Процессорларда
көшірмелерді өңдеу процесін қалыптастыру
үшін өңдеудің барлық негізгі режимдерін
берілген деңгейде ұстап тұру және
автоматты түрде бақылау қарастырылған.
Автоматты түрде айқындау секциясындағы
айқындау температурасы, процессор
арқылы пластиналарды тасымалдау жылдамдығы,
айқындау секциясында щеткалардың
айналу жылдамдығы белгілі бір деңгейде
ұсталып тұрады. Әртүрлі жасап
шығарушылардың офсеттік пластиналарымен
жұмыс істеуге жабдықты баптау мүмкіншілігі
қарастырылған. Процессорлар айқындауышты
регенерациялау жүйесін иемденген.
Жұмыс істеуі берілген бағдарлама бойынша
автоматты циклда жүргізіледі. Процессордың
жұмыс істеуін бақылау басқару
пультінде цифрлық индикация
көмегімен жүргізіледі. Формалық пластиналарды
жүктелу үстеліне қойып, жүксіздендіру
үстелінен дайын форманы алу
операциялары ғана қол ұшымен жүргізіледі.
Автоматтандыру
дәрежесі бойынша процессорлар екі
типке бөлінуі мүмкін. «қарапайым»
модельдеріндегі басқару пультінде
кнопкалар саны өте азғантай, бақылау
лампалары да азғантай. Офсеттік көшірмелерді
өңдеу процестері параметрлерінің
көпшілігі (айқындауыш температурасы,
кептіру секциясындағы ауа температурасы,
пластиналарды тасымалдау жылдамдығы)
бұл процессорларды жасап-шығарушы
завод белгілеп қояды. Пайдалану
кезінде бұл параметрлер сервистік
қызмет көрсету мамандарының көмегімен
ғана өзгертілуі мүмкін. Бұл параметрлерді
жедел реттеу басқару пультінен
қарастырылмаған. «Автоматтандырылған»
процессорларда көшірмелерді өңдеудің
барлық негізгі параметрлері басқару
пультінен реттеледі: пластиналарды
тасымалдау жылдамдығы мен щетканың
айналу жылдамдығын, регенерациялауға
берілетін айқындауыштың мөлшерін
реттеуге мүмкіндік бар, сонымен
қатар гуммилау секция элементтерін
жуып-шаюға және түзетуден кейінгі
форманы қайтадан өңдеуге бағдарлама
беруге болады. Бұл кезде дисплейде
таңдап алынған параметрлердің немесе
функциялардың мәндері жазылып
көрсетіледі.