Жас ерекшеліктік дағдарыстар, олардың мәні, құрылымы, мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2015 в 18:32, курсовая работа

Краткое описание

Жеткіншектердің кәсіби бейімделуіндегі мамандықты таңдау, теориялық даярлық, мамандықты игеру, кәсіби біліктілігін арттыру жағдайындағы дағдарыстармен олардың пайда болу факторларының психологиялық маңызы ерекше. Жеткіншектердің кәсіби қалыптасуының дағдарыстарын шетелдік және отандық психологияда адамның жастық даму деңгейлері ерекшеліктеріне байланысты қарастырады. Әр жаста өзіне тән өмірлік дағдарыстар болады. Бұл дағдарыстар адамның кәсіби жүріс-тұрысында анық байқалмайды. Алайда, кәсіби сананың машиналық құрылымында жаңа мақсатта пайда болып, әлеуметтік-психологиялық түзетулер мен өзара алмасулар байқалып, кейде мамандықты толық өзгертумен аяқталуы мүмкін.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3

I.ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТІК ДАҒДАРЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАЛАРЫ
1.1 Жеке адам дамуының дағдарыстық кезеңдері (жас ерекшеліктеріне қарай)......................................................................................................................8
1.2 Дағдарыс кезеңіндегі жеке адамдардағы психологиялық өзгеріс.................12

II. ЖЕТКІНШЕК КЕЗЕҢДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫС-ЖАСЕРЕКШЕЛІКТІК ДАҒДАРЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІ РЕТІНДЕ
2.1 Жеткіншек кезеңіндегі дағдарыстардың сипаты..............................................18
2.2 Жеткіншектік дағдарыстың негізгі қайта құрылуының мазмұны..................21
2.3 Жеткіншектік кезеңіндегі дағдарыстық мәселесінің психологиялық шешімдері...................................................................................................................27

Қорытынды.................................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................34

Вложенные файлы: 1 файл

ЖАС ЕРЕКШЕЛИК ДАГДАРЫС -ПСИХОЛОГИЯ....doc

— 690.50 Кб (Скачать файл)

Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жайлардың ролі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді. Бұл проблеманың аса маңызды педагогикалық мәні бар.

Жеткіншектің  жеке  басы дамуының аса маңызды факторы — оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға, (өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау) бағытталады.

 Жеткіншектердің  ересектігінің  дамуындағы жалпы бағыт әр  түрлі және әрбір бағыттың  көптеген варианттары болуы мүмкін.

 Жеткіншектік  кезеңнің  маңыздылығы адамның жеке басының  моральдық және әлеуметтік негіздері  қолданады және олардың қалыптасуының  жалпы бағыты белгіленеді. Жасөспірімдік шақта олардың калыптасуы жалғасады.

Жеткіншектің  дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды: дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнің морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады [14].

Организмнің қайта кұрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден басталады. Гипофиздің, әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның басқа да өте маңызды бездерінің (қалқан жыныс, бүйрек үсті бездерінің) қызметіне. Олардың кызметі жасөспірімнің организмінде көптеген өзгерістер, соның ішінде неғұрлым анық көрінетін өзгерістер туғызады (жыныс органдарының дамуы және екінші жыныстық белгілердің көрінуі).

Бұл процестер қыз балаларда 11—13 жаста, ер балаларда 13—15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің акселерациясы байқалып отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10—11, ер балалар 12—13 жаста жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады.

Антрополог Р.Бенедикт балалықтан ересектікке өтудің екі типін бөліп көрсетті: 1) үздіксіз және 2) баланың балалық шағында оқып үйренгені мен ересектің рөлін жүзеге асыру үшін қажетті іс-әрекет тәсілдері мен түсініктер арасында үзілістер болатын типі. Өтудің бірінші типі балалар мен ересектерге арналған бірқатар маңызды нормалар мен талаптардың ұқсастығы жагдайларында болады. Мұндай жағдайларда даму бірқалыпты өтеді, бала ересектік іс-әрекет тәсілдеріне біртіндеп үйренеді де, ересектің статусының, талаптарын орындауға даяр болып шығады. Өтудің екінші типі балалар мен ересектерге койылатын мәнді талаптарда   алшақтық болған кезде байқалады

Антропологтар зерттеулерінің теориялық маңызы зор. Бала өмірінің нақты әлеуметтік жағдайларына:

1) жеткіншектік кезеңнің  ұзақтығына;

2) дағдарыстың, талас тартыстың, қиыншылықтардың болуына;

3) балалықтан ересектікке  өтудің өзінің сипатына қарай анықталатыны дәлелденді.

