Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 20:05, реферат
Әлеуметтік жұмыстың Ресейде пайда болу кезеңдері. Амалдар мен шешімдердегі айырмашылықтар. Ресейдегі қоғамдық қайырымдылық ету жүйесін қалыптастыру және дамыту. Әлеуметтік көмек көрсетудегі шіркеулер мен монастырьлардың ролі. Төңкерістен кейінгі және кеңес дәуіріндегі әлеуметтік жұмыс. Қазіргі кезеңдегі тұрғын-халықты әлеуметтік қорғау мәселелері.
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«6М090500 – ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС»
МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША
ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ
АЛМАТЫ 2012
Емтихандық тақырыптардың тізімі
«Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы» пәні
Әлеуметтік жұмыстың Ресейде пайда болу кезеңдері. Амалдар мен шешімдердегі айырмашылықтар. Ресейдегі қоғамдық қайырымдылық ету жүйесін қалыптастыру және дамыту. Әлеуметтік көмек көрсетудегі шіркеулер мен монастырьлардың ролі. Төңкерістен кейінгі және кеңес дәуіріндегі әлеуметтік жұмыс. Қазіргі кезеңдегі тұрғын-халықты әлеуметтік қорғау мәселелері.
Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі ерекшелігі. Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретінде қалыптасу процесі: жетістіктері мен мәселелері. Әлеуметтік жұмыстағы теория және эмпирикалық білім. Әлеуметтік жұмыстың заңдылықтары, принциптері мен әдістері.
Қоғамның рухани-адамгершіліктік және әлеуметтік-мәдени құндылықтары және олардың әлеуметтік жұмыспен байланысы. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты және әлеуметтік жұмыс. Әлеуметтік жұмыстың мемлекеттік-құқықтық негіздері. Әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі қоғамдық және қайырымдылық ұйымдар. Тұрғын-халықты әлеуметтік қорғау: мәні, ұйымдастырушылық-құқықтық формалар.
Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс. Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс. Пенитенциарлы мекемелердегі әлеуметтік жұмыс. Мәдени-бос уақыт іс-әрекет жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс. Қала және ауыл аймақтарындағы әлеуметтік жұмыс. Өндірістегі әлеуметтік жұмыс.
Әлеуметтік жұмыстағы кәсібилікті қалыптастыру мәселелері. Әлеуметтік қызметкер мен клиенттің арасындағы әлеуметтік өзара әрекет ету. Әлеуметтік қызметкердің рухани-адамгершіліктік бейнесі.
Әлеуметтік басқару және әлеуметтік жұмыстағы басқару. Әлеуметтік жұмысты басқару теориясындағы негізгі ғылыми мәселелер. Әлеуметтік жұмысты басқарудағы мотивация және оның мәні. Әлеуметтік жұмысты басқарудағы жалпылық және ерекшелік.
Әлеуметтік жұмысты дамытудың қазіргі тенденциялары. Әлеуметтік жұмыс саласындағы кәсіби мамандарды дайындауда мамандықты тереңдетудің және кеңейтудің қажеттілігі.
«Әлеуметтік жұмыстың медициналық-әлеуметтік негіздері» пәні
Денсаулық туралы ілімнің қалыптасу кезеңдері. Адам - биологиялық және әлеуметтік тұлға, сондықтан олардың өзара қарым-қатынасы денсаулықтың негізі. Денсаулық туралы жалпы түсінік, анықтамасы, оның негізін құрастыратын бөліктері. Денсаулыққа медициналық, әлеуметтік, экономикалық табиғи, биологиялық, психологиялық т. б. факторлардың әсерлері. Денсаулықтың топтары, көрсеткіштері, оларды бағалау әдістері. Осы салада еңбек еткен белгілі ғалымдардың зерттеулері.
Әлеуметтік медицинаның
негізгі ұғымдарының пайда
Әлеуметтік гигиенаның оқыту пәні. Әлеуметтік гигиенаны зерттеудің әдістері. Санитарлы статистиканың міндеттері және статистикалық зерттеулердің кезеңдері. Тұрғын-халықтың денсаулығын бағалау үшін салыстырмалы және орта мәндер. Тұрғын-халықтың қоғамдық денсаулығының көрсеткіштері.
"Өмір салты" және "Салауатты өмір салты" ұғымдарына түсініктеме, олардың анықтамасы. Салауатты өмір салтының негізгі мақсаты - туғаннан қартайғанға дейін денсаулықты сақтап, нығайтып, ауырмайтын жол іздеу әдістерін ғылыми түрде құрастырып, насихаттау. Салауатты өмір салтының негізгі құрылымдары, қағидалары, олардың организмге әсері. Мықты денсаулықтың негізі - салауатты өмір салты.
«Психика» туралы түсінік. Психикалық денсаулықтың валеологиялық аспектісі. Психика құрылымы. Жігерлілік. Психикалық стресс, оның кезеңдері. Психикалық стресстің психикалық және физиологиялық механизмдері. Эмоциялар. Психикалық бейімделістің бір түрі – невроз. Психикалық стрессті алдын алу және оның салдарын түзету. Психокоррекция. Психикалық сауықтыру. Психогигиена. Тіршілік кеңістіктің психоэкологиясы.
