Мектепалды даярлығында оқу жұмысын ұйымдастыру формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2013 в 09:46, курсовая работа

Краткое описание

«Тәрбие басы - тал бесік», - дейді халқымыз. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психологиялық қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру міндетінің шешілуі үздіксіз білім берудің, тәрбиенің негізгі бастау бұлағы болып табылатын мектепке дейінгі ұйымдардан басталуы орынды. Сәби шақтан қоршаған орта туралы түсініктің, өнер мен өнеге үлгілерінің лайықтыларын бала бойына сіңіріп, санасына орнықтыру тиімді.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Балаларды сыныптарда (топтарда) оқыту мен тәрбиелеудің мектепалды даярлығын ұйымдастыру туралы
«2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөнінде»
Мектепалды даярлық тобында ата-анамен байланыстың маңыздылығы
Мектепалды даярлық сыныптарда сабақтарды ұымдастыру және өткізу

ІІІ. Практикалық бөлім
Сабақ жоспарлары

ІV. Зерттеу бөлімі
Сауалнама
Тренинг
Зерттеу жұмысының нәтижесі

V. Қорытынды
VІ. Әдістемелік нұсқау
VІІ. Пайдаланылған әдебиет

Вложенные файлы: 1 файл

Балаларды сыныптарда.docx

— 63.71 Кб (Скачать файл)

8) Бейнелеу өнері (аптасына 4 сағат, барлығы-128 сағат). Сабақтарда  бейнелеу іс-әрекетіне, қиялға, эстетикалық  талғам мен қажеттіліктерге   деген қызығушылықтары дамиды, бейнелеу  іс-әрекеті сабақтарына қажетті  дағдылар мен біліктер игеріледі.

9) Құрастыру және қол  еңбегі (аптасына 1 сағаттан, барлығы-32 сағат). Құрастыру сабақтарында заттарды  бір-бірімен салыстыру, заттардың  ортақ және ерекше тұстарын  бөліп көрсету біліктері қалыптастырылады, белгілі сындарлы біліктер мен  дағдыларды меңгеру, сурет, сұлба,  сызбалармен бағдарлану жүзеге  асады. Қол еңбегінде - еңбекке  деген сүйіспеншілік пен қызығушылық  тәрбиеленеді, сенсорлық және ақыл-ой  қабілеттері, қарапайым еңбек  құралдарын қолдану дағдылары дамытылады.

10) Музыка (аптасына 2 сағат, барлығы 64 сағат). Музыкалық талғам, өнер шығармаларына баға беру қарым-қатынасы, эмоциялық ықыласы қалыптастырылады, сенсорлық дағдылар бекітіледі, халық музыкасына деген сүйіспеншілік тәрбиеленеді, музыкалық-ритмикалық қимылдар игеріледі.

11) Валеология негіздері  (аптасына 1 сағаттан, барлығы-32 сағат)  денсаулық үшін оңтайлы жағдайларда  оқу, тұрмыстық және өзге де  қызметтер, балада өз іс-әрекеттерін   салауатты өмір салтының ережелері  мен нормаларына сәйкес іске  асыру бағдары қалыптастырылады. 

Мектепалды дайындық балалары бескүндік тәртіпте оқуы тиіс. Сабақтар сағат 9.00-де басталады. Сабақтардың  ұзақтығы – 25-30 минут. Сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы 5-10 минуттан кем болмайды.

        Мектепалды  дайындық сыныптары мен топтарының  іс-әрекеттерін қамтамасыз ету  үшін мынадай құжаттар басшылыққа алынады: 

        1) «Мектепке  дейінгі ұйымдары іс-әрекеттерінің  Типтік ережелерін бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы №1353  қаулысы;

        2) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын «Негізгі ережелер. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 19 қыркүйектегі №739 бұйрығы; 

3) «Мектепке дейінгі тәрбие  мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға  міндетті стандартын «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке  дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың  жалпы білім беру бағдарламасы  мазмұнының базалық минимумы»  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 14 мамырдағы №410 бұйрығы;

4) «Білім туралы» ҚР  Заңы 4.т, 23-бабы - бес-алты жастағы  балаларды міндетті тегін мектепалды  дайындау туралы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде  оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөнінде»

 

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының күшіне енгізілуі 27.07.2007ж. № 319 ІІІ.30-бап (1, 2, 3 тармақтар) мектепке дейінгі білім беруде келесі жас көрсеткіштерін белгіледі:

- 1 жастан бастап 5 жасқа  дейін — мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар;

- 5 жастан бастап 6 жасқа  дейін — жалпы білім беретін  мектептердегі мектепалды сыныптардағы балалар.

