Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Сентября 2014 в 21:41, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйелерінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді шыңдау кез – келген дағдарыстан шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасты өтеу қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мектеп ұжымы өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағұлматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Еліміздің экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеу – ұстаздар қауымының, мектеп ұжымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері ғылыми-теориялық әдебиеттерде қарастырылуы............................................................5
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері.........7
1.2.Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктерін дамыту.10
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының жағымды мінез-құлықтарын дамыту. .17
2. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда белсенді әдістерді қолдануды эксперименталды зерттеу........................................................................................23
2.1. Эксперименталды зерттеу мақсаты, болжамы, әдістемелері ......................23
Қорытынды................................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер......................................

Вложенные файлы: 1 файл

курстық жұмыс салтанат.docx

— 143.91 Кб (Скачать файл)

        Төменгі  сынып оқушыларының ойлауын дамытуда  екі негізгі саты байқалады.Бірінші  сатыда ойлау әрекеті мектеп  жасына дейінгі баланың ойлауын  еске түсіреді.Екінші сатыда оқушылар  заттар мен жағдайларды сыртқы  белгісі бойынша бағалайды.Есейе  келе ойлау сипаттары өзгереді. Оқушылар білуге әуесқой болғандықтан,олардың  табиғат құбылыстары,адамдардың  өмірі туралы сұрақтары көбейеді.Шығармашылық  ойындар баланың ақыл-ойын дамытады.

         Сезімдік көңіл-күйінің көтеріңкілігі-олардың  маңызды бір ерекшелігі.Оқушылар  ересек адамдармен,өзінің құрдастарымен  қарым-қатынаста болғанды жақсы  көреді.

         Бұл жастағы балалардың негізгі  іс-әрекеті-оқу.Бастауыш сынып оқушылары  ұзақ уақыт бір қалыпты отыра  алмайтындықтан,сабақта оқу мен  жазуды алмастырып,сергіту сәттерін  өткізіп,сыныптың ауасын тазартып, үзіліс кезінде мектеп ауласында  ойындар ұйымдастыру керек .

       Оқудың  басталуы –баланың психикасының,ең  алдымен ақыл –ойының дамуындағы  алып қадам.Мектепке барғаннан  соң зейіні,есі, қиялы,ойы жылдам  дамиды.Осының бәрі жеке адамның таным процесін жоғары дәрежеде көрсете білетін оның жалпы дамуына септігін тигізеді.Баланың интеллектісінің жедел өсуі оның жинайтын білімін,ептілік пен дағдысын молайтуына,ой-өрісінің кеңеюіне,білуге құмарлығының өсуіне,ой еңбегіне, оқу жұмысына өздігінен  әзірленуге әдеттенуіне байланысты.

       Мектепке  келген баланың азды-көпті болса  да өз төңірегіндегі нәрселерден  хабары болады.Ал мектепке келісімен  ол көптеген жаңа нәрселерді  біліп қана қоймай ,бұрыннан белгілі  нәрселерінің жаңа қырымен танысады,кейбір  құбылыстардың т.б. неден болатынын  ұғады.

      1сыныптан  бастап танымдық қызығушылықпен  ой-еңбегін сүюге ,қажетті интеллектілік  жүк жүктеуге тәрбиеленген мектеп  оқушыларының оқуға деген құмарлығы  кемімейді,содан оларда ой еңбегіне ,өз міндетін абыройымен  орындауға  деген әдет пайда болады .

       Білімі  молайған сайын баланың өмірге  деген көзқарасы өзгереді.Ол табиғатты  сүюді үйренеді,табиғатты сақтай  біліп ,адам пайдасына қарай өзгерту  керек екенін түсінеді.

      Баланың  интеллектісінің өсуі ,оның моральдық  дамуында көрінеді.Бұл жаста баланың  өзінділігі көп болады.Ол балаға  тән туралықпенен адамдардың  қасиетін жақсы,жаманға бөледі. Жағымды  және жағымсыз қасиеттердің  бір  адамның бойында болуы балаға  түсініксіз.Сүйікті мұғалім мен  жақын адамның баланың көзіне  өлшеусіз жетілген жан болып  көрінуі міне осыдан.