Бұл зерттеулерден фрейдизмге қарама-қарсы, адамдағы табиғи дүние әлеуметтік болғандықтан ондағы табиғи дүниені әлеуметтік дүниеге қарсы қоюға болмайды деген корытынды шығады.

 С. Выготский сын жастарды  зерттеуде жаңа проблемалар: санадағы негізгі жаңа құрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау қажеттігін қойды, бұл жағдай әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін қайта құру өтпелі шақтағы «дағдарыстық» басты мазмұнын құрайды деп пайымдады.

Сонымен, жасөспірімдік кезеңдегі «дағдарысты» түсіндіруде теориялық ой-пікірдің дамуы жасөспірімдік кезеңнің көріністері мен өтуінің ерекшеліктері жеткіншектің өмірі мен дамуының нақты әлеуметтік жағдайларымен, оның ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайымен анықталатынын көрсететін қорытындылардың, біртіндеп жинакталуы болды.

Жеткіншектік шаққа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрыңғы қатынас бұзылады. Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады, ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады. Ересектік сезімі деп аталған бұл ерекшеліктің өзіне тән белгісі жасөспірім өзін балалар қатарынан шықтым деп санайды, бірақ төңірегіндегілер менің ересек болғанымды таныса, деген қажетсіну бар болғанымен, онда шынайы, толық ересектікті сезіну әлі болмайды.2

 

2.2 Жеткіншектік  дағдарыстың негізгі қайта құрылуының  мазмұны

 

Жеткіншектің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нак осы шақта биологиялык, толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды: дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнің морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады.

Организмнің қайта кұрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден басталады. Гипофиздің, әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның басқа да өте маңызды бездерінің (қал-қан жыныс, бүйрек үсті бездерінің) қызметіне қолайлы жағдай жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер, соның ішінде неғұрлым анық көрінетін өзгерістер туғызады (жыныс органдарының дамуы және екінші жыныстық белгілердің көрінуі). Бұл процестер қыз балаларда 11 — 13 жас-та, ер балаларда 13—15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің акселерациясы байқалып отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10—11, ер балалар 12—13 жаста жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады.

Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі — жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді: дененің пропорцнясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бас сүйегінің бет бөлігінін жеделжетілуі нәтижесінде бет әлпеті де өзгереді. Жеткіншек жасындағы жылдарда омыртқа жылдық өсуінде бойдың ұзару қаркынынан қалып кояды. 14 жасқа дейін омыртқалар арасындағы кеңістік әлі шеміршекпен толы болады да, ұзақ уақыт бойы сыңаржақ салмақ түскен немесе шамадан тыс күш түскен жағдайларда омыртқа қисайып кетуге бейім тұрады. Дене түзілісінің неғүрлым көбірек бұзылуы 11 -15 жаста болады, дегенмен нақ осы жаста мұндай кемшіліктерді түзеу де одан кейінгі кездердегіден оңай болады. 20-21 жаста жамбас сүйектерінің бекуі аяқталады (кыз балалардың жыныс органдары осы сүйектердің аралығында болады). Өте биіктен секірген кезде бүл сүйектердің тайып кетуі мүмкін, ал биік өкшелі аяқкиім кигенде жам-бастың формасы өзгеріп, мұның кейінгі босану функңиясына зиянды әсері болуы мүмкін [15].

Бұлшық еттің және бұлшық ет күшінің неғұрлым жедел артуы жыныстық жетілудің аяғында болады. Бұлшық еттің дамуы ер балаларда еркектер типінде, ал қыз балаларда әйелдер типінде болады, осыдан келіп әр жыныстың екілдерінде еркектерге тән немесе әйелдерге тән белгілер қалыптасады, бірақ бұл процестің аяқталуы жеткіншектік шақтан өткеннен кейін болады.

