Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 16:14, реферат
Ақыл – ой процестеріне ойлау, сөйлеу, қиял, елес, ес, зейін, түйсік, қабылдау, эмоция, сезімдер, ерік, темперамент, мінез, қабілет, тұлға, қарым – қатынас, іс –әрекет т.б. психологиялық үрдістер жатады. Мен солардың алғашқы бесеуіне тоқталып өтсем, яғни ойлау, сөйлеу, қиял, елес, ес үрдістеріне.
Тілді меңгеру осы заманғы ғылымда айрықша маңызы бар мәселе болып саналады. Әсіресе, баланың ана тілінде айқын сөйлеп, тіл грамматикасын меңгеруінің шетел тілдерін меңгеруге тұрақты тиянақ болатынын нақты деректер дәйектеп отыр.
Тіл – қоғамдық құбылыс және табиғаттың адамға берген дарыны. Қатарлар, сызулар, есептеу құралдары сияқты т.б. шартты белгілерімен бірге ол да психологиялық құрал болып табылады. Өйткені, сол белгілердің бәрі объективтік шындықты біздің санамызда әр алуан таңбаларымен бейнелеп, олардың сыр – сипатын, мән – жайын білдіреді. Осы бағытта қарастырғанда тілдің өзі, сөздердің бәрі – таңба, заттар мен құбылыстардың белгісі. Табиғат шындығы, болмыстағы нәрселер мен олардың сыр – сипаттары адам санасында түйсік, қабылдау, елес, ес пен қиял, ойлау мен сөйлеу, сезім мен ерік сияқты психологиялық таным үрдістері арқылы бейнеленіп, сезімдік таным мен ақыл – ойды дамытады. Олардың әр алуан қасиеттері бейнеленеді. Бейнелеудің аса күрделі сипат – сырлары,өзара байланыстары және қасиет ерекшеліктері сөз, анық сөйлеу арқылы таңбаланып, адамның жалпы дүниетанымдық көзқарасы мен санасын, ақыл – ойын қалыптастырады.
Адамның дүниетанымының күрделі, қасиет – сипаттарының әр тарапты және терең болуының мән – жайы да оның сөйлеу әрекетіне, болмысты дыбысты анық тіл арқылы тепе – тең етіп бейнелей алуына байланысты.
Қиял және оның өзге психикалық үрдістермен байланысы
Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселерінің бейнесін көз алдына елестетіп, олардан жаңа бейне жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған, жиналған бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың, соңы, жаңа елестер мен идеялар тудырады. Осындай жаңа соңы бейнелер мен идеяларды қиял деп атаймыз. Қиял – тек адамға ғана тән, соған меншікті психикалық үрдіс. Жануарлар дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Ол басқа да психикалық үрдістердің түрлері сияқты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім қорына, нақты бейнелерге, тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әрқилы психикалық әрекеттерінде бір ғана үрдістің дараланып жеке кездесуі мүмкін емес. Ондай үрдістер бір бағытпен, арнамен өзара ұштасып, араласып жатады. Солардың ішінен адам әрекетінде бір – екеуі жетекшілік қызмет атқарады. Сонымен қиял дегеніміз – бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың бейнесін жаңғыртып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын тек адамға ғана тән психикалық үрдіс.
Адам қиялына меншікті кейбір ерекшеліктерді мынадай етіп топтастырып көрсетуге болады: а) әрбір адамның қиялы оның жеке басының қызығуы мен ерекшелігіне, алдына қойған мақсат – мүддесіне байланысты болып отырады. Мысалы, жаңадан машина жасауды ойластырып жүрген инженердің белгілі тетіктерді жетілдіру үшін оларды жасап шығарудың әдіс – тәсілдерін қарастыруын, емтихан тапсырайын деп жүрген студенттің іс – әрекетін, шөл далада сусап келе жатқан жолаушының қиялын салыстыра отырып олардың әрқайсысының мүдде – мақсатын айқындауға болады. ә) қиялдың мазмұн – мәнісі, түр сипаты адамның жас ерекшелігіне, білім дәрежесі мен өмір тәжірибесіне, дара басының ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, өмір – тіршілігінде көріп білгені мен көкейге түйгені көп білімді адамның қиялы мен жеткіншек жастың қиялын бір мөлшермен салыстырып қарауға болмайды. б) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен тығыз ұштасып жатады. Мысалы, мақсат еткен мүдделі ісін жүзеге асыру үшін адам оның әр түрлі жолдарын іздестіреді. Бұл қиялмен тығыз байланысты. Адамның ерік – жігері, қайраты оның жоспарлаған мүдделі ісін жүзеге асыруынан көрінеді. Қиялда ойлау процесі ерекше орын алады. Осы ретте, кеңес психологі А.В.Брушлинский қиялды ойлаудың ерекше бір түрі деп санайды. Бұл пікірді қостаушылар қазіргі уақытта да кездесіп жүр. Өйткені, ойлау белсенділігі адамды шығармашылық істер мен әрқилы әрекеттерге жетелейді.
