Кәсіпорынның құрылымы мен қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 14:39, реферат

Краткое описание

Сәтбаев қаласының оңтүстігінде 3,5 шақырым қашықтықта орналасқан. Байыту фабрикасының құрылысы 1972 жылы Ленинградтағы «Механобр» институтының жобасы бойынша жүргізілген. Қуаты 50 пайызды құрайтын орташа және ұсақтап ұнтақтау бөлімі, флотациялау және ұсақтау секциясынан тұратын бас корпус, сүзу және реагенттерді дайындау корпусы жұмысын 1985 жылдың шілде айында бастады. Жұмыс процесіне қалдықсыз технологияны енгізген фабрикада сапасы нашар кеннен де метал өндіру жолға қойылған. Басқалардан ерекшелігі де осында. Сол кездің өзінде тәжірибе алаңына айналып үлгерген байыту фабрикасында бүгінде кешенді және сульфидті мыс кенін айырып, шлакты өңдеу жұмыстары сәтті түрде жүзеге асырылуда.

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 301.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2 КӘСІПОРЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҢ  ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСІН  ӨҢДЕУДІ ҚАРАСТЫРУ

 

2.1  Операциондық  жүйе (ОЖ)

 

Дербес компьютерге  арналған операциялық жүйелер бірнеше  параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:

  1. Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
  2. Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;

Бұдан басқа операциялық  жүйенің командалық немесе графикалық (немесе екеуі бірге) көп терезелі интерфейсі болуы мүмкін. Анығырақ айтқанда, мұндай жүйелер, әдетте, негізгі режимде бір бағдарламаны және фондық деп аталатын режімде көмекші тағы бір бағдарламаны іске қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі режимде мәтіндер редакторын, ал фондық режимде басу бағдарламасын іске қосуға болады. Бұл бағдарламалар бір-біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейді. Мысалы, бір бағдарлама адаммен шахмат ойнағанда, басқасы басқа компьютерлермен бірге модем арқылы ақпарат тексеруі мүмкін.

Бір міндетті жүйелер  қарапайым, жинақы, қуатты аз компьютерлерде жұмыс істеу қолайлығы жағынан көп міндетті жүйелерге теңесе алмайды, сондықтан да біртіндеп әрине, дербес компьютерде бірнеше адам кезекпен жұмыс істеуіне болады және олардың әрқайсысы компьютердегі барлық ақпаратқа шыға алады. Кейбір бірнеше адам пайдаланатын жүйелер, мысалы, UNІХ, бір компьютерде бірнеше пайдаланушының қатар жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әрбір пайдаланушының жұмыс орнына  терминал орнатылуы керек. Терминал ретінде не арнайы жасалған  құрылғылар (пернетақтасы бар бейнемонитор), не дербес компьютерде іске қосылған арнайы бағдарлама болуы мүмкін. Бірнеше пайдаланушы, әрқайсысы өз терминалымен, бір-біріне кедергі келтірмей, бір компьютерде қатарласа жұмыс істей алады.

Соңғы жылдары графикалық көптерезелі интерфейс қажетті  әрекеттер мен объектілердің сипаттамалары мәтін түрінде енгізілмейді, маустың көмегімен менюден, файлдар тізімінен және т.с.с. таңдалады.

Жүйелік бағдарламалар қамсыздандырудың ең маңызды және басты бөлігін– операциялық жүйе құрайды.

Операциялық жүйе (ОЖ) – компьютердің ресурстарын басқаруды  жүзеге асыратын, қолданбалы бағдарламаларды қосып, олардың жұмысын сыртқы құрылғылармен, басқа бағдарламалармен үйлестіретін, деректерді қорғайтын, пайдаланушы және бағдарламаның сұранысы бойынша сервистік қызметтерді орындайтын бағдарламалар жиыны.

Операциялық жүйе компьютердің бағдарламалық жасақтаманың қажетті құрамасы болып табылады. Ол компьютердің барша  аппараттық құрамдас бөліктерінің жұмысын басқаруды қамтамасыз етеді. Сонымен, тұжырымдай келе ОЖ компьютердің барлық аппараттық құрамдас  бөліктерінің жұмыс жасауын, өзара байланысын қамтамасыз етеді және пайдаланушыға оның аппараттық ресурстарына қатынасуға мүмкіндік береді.