Бұлшық ет күшінің артуынан жеткіншсктің дене күшінің мүмкіндіктері ұлғаяды. Мұны ер балалардың өздері де ұғынады және олардың әрқайсысы үшін оның үлкен маңызы бар. Алайда ересектерге қарағанда жеткіншектің бұлшық еттері тез шаршайды, сондықтан ұзақ уақыт жұмыс істейтін қабілеті әлі болмайды, сгтортпен және дене еңбегімен шұғылданған кезде мұны ескеріп отыру керек. Мотор аппаратының қайта құрылуымен қатар көбіне қозғалыстардағы үйлесім жоғалады, өз денесін дұрыс ұстай білмеушілік шығады (шамадан тыс көп қозғалу, олардың жете үйлестірілмеуі, жалпы ебедейсіздік, колапайсыздық). Бұдан күйзеле қынжылу, өзіне сенімсіздік секілді жайлар туындауы мүмкін. Алайда 6-7 жастан 13-14-ке дейінгі шақ - көптеген қозғалыс сапалары оптимальды дамитын, қозғалыс функцияларының бірқатар көрсеткіштері жедел артып жетілетін кезең. Сондықтан спортта жетістіктерге жету мүмкіндіктері де артады.

Әр түрлі мүшелер мен талшықтардың өсуі жүректің қызметіне шамадан тыс талаптар кояды. Жүрек те өседі, әрі қан тамырларына карағанда тез өседі. Мұның өзі жүрек қан тамырлары жүйесінің қызметіндегі функциялық бұзылулардың себебі болып, жүректің қағуы кан қысымының артуы, бастың ауруы бастың айналуы, тез шаршау түрінде көрінуі мүмкін.

Жеткіншектік шақта организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гормондары, атап айтканда, зат алмасудын катализаторлары болып табылады. Эндокриндік және нерв жүйелері функциялық жағынан өзара байланысты болғандықтан, жеткіншектік шақ, бір жағынан, энергияның қауырт өсуімен, ал екінші жағынан патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуымен сипатталады. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт нервіге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар (қорқыныш, ыза, реніш) эндокриндік қолайсыздықтар (етеккір циклінің уакытша тоқтауы, гипертиреоздың дамуы) және нерв жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін Олар тез шамданғыштықтан, тежегіш механизмдердің әлсіздігінен, тез шаршаудан, ұмытшақтық пен аңғалдықтан, жұмыста өнімділіктің төмендеуінен, ұйқының бұзылуынан байқалады. Жеткіншектік шақта эндокриндік және нерв жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерлеріне, көңіл күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтылығының, ашуланғыштығының, шамданғыштығының, қозғыштығының, белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селсоқтануының, енжарлануының негізі болады. Қыз балаларда мұндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байкалады.

Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуында бірталай маңызы бар. Біріншіден, жеткіншектің өзі анық сезетін бұл өзгерістер оны объективті тұрғыдан ересекке айналдырады және оның өзінің ересектігін сезінуінің (әзінің ересектерге ұқсастығын түсіну негізінде) басталуына негіз болады. Екіншіден, жыныстық толысу басқа жынысқа ден қоюдың дамуына, жаңа түйсіктердің, сезімдердің, толғаныстардың шығуына себепші болады. Өзімен езі болу жеткіншектің жаңа түйсінулер мен толғаныстарына ден қоюы, бұлардың оның өмірінде алатын орны жеткін-шек өмірінің кең әлеуметтік жағдайлары мен нақтылы дара жағдайларына, оның тәрбиеленуі мен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне қарай анықталады. Үлкендерге арналған кітаптар мен кинофильмдер де теріс ықпал жасауы мүмкін. Осының бәрі, сондай-ақ махаббат пен жыныс проблемалары туралы жолдастарымен әңгімелесулер адамдардың қарым-қатынасының интимдік жағына кебірек кеңіл бөлудің, эротикалық ойысушылықтар мен ерте сексуалдылықтың дамуына апарып соғады. Қыз болсын, ұл болсын жеткіншектерде алғашқы романтикалық сезімдердің оянуы - қалыпты құбылыс.

