Тест по дисциплине "Политология"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2015 в 21:17, тест

Краткое описание

Работа содержит тестовые задания по дисциплине "Политология" на казахском языке.

Вложенные файлы: 1 файл

Politologia_150.docx

— 37.12 Кб (Скачать файл)

http://instagram.com/argin_dinar/

1.Саясаттану ғылымының білім берудің жеке саласына айналуына жағдай жасалған кезең :

A) 1965 жылы;

B) 1880 жылы;

C) 1948 жылы;

D) 1970 жылы;

E) 1865 жылы;

 

2.«  Саясат » терминін ең алғаш рет ғылымға енгізген :

А) Аристотель;

В) Цицерон;

С) Платон ; 

D) Конфуций; 

Е) Макиавелли; 

 

3.Саясаттың негізгі объектісі :

А) Сасясат;

В) Қоғам;

С) Мемлекет;

D) Саяси институттар;

Е) Саяси жүйе;

 

4.Саясаттанудың қалыптасуына ықпал еткен позивистік әдістеменің принциптерін анықтаған кім :

А) Ч.Мерриам;

В) О.Конт;

С) М.Вебер;

D) Г.Лассуэл;

Е) З.Фрейд;

 

5.Ең алғаш рет саясаттанудың оқытыла бастауы :

А) 1857 жылы АҚШ, Колумбия колледжінде;

В)  1948 жылы ЮНЕСКО басшылығымен, Парижде;

С) 1871 жылы Франция, Саяси ғылымдар мектебінің құрылуы;

D)  1889-1990 жылдары Балтық бойы елдерінде;

Е)   Ежелгі дәуір – Греция мен Римде;

 

6.Саясат әлеуметтік құбылыс ретінде қай кезеңде пайда болды :

А) Ежелгі дәуірде;

В) Орта ғасырларда;

С) Алғашқы қауымдық құрылыста;

D) Жаңа  дәуірде; 
Е) Қайта өрлеу дәуірінде;

 

7.Теориялық білімдердің қай бағыты саясаттанудың ғылым ретінде дамуына ықпал етті :

А) Диалектика;

В) Саяси экономия; 
С) Материализм; 
D) Саяси философия; 
Е) Ғылыми коммунизм;

 

8.Саясаттың ең алғашқы субъектісі не :

А) Саяси партия;

В) Жеке адам;

С) Тап;

D) Әлеуметтік топ;

Е) Мемлекет;

 

9.Қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар мен ұлыстар, олар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас барысындағы олардың өз мүдделерін қорғауға, іске асырауға, саяси билікті жеңіп алуға, сақтап қалуға бағытталған және оны қолдау тәсілдері жайлы әрекеттер жүйесі. Бұл ненің анықтамасы :

А) Саяси партияның;

В) Саяси жүйенің; 
С) Саяси идеологияның; 
D) Саяси режимнің; 
Е) Саясаттың;

 

10.Саясаттанудың қызметтерін көрсетіңіз :

А) Салыстырмалы, жүйелеу, бихевиористік, социологиялық; 
В) Саясат, саяси билік, саяси режим, саяси партия; 
С) Теологиялық, рационалды, натуралистік, әлеуметтік; 
D) Танымдық, бағалау, болжау, құралдық-тәжірибелік; 
Е) Саяси теориялар, саяси институттар, халықаралық саясат;

 

11.Полис дегеніміз –

А) Ежелгі Грециядағы басқару  түрі; 
В) Ежелгі Грециядағы  қала-мемлекет; 
С) Демократиялық басқару формасы; 
D) Ежелгі Римдегі саяси жүйе принципі; 
Е) Ежелгі Римдегі халық билігі органы;

 

12.«  Саясаттану » ( « Политология » ) термині қай тілден шыққан :

А) Латын;

В) Француз;

С) Грек;

D) Ағылшын;

Е) Неміс;

 

13.Саясаттану қашан ғылым ретінде қалыптасты :

А) ХІХ ғ. бірінші  жартысында; 
В) ХХ ғ.  Басында; 
С) ХІХ –ХХ ғғ.  Межесінде; 
D) ХХ ғ. екінші  жартысында; 
Е) ХVІІІ – ХІХ ғғ. Межесінде;

 

14.Саясаттанудың зерттеу объектісі :

А) Саяси нақтылық;

В) Материалдық өндіріс;

С) Мемлекет;

D) Қоғамның рухани  өмірі; 
Е) Саяси жүйе;

 

15.Теологиялық, рационалды, натуралистік, әлеуметтік, бұлар – саясаттанудың ...

