Ақыл – ой процестері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 16:14, реферат

Краткое описание

Ақыл – ой процестеріне ойлау, сөйлеу, қиял, елес, ес, зейін, түйсік, қабылдау, эмоция, сезімдер, ерік, темперамент, мінез, қабілет, тұлға, қарым – қатынас, іс –әрекет т.б. психологиялық үрдістер жатады. Мен солардың алғашқы бесеуіне тоқталып өтсем, яғни ойлау, сөйлеу, қиял, елес, ес үрдістеріне.

Вложенные файлы: 1 файл

Ақыл-ой реферат. психология.doc

— 191.50 Кб (Скачать файл)

Дара елесте белгілі бір дара затқа тән  ерекше белгілер бейнеленеді. Жалпы елесте көптеген ұқсас заттарға ортақ, яғни осы топтағы әр затта болатын белгілер бейнеленеді.

Жалпы елестің  дара елестен ерекшелігі – тек  жеке елестерге тән жеке адамдық  сипатқа ие емес. Жалпы елесте бір  тектес құбылыстарға ғана тән сипаттар жинақталған. Дегенмен жалпы елестер де көрнекілік сипатқа ие – ол заттардың, құбылыстардың, үрдістердің көрнекі ерекшеліктерінің бейнеленуі.

Елестің түрлері. Елестерді оларға негіз болатын қабылдау түрлеріне қарай айырады. Елестерді көру (адам, зат, пейзаж), есту (музыкалық әуенді елестету), иіс (эфир иісін елестету), дәм (лимонның дәмін елестету), сипап сезу – қозғалыс (секірген кездегі дене қалпын елестету) елестері деген түрлерге бөледі. Елестер түрге шартты негізде бөлінеді. Бөлу кезінде заттарға басқа қасиет белгілері тән болса да, оның бір белгісі ғана басшылыққа алынады. Көпшілік жағдайда елестер екі немесе бірнеше талдағыштардың қызметі негізінде туады да, жинақылық сипатқа ие болады.

Елестер адамның  қызметі үрдісінде қалыптасады, сондықтан мамандыққа байланысты елестің белгілі бір түрі, айталық, суретшіге қарағанда, композиторда – есту, спортшы мен бишіде – қимыл, химикте – иіс, дегустаторда – дәм елесі күтірек жетіледі.

  1. Ес

Ес  жайындағы теориялар

Өмір тіршілігіне  қажетті нәрселердің бәрінің ес үрдісінсіз болуы мүмкін емес. Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл – күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы – ес үрдісі деп саналады. Ес осы заманғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселеленің бірі болып табылады.

Ес дамуының фило және онтогенездік кезеңдері бөлініп  көрсетілді.

Онтогенезде балада ес түрлерінің барлығы айтарлықтай  ерте және нақты кезекпен қалыптасады. Барлығынан кейін логикалық ес қалыптасып әрекет ете бастайды. Бұл естің  түрі 3-4 жастағы балада салыстырмалы қарапайым формаларда болады, бірақ, қалыпты дамуына жасөспірімдік немесе жастық шақта жетеді. Оның кемелденуі мен әрі қарай жақсаруы адамның негізгі ғылымдарды оқумен байланысты.

Естің түрлері. Ес адамның әр түрлі іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері әр қилы. Естің бөлінуі адамның түрлі әрекет ерекшеліктеріне байланысты жүргізіліп, олар есте қалдыру, қайта жаңғырту үрдістерімен тығыз ұштасады. Іс –әрекет сипаттарына орай, ес үш түрге негізделіп бөлінеді: 1. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс, эмоциялық-сезімдік, бейнелі-көрнекілік және сөздік-мағыналық (логикалық); 2. Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз ес; 3. Адамның маериалдарды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындыына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді, сондай-ақ оеративтік ес.

Қимыл-қозғалыстық ес алуан түрлі күрделі қозғалыстарды еске сақтау, сақтау қажет болған жағдайда жеткілікті нақтылықпен қайта жаңғырту болып табылады. Ол қимыл-қозғалыстық, еңбектік, спорттық икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыруға қатысады.

Адамның бастан кешірген трлі сезімдері мен эмоциялық күйлерін есте қалдырып отыруын сезімдік ес деп атаймыз. Өз айналасындағы заттармен құбылыстарға көңіл-күйінің қандай қатынаста болғанын қайта жаңғыртып, түрлі іс-әрекеттерді атқаруға жетелейді.

Эмоциялық ес адам басынан кешкендерін еске түсіргенде, бозарады, не қызарады. Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мәні тұрғысынан алғанда, бұл естің басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда күшті болады.

Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Осыған орай бейнелі-көрнекілі ес-көру, есту, сипау, иіс, дәм естері болып бөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен көру есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері (түйсіктердің осы түрлеріндегі сияқты) өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған болады.

Кейде эйдетикалық есі бар адамдар да кездеседі. Мұндай адамдар заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен бөлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерге күшті қозудың нәтижесі болып саналады.

