Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Сентября 2014 в 21:41, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйелерінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді шыңдау кез – келген дағдарыстан шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасты өтеу қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мектеп ұжымы өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағұлматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Еліміздің экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеу – ұстаздар қауымының, мектеп ұжымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері ғылыми-теориялық әдебиеттерде қарастырылуы............................................................5
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері.........7
1.2.Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктерін дамыту.10
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының жағымды мінез-құлықтарын дамыту. .17
2. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда белсенді әдістерді қолдануды эксперименталды зерттеу........................................................................................23
2.1. Эксперименталды зерттеу мақсаты, болжамы, әдістемелері ......................23
Қорытынды................................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер......................................

Вложенные файлы: 1 файл

курстық жұмыс салтанат.docx

— 143.91 Кб (Скачать файл)

пен зор қанағаттанғандықпен сезінеді.Екінші жағынан ,бала бұрын білмейтін жаңа ереже,мектептегі тәртіп,мұғалімнің тапсырмасын орындауды және онымен қалай қарым-қатынас жасауды білмеуден келіп ол тосырқау сезімін бастан кешіріп,келе-келе ,жасқаншақ болып кетеді. Бірақ мұндай ыңғайсыздық сезімдерден ,кейде тіпті асып-сасушылықтан кейіннен айығады да бала мектеп өмірі жағдайына үйренеді.Ендігі жерде оны оқудағы жетістіктер мен кемшіліктер ,мұғалімнің мадақтауы не көңілі толмауы толғандырады.Мектеп оқушысы алғашқы оқу жылынан бастап ,өзіне қойылған бағаға немқұрайды қарайтын болса ,ол жақсылық емес.Егер қойылған бағаға байланысты күшті эмоциялар жалпы оқудан алатын жағымды сезімдерді ығыстырып жіберетін болса ,мұндай жағдайлар да жақсы емес.Мұндай кезде оқушы білім алуға құмарланбай ,ойлайтыны үлгіріміне алған бағасы ғана болмақ.

        Бастауыш  сынып оқушыларының оқу кезінде  пайда болатын  сезімдерінің ішінде ,өзінің мұғалімге деген қарым-қатынасынан  туатын сезім маңызды орын  алады.Бұл- көбінесе құрметтеушіліктен  туатын сүйіспеншілік сезімі. Баланың  өзінің алғашқы ұстазына деген  сезімі,көбінесе,мектеп бітіргеннен  кейін де ,көп жылдар бойы ,кейде  өмір бойы сақталады. Әрине,мұғалімнің  өз шәкірттерінің осындай сүйіспеншілігіне  бөленуі үнемі бола бермейді,бірақ  бастауыш сынып жасындағы балалардың  психологиясы сондай,өз ісін сүйген  әрбір мұғалім балаларда терең  сезім туғызып,бүкіл оқу-тәрбие  жұмысы процесін едәуір жеңілдетеді. Оқыту процесінде бастауыш сынып  оқушыларының жоғары сезімдері  едәуір дами түседі. Мұғалімнің  әдемі әңгімесі ,бұдан кейін не  болар екен деп құмарту ,көрнекі  құралдардан туатын әсер ,сыныпта  өткізілген тәжірибелер ,экскурсияға  шыққандағы бақылау-осының бәрі  балаларды шексіз қуанышқа бөлейді,бұл  интеллект сезімнің белгілі бір  түрі болып саналады. Оқушылардың  мектепке дейін әлсіз,терең болмайтын  моральдық сезімдері едәуір дами  бастайды. Оқи бастаған алғашқы  жылда балаларда Отанға деген  сүйіспеншілік сезімі қалыптаса  бастайды.Бұл сезім мектепке дейінгі  шақта баланы қоршаған ,оған қуаныш  әкелетін ,тым жақын,оның өміріне  бақыт әкелетін адамдарға деген  жақындық сезімі ретінде көрінеді.Оқу  процесінде туған жерге ,елге,жақынға  т.б. деген ұғымы ұлғая түседі.Бала  Отан деген не екенін түсіне  бастайды.Мұғалімнің әңгімесінен,кітаптардан,өмірді  бақылау арқылы өз Отаны жайлы  көп нәрсені біліп,бала біртіндеп  патриот бола бастайды,Отанға  деген сүйіспеншілік сезімі өзшама-шарқынша  өсе түсіп ,саналы түрге айналады. Осы сезіммен тығыз байланысты  оның езілушілерге деген аяушылық  сезімі өсіп,еңбекшілерге деген  сезімі артып,қанаушыларды,езушілерді жек көру сезімі пайда болады.  Жалпы біздің балаларымызға тән әділеттілік сезімі тереңдеп дами түседі.