Мектепке дейінгі білім  берудегі жас көрсеткіштері мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік  жалпыға міндетті стандартында да (ҚР БҒМ 28.11.2008ж. № 628 бұйрығы) белгіленді:

- 1 жастан бастап 5 жасқа  дейін - мектепке дейінгі ерте және кіші жастағы балалар;

- 5 жастан бастап 6 жасқа  дейін — мектепке дейінгі ересек жастағы балалар.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында 12 жылдық білім беруге көшу мерзімінің өзгеруімен (2015ж.) мектепке дейінгі  ұйымдарға 6-7 жастағы балаларды қабылдауға болады.

Осылайша, бүгінде республикада мектепке дейінгі ұйымдарға 1 жастан бастап 7 жасқа дейінгі балалар, соның  ішінде мектепалды дайындық сыныптары  мен топтарына 5-7 жастағы балалар бара алады.

Осыған байланысты Қазақстан  Республикасының мектепке дейінгі  ұйымдары өз қызметінде республикалық  мемлекеттік бағдарламалармен қатар:

1)           МЖМБС — 2008 базистік оқу жоспарын;

2)           «АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ» (1 жастан бастап 3 жасқа дейін) бағдарламасын;

3)           «ЗЕРЕК БАЛА» (3 жастан бастап 5 жасқа дейін) бағдарламасын; 

 

4)           «БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ» (5 жастан  бастап 6 жасқа дейін) бағдарламасын;

5)           Мектепке дейінгі білім беру  бағдарламасын (авторлары З.Еденбаева, Т.Попова);

6)           18.02.2010ж. ҚР БҒМ № 71 «Өзін-өзі  тану» пәні бойынша типтік  оқу бағдарламаларын бекіту туралы»  бұйрығын басшылыққа алулары тиіс.

«Өзін-өзі тану» пәнін  ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне  енгізу  «Денсаулық» («Валеология») - 0,5 және «Таным» («Қоршаған ортамен  таныстыру)  – 0,5 білім беру салаларында 1 сағат көлемінде жүзеге асырылсын.

Жалпы білім беретін мектептердегі 5 жастан бастап 7 жасқа дейінгі жас  топтары бар мектепалды дайындық топтары мен сыныптары республикалық  мемлекеттік бағдарламалармен қатар:

1)                 МЖМБС — 2001 базистік оқу жоспарын (22 сағат);

2)                 6-7 жастағы балаларды мектепалды  дайындаудың білім беру бағдарламасын  (Семей қ. 1999ж.) басшылыққа алсын.

5 жастан бастап 7 жасқа  дейінгі мектепалды дайындық  сыныптарындағы жас топтары ҚР  Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 386 «Қазақстан  Республикасындағы білім беру  ұйымдарында жаңа оқу жылының  басталуы туралы» бұйрығын басшылыққа алсын.

«Мектепалды дайындық топтарында оқу жылының ұзақтығы - 32 оқу аптасы. Оқу жылында:

- күзгі — 8 күн (5 қарашадан  бастап 12 қарашаға дейін);

- қысқы — 14 күн (28 желтоқсаннан бастап 10 қаңтарға дейін);

- көктемгі — 15 күн (21 наурыздан бастап 4 сәуірге дейін) демалыс күндері белгіленеді.

Ақпанның бірінше онкүндігінде — қосымша апталық демалыс күндері».

Сондай-ақ, мектепке дейінгі  ұйымдар және мектепалды дайындық сыныптары  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі  № 152, 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі  білім беру ұйымдарында қолдануға  ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік  құралдар мен нұсқауларды қолдансын.

Мектепке дейінгі ұйымдардың және жалпы білім беретін мектептердегі  мектепалды дайындық сыныптарының тәрбиешілері  педагогикалық қызметін 1 мөлшерлемеде аптасына 22 сағат көлемінде Қазақстан  Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 52 бабы, 7 тармағына сәйкес «Мемлекеттік білім  беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне  айлық жалақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі 24 сағаттан артық емес көлемде белгілеуін» іске асыруды жалғастырсын.

Ақы төлеу жүйесін Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы  № 1400 қаулысы реттейді.

