Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2015 в 21:17, тест
Работа содержит тестовые задания по дисциплине "Политология" на казахском языке.
61. Демократия дегеніміз...
А)
Әскери билік;
В) Діни билік;
С) Шексіз билік;
D) Топтың билігі;
Е) Халық билігі;
62. Демократия жағдайында қайсысы жүзеге асырылады :
А)
Көппартиялық;
В) Бір партиялық;
С) Екі партиялық;
D) Квазидемократиялық;
Е) Екі жарым партиялық;
63. Саяси плюрализм дегеніміз не :
А)
Топтың қоғамдағы билікті өз мүддесіне
қарай жүргізуі;
В) Жеке адамның саяси билікті өз қолына
жинақтауы;
С) Әртүрлі көзқарастарға, қоғамдық пікірлерге
жол беру;
D) Азаматтардың заң және сот алдындағы
теңдігі;
Е) Билікті халықтың мойындауы, құрметтеуі;
64. Еркіндік, теңдік, бостандық, әділеттілік, заң алдындағы теңдік, халық – биліктің бастауы т.б. жақтайтын доктрина нені бейнелейді :
А)
Саяси режимді;
В)Демократияны;
С)Либерализмді;
D) Саяси жүйені;
Е) Саяси мәдениетті;
65. Референдум дегеніміз не :
А)
Маңызды мәселелер бойынша сайлаушылардың
пікірі ( көңілін білдіруі );
В) Партияның не оның бір бөлігінің басқарушы
элитаға, үстемдік етуші пікірге қарсы
тұруы;
С) Халықтың еркін өкілділік органының
жүзеге асыруы;
D) Саяси процеске халық емес, таңдаулы,
іріктелген топтардың қатысуы;
Е) Халықтың сайлауға қатысып, белгілі
бір үміткерге дауыс беруі.;
66. Қоғамдық пікірдің әрдайым зерттелуі, заңның жоғарылылығы, көппартиялық жүйе, шешімді көпшіліктің қабылдауы, жариялылық, биліктің іс жүзінде бөлінуі т.б. принциптер қай режимге тән :
А)
Тоталитарлық;
В) Либералдық;
С) Демократиялық;
D) Авторитарлық;
Е) Конституциялық;
67. Демократия теориясын дамытушылар :
А)
Алмонд, Истон;
В) Парето, Моска;
С) Рассел, Парсонс;
D) Шумпетер, Бентли;
Е) Маркс, Мангейм;
68. Азаматтық қоғамның, демократияның тірегі болып, қоғамның саяси тұоақтылығын қамтамасыз ететін кімдер :
А)
Төменгі тап;
В) Басқарушы жоғарғы тап;
С) Орташа тап;
D) Зиялы қауым;
Е) Ұлт;
69. Маркстік ілім бойынша тарихтың қозғаушы күші кімдер :
А)
Тұлғау;
В) Элита;
С) Ұлы адам;
D) Халық;
Е) Саяси қайраткер;
70. Бәсекелі сайлауда халық сайлаған азшылықтың басқаруы :
А)
Полиархия;
В) Автократия;
С) Демократия;
D) Охлократия;
Е) Аристократия;
71. Халық ұғымының түсінілуіне байланысты демократияның қандай концепциясы бар :
А)
Жалпы, әлеуметтік шектелген;
В) Индивидуалдық, плюралистік, ұжымдық;
С) Тікелей, плебисцитарлық, өкілділік;
D) Парламенттік, президенттік, аралас;
Е) Саяси, әлеуметтік;
72. Демократияның алғашқы Отаны қай ел :
А)
Италия;
В) Греция;
С) АҚШ;
D) Франция;
Е) Ұлыбритания;
73. Халық маңызды саяси шешімдер дайындауға, қабылдауға тікелей қатысатын демократия қалай деп аталады :
А)
Әлеуметтік;
В) Өкілділік;
С) Плебисцитарлық;
D) Патриархалдық;
Е) Тура;
74. Саяси ойлар тарихында « демократия » ұғымы қай кезден бастап жағымды түсініле бастады :
А)
Антикалық дәуірден;
В) Жаңа дәуірден;
С) Орта ғасырлардан;
D) Қазіргі заманнан;
Е) Ежелгі дүниеден;
75. Демократия идеялары қандай идеологиямен тығыз байланысты :
А)
Анархизм;
В) Консерватизм;
С) Тоталитаризм;
D) Либерализм;