Физиолог И.М.Сеченовтың қиялға байланысты пікіріне сүйенсек, адамның басына оның есінде орын тепкен элементтерден құралмаған бірде – бір ойдың келуі мүмкін емес. Ол типті ғылыми табыстарға негіз болатын жаңа ойлардың өзін бұл жерден шығарып тастауға болмайды деген пікір айтқан еді. в) адамның қиялы еңбек үрдісінде дамып отырады. Мұндағы шарттар: саналы мақсат, болашақты болжай білу, оны өңдеп елестете алу. Адам қиялына тән мұндай қасиеттер оның психикасын жануарлар психикасынан өзгешелеп тұрады.
Қиялдың физиологиялық негізі
Қиялдың жаратылыстық – физиологиялық негізі – мидағы оңашаланған орталықтар емес, мидың үлкен жарты шарларының қабығы. Адамның қиялдау әрекетіне қозу мен тежелудің үздік үрдістері, иррадиация мен концентрация, оң және теріс индукциялар, талдағыштардың ми бөлігіндегі талдау мен біріктіру қатысып отырады. Сөйтіп, көптеген жүйке үрдістерінің түйісуі нәтижесінде адамның нақты қабылдауында бұрын болмаған жаңа образдар мен елестер туады.
Мұндай жүйкелік байланыстар екі түрлі: 1) сананың қатысуынсыз – ақ, кездейсоқ тітіркендіргіштердің әсерінен ми қабының жоғарғы бөліктерінің бақылауы бәсеңдеп, әлсірегенде туатын жүйкелік байланыстар. Мысалы, түс көру, галлюцинациялар. 2) Адамның өз алдына саналы түрде мақсат қоюы мен ми қабығының тиісті орталықтарындағы қозудың басқа орталықтар қызметімен үйлесуі нәтижесінде туатын жүйкелік байланыстар. Бұл – ырықты қиял. Осы саладағы қиялға жетекші болатын нәрсе – екінші сигнал жүйесі. Ол – сөз. Сөз бұрынғы байланыссыз, уақытша жүйкелік байланыстарды жаңғыртып, заттың сипатын айқын ажыратуға, жаңадан байланыстар тудыруға, қиялды дамытып, өрістетуге жәрдемдеседі. Қиялдың бұл түрінің физиологиялық негізі доминанта принципіне бағынады.
Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял
Өзіндік ерекшеліктері мен олардан туындайтын себептерге орай, қиял ырықсыз, ырықты болып екіге бөлінеді. Психологиялық әдебиеттерде ырықсыз қиялды пассив қиял, ырықты қиялды актив қиял деп те атай береді.
Ырықсыз қиял – адамның алдына мақсат қоймай – ақ, басындағы елестердің ағытылып, бірінен соң бірі өтіп жататын кезінде туады. Қиялдың бұл түрі төменгі сынып оқушыларында жиі кездеседі. Ұйқылы – ояу кезде де ырықсыз қиялдар өздігінен туындап жатады. Пассив (әлсіз) қиялдың айқын түрі түс көруден байқалады. Көрген түстің қисынсыз шым – шытырық болатыны да – осы ырықсыздықтан. Мұндай қиялдардың пайда болуы адамның өз ойының тізгінін босатып жіберуіне де баланысты. Мысалы, аспандағы бұлтқа қарап, оны әр нәрсеге ұқсату, немесе біреу әңгіме айтып отырғанда, оның басынан кешіргендері тындаушының көз алдынан ағылып өтіп жатуы. Осы екі мысалдың бірінші жағдайында – қарапайым қиялдау затты қабылдаса, ал екінші жағдайда сөзді қабылдаудан елес пайда болады. Елес – қиялдың пассив түрі.
Қиялдың саналы әрі жемісті түрі – ырықты қиял. Бұл – адамның алдына саналы түрде мақсат қоя отырып, әдейі бейнелер жасау мен қажетті бейнелер тудыруы. Қиялдың бұл түрі балалардың ойын әрекетінен де анық байқалады. Ұшқыш, дәрігер, ғарышкер, мұғалім т.б. болып ойнауларына қарап, олардың ырықты қиял еңбектену үрдісінде дамып, әрбір адамның іс – әрекеті мен жұмыс нәтижелерін алдын – ала көз алдарына елестетеді. Оларды орындауға, қимыл – әрекеттерді жоспарлы түрде жасап отыруға міндеттейді. Ырықты қиял түрлерін топтап қарастырудың жолдары бар. Олар – қайта жасау қиялы және жасампаздық қиял.