      Жалпы ақыл-ойдың  едәуір дәрежеде ( бөбектермен салыстырғанда) дамуы,бастауыш сынып оқушыларының  өзге адамның жағдайын түсінуіне  көмектеседі.Мысалға олар біреудің  қайғысын,сәтсіздігін,қуанышын,табысын  т.с.с. көреді.Оларда адамдардың қайғы-қуанышын  сезіну ,оған ортақтасу т.б. сияқты  сезімдер пайда болып,адамдарға  меірбандығы арта түседі.

       В.А.Сухомлинский  «Мектеп оқушысының рухани дүниесі»  деген кітабында 8жасар балалардың  өзенге мұздың бұзылғанын көруге  барғаны жайында әңгімелейді. Бір  бала  суға  кітаптары,дәптерлері  бар портфелін түсіріп алады.Бала  үйдегі өгей шешесінің жазасынан  қорқып еңіреп жылады. Жолдастары қатты қиналып аяғанымен оған қалай көмектесерін білмеді.Сонда мұғалім ,егер балалар топталып киноға бармай-ақ  соған жинаған ақшаларына  жолдасына портфель сатып алуға болатындығын ескерткенде ,бұлар киноға барудан,ондағы қызықтан бас тартып ,өздерінің досын қиындықтан құтқарып алатын мүмкіндік барлығына қатты қуанысты.Біреу үшін,өзіне тиістіден бас тартқан мысалдарды ,мектепке дейінгі балалардан гөрі,мектеп жасындағы балалар өмірінен көптеп кездестіруге болады.Міне осының бәрі төменгі сынып оқушыларының психикалық өмірі жыл өткен сайын байып толысып,адамдарды түсінуі кеңейіп,тереңдеп ,саналылығы арта түсетіндігін көрсетеді. Егер 1сыныптың оқушысы өзінің дұрыс жақсы қылығын ,тәртібін мұғалім жақтайтын болған соң,солай әрекет етсе,ал 2,3сыныпта адамгершілік нормаларын орындау өзінен-өзі балада жақсы сезім туғызады,»мен істеуге тиіспін» , « мұны жасауым керек «  деген мотивтер пайда болып ,іштей қажеттілікке және әдетке айналады.            

       Оқу  ісінің бәрі бірдей қызықты ,тартымды  еместігіне адамды жалықтыратын  қиын сабақтардың барлығына баланың  көзі жетеді.Бұл балаларға әрі  тәрбиелік жағдайда әсер етеді,сөйтіп  мектеп оқушысының еркін шыңдайды,біртіндеп  оның мінез-құлқы біршама тұрақты  қалыпқа түседі,оқушының қоғамдық  бағыты артады және алдына  саналы түрде  қойылған мақсаттарды  басшылыққа алуды үйренеді.   

      Бастауыш  сыныптағы балалар зейінінің  ерекшелігі олардың нерв системасының  дамуына байланысты.Бастауыш сынып  оқушыларының үлкен ми сыңарлары  қыртысында болатын қозу мен  тежелу процестерінің ауысуы  біршама жылдам өтеді. Балалар  сырт әсерлерге өте сезімтал  келеді,әрбір тітіркендіргішке зейінінің  тез ауып кетуі де осыдан.Сондықтан  мидың қыртысында пайда болған  жаңа қозу алабы ,баланың бұрын  жасап отырған нәрсесінен көңілін  аудартып жібереді.Зейіннің өздігінен  бір нәрседен екіншіге еріксіз  ауысуы оның аздап тұрақсыздығын  байқатады. Бұған күшті барлау  рефлексі  себепкер болады. Баланың  сезімталдығы мынаған саяды:бейнелі, жарқын,көрнекі оқу құралдары  мен тартымды,әсерлі баяндау төменгі  сынып оқушыларының зейінін туғызады.Мектептің  бастауыш сынып оқушыларының  зейінінің көптеген ерекшеліктерінің бірі-оның өз ойы мен елесінен гөрі ,сыртқы дүниенің заттарына жақын үңілуге қабілеттілігі.Бала мектепте оқи бастаған алғашқы айларында әр түрлі жұмыстарға біркелкі зейін қояды,өйткені оны көбірек қызықтыратын оқу материалының мазмұны емес,жалпы оқу процесі ғана. Бірте-бірте оның зейіні кейбір пәнді өткізу кезінде  немесе оқу жұмысының бір түрімен көбірек айналысқан уақытында шоғырлана түседі. Бұл оқушының дифференциациялық қызығуының дамуына байланысты.Сонымен балалардың ырықсыз зейіні үлкен роль атқарғанымен ,мектепке дейінгі жасында-ақ олардың ерікті зейіні дами бастайды. Бұл-тәрбиенің,балалардың ересектермен араласуының,олармен бірге жасаған іс-әрекетінің нәтижесі.Балаларға ерікті зейінді ұстай білу көбінесе қиынға түседі,бұл оның өз еркіне күш сала білмейтіндігінен емес:асықпай сабырмен жұмыс істей білу деген әлі оларда жоқ.Бұл әсіресе балалар есептің шарттарына зер салғанда байқалады.Егер бала көңіл аударып үңілмесе ,оқу тапсырмалары сыныпта болсын,үйде болсын орындалмай қалады. Балалар бірте-бірте зейін қойып еңбектенуге дағдыланады,сөйтіп оның үйреншікті зейіні дами бастайды.  