«Репродуктивтік денсаулық» туралы түсінік. Адамның репродуктивтік шамасы. Жыныстық мәдениет. Жыныстық тәрбиелеудің принциптері. Қыздардың денсаулығы – қоғамның демографиялық потенциалының ерекше әлеуметтік құндылық ретінде. Контрацепция мәселесі. Әйелдерге акушерлік-гинекологиялық және әлеуметтік көмекті ұйымдастыру.
Тамақтану және денсаулық сақтау. Спорт – денсаулықты қалыптастырудың басты аспектісі. Еңбек және демалысты рационалды ұйымдастыру. Экология және денсаулық сақтау.
Денсаулықты бұзудың әлеуметтік-гигиеналық мәселелері. Денсаулық пен ауру қарама-қарсы екі диалектикалық катеория ретінде. Басты әлеуметтік аурулар мен оларды алдын алудың негізгі шаралары.
Кең тараған қолайлы, немесе қолайсыз әлеуметтік - гигиеналық факторлардың денсаулыққа әсерлері. Денсаулықты нығайтатын немесе кері әсер ететін экономикалық, биолгиялық, әлеуметтік факторлар. Жағымсыз факторларды заласыздандыру әдістері. Денсаулықты сақтау, нығайту шараларын ұйымдастыру, нәтижелі қолдану бағыттары.
Наркотизм медициналық-әлеуметтік мәселе ретінде. Бейімделудің медициналық-әлеуметтік мәселесі. Адам ағзасын сауықтырудың дәстүрлі емес әдістері.
«Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары» пәні
«Әлеуметтік технологиялар» ұғымы. Әлеуметтік технология қоғамдық құбылыс ретінде. Әлеуметтік технология: типі, түрі. Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік технология түрі ретінде. Әлеуметтік технологиялардың мақсаты мен міндеттері. Әлеуметтік технологияның көп қырлығы; оның көп қырлығының анықтамасы, факторлары. Әлеуметтік технологияны классификациялау. Әлеуметтік технологияларды қалыптастыру. Әлеуметтік технологиялардың құрамы мен ерекшеліктері. Әлеуметтік технологиялар және тәуекел.
Технологиялық процесс әлеуметтік жұмыс ретінде. “Әлеуметтік жұмыс технологизация” түсінігі. Әлеуметтік жұмыс технологизациясының функциясы. Қазіргі кезеңдегі әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері; әлеуметтік мәселелердің ерекшеліктері. Әлеуметтік жұмыс технологиясының негізгі мақсаттары: мәні, принципі, функциясы, мазмұны, кезеңдері. Әлеуметтік жұмыста әдістерді қолданудың ерекшеліктері.
Әлеуметтік жұмыстағы әдіс және технология ұғымы. “Технология” және “әдіс” түсінігі бір тұтасты құраушы ретінде. Әдіс іс-әрекеттің танымдық тәсілі ретінде. Классификация деңгейі, технология, әдістің орны мен рөлі (субъективті деңгей, функционалдық деңгей, пәндік деңгей). Әдістері, құрылымы, тәсілі. Әлеуметтік жұмыс практикасындағы әдіс пен технологияның өзіндік байланысы.
Әлеуметтік жұмыс теориясының әдістерінің ерекшелігі пәнаралық ғылым ретінде. Әлеуметтік жұмыстағы әдістердің маңызды сипаттамасы. Әлеуметтік жұмыстың ғылыми-зерттеу әдістері, олардың сипаттамасы. Тәжірибелік іс-әрекеттің әдістері. Әлеуметтік жұмыстың бағыттары мен формалары бойынша әдістерді жіктеу (ұйымдастырушылық, топтық, қауымдық); әлеуметтік жұмыстың субъектісі бойынша (жеке мамандармен қолданылатын, әлеуметтік жұмыстың басқару органдары).
Басқару әлеуметтік құбылыс ретінде. Әлеуметтік жұмысты басқарудағы қатынас. Басқару мәдениеті. Басқару жүйесі. Басқару әдісіндегі топтастыру әдісі (ұйымдастыру-бөлу, ұйымдастыру-координациялау, ұйымдастыру-техналогиясы т.б.). Ұйымдастыру-бөлу әдісі; оның классификациясы. Басқару функциясындағы классификациясы. Әлеуметтік жұмыстағы ұйымдастыру ұғымы.
Әлеуметтік жұмыстағы
Әлеуметтік жұмыстағы
Әлеуметтік жұмыстағы
Экономика әлеуметтік міндеттерді шешетін анықтаушы материалды негіз ретінде. Тұрғын-халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі принциптері. Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік-экономикалық әдістерінің сипаттамасы. Минималды әлеуметтік-экономикалық кепілдемелер жүйесі. Кіріс индексациясы. Шығын компенсациясы. Статистикалық, математикалық әдістер, және олардың әлеуметтік жұмыста пайдалануы.
Топ; топтардың негізгі типі. Топтармен әлеуметтік жұмыс әдістерді реттеу, теориясы (әлеуметтік жүйе теориясы, әлеуметтік ауыстыру теориясы). Топтар әдісіне сипаттама (анкета жүргізу, социометрия, референтометрия, топтық дискуссиясы, іс-ойыны, әлеуметтік-психологиялық тренинг т.б.). Әлеуметтік топ жұмыстарына қажеттілік туғызатын және қиындық туғызатын факторлар. Әлеуметтік қауымдық; әлеуметтік жұмыс қауымдастығының әдістері (микроәлеуметтік орта).