Е) Элитаризм;
76. Биліктің субъектісі халық ретінде ер адамның түсінілуі, дарашылдық, еркіндікті жағымсыз тұрғыдан түсіну, парламентаризм, мемлекеттің қызметінің шектелуі, биліктің бөлінуі т.б. Бұл белгілер демократияның қай түріне тән :
А)
Ұжымдық демократияға;
В) Социалистік демократияға;
С) Плебисцмтарлық партиялық демократияға;
D) Партиципаторлық демократияға;
Е) Классикалық либералдық демократияға;
77. Бірте-бірте жүргізіліп, демократияның бір бағытта кеңеюін көздейтін демократияландырудың үлгісі қалай аталады :
А)
Сызықтық;
В) Цикльдік;
С) Диалектикалық;
D) Саяси;
Е) Формалды;
78. Басқалардың пікіріне, сеніміне, тәртібіне шыдамдылық көрсету, саясатта алуан пікірлікті, оппозицияның жұмыс істеуіне мүмкіндік беру :
А)
Компромисс;
В) Плюрализм;
С) Толеранттық;
D) Консенсус;
Е) Пацифизм;
79. Партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің не үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы :
А)
Бойкот;
В) Абсентизм;
С) Дискреминация;
D) Оппозиция;
Е) Коррупция;
80. Демократияға қандай саяси мәдениет түрі тән :
А)
Топтық;
В) Ұжымдық;
С) Патриахалдық;
D) Бодандық;
Е) Азаматтық;
81. Саяси жүйенің негізгі институты:
А) Саяси партия;
В) Мемлекет;
С) Саяси қозғалыс;
D) Армия;
Е) Кәсіподақ ұйымы;
82. Мемлекетті басқару формасына ( биліктің түріне ) байланысты қалай бөледі:
А) Унитарлық, федерация;
В) Монархия, республика;
С) Құл иеленуші, феодалдық;
D) Демократиялық, тоталитарлық;
Е) Құқықтық, әлеуметтік;
83. Саяси институттар, саяси қатынастар, саяси нормалар, саяси сана мен саяси мәдениет – бұлар саяси жүйені қай жағынан сипаттайды :
А) Элементтері;
В) Түрлері;
С) Қызметтері;
D) Теориялары;
Е) Деңгейлері;
84. Теократия қандай мағынаны білдіреді :
А) Атаққұмарлар билігі;
В) Діни адамдар билігі;
С) Халық билігі;
D) Тобыр билігі;
Е) Ақсүйектер билігі;
85. Саяси жүйе теориясын жасаушылар :
А) Парето, Моска;
В) Макиавелли, Мор;
С) Аристотель, Платон;
D) Алмонд, Истон;
Е) Маркс, Энгельс;
86. Қоғамдағы басқаруды жүргізіп, тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, арасындағы саси қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығы :
А) Саяси партия;
В) Саяси режим;
С) Саяси жүйе;
D) Саяси билік;
Е) Мемлекет;
87. Г.Алмондтың саяси жүйені жіктеуіндегі саяси мәдениетте ескі жүйенің де, жаңаның да элементтері араласып, түрлі партиялардың ескі дәстүрлерді сақтап отыруы, заңдылыққа негізделген ортақ негіздің болуы қай саяси жүйеге тән :
А) Ағылшын – америкалық;
В) Индустрияландыруға дейінгі және жартылай индустриялы елдерге;
С)Европалық-континеталдық;
D)Тоталитарлы;
Е)Авторитарлы; ;
88. Саяси жүйені демократиялық,
авторитарлық, тоталитарлық деп бөлудің
негізіне не алынған :
А) Басқарушы элитаға байланысты ;
В) Мемлекеттің даму дәрежесі;
С) Қоғамда үстемдік етуші топқа байланысты;
D) Биліктің легитимдігінің түрі;
Е) Саяси режим түрі;
89. Г.Алмондтың саяси жүйені жіктеуіндегі – адам бостандығы, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, мемлекет қауіпсіздігін сақтау, биліктің бөлінуі, саяси плюрализм, бюрократия, жоғары тұрақтылық. Бұл белгілер қай саяси жүйеге тән :