Сөздік  – мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік – мағыналық деп аталуы да сондықтан. Бұрын қабылданған нәрселерді қажет кезінде біз сөз, не олардың мәнін есте сақату арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің қызметі басым болса, сөздік – мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән – жайын есте сақтау логикалық – мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін, мазмұндарды сөзбе – сөз жаттап алу механикалық түрде есте қалдыру деп аталады. Сөздік – мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарын есте сақтауда жетекші мәнге ие. Естің бұл түрлері адамның әр қилы іс – әрекеттерінің алмасып отыруына, ниет – тілегіне, мақсат – мүддесіне орай түрлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қалыптасады.

Ерікті  және еріксіз естер. Естерді ерікті және еріксіз деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты. Белгілі мақсат қоймақ-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтау мен жаңғырту, еске түсіру – еріксіз ес деп аталады. Егер мақсат қоятын болсақ – онда бұл ерікті ес болады. Мұнда есте қалдыру мен жаңғырту, еске түсіру жаттап алу үшін мнемоникалық амалдар қолданылады. Естің бұл түрі бірізділікпен дамып отыратын естің сатылары болып табылады. Адам қажетті деп тапқан нәрселері үшін арнайы амалдар қолданып, ерікті есте қадыруды да жиі қажет етіп отырады. Естің адам санасында тұрақтанып, жемісті болуының өзіндік сипаттары бар. Олар – естің көлемі, тездігі, ұзақтығы, даярлығы.

Қысқа мерзімді және түпкілікті ес. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс – тәсілдерді қолданып, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің консолидациясы немесе мағлұматтардың есте берік қалуы деп аталады. Мұндай есте осыдан біршама уақыт бұрын қабылданған нәрселердің бейнесі адамның көз алдында елестеп, құлағына дауысы естіледі. Бірақ мұндай үрдістер тұрақсыз. Бұл ерекшеліктің сырттан алынған хабарларды есте сақтап, оларды қайта жаңғыртуда ерекше маңызы бар. Естің бұл түрін қысқа мерзімдік ес деп атайды. Мұнда мнемикалық іздерді ұстап қалу ұзақтығы орташа алғанда 20 секундтан аспайды.

Ал ұзақ мерзімді ес бұл хабарды шексіз уақыт сақтауға қабілетті естің түрі. Ұзақ мерзімдік ес қорына түскен хабарды адам нұқсансыз шексіз көп рет қайта жаңғырта алады. Сонымен қатар бұл хабарды көп рет және жүйелі түрде қайта жаңырту оның ұзақ мерзімдік естегі іздерін қатайта түседі.

Оперативтік ес деп хабарды бірнеше секундтан бірнеше күнге дейінгі диапазонды қамтитын, алдын –ала берілген мерзім аралығында сақтауға бағытталған есті айтады.

Генетикалық есте хабар генотипте сақталып, тұқым қуалау арқылы беріліп, қайта жаңғыртылады. Біз оқыту мен тәрбиелеу арқылы әсер ете алмайтын адам есінің жалғыз түрі – бұл генетикалық ес.

Көру есі  көрген бейнелерді сақтау мен қайта  жаңғыртумен байланысты. Бұл естің  түрі қияла қабілеттлікпен байланысты.

Материалды  есте сақтау мен қайта жаңғырту үрдістеріне  еріктің қатысу сипатына байланысты ес ырықсыз және ырықты болып бөлінеді. Бірінші жағдайда – айтылып отырған адамның жағынан ерекше күш салынбай автоматты түрде алдына арнайы мнемикалық мақсат қоймай іске асатын еске сақтау мен қайта жаңғырту. Екінші жағдайда – айтылған мақсат міндетті түрде болуы тиіс, ал есте сақтау мен қайта жаңғырту үрдістері еріктік күш салуды талап етеді.

Қайта жаңғырту, тану мен ұмыту

Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту – мақсатсыз. Мысалы, музыканттың белгілі ән-күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Оған адам өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылданғандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады.

Тану-естің бұрынғы қабылдағандарға кезіккенде көрінетін қайта жаңғыртудағы қарапайым түрі.

Ұмыту. Бұрын қабылданған материалдарды есте сақтамайынша, тани аламыз. Ұмыту дегеніміз – қабылданғанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жаңылысуы. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Уақытша ұмытуды сақтық тежелу деп атайды. Адамның бұрынғы істеген қызметі қазіргі есте сақтау жұмысына бөгет болса, оны проактивтік тежелу, ал бұрыннан есінде сақталған материалына кейінгі қызметі бөгет болса, ретроактивті тежелу делінеді. Мұндай жайттар мағынасы бір-біріне жақын матеиалдарды үйренуде жиі кездеседі.

Өмір сүру қызмет атқару барысында жүйке жүйесінің  ерекшеліктеріне қарай адамда естің даралық және типологиялық ерекшелігі қалыптасады.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

    1. Намазбаева Ж.И., «Жалпы психология», Алматы, 2006ж
    2. Жұмасова Қ.С., «Психология», Астана, 2006ж
    3. Жарықбаев Қ., «Жантану негіздері», Алматы, 2002ж
    4. Сәбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев), «Жантану негіздері», Алматы, 2004ж

 


Информация о работе Ақыл – ой процестері