        Бастауыш  сынып оқушыларының достық сезімі  жедел дамиды.1және 2 сыныптарда бұл  сезім тұрлаусыз болып келеді.Балалардың  жақсы көріп қалуы болмашы  нәрседен ауытқып отырады.Бірге  оқу арқасында балалардың өз  жолдастарымен арасында берік  қарым-қатынас пайда болады,бір-бірінің  сабағына көмектесіп,жолдастарына  қамқорлық жасағысы келіп тұратын  болады. Мектеп жасында балалардың  эстетикалық сезімі де дамиды.Олар  суретті қызықтап ,музыка тыңдауды  сүйеді,өлең оқуды ұнатады.

           Ал енді бастауыш сынып оқушыларыының  ерік процестерінің ерекшеліктеріне  тоқталатын болсақ,олар әрқашан  мұғалімнің сөзін зейін қойып  тыңдауды ,бар көңілін істеген  ісіне аударуды т.б. осы сияқты  өз мінез-құлқына бақылау жасауды  жеткілікті біле бермейді. 1сыныптың  өзінде-ақ  бала ,мектепке дейінгі  жастағы кезінен гөрі ,үлкен бір  мақсатқа ұмтылатындығын аңғартады,сөйтіп  оның оқығысы келеді,үлкендер  мен ересек балалар сықылды  өзіне міндет жүктелгеніне қуанады. Жаңа жағдай,бұрын орындауға дағдыланбаған  талаптар ,оны бастапқы кезде  жүрексіз етеді. Балалар бақшасының  тәрбиешісі мен ата-анасын дүрліктіріп  жүрген кейбір балалардың еркін,тентектеу  мінезінің өзі де мектепке  келген алғашқы кезінде ,онша  байқала қоймайды.Бірінші сыныптың  оқушысы  мектепте істеліп жатқан  істің бәрінің де маңызды екенін  және жаңа тәртіптің орындылығын  сезінеді. Бұл мектеп оқушысының  тәртібін тәрбиелеуге септігін  тигізеді.Өзіне қойылған талаптарды  орындауға тырыса отырып ,бала  соны істей алмаймын-ау деп  қорқатын да болады. Ол бірде  өз күшіне сенбей ,жасқана ,кейде  тіпті асып-сасып та қалады. Кейінірек  бала мектеп тәртібін тез меңгеріп  және өзіне сенімі күшейе түседі.Бастауыш  сынып оқушысы істің байыбына  жетіп ,алдын –ала ойластырып,шешім  қабылдауды әлі білмейді,оны тезірек  орындауға асығады,содан соң іске  көңілі суып ,оны бітірмей қалдыруға  әзір тұрады. Еріктің онша дамымағанын  байқататын мінездің осы бір  ерекшеліктері ,әсіресе бастауыш  сынып оқушылары нда еңбек  сабағында бой көрсетіп қалады. 1-2сыныптың оқушылары өз ісіне сын көзбен қарауға машықтанбаған,олар өзістегендеріне риза болады,сондықтан да бір нәрсені қайтадан істеуді, жетілдіре түсуді жек көреді. Ал 3сыныпта еріктің ең маңызды қасиеті болып саналатын өзіне-өзі сын көзбен қарау жағы әлдеқайда дами түседі. 1сыныптағыларда өз бетінше әрекет жасау да нашар дамыған. Олар не нәрсеге болмасын мұғалімнің нұсқауын күтіп отырады. Бастауыш сынып оқушыларының ерік күшінің жеткіліксіздігі ,олардың ішкі және сыртқы қиындықтармен күресе білмейтіндіктерінен көрінеді. Өздеріне онша қызықты емес нәрсемен ұзақ шұғылдануда табандылық пен төзімділік көрсету ,балаларға оңай емес.Ал оқу процесінде қызықты емес нәрселермен де айналысуға тура келеді.Балалар бірте-бірте өздеріне ұнайтын нәрсемен ғана емес ,істеуге тиісті нәрсені орындауға дағдыланады.