А)  қызметтері; 
В)   әдістері; 
С)  категориялары; 
D)      зерттеу  мәселелері; 
Е)       парадигмалары;

 

16.Саяси теориялар, саяси институттар, халықаралық саясат, бұл – саясаттанудың ...

А)  қызметтері; 
В)  әдістері; 
С)  категориялары; 
D)      зерттеу  мәселелері; 
Е)  парадигмалары; 

17.  Саясаттану құрылымының қай саласы биліктің әлеуметтік негізін зерттейді :

А) Саяси философия;

В) Саясат теориясы;

С) Саяси әлеуметтану;

D) Саяси психология;

Е) Саяси антропология;

 

18.  Саяси антропология нені зерттейді :

А) Саясаттағы идеал, нормалардың құндылықтық  жағын; 
В) Саяси құбылыстар  теориясын; 
С) Саяси биліктің әлеуметтік  негізін; 
D) Саяси мінез-құлықты, бейсаналық  факторлардың  саясатқа ықпалын;  
Е) Адамның әлеуметтік, биологиялық қасиеттерінің саясатқа ықпалын;

 

19.  Саясаттанудың қандай қызметі қоғам дамуының перспективаларын анықтап, саяси процесс пен қарым-қатынастың үлгілерін жасайды :

А)  Танымдық; 
В)  Бағалау; 
С)  Құралдық-тәжірибелік; 
D)      Саяси  әлеуметтендіру; 
Е)       Болжау;

 

20.  Саясаттанудағы бихевиористік әдістің мәні неде :

А) Түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, талдау;

В) Саяси құбылыстарды мерзімі жағыныан байланыстыра қарастыру;

С) Саясатты қоғам өмірінің барлық жағымен байланыстыра қарастыру;

D) Жекк адамдар мен топтардың іс-әрекеттерін, мінез-құлқын талдау;

Е) Табиғаттағы, қоғамдағы құбылыстарды бір-бірімен байланыста, үздіксіз даму арқылы қарастыру;

 

21.  Ежелгі грек философиясының саяси-құқықтық ойының шарықтап дамыған кезеңі :

А) Б.з.д. V-ІV ғғ;

В) Б.з.д. VІ-ІV ғғ;

С) Б.з.д. ІІІ-ІІ ғғ;

D) Б.з.д. ІІ-І ғғ.;

Е) Б.з.д. І ғ.;

 

22.  Платонның саяси ойлары баяндалған еңбегі :

А) « Саясат »;

В) « Пікірлер мен әңгімелер »;

С) « Мемлекет »;

D) « Патша »;

Е) « Заңдар рухы туралы »;

 

23.  Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті ойшылы, жаңа буржуазиялық идеологияның өкілі :

А) Т.Гоббс;

В) Дж. Локк;

С) Ф.Аквинский;

D) Н.Макиавелли;

Е) Т.Мор;

 

24.  Ежелгі Шығыстың көрнекті саяси ойшылдарының бірі – Конфуций іліміндегі дұрыс мемлекеттің негізгі шарты не :

А) Халық егеменділігі;

В) Заңға қатал бағыну;

С) Биліктің бөлінуі;

D) Дұрыс заңның болуы;

Е) Адамның өнегелік образы;

 

25.  Орта ғасырларда теология мен философияны синтездеп заңдар теориясын жасаған кім :

А) Ф.Аквинский;

В) Н.Макиавелли;

С) А.Августин;

D) Т.Компанелла;

Е) Аристотель;

 

26.  Аристотельдің саяси ойға қосқан үлесі :

А) Коммунистік идеяны сынады, жеке меншікті жақтады;

В) Жалпының мүддесін көздеп, жеке меншікке қарсы шықты;

С) Саясат пен моральдың арақатынасы туралы мәселені көтерді;

D) Биліктің бөлшектенуі теориясын жасады;

Е) Діни және мемлекеттік биліктің арақатынасы мәселесін қойды;

 

27.  Жаңа дәуірдегі негізгі саяси идеялар :

А) Ізгілікті мемлекет, меншік мәселелері;

В) Табиғи құқық, биліктің бөлінуі, халық егеменділіг;

С) Билікті екіге бөлу: діни ( рухани) және мемлекеттік билік;

D) Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы;

Е) Саясаттағы мінез-құлық , психика мәселелері;

 

28.  Қазақ халқынан шыққан ұлы ұстаз, ағартушы Ы.Алтынсариннің саяси көзқарастарын білдіретін еңбегі:

А) « Сот реформасы жайындағы хат »;

В) « Бақыттылық жайлы ілім »;

С) « Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары »;

D) « Қазақ даласындағы жұт жөнінде »;

Е) « Оян, қазақ ! »;

 