Жеткіншектердің кәсіби бейімделуіндегі мамандықты таңдау, теориялық даярлық, мамандықты игеру, кәсіби біліктілігін арттыру жағдайындағы дағдарыстармен олардың пайда болу факторларының психологиялық маңызы ерекше. Жеткіншектердің кәсіби қалыптасуының дағдарыстарын шетелдік және отандық психологияда адамның жастық даму деңгейлері ерекшеліктеріне байланысты қарастырады. Әр жаста өзіне тән өмірлік дағдарыстар болады. Бұл дағдарыстар адамның кәсіби жүріс-тұрысында анық байқалмайды. Алайда, кәсіби сананың машиналық құрылымында жаңа мақсатта пайда болып, әлеуметтік-психологиялық түзетулер мен өзара алмасулар байқалып, кейде мамандықты толық өзгертумен аяқталуы мүмкін. Кәсіби дағдарыстың бірнеше факторларын бөліп қарастыруға болады:       

Бірінші фактор — кәсіби іс-әрекетті орындаудың әдіс-тәсілдерінің сапалық өзгеруі (жетілдірілуі). Жеткіншек өзінің кәсіби қадамында біліктілікті арттыру немесе іс-әрекетті орындау тәсілдерінің жаңа деңгейіне көтерілуде қалыптан тыс белсенділік көрсетуі қажет.

Екінші фактор—адамның әлеуметтік-кәсіби белсенділігінің дамуы. Өзінің әлеуметтік және кәсіби іс-әрекетінің деңгейіне канағаттанбаудан адам әрекетті орындаудың тәсілін іздеп, жетілдіреді немесе жұмыс орнын, кейде мамаңдығын ауыстыруы мүмкін.

Үшінші фактор ретінде адамның өмірлік іс-әрекетінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын карастырады. Олар: бірлестіктің жойылуы, жұмыс орнының қысқаруы, төменгі жалакы, мекен-жай ауыстыру, т.б.

Сонымен қатар, жастық психологиялық өзгерістері, денсаулық жайы, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, психикалық процестердің әлсіздігі, кәсіби іс-әрекеттегі қажу т.б. маңызды рөл атқарады [16].

Кәсіби дағдарыстар жаңа қызметке келу, вакантты орынға бәсекелестік, мамандарды аттестациялау кезінде анық байқалады.

Төртінші фактор — жеке адамның өз мамандығына бар болмысымен берілуімен байланысты. Маман-фанатиктер өз іс-әрекетін қоғамдық беделмен шығармашылық жетілдірудің құралы ретінде бағалауынан, кәсіби этиканы бұзушылық, өзара әрекеттестікте қатыгездікке берілуі мүмкін. Дағдарыстық құбылыстар компоненттілік деңгейінің жетіспеушілігі кәсіби әлсіздікпен бірге жүріп отырады. Бұл дағдарыстардың нәтижесі кәсіби апатия мен іс-әрекеттегі енжарлыққа соқтырады.

Кәсіби бейімділіктің қалыптасуындағы дағдарыстардың  психологиялық ерекшеліктерін жеткіншектің қалыптасуында кәсіби білім, даярлық, бейімделу, бастапқы және екінші кәсіби біліктілік пен шеберліктің 7-кезеңімен байланысты  қарастыруға болады. Мұндағы бір кезеңнен екінші кезеңге өту өзіндік психологиялық ерекшеліктері бар қалыпты дағдарыстармен ұштасып отырады:

Бірінші кезең, оптация немесе кәсіби ниеттің қалыптасу стадиясы (14-18 жас). Ерте балалық шақтың өзі кәсіби өзіндік анықталуымен тығыз байланысты. 14 жас шамасында жеткіншектерде мамандық түрлері туралы бірқатар білім қоры жинақталып, бір немесе бірнеше мамандықты өзіне таңдау құбылысы байқалады. Бұл стадияда оқу іс-әрекетін бағалау жүреді. Кәсіптік ниеттеріне байланысты оқу іс-әрекетінің мотивациясы өзгереді. Жоғары сыныптардағы білім алу кәсіби бағдар процесімен ұштасады. Осы стадияда жетекші іс-әрекеттің алмасуы байқалады, оқу-танымдық әрекеті кәсіби бағдарлық іс-әрекетімен алмасады. Дамудың әлеуметтік ситуациясының кардиналдық өзгерісі байқалады. Осы кезде қалаулы болашақ пен реалды бүгінгі өмір-арасында қайшылық пайда болады. Нәтижесінде білім алудағы кәсіптік бағдарлау дағдарысы пайда болады. Мектеп бітірушілерде бұл дағдарыс анық байқалады. Бұл дағдарыстың ядросы мамандық бойынша кәсіби білім немесе даярлық жолын таңдау мәселесі болып табылады.

Информация о работе Жас ерекшеліктік дағдарыстар, олардың мәні, құрылымы, мазмұны