        Балалар  мектепте оқығанға дейін олардың  анализаторлары бірқатар жетілгенімен ,олардың одан әрі дамуы мектептегі  кезеңдерде жүріп жатады.Анализаторлардың  бірқалыпты дамымайтынын атап  айтуымыз керек.Бастауыш сыныпта  оқитын кезеңде ,көздің көргіштігі  біршама сылбыр болғанымен ұлғая  бастайды,жасөспірімдерде бұл қарқын  үдей түседі.Сонымен қатар ,бастауыш  сынып оқушыларының көру,есту  тітіркенгіштерін ажырата білу  қабілеті жылдам дамиды. Бастауыш  сынып жасындағылар жақын жерден  және алыстау тұрған заттарды  қарап көру аппаратымен лезде  шолып өтуге үйренуі де бірқатар  жетіле түседі. Балалар мектепке  келгенде негізгі түстерді ажырата  алатын болады.Бастауыш сыныпта  жүрген кезінде олар түрлі  түстерді ажыратып қана қоймай ,оларды атымен атап ,тапсырма  бойынша сөз атауымен түстерді  іріктейді. Ер балаларға қарағанда ,қыз балалардың түс түйсігі  басымдау болады. Бұның бұлай  болу себебін ,бір есептен ойын  кезінде қыз балалардың заттың  түр-түсіне балалардан гөрі көбірек  көңіл бөлуінен деу керек .Мұғалімнің  түстің түрлерін ажыратуға әдейі арналған жаттығулары ер балалардың да бұл қабілетін  арттыра түседі.  

         Балалық шақ – бұл баланың  айналадағы қоршаған дүниеден  алған әсерінің үлкен  қорын  жинау кезеңі.Балаларға,әсіресе  мектепке дейінгі ,

бастауыш сынып жасында көптеген нәрселердің бәрі жаңа ,сондықтан бәрі де қызық көрінеді.Балалар көрген заттарын қадағалай қарап ,қолына ұстауға құштар болып ,үлкендердің әңгімесін ықыласпен тыңдағанына қарамастан ,айналадағы заттар мен құбылыстардағы көптеген нәрселерді ескермейді. Мұның себебі-бала қабылдауының ерекшелігінде .Қабылдаудың үстірт болуы ,төменгі сынып оқушыларын заттың кейбір белгілерін ғана байқап ,оларды бір-бірімен байланыстыра алмауға ,оның негізгі сапаларын аңғармауға әкеледі.Барлық ашық,жарық,үлкен,қозғалатын нәрселер балалардың назарын аударады.Сондықтан да дерексіз материалдардан гөрі көрнекілігімен ерекшеленетін нәрселерді балалар жақсы қабылдайды.Жыл өткен сайын бастауыш сынып оқушысының қабылдауы толығып,одан әрі жетіліп ,қабылданатын затқа қатыссызы былай қалып ,негізгі басты нәрселерге көңілі  бөлінеді. Мектептегі төменгі сынып жасындағылардың қабылдауы эмоцияға тығыз байланысты.Бала өзін қоршаған дүниені селсоқ қабылдамайды:көп нәрсе оны қуанышқа бөлейді,не ренжітеді.Сондықтан да мектеп оқушысы өзінің сезімін туғызатын,қызықтыратын нәрселерге басты зейінін аударады, ал былайынша маңызды,бірақ сезім туғызбайтын нәрсеге зейін аудармайды.Мұның дәлелі:үлкендер үшін елеулі маңызы жоқ,олар байқамайтын ұсақ нәрселерге кейде балаларзейін аударады. Бұл жастағы мектеп оқушысының қабылдау сезімі дәл болмауы жиі ұшырасады.Ұқсас заттарды олар көбінесе біртектес зат ретінде қабылдайды. Мысалы,қаланың балалары сары шымшықты қарға екен деп қалады.Бастауыш сынып оқушыларының кеңістікті қабылдауы және уақытты қабылдауы да жеткіліксіз дамыған.Балалардың қабылдауының осалдығы ,олардың білімі мен тәжірибесінің жоқтығынан деп білу керек ,білім мен тәжірибе ала бастаған соң балалар дүниені дәлірек,дұрысырақ қабылдайтын болады. Бұл жағынан алғанда мектепте оқытудың атқаратын ролі зор.