А) Англо-американдық жүйеге;
В) Индустрияланбаған және жартылай индустриялы
елдер жүйесіне;
С) Евроконтиненталды жүйеге;
D) Тоталитарлық жүйеге;
Е) Авторитарлық жүйеге;
90. Заң шығарушы биліктің қызметін
атқарушы саяси институт:
А)Партия;
В)Үкімет;
С)Парламент;
D)Сот; ;
Е) Президент;
91. Саяси жүйенің құрылымына қатысты ұғымдарды көрсетіңіз :
А) Саяси көзқарас, саяси іс-әрекет, саяси
психология;
В) Саяси дағдарыс, саяси жанжал, саяси
шиеленіс;
С) Саяси түсініктер, көзқарастар, құндылықтар;
D) Саяси институт, саяси қатынас, саяси
мәдениет;
Е) Саяси әдіс-тәсілдер, саяси құралдар;
92. Белгілі бір тәртіппен өзара байланысатын және біртұтастықты қамтамасыз ететін элементтер жиынтығы :
А) Даму;
В) Процесс;
С) Бақылау;
D) Байланыс;
Е) Жүйе;
93. Г.Алмондтың жіктеуі бойынша индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған саяси жүйеге қандай белгілер тән :
А) Батыс құндылықтары, этникалық салт-дәстүрлер,
діни әдет-ғұрыптар шоғырланып, ортақ
негіздің болмауы;
В) Адам бостандығы, халықтың жақсы тұрмысы,
биліктің бөлінуі, саяси плюрализм, жоғары
тұрақтылық;
С) Ескі мәдениеттің де, жаңаның да либералдық
құндылықтарына, заңдылықтарына сүйенген
ортақ негіздің болуы;
D) Тәуелсіз орталықтандырылған биліктің
болуы және орталық билігіне қоғамның
толық бағындырылуы;
Е) Қоғамның ( көпшіліктің ) билікке бақылауының
жүргізілуі;
94. Тоталитаризм мәселелері бойынша алғашқы классикалық теориялық зерттеулерді кімдер жүргізді :
А) И.Шумпетер, А.Бентли;
В) Г.Алмонд, Д.Истон;
С) Дж. Локк, Ш.Монтескье;
D) Ф.Хайек, Х.Аренд;
Е) М.Дюверже, Дж. Ла Паломбара;
95. Мемлекеттің қоғамның әлеуметтік-экономикалық
қызметіне жоғары деңгейде араласуы :
А) Лоббизм;
В) Элитаризм;
С) Коммунизм;
D) Эгалитаризм;
Е) Этатизм;
96. Қоғамдық өмірдің идеологияландырылуы, көсемнің бұқараға қамқорлығы, бұқаралық ақпарат құралдарын толық бақылау, басқаша ойлауға жол бермеу, саяси-мемлекеттік құрылымның қатал иерархияға негізделуі т.б. белгілер қандай саяси жүйеге тән :
А) Демократиялық;
В) Авторитарлық;
С) Либералдық;
D) Тоталитарлық;
Е) Монархиялық;
97. Тоталитарлық саяси жүйеде қандай партия жүйесі өмір сүреді :
А)Бірпартиялық;
В) Партиялар жоқ;
С) Екі партиялық;
D)Көппартиялық;
Е) Екі жарым партиялық;
98. Авторитарлық саяси жүйеде қоғамдық өмірдің қай саласына билік бақылауы орнатылады :
А) Экономикалық;
В) Әлеуметтік;
С) Саяси;
D) Мәдени;
Е) Барлық салаға толық
бақылау орнатылады;
99. Қандай саяси жүйені шектеулі плюралистік басқару әдісі деп атайды :
А) Демократиялық;
В) Авторитарлық;
С) Либералдық;
D) Тоталитарлық;
Е) Монархиялық;
100. Адамдардың алдына қойған саяси мақсаттарына байланысты біріккен тобын не дейміз :
А) Саяси жүйе;
В)Таптар;
С) Әлеуметтік топ;
D) Саяси партия;
Е) Саяси ұйым;
101. Саяси өмірді ұйымдастырудың белсенді формасы :
А) Ірі әлеуметтік қоғамдастықтар;
В) Билеуші топтар;
С) Мемлекет;
D) Жеке тұлға;
Е) Саяси партия;
102. Мемлекеттің негізгі функциясы :
А) Әскери бақылау;
В) Саяси ұйымдастыру;
С) Экономикалық байланыстар жасау;
D) Шетелдермен қарым-қатынас жасау;