29.  Конфуций іліміндегі меритократия ұғымы нені білдіреді :

А) Атаққұмарлар билігі;

В) Азғана бай адамдар билігі;

С) Ақсақалдар билігі;

D) Қабілеттілер билігі;

Е) Діни адамдар билігі;

 

30.  « Азаматтық саясат », « Бақытқа жету жолдары » деген еңбектердің авторы кім :

А) Ж.Баласағұн;

В) Ибн Халдун;

С) Әл-Фараби;

D) А.Құнанбаев;

Е) К.А.Яссауи;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31. Т.Гоббстың саяси көзқарастарын білдіретін еңбегін көрсетіңіз :

А) « Қоғамдық келісім »;

В) « Мемлекет »;

С) « Мемлекеттік басқару туралы екі трактат »;

D) « Заңдар рухы туралы »;

Е) « Левиафан... »;

 

32.  Саяси идеялардың дамуында радикализмнің негізін салушы « Қоғамдық келісім » еңбегінің авторы кім :

А) Т.Гоббс;

В) Ж.Руссо;

С) Дж. Локк;

D) Ш.Монтескье;

Е) И.Кант;

 

33.   Саясатты теологиялық түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдей бастаған кім :

А) М.Вебер;

В) Дж.Локк;

С) Н.Макиавелли;

D) А.Августин;

Е) Т.Мор;

 

34.  Жаңа дәуір кезінде « халық егеменділігі » идеясын көтерген ойшыл :

А) Ж.Руссо;

В) Дж. Локк;

С) К.Маркс;

D) Ш.Монтескье;

Е) Т.Гоббс;

 

35.  Жаңа дәуірде саяси ойдың дамуына үлес қосқан ойшылдар :

А) В.Аквинский, А.Августин, Ибн  Рушд; 
В) Аристотель, Платон,  Цицерон; 
С) Т.Гоббс, Дж. Локк,  Ш.Монтескье; 
D) Т.Мор, Н.Макиавелли,  Ж.Боден; 
Е) Г.Алмонд, Д.Истон, М.Дюверже;

 

36.  Платон меншіктің қай түріне аса мән берді :

А)  кооперативтік; 
В)  қоғамдық; 
С)  жеке; 
D)  топтық; 
Е)      халықтық;

 

37.  Ш.Уәлиханов қазақ қоғамының ілгері дамуының шешуші себебі не деп есептеді:

А) Мемлекеттің дұрыс заңдарының  болуы; 
В) Ата-баба салт-дәстүріне  сүйену; 
С) Бір орталықтандырылған күшті билік  орнату; 
D) Қазақ елінің ұлттық автономияға қол  жеткізуі; 
Е) Экономикалық және әлеуметтік реформа;

 

38.  Абай қоғамды өзгертудің негізгі күшіне нені жатқызды :

А)  революция; 
В)  ағарту; 
С)      техника    мен  экономика; 
D)  дін; 
Е)      әдет – ғұрып, салт - дәстүр; 

 

39.  « Макиавеллизмге » қатысты тұжырымдаманы көрсетіңіз :

А) « Билік – құдайдың сыйы  »; 
В) « Еркіндік – заң тыйым салмағанды жүзеге  асыру»; 
С) « Мемлекет – үстем таптың билігін жүргізетін машина »; 
D) « Мақсат - әдісті ақтайды  »; 
Е) « Саясат дегеніміз – мемлекетті басқару өнері »;

 

40.  Т.Гоббс мемлекеттің пайда болуының себебін не деп түсіндіреді :

А) Таптық күрес  негізінде; 
В) Құдайдың  құдіретімен; 
С) Географиялық ортаның  ықпалымен; 
D) Жеке меншік пен таптардың  шығуы; 
Е) Қоғамдық келісім  негізінде; 

41.  Өз еркін басқаларға жүргізіп, олардың әрекетіне, қызметіне, тағдырына т.б. ықпал ете алу қабілеті мен мүмкіндігі :

А) Бақылау;

В) Үстемдік;

С) Бедел;

D) Билік;

Е) Ұйымдастыру;

 

42.  Саяси билікті қолданушы, жүргізуші адамға табыну :

А) биліктің легитимдігі;

В)биліктіңтармақталуы; 
С) биліктің фетишизмі;

D) биліктің жариялылығы;

Е) биліктің ұсынылуы;

 

43. Олигархиялық билік жағдайында билікті кімдер жүзеге асырады :

А) Элита;

В) Азғана бай адамдар;

С) Діни адамдар;

D) Халық;

Е) Қабілетті адамдар;

 

44.  Билікті бөлшектеу теориясының мәні :

А) Билікті шектеу мақсатында тармақтарға бөлу;

В) Бірнеше қоғамдақ пікірлердің қатар өмір сүруі;

С) Азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын шектеу;

D) Халықты саяси сауаттандыру;

Е) Биліктің құқықтық нормаларға сәйкес келуі;

 

45.  Биліктің легитимдігі дегеніміз ...