       Балалардың  қабілеттіліктері жөнінде ,ең алдымен: олардың қалай оқитындығын,оқу  материалын түсінуі және есте  сақтауы,өзбілімдерін қолдана алуы,тапсырманы  орындаудағы қабілеті,жазу мен  сөйлеу тілінің қаншалықты дәрежеде  екендігі жайлы білгеннен кейін  ғана дұрыс шешімге келуге  болады. Балалардың қабілеттіліктерінің  кейбір көрсеткіштері мына сапалар  бола алады:зейінділік, тез және  берік есте сақтау,ойлай білу,тапқырлық,ұшқыр  қиял,инициативасы,жұмыс үстіндегі  дербестігі және оның жақсы  нәтижелілігі. Бала неге бейім  және қандай қабілеті бар,ол  қалай дамуда екендігін мұғалім  білуі керек.Мұнда қорытынды жасауға  асықпау қажет.Жалқау немесе түрлі  себептермен білімінде олқылықтары  бар оқушыны қабілетсіз деп  есептейтін жағдайлар да кездеседі.Кейбір  кезде қабілетті,бірақ жүйелі  еңбекке дағдыланбаған,ыықылассыз, іске немкетті қарайтын,самарқау  жұмыс жасайтын оқушыны да  қабілетсіз деп танимыз.Алайда ,оның  жұмыс істеуіне кедергілерді  жойса,қызықтырса,көңілін сергітсе,уақытында  көмек көрсетсе,ол жақсы оқу  үшін жеткілікті қабілеттіліктер  көрсете бастайды. Ақыл-есі сау  балалардың ішінде бастауыш сыныптың  оқу материалдарын қанағаттанарлық  дәрежеде игеруге қабілеттері  жетпейтіндер жоқ.Әдетте бастауыш  сынып оқушыларында қабілеттіліктері  әр салаға бөлінгендері байқалады. Бірқатар балалар оқу мен жазуға,біреулері- математикаға,енді біреулері сурет салуға қабілеттірек.Бірқатарлары тез есте сақтайды,бірақ тез ұмытып қалады,ал кейбіреулері баяу есте ұстайды,бірақ ұзақ есінде сақтайды.Мұғалім балалардың осындай жекелеген айырмашылықтарымен есептесуі қажет.

Егер баланың не жалпы,не арнаулы бір нәрсеге қабілеттілігі байқалмаса,ол жайлы ештемеге қыры жоқ адам дегендей қорытындыға келуге болмайды. Еш нәрсеге қабілетсіз адам жоқ.Мұғалім әрбір оқушыны жіті бақылап,оңайлықпен қолға түсе бермейтін ,оның қабілеттілігін ашуға тырысуы керек. 210-бет.

        Жеке  адам дегеніміз-темпераменттің түрлі  типтеріне жататын психикалық  қасиеттердің иесі.Пайда болу  жылдамдығы мен сезім күшінде  және адамның жалпы қимыл,қозғалысында  көрінетін жеке –дара психологиялық  ерекшеліктердің жиынтығы  темперамент  деп аталады.

« Темперамент»   деген атау латынша temperamentum деген сөзден шыққан ,бұл бөліктердің арақатынасы, деген сөз .Темпераменттің төрт типіне қарай адамдарды төрт топқа бөлген  Гиппократтың идеясы мыңдаған жылдарды бастан өткерді. Бұл атаулар бүгінгі күнге дейін сақталып отыр.

       Холерик  темпераменті тез туатын күштісезімдерімен  эмоциялық қозғыштығымен ,шамданғыштығымен, жігерімен,  үлкен қозғалғыштығымен, ұтымды қимылдарымен, бай мимикасымен  сипатталады.

         Сангвиник темпераменті жиі көрініс  беретін және бірін-бірі тез  алмастыратын сезімдермен көзге  түседі, сангвиник үшін мінездің  өткірлігі , үлкен қозғалғыштық, әсерінің  тұрақсыздығы тән болып келеді.

         Флегматик темпераменті сезімінің  болымсыз білінуімен сипатталады. Флегматикты өзі үшін байсалды  кәдуілгікүйден шығарып әкету  оңайға түспейді,  ол жүріс-тұрысы  мен сөзінде сылбыр,оның мимикасы  онша айқын емес,қимылдары сараң. 

          Меланхолик темпераменті, бұлардың  сан алуандығы біршама сөз  болғанда ,жай туатын сезімдерімен  көзге түседі,сезім сырттай мүлде  дерлік көрінбейді, меланхоликті  көп нәрсе толқыта бермейді,бірақ  сезімі білінгенде бұл ,әдетте  терең,ұзаққа созылған,әрі мейлінше  күшті болады. Меланхоликтің көңіл-күйі  көбінесе жабығыңқы келеді.(«меланхолия « сөзін психикалық жағдайы жабығыңқы екенін білдіру үшін де  тегіннен-тегін қолданбайды.)

        Таза  күйінде бұл типтер өмірде  мейлінше сирек ұшырайды.Бұдан  басқа толып жатқан ауыспалы ,аралық  немесе аралас типтер де болады.