Басты қызметтері (қарапайым ОЖ):

  1. жедел жадыға қосымшаларды жүктеу және оларды орындау;
  2. сыртқы құрылғыларға (енгізу-шығару құрылғылары) стандартты кіру;
  3. жедел жадыны басқару (үрдістер арасын бөлу, виртуалды жады);
  4. электр энергиясынан тәуелсіз тасымалдауыштардағы (қатты диск, компакт-диск, т.с.с) файлдық жүйеде ұйымдастылған деректерге кіруді басқару;
  5. пайдаланушылық интерфейсі;
  6. желілік амалдар, протоколдар стектерін қолдау.
  7. Қосымша қызметтері:
  8. есептерді паралельді немесе жалған паралельді орындау (көп есептілік);
  9. үрдістер арасындағы әрекеттесу: деректермен алмасу, өзара үйлестіру;
  10. пайдаланушының әрекеттерінен (білмегендіктен немесе арамдықтан) немесе қосымшалардан, жүйенің өзін, сонымен қатар пайдаланушылық деректерін және бағдарламаларды қорғау;
  11. кіру құқығын шектеу және көп пайдалынатын жұмыс режімі (аутентификациялау, авторландыру).

ОЖ төрт бөлікке бөлуге болатын бағдарламалардан тұрады:

  1. файлдық жүйені басқаратын, негіздік модуль;
  2. командалық процессор;
  3. сыртқы құрығылардың драйверлері;
  4. графикалық интерфейсті қамтамасыз ететін модульдер.

Компьютердің жұмыс  үрдісі, оның құрылғыларының арасында файлдарды алмастыруға түйінделеді, яғни файлдық жүйені басқару болып табылады.

Файлдармен жұмысты – негіздік модуль арнайы бағдарламасы қолдайды.

Әр құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді. Пайдаланушы компьютермен пернетақта және тінтуірдің көмегімен тілдеседі. Әр перненің немесе тінтуірдің батырмасының басылуы, процессорға қайсыбір команда болып ұсынылады. Команда енгізілген соң, арнайы бағдарлама – командалық процессор оны шифрын ашады және орындайды.

Сыртқы құрылғылар компьютердің жүйелік  блогына арнайы келістіруші тақшалар (контроллер) арқылы қосылады. Әр құрылғы ерекше программа бойынша жұмыс істейді және ақпаратты әртүрлі жылдамдықта өңдейді, сондықтан олардың жұмысын процессордың жұмысымен үйлестіру қажет. Құрылғылардың келісушілік жұмысына ОЖ құрамына кіретін арнайы бағдарламалар – құрығылардың драйверлері жауап береді.

Пайдаланушыға компьютермен тілдесу  үрдісі ыңғайлы болуы қажет. Қазіргі ОЖ құрамына міндетті түрде, графикалық интерфейсті жасайтын модульдер кіреді.

ОЖ файлдары әдетте қатты дискіде  тұрады. Жедел жадыға әуелі ОЖ орындалатын бағдарламасы жүктеледі. ОЖ барлық файлдары қатарынан жедел жадыда түруы мүмкін емес, себебі олар ондаған мегабайт орын алады.

Компьютер жұмыс жасау үшін, жедел  жадыда міндетті түрде негіздік модуль, командалық процессор, қосылған құрылғылардың драйверлері тұруы қажет.

Графикалық интерфейстің модульдері пайдаланушының ықтиярымен жүктелуі мүмкін. Windows жүйесінің жүктелу нұсқалары, мәзір түрінде таңдалады.

Компьютерді қосқан соң жедел жадыға ОЖ жүктелуі басталады, яғни жүктеуші бағдарлама (загрузчик) орындалады. Жүктелу кезеңмен өтеді. Тұрақты сақтау құрылғысында (ТСҚ) тұрған, бірінші кезеңдегі жүктеуші және компьютерді тестілеу бағдарламалары, компьютерді қосқан кезде жұмыс жасай бастайды. Бұл үрдістің барысы туралы ақпарат экранда шығып отырады. Процессор жүктеуші дискінің басынан кішкентай жүктеуші бағдарламаны іздейді де, ол программаны жедел жадыға көшіріп жазып, басқаруды соған береді.  Одан әрі, дискіден ОЖ негіздік модулін іздейді және жедел жадыға жүктейді де, басқаруды соған береді.