А) Жалпы ережелер мен нормаларды қабылдау;

В) Төмендегілердің билікті мойындауы;

С) Саяси-тарихи процесті жеделдету;

D) Биліктің заңдарға, құқықтық нормаларға сәйкес келуі;

Е) Билікті қолданушы, жүргізушіге басқаның табынуы.;

 

46.  Харизматикалық билік дегеніміз :

А) Жеке көсемнің басшылығы;

В) Заңға негізделген билік;

С) Топтық түрде басқару;

D) Қабілетті адамның басқаруы;

Е) Салт-дәстүрге сүйеніп басқару;

 

47.  Биліктің бөлінуі бойынша атқарушы билікті кім жүзеге асырады :

А) Парламент;

В) Саяси партия;

С) Сот;

D) Үкімет;

Е) Элита;

 

48.  Жек адамның, таптың, топтың т.б. саясатта өз еркін жүргізе алу мүмкіндігі нені білдіреді :

А) Саяси жүйені;

В) Саяси ұйымдасуды;

С) Саяси билікті;

D) Саяси режимді;

Е) Саяси үстемдікті;

 

49. Сенат пен Мәжіліс – бұл Қазақстан Республикасындағы қай билікті бейнелейді :

А) Жергілікті;

В) Сот;

С) Атқарушы;

D) Заң шығарушы;

Е) Экономикалық;

 

50. Билікті жүргізудің заңды әдіс-тәсілдерін, қоғамдағы демократияның дәрежесін көрсететін не :

А) Саяси процесс;

В) Саяси жүйе;

С) Саяси идеология;

D) Саяси режим;

Е) Саяси билік;

 

51.  Әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайындағы саяси режим түрі :

А) Демократиялық;

В) Авторитарлық;

С) Тоталитарлық;

D) Либералдық;

Е) Әскери – оккупациялық;

 

52.  Абсолюттік және конституциялық – бұл ұғымдар қайсысына қатысты :

А) Республика;

В) Тоталитаризм;

С) Монархим;

D) Демократия;

Е) Элитаризм;

 

53. Белгілі бір аумақтағы ерекше күштеу аппаратына сүйенетін билік түрі :

А) Мемлекеттік  билік; 
В) Экономикалық  билік; 
С) Саяси  билік; 
D) Либералдық  билік; 
Е) Орталық билік;

 

54.  Охлократиялық билік деген не :

А) Діни адамдар  билігі; 
В) Ауқаттылар  билігі; 
С) Ақсүйектер  билігі; 
D) Ақсақалдар  билігі; 
Е) Тобыр билігі;

 

55.  Саясаттанудың билікті саяси құбылыс ретінде зерттейтін саласы қалай деп аталады :

А)  Элитология; 
В)  Кратология; 
С)  Идеология; 
D)  Конфликтология; 
Е)      Псефология;

 

56.  Билікті белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету мүмкіндігі деп түсіндіретін қандай анықтама :

А)  Бихевиористік; 
В)  Инструменталистік; 
С)  Психологиялық; 
D)  Конфликтілік; 
Е)      Телеологиялық;

 

57.  Қоғамдық өмірдің барлық жақтарына толық бақылау жасау әдісіне негізделген билік түрі :

А)  Тоталитаризм; 
В)  Элитизм; 
С)  Этатизм; 
D)  Либерализм; 
Е)  Анархизм; 

58.  Биліктің диктаторлық сипаты, экономика, адамдардың жеке өміріндегі азаматтық қоғам элементтерінің болуы, формалды түрде болса да биліктің бөлінуі, парламент, партиялардың болуы т.б. Бұл белгілер қай саяси режимге    тән :

А)  Тоталитарлық; 
В)  Авторитарлық; 
С)  Демократиялық; 
D)  Либералдық; 
Е)     Фашистік;

 

59. Зорлық-зомбылыққа, қысымға негізделген билік түрі : 
А)  Монархия; 
В)  Охлократия; 
С)  Геронтократия; 
D)  Олигархия; 
Е)      Тирания;

 

60.  Қандай анықтама билікті билеушілер мен бағынушылардың ерекше қатынасы деп түсіндіреді :

А)  Бихевиористік; 
В)  Инструменталистік; 
С)  Телеологиялық; 
D)  Конфликтілік; 
Е)      Структуралистік;

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Тест по дисциплине "Политология"