Қайта жаңғырту қиялы адамның өмір тәжірибесінде кездестірген, бұрын болған бейнелерді қайта жаңғыртып елестететін сөздік тітіркендіргіштерге байланысты туындайды. Мұндай қиялдың пайда болуында сөздік тітіркендіргіш қызметін әр түрлі суреттер мен сызулар,сызбалар мен кестелер,ноталар атқарады.Ал бұл қиялдың психологиялық құрылысын іздестіріп көретін болсақ ол- екінші сигналдық тітіркендіргіштерді бірінші сигналдық бейнелерге айналдыру.Мысалы,мұхитты көрмеген адам басқа біреудің сол мұхитты суреттеп жазғанымен таныса отырып,оның ұшы-қиырсыз бейнесін қиялдайды.Қайта жаңғырту қиялындағы мақсат жаңа,соны бейнелер жасау емес,табиғаттағы заттарды адамның өзі тікелей қабылдамаса да,сол қалпында қайта елестету болып табылады.
Қайта жасау қиялы – адамның ой – өрісін дамытып отыратын психикалық үрдіс. Қиялдың бұл түрінің тәлім – тәрбие ісінде ерекше маңызы бар. Мысалы, оқырмандар Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясындағы Дәркембайдың бейнесі арқылы кедей шаруалар мен жатақтардың тұрмыс халін көз алдарына елестетіп, пайымы кең ақыл парасаты терең кісілердің оқымаған адамдардың арасынан да жиі кездескендігіне көз жеткізеді.
Мектепте оқылатын жеке пәндердің де қайта жасау қиялын дамытуда мәні зор. Геометрия, сызу сабақтарында сызба суреттердің мәнісі әрбір машина тетіктері, олардың қызметі, жұмыс принципі арқылы түсіндіріледі. Қайта жасау қиялы адамның барлық қызметі мен іс – әрекетіне қатысты. Өйткені, әрбір адам өзі істеген жұмысының нәтижесі мен пайдасын күнілгері көз алдына келтіріп, қиялы арқылы оларға шолу жасайды. Қайта жасау қиялы адамның білімі мен бұрынғы тәжірибелеріне сүйенеді. Сөйтіп, қиялдың бұл түрі арқылы пайда болатын елестер алға қойған мақсат пен тілекке сай ерекшеленеді, бұрынғы қабылданған үрдістерді болмыстағы шындықпен жақындатады. Балалардың қайта жасау қиялын дамытып, нәтижелі іс – әрекеттеріне күшті әсер ететін жайт – олардың алдында белгілі практикалық міндеттерді қоюы. Мәселен, заттың суретін салу немесе түрлі материалдардан сол заттадың бейнесін жасау т.б. Мұндай істер балаларды сөзбен айтылған объектілерді, нақты нәрселерді ұсақ түйгенмен қоса түгел елестетуге баулиды.
Қиялдың ең жоғары түрі – жасампаздық қиял. Қиялдың бұл түрі арқылы жаңа бейнелер жасалады. Шығармашылық жасампаздық қиял қайта жасау қиялы сияқты нақты суреттер мен шартты бейнелерге сүйенеді. Адамның шығармашылығы, ол жасаған туындылар – қоғаммен бірге дамуда рух беріп, жігерлендіріп отыратын күш. Жасампаздық қиял – қоғамдық мәні бар жаңа, соны өнімдер жасап шығаруда жетекші қызмет атқаратын психикалық үрдіс.
Арман, мұң
Адам қиялының ерекше бір түрі – арман. Бұл – актив әрекетшіл қиял, өз мақсатымыз бен мүддемізге орай бейнелер жасау, игі, мақсат – мүддемізді іс жүзіне асыруды қиялдау. Басқаша айтқанда, арман – келешектегі әрекеттерге арналған қиял. Ол шығармашылық қиял емес, бірақ соған дайындықтың бастапқы сатысы. Арманды бағалауда ескеретін жайттар: а) арманның әрекетке қатысы; ә) шындықпен жанасуы; б) оның келешек үшін мәні.
Арман бос қиялдаумен мүлдем жанаспайды.Бос қиялдың өмір үшін ешбір пайдасы жоқ,ол-арманның тиімсіз түрі.Бұл-қажырсыз қиял.Мұндай қиял адамды белгілі бір мақсатқа не нәтижеге жетелемейді.Арман-қиялдың ерікті түрі,ол әрі саналы,әрі белсенді сипатқа ие.Әрекет етудің орнына адам бос қиялға берілсе,онда оның бұл жағдайы босқа адасу,жігерсіз әрекет болар еді.
