Жас ерекшеліктік дағдарыстар, олардың мәні, құрылымы, мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2015 в 18:32, курсовая работа

Краткое описание

Жеткіншектердің кәсіби бейімделуіндегі мамандықты таңдау, теориялық даярлық, мамандықты игеру, кәсіби біліктілігін арттыру жағдайындағы дағдарыстармен олардың пайда болу факторларының психологиялық маңызы ерекше. Жеткіншектердің кәсіби қалыптасуының дағдарыстарын шетелдік және отандық психологияда адамның жастық даму деңгейлері ерекшеліктеріне байланысты қарастырады. Әр жаста өзіне тән өмірлік дағдарыстар болады. Бұл дағдарыстар адамның кәсіби жүріс-тұрысында анық байқалмайды. Алайда, кәсіби сананың машиналық құрылымында жаңа мақсатта пайда болып, әлеуметтік-психологиялық түзетулер мен өзара алмасулар байқалып, кейде мамандықты толық өзгертумен аяқталуы мүмкін.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3

I.ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТІК ДАҒДАРЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАЛАРЫ
1.1 Жеке адам дамуының дағдарыстық кезеңдері (жас ерекшеліктеріне қарай)......................................................................................................................8
1.2 Дағдарыс кезеңіндегі жеке адамдардағы психологиялық өзгеріс.................12

II. ЖЕТКІНШЕК КЕЗЕҢДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫС-ЖАСЕРЕКШЕЛІКТІК ДАҒДАРЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІ РЕТІНДЕ
2.1 Жеткіншек кезеңіндегі дағдарыстардың сипаты..............................................18
2.2 Жеткіншектік дағдарыстың негізгі қайта құрылуының мазмұны..................21
2.3 Жеткіншектік кезеңіндегі дағдарыстық мәселесінің психологиялық шешімдері...................................................................................................................27

Қорытынды.................................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................34

Вложенные файлы: 1 файл

ЖАС ЕРЕКШЕЛИК ДАГДАРЫС -ПСИХОЛОГИЯ....doc

— 690.50 Кб (Скачать файл)

 Прогресшіл дамудың  дағдарыстары шығармашылық адамдарында  көп кездеседі. Мысалы, жазушы немесе  суретшінің қызметі қандай да бір ұжымның ықпалынан анағұрлым детерминденеді, әлеуметтік қозғалыстың жалпы және жаңа қайшылықтарында жеке басының терең интериоризациясы негізінде ұйымдасады. Суреткер міндетті түрде қоғамдық мәселелерді замандастарына қарағандаөте ерте байқайды, көреді, әсерленеді, сөйтіп оның әлеуметтік ортамен келіспеушілігікөбірек барады. Құбылыстарды ұғынудың қабылданған үлгілерінің шегінен шығып кету, творчество адамының шығармашылық іс-әрекетінің қажетті шарты болып табылады. 

Дағдарыс кезеңінде қалыптасып қалған көзқарастарды, құндылықтарды, қажеттіліктерді бұзу қарым-қатынас пен іс-әрекеттің жаңа формаларын анықтайтын мәдениеттің күрделі қатпарына жеке адамды қосу арқылы теңестіріледі. Дағдарыстан шығу суреткердің жеке басының қайшылықтарын терең ақылдылық жойып, терең парасат биігінде ұстауға қабілетті кеңес беретін жаңа топтарды табуды талап етеді. Қоғамда мұндай топ болмағандықтан суреткер өз бетінше өзінің жаңа бағыт-бағдарын көзқарасын қалыптастырады, жағдайына сәйкес іс-әрекет жүйесін жасауға тырысады. Алайда өз бетінше іс-әрекеттің жаңа түрін жасау, оған қоса дағдарыстан шығу әрекетінде бермейді. Оны көптеген белгілі жазушылар мен ақындардың, суретшілердің аянышты тағдырларынан көруге болады.