Е) Әлеуметтік функция;
103. Мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндіретін концепция:
А) Қоғамдық келісім;
В) Патриархалдық;
С) Теологиялық;
D) Географиялық;
Е) Күш көрсету;
104. Мемлекеттік биліктің барлық жоғарғы органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілділік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекет түрі:
А)Монархия;
В) Федерация;
С) Унитарлық;
D)Республика;
Е) Авторитарлық;
105. Біртұтас, әкімшілік-аумақтық бірлестіктерден тұратын, саяси билік бір орталыққа бағынатын мемлекет :
А) Федерация;
В) Унитарлық;
С) Конфедерация;
D) Автономия;
Е) Отар;
106. Белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа мемлекет құруы :
А) Федерация;
В) Унитарлық;
С) Конфедерация;
D) Автономия;
Е) Отар;
107. Мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы, жеке тұлғаның емін-еркін дамуы :
А) Дәстүрлі қоғам;
В) Индустриялы қоғам;
С) Әлеуметтік қоғам;
D) Азаматтық қоғам;
Е) Информациялық қоғам;
108. Заңның жоғарылылығы, оның алдында бәрінің тең болуы, жеке адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін мемлекет түрі :
А) Әлеуметтік;
В) Құқықтық;
С) Монархиялық;
D) Автономиялық;
Е) Метрополиялық;
109. Аумағы, халқы, егеменділігі, заңы, басқару аппараты, салық жүйесі, күштеу органдары т.б. Бұл мемлекеттің ...
А) Қызметтері;
В) Тұрпаттары;
С) Түрлері;
D) Басқару формалары;
Е) Белгілері;
110. Мемлекеттің пайда болуын жеке меншік, таптардың шығуымен байланыстыратын теория қалай деп аталады :
А) Маркстік;
В) Теологиялық;
С) Патриархалдық;
D) Географиялық;
Е) Қоғамдық келісім;
111. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік суверендіктің мәні неде :
А) Президенттің мемлекеттің басшысы
екендігі;
В) Мемлекеттің саяси тәуелсіздігі, билікті
халықтың, ұлттың жүзеге асыруы;
С)Жеке адамның мүддесінен мемлекет мүддесінің
жоғары қойылуы;
D)Саяси партиялардың еркін бәсеке арқылы
билікке ұмтылуы;
Е) Өз аумағында ( жерінде ) тұратын халқының
болуы;
112. Бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым қалай аталады :
А) Протекторат;
В) Федерация;
С) Автократия;
D) Монархия;
Е) Автономия;
113. Конфедерация дегеніміз –
А) Бірнеше әкімшілік-құрылымдық жүйеге
бөлінетін мемлекет;
В) Бір орталықтан басқарылатын, аумағы
біртұтас мемлекет;
С) Өздерінің кейбір әрекеттерін үйлестіріп,
белгілі бір мақсат үшін біріккен егеменді
мемлекеттер одағы;
D) Орталыққа саяси-қаржы жағынан тәуелді
мемлекет;
Е) Бір мемлекет шеңберіндегі өзін-өзі
басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық
құрылым;
114. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды :
А) 1993 жылғы 28 қаңтарда;
В) 1990 жылғы 25 қазанда;
С) 1991 жылғы 16 желтоқсанда;
D) 1995 жылғы 30 тамызда;
Е) 1992 жылғы 3 наурызда;
115. Парламенттік Республика дегеніміз не :
А) Мемлекетті артықшылық жағдайдағы
азшылықтың басқаруы;
В) Мемлекетті атқарушы органдар арқылы
басқару;
С) Мемлекетті партиялардың бірлесіп басқаруы;
D) Мемлекетті президенттің басқаруы;
Е) Мемлекетті заң шығарушы органдар арқылы
басқару;
116. Саясаттануға мемлекет түсінігін енгізген кім :