 

 

 

 

    1.3. МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНДА АТА-АНАМЕН                 

                    БАЙЛАНЫСТЫҢ МАҢЫЗЫДЫЛЫҒЫ

 

 

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері білім беру саласында ғылымның дамуында, саясатта, мәдениетте, жалпы  қоғамда көптеген өзгерістер болды. Болашақ ұрпақтарға әлемдік ғылым  мен өрлеу деңгейіне сәйкес білім  беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру  қоғамның басты міндеттерінің бірі. Сондықтан да қазіргі мектептің  құрылымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан өзгерістер оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру талаптарын қояды. Осы өзгерістер мемлекеттің жоғары деңгейге өрлеуіне әсер ете отырып, адамдардың да психологиясының жағымды  дамуына ықпалын тигізді. Яғни, мемлекеттің  жақсы жағына өзгеруіне тікелей  адамзаттың әсері болды. Елін, жерін  сүйген қазақ халқының көкейіндегі  арманы-өзінің сүйікті жас мемлекетін өркениетті, мәдениетті мемлекетттердің  қатарына қосу. Ал, осы арманның орындалуы  білімді, жалпыадамгершілік құндылықтарды  бойына сіңірген халықтың ғана қолынан келетіні мәлім.

Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: «... Мектепке дейінгі тәрбие мен  оқытудың сапасын қоғамның өзекті және перспективалы қажеттіліктеріне сәйкес ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған. Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында мектепке дейінгі  тәрбие мен оқытудың негізгі міндеті: «Бала бойында білімді меңгеруге  қажетті жеке қасиеттерді қалыптастыру» - делінген. Осы міндетті шешудің  бірден бір жолы мектепалды сыныбында  балалардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнату болып табылады

«Тәрбиеші балаға түрлі әсерді құлық көзімен салыстырып, үйретуге міндетті. Бала салыстырып, сынап үйренсе, адамгершілік туралы белгілі бір  ұғымға ие болады. Ол уақытта алдағы өмірінде дұрыс пен терісті, ізгі мен жауызды, ақ пен қараны дұрыс  һәм жеңіл айыратын болады», - деп  атап көрсеткен М.Жұмабаев. Бұдан  балаларды адамгерішілікке тәрбиелеу  мәселесі қай заманның болса да ғалымдарын терең ойландырғаны байқалады. Сонымен  қатар біз көтеріп отырған  мәселенің осы кезеңде біршама ізденісте болғанын көрсетеді.

Қазіргі таңда қоғам жастардың  бойында адами құндылықтарды, қайырымдылықты, әділдікті, махаббатты сіңіріп, жаман  қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеуді талап етеді.

Мектепке дейінгі балаларды  оқытып-тәрбиелеу мәселесі барлық кезеңдерде де өзектілігін жоймай, үнемі педагогика ғылымының зерттеу нысаны болудан тайған емес.

Мектепалды сыныптары  – бұл Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жаңа көрініс. Олардың  ашылуына бірқатар себептер негіз болды, ең бірінші себебі – мектепке дейінгі  ұйымдардың жаппай жабылуы, бұның нәтижесінде 1995-1999 жылдары балалардың басым көпшілігі  жалпы дамудың қажетті деңгейіне жетпей, оқу әрекетіне деген психологиялық, когнитивтік, жалпымәдениеттік даярлықтан өтпей, мектептерге түсе бастады. Осы балалардың көбі, өздеріне тың болып табылатын мектеп жағдайына түсіп, болып жатқан құбылыстарға қиындықпен бейімделе бастады. Осындай бірінші сыныптағылардың сенімсіз жүріс-тұрысы айналадағылардың теріс көзқарасын тудырды, бұның өзі баланың психикасын жаралап, оған деген мұғалім тарапынан жағымсыз қарым-қатынастың пайда болуына ықпал етті. Осылайша, мектептегі оқу жылдарында үнемі қалып жүретін, қиын деген әлсіз, енжар оқушының бейнесі қалыптасты. Бұдан басқа мектепалды сыныптардың ашылуына 1997-2000 жылдары бастауыш мектепте тұлғалық, танымдық, арнайы-педагогикалық дамудың тиісті деңгейіне ие болған бала мектепке келеді деген оймен әзірленген жаңа буын оқулықтарының енгізілуі негіз болды. 

         Осыған байланысты Қазақстан  Республикасының Білім және ғылым  министрлігі 1998-1999 жылдары еліміздің  жаңа «Білім туралы» Заңының  жобасын даярлау барысында мектепалды  деп аталған жалпы білім беру  бағдарламасы аясында мемлекеттік  білім беру ұйымдарында бес-алты  жастағы балалардың міндетті  және тегін мектепалды даярлығы  жөніндегі жаңа заңды нормалардың  әзірленуіне бастама болды. Заң  1999 жылдың 7 маусымында күшіне енді. Мектепалды сыныптарын ашу механизмін  анықтау үшін 1999 жылдың қарашасында  Үкіметіміз «Балалардың міндетті  мектепалды даярлығы мәселелері  туралы» № 1762 қаулысын қабылдады.  Осы қаулыға сәйкес 5 және 6 жастағы  балаларға арналған біржылдық  мектепалды сыныптары жалпы білім  беретін мектептер мен ведомстволық  бағыныштылығы мен меншік нысанына  қарамай, басқа да білім беру  ұйымдарында ашылды. Сондай-ақ мектепке  дейінгі ұйымдардың ересек және  даярлық топтарының базасында  да мектепалды топтары ашылды. Мемлекеттік ұйымдардағы балабақшалар  мен мектептерде мектепалды даярлық  мемлекеттік бюджет қаражатынан  қаржыландырылды. Сонымен қатар,  қаулы 5-6 жастағы балаларды мектепалды  даярлықпен қамтамасыз етуге  ана-аналарды міндеттейді.

         Мектепалды сыныптардың оқу бағдарламасы 32 аптаны қамтиды. Балалар аптасына 22 сағат оқиды. Сабақтардың құрылымы  ұйымдастырылған бағдарламаны алғаш  рет алуға келген бес-алты жастағы  балалардың физиологиялық және  психологиялық ерекшеліктеріне  байланысты анықталады. Олар бағдарламада  қарастырылған ана тілі мен  көркем әдебиет, бейнелеу өнері  (сурет, жапсыру, құрастыру), музыка (музыкалық білім, ән айту, би  билеу) бойынша білім элементтерін; математикалық ойлау дағдыларын  меңгереді, сондай-ақ қоршаған  қоғамдық және табиғи ортамен  танысу қарастырылған. Мектепалды  бағдарламасының мазмұнына ұлттық  және жалпыадамдық құндылықтар,  этика және гигиена элементтері енгізілген.

         2003-2004 оқу жылында мектепалды  сыныптары мен топтарының оқу-тәрбие  үдерісіне 82 атаудан тұратын 9 жаңа оқу-әдістемелік кешен енгізілді.  Мектепалдының әрбір кешені әліппе-дәптер, хрестоматия, дидактикалық материалдар мен әдістемелік нұсқаудан тұрады. Кешендерді енгізу мектепке дейінгі білім беру сапасы мәселелерін тиімді шешуге себебін тигізері анық.

         Балалардың міндетті мектепалды  даярлығы нормасы мектеп жасына  дейінгі балалардың пайдасына  шешілген мемлекетіміздің ең  басты жетістіктерінің бірі болды.  Қазақстан Республикасы – балалардың  мектепалды даярлығы құқығын  заңды түрде бекіткен ТМД елдерінің  және еуропалық мемлекеттердің  ішіндегі бірден-бір мемлекет  болып табылады.          Қазақстан Республикасын әлемдік  қауымдастық нарықтық экономикасы  бар мемлекет деп таныды. Тәуелсіздіктің  қысқа тарихи кезеңі ішінде  мемлекетіміз әлемдік қауымдастыққа  ықпалдаса отырып, экономиканың  айтарлықтай өсуіне қол жеткізе алды.

         Осы контексте білім беру жүйесінің,  адами ресурстардың қоғамдық  даму, экономикалық күш-жігер және  мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігі  ретіндегі рөлі мен мәні арта  түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі  өзгерістер ұтқырлықты, жаңа тарихи  кезеңнің ақиқатына барабар жауапты  және экономика дамуының қажеттіліктеріне  сәйкестікті талап ете отырып, білім беруге әсерін тигізеді.

         Тез өзгермелі әлем және ақпарат  ағымдарының артуы жағдайында  фундаментальды пәндік білім  міндетті болып табылады, алайда  бұл білім берудің жеткілікті  мақсаты емес. Білім алушылар  қазақстандық білім беру жүйесі  бағыты болып табылатын білімнің, біліктер мен дағдылардың қажетті  мөлшерін меңгеріп қана қоймауы  тиіс. Барынша өзін-өзі таныту  және қоғам өміріне қатысу  құзыреттілігі үшін ақпаратты  өз бетімен табу, талдау, құрылымдау  және тиімді пайдалануды білім  алушыларға үйрету бұдан да  маңызды және қиын болып табылады.

Информация о работе Мектепалды даярлығында оқу жұмысын ұйымдастыру формалары