       Әрбір  баланың  дербес  ерекшелігі  тәрбие  процесінде, даму  кезеңінде    

байқалады .Дербес  ерекшелікте рге  түйсік,   қабылдау, ойлау   өзгешеліктері

, жеке адам  бойындағы  мінез-құлық, темперамент ,қабілет  сияқты   қасиет-

тер жатады.Нерв жүйесінің типтік қасиеттері адамның мінез-құлқынының,

темпераментінің ,қабілетінің табиғи негізін құрайды.Дербес қабілеттердің

дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне байланысты.Ал дара қабілет-

тер адамның  айналаны қоршаған дүниемен өзара әрекеттесу процесінде қа-

лыптасады. Әрбір адамның өзіне тән қасиеттерін қалыптастыру мен дербес

ерекшеліктерін дамытуды жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді.

         Тәрбие баланың дамуына ықпал  жасап қана қоймайды,олүнемі даму 

дәрежесіне сүйенеді. Мұғалім күнделігі оқу-тәрбие жұмысының процесінде

оқушылардың дара ерекшеліктерін бақылап ,есепке алып отырады. Осындай

нақты зерттеу жұмысының нәтижесінде мұғалім балаларда кездесетін әр түр-

лі жағымды және жағымсыз дара ерекшеліктерді байқайды.Оларға :кейбір

баланың оқу материалын тез ұғуы немесе баяу ұғуы берілген тапсырманы

мезгілінде бұлжытпай орындауы немесе түрлі сылтауларды айтып бас тартуы

іс-әрекеттерінің барысындағы белсенділік немесе енжарлық, бір баланың

байсалды, ұстамды болуы ,екіншісінің жеңілтек,қызба болуы баланың ұжым-

шыл болуы немесе ұжымнан өзін оқшау ұстауы т.б.Осы сияқты әр түрлі

дара айырмашылықтарды мұғалім тәрбие жұмысын  жоспарлауда еске алады,

оларды іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасап,нақты шаралар белгілейді.

          Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін ,типтік сипатын мінез-құл-

қына сәйкес жете білуі қажет.Мәселен,нерв жүйесіне байланысты темпера-

мент типтерін басшылыққа алмай,тәрбие процесін психологиялық негізде

ұйымдастырып іс-жүзіне асыру мүмкін емес.Жеке адамның  дүниені сезгіш-

тігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді. Мұғалім сабақ үстінде

тәрбие процесінде (ойын,еңбек, қоғам жұмыстары т.б.) балалардың мінез-

құлықтарын ескеріп темпераментін тәрбиелейді. Мысалы ,сангвиник бала-

ның іс-әрекетін үнемі бақылап,берген тапсырманы негізінде орындалуын

қадағалап отыру керек болса ,ал меланхоликті белсенділікке, ынтымақтас-

тыққа ,ұжымшылдыққа тәрбиелеу қажет.

Холериктерді-ұстамдырақ,  сангвиниктерді-жұмыста шыдамдырақ етеді,  флегматиктер-белсендірек,  меланхоликтер- өзіне сенімдірек және көпшіл болады.

Темпераменттің барлық типтеріне мектеп тәртібі, сондай-ақ дене тәрбиесі және басқа да денсаулықты жақсартатын іс-шаралар пайдалы әсер етеді.Темпераментпен жұмыс адамның еркін және оны берік мінезге тәрбиелеумен тығыз байланысты,сөйтіп бұл өз темпераментінің құлы болмай қайта оны басқара алуға  адамның қолын жеткізеді. 210-212бет.

        Мектепке  дейінгі және одан ересек балалармен  салыстырғанда ,бастауыш сынып оқушыларының  түрлі денелік ерекшеліктері  бар.Бастауыш сынып оқушысының  сүйек системасы қатая түскен,бірақ  сүйегінің қатаю процесі бітпеген.Балаларды  сабақ кезінде отырғызғанда мұны  ескерген жөн. Балаларды тым көп  жазу жаздырып шаршатпау керек,өйткені  оларға саусақтары мен қол  буынын дәл қимылдату қиынға  түседі. Бастауыш сынып оқушыларының  жүрек-тамыр системасы әлі де  болса толық дамып жетілмеген ,сондықтан сабақ үстінде, ойын  ойнаған кезінде балаларды шаршатып  алмау керек. Бастауыш сынып оқушысының  жоғарғы нерв системасы (бұған  дейінгі жастағы кезеңдерімен  салыстырғанда ) айтарлықтай жоғарғы  дәрежеде дамыған. Баланың миының  салмағы 7 жастан соң едәуір ұлғаяды .Егер 3-6 жастағы баланың миының  салмағы орта есеппен 1100 г. болса, жетіге толғанда 1250 г.,ал  9 жаста  1300 г. болады,сөйтіп 7-11 жаста мидың ,әсіресе  маңдай жағы бөлігінің көбірек  өсетіндігі байқалады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері