелерді алу қиындығы туады. Егер пластина беті тым тегіс болса, онда көшірмелеу қабатын бекітіп ұстайтын түйіршіктер болмайды, көшірмелеу қабаты пластина бетінде берік бекітілмейді, сондықтан пластина бетін арнайы өңдеп, оның бетіне белгілі бір кедір-бұдырлық береді.

8) Ылғалдау. Ірі түйіршіктердің болуы кезінде ашық жол элементтерінде үздіксіз пленка жасау үшін ылғалдауыш ерітіндінің көп мөлшерін беріп тұру қажет. Бірақ оның артық мөлшерінде ылғалдауыш ерітінді бояу білікшелеріне барып түседі, одан кейін офсеттік полотноға, одан барып басылатын материалға түседі, оның салдарынан бояу эмульсияға айналады, қарқындылығын жоғалтады да баспа-таңбада жаман бекітіледі. Алюминийдің тегіс бетінде (яғни микрокеуектілік құрылымның жоқ болуында) ашық жол элементтерінде қалыңдығы бірдей ылғалдауыш ерітінді қабатын жасау қиынға түседі, яғни  ылғалдауыш ерітінді қабатын жасау жол бетінен домалап ағып түседі, ал бұл мынаны білдіреді. Басу процесі кезінде «бояу-су» балансын ұстаудың қиындығын білдіреді.

9) Басу кезінде бейне-кескін сапасының тұрақтылығы.

Басу процесі  кезінде форманың басу элементтерінің үйкеліп қирауы көбірек болады. Іс-тәжірибе көрсеткендей, көп таралымды басу үшін майда түйіршікті беті бар пластинаны пайдалану қажет.

10) Таралымға  тұрақтылық – таралымды басу  процесінде бір басу формасынан  алынатын сапалы баспа-таңбалар  саны. Пластиналардың мына түрлері  бар: аз таралымды әдетте 15-20 мың  баспа-таңбаға дейін сапа көрсеткіштерін  түсірмей; орта таралымды – 100 мыңнан аса. Пластинаның тұрақтылығын  көшірмелеу қабатының үйкелуге  тұрақтылығын анықтайды. Арнайы  термиялық шынықтыру арқылы оны  2-3 есе өсіруге болады. Бұл шамамен  алынатын көрсеткіш, өйткені оған  формалық процесс, басу процестің  өту жағдайы және пайдаланатын  материал әсер етеді;

11) Анодтық пленка қалыңдығы. Анодтық пленка басу формасының ашық жол элементтерінің тозуға тұрақтылығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар алюминий бетінің қаттылығы өсіреді, сөйтіп офсеттік формалардың орнықтылығын өсіреді.

12) Айқындау жинақтылығы – айқындауыш ерітіндідегі көшірмелеу қабатының орнықтылық уақытының оның айқындалу уақытына қатынасы. Айқындалу уақыты айқындауышпен түйісудегі көшірмелеу қабатының беріктік қорын сипаттайды. Бұл параметр айқындау режимін анықтайды (айқындау уақытын, айқындауыштың температурасы мен концентрациясын анықтайды).

3.4 Басу формаларын жасау процесінің  негізгі кезеңдері

Басу формаларын жасау процесі мына келесі кезеңдерден  тұрады:

Экспозиция, айқындау, жуу, кептіру, қорғаулық коллоидпен жабу (гуммилау).

1) Айқындау – жарық сәулесінің әсерінен ыдыраған позитивтік және илембеген негативтік пластиналардағы жарық сезгіш қабаттың пластина бетінен бөліп алу процесі;

Информация о работе Басу формаларын жасауға арналған пластиналар