        Балалардың  есі көп жағдайда үлкендердің  есінен бөлек.Баланың миы-өмірінің  алғашқы жылынан бастап қоршаған  дүниедегі заттар мен құбылыстарды  ырықсыз есте қалдыруға өте  икем  келеді.7-8 жасар оқушылар  өз сөзімен – ақ айтып беретін  нәрсені әрбір сөзін бұлжытпай  есте сақтауға  қабілетті болады. Бұл баланың есте сақтағаны  түсінбегендіктен емес.Осы жастағы  балаларға сөйлемді еш бұлжытпай  есте қалдыру ,оқулықтағы сөздерді  дәл айту,өзсөзімен айтуға қарағанда  жеңіл ,өйткені олардың сөздік  қоры жеткіліксіз және сөздерді  емін-еркін пайдалана алмайды. Мұғалімнің  міндеті –оқушының өзі айтып  тұрғанының қаншасын түсінетінін  әрдайым біліп отыру және баланы  материалды өз сөзімен  айтып  жеткізуге үйрету.

(әрине ,дәлме-дәл айтылатын:өлең,көркем  проза үзіндісіережеден басқасы).

Оқу материалын емін-еркін түсінгенде ғана оны айта алу мүмкін.Егер оқушы материалды түсініп,оны қайталап айтып беруге жаттықса ,онда бұл оқушының ақыл-ойының,тілінің дамуына көмектеседі.Мектептегі бастауыш сынып жасындағы балалардың образды есі(көру,есту   )жақсырақ дамып,сөз-логикалық есі нашарлау дамыған.Зор сезім туғызатын,аса әсерлі көрнекілікпен байланысты нәрселердің бәрі тез есте қалып, көпке дейін ұмытылмайды.Оқыту процесінде балалардың мағыналы есі тез дамиды.Бала тек нақтылы ғана емес ,сонымен қатар кейбір дербес абстрактылы ұғымдарды да игере бастайды.Оның есінің көлемі кеңейіп,игеру жылдамдығы және дәл жаңғыртуы ұлғая түседі. Көрсетілген жалпы заңдылықтан басқа ,балаларда естің индивидуалдық өзгешеліктері байқалады.Ес әзірлігі жоғары біреулер тез ұғып алып ,дұрыс жауап бере алады.Ал басқа біреулері шабан игереді,жаңғырту жағынан жеңілдігімен,не жылдамдығымен көзге түспейді.Мұғалімнің асығыстығы ,оның сабыр сақтап ,оқушының ойын жинақтап,ойлануына мұрша бермеуі баланың білімін дұрыс бағаламауға әкеліп соғады.Бұл баланың мұғалімге деген теріс қатынасын туғызып және өзкүшіне сенбеуіне апарып соғуы мүмкін.

         Балалық шақта ойлаудың дамуы,қатал  шектелуді көтермейтін,өзара тығыз  байланысты бірнеше сатыдан өтеді. Мектепте оқудың басталуымен ,мектепке  дейінгі кезінен гөрі,баланың  жұмыс процесінде тиісті ұғымдарға  сүйенген ұғымдық ойлауы тез дами бастайды.Бастапқыда ол нақтылы заттар және құбылыстармен тығыз байланысты,бірақ бірте-бірте бастауыш сынып оқушыларында нақтылыдан абстрактілей білуге қолы жетіп,пікір айтып азды-көпті қорытынды жасауға қалыптаса бастайды.

        Бастауыш  сынып оқушыларының  түсініктері  едәуір мол,бірақ ол ғылыми  емес,күнделікті тұрмыстан алынған  түсініктер болып табылады.Мектептегі  оқу дәрежесіне қарай және  өмір тәжірибесі молая 

Келе,балалардың ұғымы да дамып және ол неғұрлым дұрысырақ бола бастайды.