Негіздік модульдің құрамына кіретін  басты жүктеуші, ОЖ басқа модульдерін іздейді де, оларды жедел жадыға жүктейді. Бұл процедура, әрдайым компьютердің қоректену блогын қосқан сайын орындалады (орысша “холодный" старт). Көбінесе қайтадан жүктелу процедурасы (Reset пернесі басылғанда) жиі қолданылады, бірақ бұл жағдайда компьютердің құрылғыларының тестіленуі орындалмайды (орысша “горячий” старт). ОЖ жүктелуі аяқталған соң, басқару командалық процессорға беріледі де, экранға жұмыс істеуге шақыру хабарламасы шығады.

 

2.2  Қолданбалы бағдарламалар  пакеті

 

Бағдарлама – өңдеуге тиісті реттелген командалар тізбегі; адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп процессормен орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.

Бағдарламалық жасақтама жиынын, арналуына байланысты 3 күрделі топқа: жүйелік, қолданбалық және аспаптық деп бөлінеді, 1 суретте көрсетілген.

Қолданбалы бағдарлама (Windows ортасындағы) (Приложения Windows; Windows application) — Windows операциялық жүйесі негізінде жұмыс атқаратын қолданбалы бағдарлама. Мұндағы графикалық интерфейстің ұйымдастыру ережелері, мәзір жүйесінің, диалогтық терезелерінің пішімдері Windows қолданбалы бағдарламаларының барлығына бірдей (мәзірдің көрінісі және орналасуы, тінтуірді және  пернелерді пайдалану ережелері және т.б.) болады.

Қолданбалы бағдарламалар  дестесі (Пакет прикладных программ; application program package)  — белгілі бір саладағы мәселелерді шешуге арналған бағдарламалар мен оларды пайдалану тәсілдерінің жинағы. Олар магниттік дискілерде немесе таспаларда жазылып, компьютермен бірге жіберілуі мүмкін. Әрбір қолданбалы бағдарламалар бумасы нақты саладағы мәселелерді шешуге икемделген (мысалы, бухгалтерлік есеп, дифференциалдық теңдеулерді шешу және т.б.).

 

 

Қолданбалы бағдарламалар интерфейсі (Интерфейс прикладных программ; application programming interface) — 1) бағдарламалаушылар белгілі бір компьютерлік ортада қолданбалы бағдармалар жазуға пайдаланатын міндеттер жинағы (интерфейс); 2) операциялық жүйе орындайтын төменгі деңгейлік операцияларды жүзеге асыруға қолданбалы бағдарлама шақыратын процедуралар жинағы.

Қолданбалы бағдарламалау (Прикладное программирование; application programming) — қолданбалы мәселелер шешуге арналған бағдарламалау.

Қолданбалы (арнайы) бағдарламалық жасақтама (Прикладное (специальное) программное обеспечение; application software) — қолданбалы мәселелерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы бағдарламалар мен қолданбалы дестелерден тұратын бағдарламалық жасақтаманың бөлігі.

Қолданбалы бағдарламаның негізгі терезесі(Основное окно приложения; Main application window немесе main window) — көп терезелі қолданбалы бағдарламалар үшін мәзірі мен туынды терезелері бар негізгі бағдарлама мен адам арасындағы өзара байланысты ұйымдастыратын терезе.

Мәтіндік мәлiметтердi терiп, оларды өңдеуге арналған бағдарламалар мәтін редакторлары деп аталады. Өмiрде кез келген ЭЕМ-де жұмыс iстейтiн адам есеп беру кезiнде құжат дайындау, мақала жазу, бiр нәрсеге сипаттамалар жазу сияқты мәтін дайындаумен айналысады. ДЭЕМ-дердi осы мақсаттарға пайдаланса, баспа машинкасына қарағанда жұмыс өнiмдiлiгi күрт өсетiнi талас тудырмаса керек.

Кең тараған мәтін  редакторларына WordPerfect, Microsoft Word, MultiEdit, WordStar, PageMaker т.б. жатады.

Графикалық редакторлар  график түрiндегi информацияны дайындау және өңдеу үшiн қолданылады. Олар өмiрде жиi кездесетiн есептеу нәтижелерiн график түрiнде шығаруда өте қолайлы. Оның үстiне графикалық редакторлар бейнелердi әр түрлi етiп – схемалар, сызбалар, суреттер т.б. түрлерiнде жасай алады.