Адамның жігерсіз іс – әрекетінде қиялдың бір түрі – мұң. Мұң – адамның бұрын басынан кешірген қолайсыз оқиғалары мен сәтсіз істері жайындағы ойы, мақсатты істерінің жүзеге аспауы туралы, оған себепкер болған жайттар жайындағы қиялы. Осындай қолайсыз бейнелердің тізбегі кім – кімнің болмысын тынышын кетіріп, ойын бөледі. Бұл – қиялдың әрекетсіз түрі сондай – ақ, шындықтан жалтару болып саналады. Әдетте еркі күшті адам мұндай қолайсыз қиялдан арылудан жолын іздестіріп, мақсатты істі жүзеге асыру әрекетіне ауысады да өзін өзі меңгереді.
Қиялдың даралық айырмашылықтары
Әр адамның қиялы әр түрлі. Бір адамның қиялы бай, өрісі кең, шындықпен орайласып, тиісті мақсат – мүддені жүзеге асырумен, шындықпен ұштасып жатады. Ал екінші біреулердің қиялы өрісі тар, жетілмеген, пәрменсіз. Шындыққа сай келетін қиялдардың мазмұны терең, олар өмір тәжірибелеріне, білімге негізделген. Мысалы, американдық ғалым Эдиссон қиялы күшті дамыған адам болған. Ол бір машинаны үш түрлі жолмен жасауға болады деген пікірмен келіспей, оны 48 түрлі жолымен жасауды ұсынған. Мұндай қиялдан жаңаны іздеп табу, белгісіз нәрсені ашуға ұмтылу әрекеті байқалады. Шындық нәрсенің өңін айналдырып, теріс түсінетіндер де болады. Адамдардың қиялы бір – бірімен пәрменділігімен де ажыратылады. Мысалы, біреулер мәселені шешерден бұрын бар ақыл – ойын соның төңірегіне жинақтап, әр сөзін таразылап, терең ойланады, басқалармен кеңесіп, тәжірибе жасайды. Мұндай іс – әрекетте адам өз кейіпкерлерімен іштей араласып, сырласады және олармен бірге өмір сүреді. Қиялы әлсіз адамдар кітап оқыса, қызықты оқиғаларды ғана іздеп, оны түгел оқымайды. Шын мәнісіндегі қиял ғана адамды жемісті іс – әрекетке, белгілі мүддені орындауға жетелейді, оның рухани өсуіне де ерекше ықпал етеді.
Балалардың ойыны мен ересек адамдардың әрекетінде қиялдың дамуы
Жаңа туған нәрестеде қиял болмайды. Бала өмірінде қиялдың алғаш көрінуі бір жастан асқан кезде байқалады. Екі жасар бала ертегі не әңгіме тыңдап отырып, жылап жібереді. Бұл факт жас баланың басында ес елесінің және қиял елесінің туа бастағанын көрсетеді. Бала қиялының мазмұны бастапқы кезде жұтаң, әрі ырықсыз түрде болады. Өсе келе тәрбие мен өз іс – әрекетінің тәжірибесі негізінде бала қиялы дамып, сапасы артады.
Елестердің жалпы түсінігі
Елестер дегеніміз
– қазіргі сәтте сезім
Тітіркендіргіш әсерімен ми қыртысындағы ескі жүйкелік байланыстар жанданады да, бейне пайда болады. Елестер – бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу мен жалпылаудың нәтижесі. Қабылдаусыз елестер құрастырылмас еді, өйткені соқыр болып туғандардың түрлі түс пен бояулар жөнінде, ал тумысынан саңыраулардың есту елесі болмайды.
Елестердің
қабылдаулардан айырмашылығы – елестің
затты жалпылаңқырап
Елес – қабылдауға қарағанда танымның жоғарырақ сатысы. Ол түйсіктен ойға ауысу сатысы болып табылады. Бұл көрнекі, сонымен бірге заттың сипатты белгілерін сәулелендіретін жалпылама бейне. Елестің басты ерекшелігі – онда көрнекілік пен жалпыламалықтың өзара кірігетіндігі.
Бұл екі сигнал жүйесінің өзара әсерінің нәтижесі. Елестердің тууына бірінші сигнал жүйесінің сигналдары (түрлі түстер, иістер, формалар т.б.) себепкер, бірақ елестер екінші сигнал жүйесі арқасында бейне болып қалыптасады (айтылған немесе жазылған сөз).
Жалпы және дара елестер. Үнемі дара болып келетін қабылдаулардан елестердің айырмашылығы олар дара және жалпы болып бөлінеді. Арнаулы бір затты қабылдауға негізделген елес дара болады, өйткені ол дара затты бейнелендіреді. Бірнеше ұқсас заттарды жалпылап бейнелейтін елес жалпы болады. Жалпы елестің қалыптасуынада сөйлеу, бір сөзбен бірнеше затты айту аса маңызды рөл атқарады.