Мәдениеттің жаңа қатпарлары жалпы өндірістік іс-әрекетте дамып, өмір сүреді, ал іс-әрекеттің ескі түрлері оның ерекше түрі ретінде сақталады. Сол сияқты семья ішіндегі қатынастарда да көп жағдайларда іс-әрекеттің жас балалар мен жасөспірімдердің дамуына жол ашатын аса қарапайым да адалдыққа құрылған түрі әлі сақталған. Бала ерте балалық жастан бастап-ақ патриархалдық қарапайым шаруаға ұқсауы тектен-тек емес (қарым-қатынастағы адалдық, беделділік, сараңдық, ұқыптылық т. с. с). Жеке адамның жас кезеңдеріне байланысты дағдарыстары, қоғамдық іс-әрекеттің тарихи қайта құрылу кезеңінде жеке адамның ауыр дағдарыстары сол қоғам дағдарысынан да асып түсетіні болады.

Жеке адамның қалыптасу фактісіндегі жалпы «рух» дамуының тарихи сатылары қайталаланатындығының себебін Гегель бірыңғай «рухтың» индивидуалдық санада сүзілуінен деп түсіндірді. Кейін 100 жыл өткен соң өзінің рекапитуляциялық теориясында С. Холл мұндай фактілерді Э. Геккелдің биогенетикалық заңдарына сүйеніп, организмдегі биологиялық инстинктердің жасырын өрістеуімен түсіндірді. Геккелдің заңы бойынша әрбір организмнің дамуы эмбриогенезде бұрынғы өткен эволюцияның биологиялық формаларының негізгі сатыларын қайталайды. Істің мәні мынада, Холл және оның ізбасарларына қарағанда Гегель онтогенезде жеке адамның тарихи қырларын туғызатын механизмді дұрыс ұғынуға анағұрлым таяу келді. Функционалдық жүйе дамуының сатысын анықтайтын жасырын механизм осы жүйенің ішкі жағы емес, осы жүйенің формалары меп қозғалысында шиырылған детерминденген өрісін ұйымдастыру болып табылады. Жүйелердің ерістерге детерминденуінің ұқсас принципі организмнің эмбриогенезде өрістеуінде көрінеді, ол Геккелдің заңына функциялық итепретацияны беруге және организмнің пайда болуының табиғи механизмдерін түсінінуге мүмкіндік береді.

Қоғамдық іс-әрекеттің бүтіндей функциялық жүйе-ретінде тарихи өрістеуі осы жүйелердің қоршаған болмысты неғұрлым кең қамтуына байланысты болады. Өсімдіктердің жемісін жинау, диқаншылықпен немесе аңшылықпен айналысу түріндегі өмір сүрудің патриархалдық қарапайым түрлерінен оның осы замаңға планстаның, ғарыштың және материяның тереңіне енумен байланысты түрлеріне дейін өрістейді. Мұнда іс-әрекет тек оның кеңенеюі ретінде ғана емес, жаңын биосфералық жағдайлармен байланысты жалпылау ретінде, жеке ерекше жағдайлардан туындаған неғұрлым күрделі жаплыға бірдей формаларға қарай даму да болып  табылады.  Іс-әрекеттің әлеуметтік   жүйесінің   «орталықтандырудан   шығаруы» жүреді, Пиаже суреттеген дамушы индивидуалдық іс-әрекеттің орталықсыздануына ұқсас іс-әрекеттің әлеуметтік жүйесінің «орталықсыздануы» жүреді.

Өздігінен дамушы процесс ретінде қоғамдық іс-әрекет өзінің өрістеуінде объективті кедергілерге ұшырап, ішкі қайшылықтарын шиеленістіреді. Сондықтан революция қарсаңындағы жағдайлар бұрынғы қоғамның белсенділік түрлерінің төмендеуімен, іс-әрекет толқыны қоғамның басты қажеттіліктерін қайта саралаумен және шиеленіскен қайшылықтарға сәйкес қогамдық іс-әрекеттің жаңа бағытын ұйымдастыратын жүйелерді өрістетумен сипатталады. Әлеуметтік іс-әрекеттің бұрынғы құрылымын бұзатын объективті қайшылықтардың жаңа түрлерінің пайда болуы қоғамның детерминдеуші функциясының даму формасы, ал қоғамдағы келесі қайта құру функциялық жүйені жаңа функция бағытында қайта бағдарлау болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Антропологтар зерттеулерінің теориялық маңызы зор. Бала өмірінің нақты әлеуметтік жағдайларына:

1) жеткіншектік кезеңнің  ұзақтығына;

2) дағдарыстың, талас-тартыстың, қиыншылықтардың болуына;

3) балалықтан ересектікке  өтудің өзінің сипатына қарай  анықталатыны дәлелденді. Бұл зерттеулерден  фрейдизмге қарама-қарсы, адамдағы табиғи дүние әлеуметтік болғандықтан ондағы табиғи дүниені әлеуметтік дүниеге қарсы қоюға болмайды деген қорытынды шығады [20].

Антропологтар жеткіншектік шақты бала өзінің қоғамдағы орнына жетер жолда болатын, оның ересектердің қоғамдық өміріне өтуі жүзеге асатын кезең деп қарады. Бұл идеяны дамытуда К. Левин (АҚШ) ерекше орын алады, ол жеткіншектің қазіргі қоғамдағы жағдайы мен балалықтан ересектікке талас-тартыспен өтуіне талдау жасауды жалғастырды. Ол қоғамда ересектер тобы мен балалар тобының бар екенін, әрқайсысының өзіне тән артықшылықтары болатындыктан олардың бір-бірінен бөлінгендігін, жеткіншектік кезенде баланың балалар тобынан ересектер тобына қарай ілгерілейтінін атап керсетті. Жеткіншекте ересектер тобына өтуге және үлкендердің балаларда жоқ кейбір артықшылықтарымен пайдалануға деген ұмтылысы болады. Алайда ересектер оны әлі кабылдамағандықтан ол топтар арасындағы жағдайда болып шығады. Қиыншылықтардың деңгейі мен талас-тартыстардың болуын Левин қоғамда балалар тобы мен ересектер тобының қатаң бөлінуіне және жеткіншектер топ-тарының аралығындағы жағдайда болатын кезенінің ұзақтығына байланысты етіп қояды. Левиннің жеткіншектің «өз орнын таппауы» туралы идеясын қазіргі уақытта Д. Коулмен және басқа шетел психологтары дамьггуда, олар жеткінщектердің ерекше бір «субмәдениеті» бар дегенді, яғни ересектер қоғамында жеткіншектер қоғамы бар дегенді айтады.

Жеткіншектік  кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық және әлеуметтік негіздері қолданады және олардың қалыптасуының жалпы бағыты белгіленеді. Жасөспірімдік шақта олардың калыптасуы жалғасады.

Жасөспірімнің мектептен кейін бірден жоғары оқу орнына түсуі онда басты оқу кәсіби қызметті сақтап келесі дағдарыстың тууын тежейді, ол әсіресе тек 3-4 курс студенттерінде байқалады. Сондықтан да студент, мысалы, екінші курстың суденті өндірісте істеп жүрген құрбысына қарағанда жоғары сынып оқушысына көбірек үқсайды.

  Прогресшіл дамудың  дағдарыстары шығармашылық адамдарында  көп кездеседі. Мысалы, жазушы немесе  суретшінің қызметі қандай да  бір ұжымның ықпалынан анағұрлым детерминденеді, әлеуметтік қозғалыстың жалпы және жаңа қайшылықтарында жеке басының терең интериоризациясы негізінде ұйымдасады. Суреткер міндетті түрде қоғамдық мәселелерді замандастарына қарағандаөте ерте байқайды, көреді, әсерленеді, сөйтіп оның әлеуметтік ортамен келіспеушілігі көбірек барады. Құбылыстарды ұғынудың қабылданған үлгілерінің шегінен шығып кету, творчество адамының шығармашылық іс-әрекетінің қажетті шарты болып табылады.

Л. С. Выготский сын жастарды зерттеуде жаңа проблемалар: санадағы негізгі жаңа кұрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау қажеттігін қойды, бұл жағдай әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардын қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін қайта құру өтпелі шақтағы «дағдарыстың» басты мазмұнын құрайды деп пайымдады.

Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады, көптеген жағдайларға байланысты болады және осы себепті бүкіл майданда әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі, бір жағынан, жеткіншекте «балалық» пен «ересектіктің» қатар болуымен, ал, екінші жағынан, сол бір ғана паспорттық жастағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтардың болуымен анықталады. Бұл қазіргі мектеп оқушыларыныц өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты, олар:

1) ересектіктің дамуын  тежейтін жайлар: балалардын көбінде  басқадай тұракты және байыпты  міндеттер болмай, тек оқумен  ғана шұғылдануы; көптеген ата-аналардың  балаларды тұрмыстағы еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылыстардан қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы;

2) ересектендіретін жайлар: мазмұны жөнінен сан алуан  информацияның орасан зор тасқыны; көптеген ата-аналардың бос уақытының  аздығы және осының мүмкін  салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі, жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы; дене күші дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.

Сонымен, жеткіншектік кезеңдегі «дағдарысты» түсіндіруде теориялық ой-пікірдің дамуы жеткіншектік кезеңнің көріністері мен өтуінің ерекшеліктері жеткіншектің өмірі мен дамуының нақты әлеуметтік жағдайларымен, оның ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайымен анықталатынын көрсететін қорытындылардың біртіндеп жинақталуы болды.

Жеткіншектік шаққа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрыңғы қатынас бұзылады. Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады, ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Жақыпов С.М. // Оқыту процесіндегі педагогикалық қарым – қатынастың  психологиялық мәселелері/ Хабаршы № 4, 2004, 125 бет
  2. Петровский А.В.  Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы//Алматы. – 1987
  3. Мұсаева С.А. , Бегалиев Т.Б. Жас ерекшелік педагогикасы.- Астана-2006
  4. Лисина М.И. Развитие познавательной активности детей в ходе общение со взрослыми и сверстниками. //Вопросы психологии, 1982, №4.- С. 18-35.
  5. Кучинский Г.М. Новый подход к проблеме мышление и общение. //Вопросы психологии, 1991, № 1.-С.159-161.
  6. Жақыпов С.М., Тәжібаева // Тұлғаның  мағыналы құрылымын  дамыту мәселелері. Хабаршы № 2, 2003, 96 бет
  7. Бейсенова Ж. // Кәсіби өзіндік анықталудағы өзіндік бағалаудың  рөлін  зерттеу. Қазақстан жоғары мектебі № 4, 2004, 141 бет
  8. Болтаева Ә. // Жеке адамның  кәсіби бейімделуіндегі дағдарыстар сыры.//Ұлағат № 5, 2003, 36 бет
  9. Выготский Л.С. // Проблема возраста. Собр. соч.., т2 стр 251 бет
  10. Грановская Р.М. Элементы практической психологии. –СПб. Свет.

1997

  1. Алдамұратов. Қызықты психология Алматы: «Қазақ университетi»

1992, 112 бет.

  1. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности –Алма-ата

Изд. КазГУ,1992,195 с.

  1. Л.К.Көмекбаева Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті

ұйымдастыру. А, 2003 ж.

14. Жақыпов С.М. // Оқыту  процесіндегі педагогикалық қарым  – қатынастың  психологиялық  мәселелері/ Хабаршы № 4, 2004, 125 бет

15. Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. Москва.

Генезис, 2000. 298 с.

16. Абрамова Г.С. Практическая психология. Москва. Трикста, 2005. 495 с.

17. Психологиялық қызмет Ережелері проекциясы//Ӛзгеріс-Перемена,

Қарағанды, 2002.

18 Күнсләмова, Т.К. Жеткіншектердің агрессия мәселелері, Хабаршы №   2 – 2004, сер. гум., 152 бет

19 Болтаева Ә. // Жеке адамның  кәсіби бейімделуіндегі дағдарыстар  сыры.Ұлағат № 5, 2003, 36 бет

20 Бейсенова Ж. // Кәсіби  өзіндік анықталудағы өзіндік  бағалаудың  рөлін  зерттеу. Қазақстан жоғары мектебі № 4, 2010, 141 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Жас ерекшеліктік дағдарыстар, олардың мәні, құрылымы, мазмұны