Графикалық редакторлар  мәлiметтердiң есептелу нәтижесiн  график бейнесiнде көрсетуде де және өз қалауымызша түрлi сызықтар тұрғызуда да қолданылады. Графиктердi әр түрлi қылып, мысалы, түзу немесе қисық сызық түрiнде, дөңгелек диаграммалар мен гистограммалар бейнесiнде алуға болады, оларға автоматты түрде масштаб енгiзуге, керек болса координата өстерiне сандар мен атауларды жазып қоюға да бола бередi. Күрделi графикалық бейнелер тұрғызу кезiнде түрлi-түрлi фигура мен контурларды пайдаланып, олардың әрқайсысын әр түрлi түстерге бояуға да болады. Осындай мүмкiндiктерi бар графикалық редакторларға PaintBrush, CorelDraw, Graf-in-the-Box, PC Illustrator т.б. жатады.

Электрондық кестелер жүйесiнде  миллионнан аса торлар (ұялар) болады, олар пернелер арқылы енгiзу немесе формулалар арқылы есептеу нәтижесiнде толтырылады. Мұнда кестелiк мәлiметтердi түзету, оларды дискiлерде жазып сақтау, түрлендiру, қағазға басып алу сияқты көптеген әрекеттер өте жылдам орындалады. Кең тараған электрондық кесте жүйелерiне Lotus 1-2-3, SuperCalc, Excel сияқты бағдарламалар жатады.

Ойын бағдарламалары  дербес ЭЕМ-дердегi қызғылықты, кез келген жан әуестенетiн топқа жатады. Дербес компьютерлерiнiң кеңiнен тарауына да себепшi болған ойын бағдарламалары едi. Компьютерлiк ойындар – демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда онымен шектен аса әуестенудiң зиян екенiн есте сақтау жөн.

Оқыту бағдарламалары оқу-үйрену iстерiн ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде тарихтан, информатикадан, тiлден, биологиядан, математика, физикадан т.б. пәндерден сабаққа дайындалу кезiнде өте ыңғайлы екенi талас тудырмайды. Компьютерлер сабақ оқуда электрондық оқулық және тренажерлер түрiнде, лабораториялық аспап әрi информациялық анықтамалық жүйе есебiнде кеңiнен пайдаланылады.

Iс бағдарламалары қызметте керектi әр түрлi информацияларды дайыңдау, сақтау, және өңдеу үшiн кеңiнен қолданылып жүр. Бұлар iс қағаздарын жүргiзудi компьютерлендiру кезiнде де – құжаттар дайындау, жұмыс кестелерiн жасау, кезекшiлiк графиктерiн салу сияқты әрекеттерге де өте ыңғайлы болып табылады.

Қолданбалы  бағдарламалық жабдықтар дербес компьютерлермен жабдықталып, әр түрлi мамандық иелерiнiң жұмыс орындарын автоматтандыруды iске асырып жатыр. Мұндай жүйелерге, мысалы, кострукторлық жобалауды, электрондық тақшалар жасауды дайындауды, экономикалық және бухгалтерлiк жұмыстарды автоматтандыру iстерiн жатқызуға болады. Инженерлiк практикада қазiр осындай мақсаттарға MatLab, MatCad, Eureka сияқты бағдарламалық дестелер кеңiнен қолданылып жүр.

 

2.3  Дербес компьютер құрылғыларының жұмыс істеу принципі мен тағайындалуы

 

Дербес компьютердің архитектурасы — ол оның негізгі бөліктерін: процессорды, жедел сақтау құрылғысын (ЖСҚ), бейнежүйені, диск жүйесін, сыртқы құрылғыларды және енгізу- шығару құрылғыларын қиыстыру  (орысша компоновка). IBM корпорациясы құрастырған дербес компьютердің ашық архитектурасы мынаны ұсынады:

  1. жалпы жүйелік шинаның болуы, оған кеңейту қосқыштары
  2. (орысша разъем) арқылы қосымша құрылғылар қосылады;
  3. компьютердің модульді құрылуы;
  4. барлық жаңа құрылғылардың және бағдарламалық құралдардың бұрынғы нұсқаларымен үйлесімділігі.

Информация о работе Кәсіпорынның құрылымы мен қызметі