        Бастауыш  сынып оқушыларының қиялы да  көл-көсір,ал бірақ мектеп жасындағылардың  қиялы ,шындыққа жақын,оны дәлірек  бейнелейді. Мысалға мектепке дейінгі  бала бір-біріне крест етіп  байланған екі шыбықты самолет  деп қабылдаса ,төменгі сыныптың  оқушысы бұған қанағаттанбайды,нағыз  самолетке ұқсас бірдемелерді  жасауға тырысады,ал жас өспірімдер  ойыншық самолетті аз да болса  ауада ұшыруға талпынады. Бастауыш  сыныптағы мектеп оқушыларына  тән қиялдың ерекшеліктері ,олар  жасаған бейненің көрнекілігі  мен нақтылығында .Бала өзінің  өмірден не суреттерден көргендерін  ойша елестетеді.1сынып,кейде 2сынып  оқушысына нақтылы заттар мен  көрнекі нәрселерсіз қиялдау  қиынға соғады. Оқудың әсерінен  баланың қиялы да өзгеріске  ұшырайды.Қиял бейнелері көбіне  тиянақталып жақсы есте сақталады,білімі  молайып ой-өрісі кеңейген сайын ,ол әртүрлі болып,байи түседі. Бастауыш сынып оқушысының қиялы  көбінесе еліктегіштік сипатта  болады. Бала өз ойлап тапқанын  не ойын кезінде өзінің естігенін, көргенін жаңғыртуға,өз байқағанын  қайталауға тырысады. Сондықтан  оның қиялының қайтадан жасау

(репродуктивтік) сипаты  басымырақ болады. Оқу процесінде  қайтадан жасау қиялының маңызы  өте зор,сондықтан онсыз оқу  материалын қабылдау ,не ұғыну  мүмкін емес.Оқыту қиялдың бұл  түрін үнемі дамытып,байытып отырады. Сонымен қатар,бастауыш сынып  оқушыларының қиялы ,оның өмір  тәжірибесімен тығыз байланысты  болады да ,сөйтіп пассив процесс  бос қиял болып қалмай ,бірте-бірте  іс-әрекетке түрткі болады. Пайда  болған бейнелерді және ойларды бала кәдімгі күнбе-күнгі жасаған заттарына (сурет,ойыншық,кейбір пайдаға асатын болмашы дүниелерге) айналдыруға тырысады.

          Бастауыш сынып оқушыларының  психикалық өмірінде сезімнің  маңызы зор .Дені сау 7,10 жасар  балалардың шат,көңілді,сергек көңіл  күйі,жағымды эмоциясы басымырақ  болады. Балалар-табиғатында күшті  оптимистер.Қоршаған болмыстағы  көп нәрселер олардың қызығушылығын  туғызып,кейде олар ересектер  мен жоғары сынып оқушыларында  оншалықты сезім туғызбайтын  болмашы нәрсеге мәз болып  масаттанады. Бастауыш сынып жасындағылардың  осындай түрлі күйге түсуінің  күші ,олардың сезімінің өте тұрақсыз  болуына байланысты. Бірдемеден  сәтсіздікке ұшырап не өкпелесе ,бастауыш сынып оқушысы қатты  ренжиді,ал бірақ ,оның мұңы ,ренжуі  қалай тез пайда болса ,соншалықты  тез ұмыт болады, баланың есінде  ешбір із қалдырмайды.Алайда сезімнің  тез алмасуынан,онда салмақтылық  жоқ екен деп ойлауға болмайды. Бастауыш сынып оқушысының ,эмоциялық  жағдайы аумалы-төкпелі болатын  жас өспірімдерге қарағанда ,кейде  байсалдылық, төзімділік көрсететін  кездері де болады. Дегенмен сезіміне  жеткілікті түрде ие бола алмау ,білдіріп қою ,ұстамдылық жасай  алмау бастауыш сынып оқушыларына  тән .Бала сөйлегенде,мимикасы мен  пантомимикасында  ,жылағанда не  күлгенде ,оның сезімі айқын көрінеді.Балалардың  эмоцияларының дамуына мектептегі  оқыту жұмысы үлкен әсер етеді.Бала  мектепке келісімен ,әр түрлі  сезім тудыратын,көптеген әсер  алады. Сабаққа барған алғашқы  күндерінде ,бір жағынан,бала бірден  кітап,дәптер алып,үлкендерше өзінің  міндетін атқарып жүргенін мақтаныш-

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері