Мектепалды даярлығында оқу жұмысын ұйымдастыру формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2013 в 09:46, курсовая работа

Краткое описание

«Тәрбие басы - тал бесік», - дейді халқымыз. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психологиялық қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру міндетінің шешілуі үздіксіз білім берудің, тәрбиенің негізгі бастау бұлағы болып табылатын мектепке дейінгі ұйымдардан басталуы орынды. Сәби шақтан қоршаған орта туралы түсініктің, өнер мен өнеге үлгілерінің лайықтыларын бала бойына сіңіріп, санасына орнықтыру тиімді.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Балаларды сыныптарда (топтарда) оқыту мен тәрбиелеудің мектепалды даярлығын ұйымдастыру туралы
«2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөнінде»
Мектепалды даярлық тобында ата-анамен байланыстың маңыздылығы
Мектепалды даярлық сыныптарда сабақтарды ұымдастыру және өткізу

ІІІ. Практикалық бөлім
Сабақ жоспарлары

ІV. Зерттеу бөлімі
Сауалнама
Тренинг
Зерттеу жұмысының нәтижесі

V. Қорытынды
VІ. Әдістемелік нұсқау
VІІ. Пайдаланылған әдебиет

Вложенные файлы: 1 файл

Балаларды сыныптарда.docx

— 63.71 Кб (Скачать файл)

Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау. Мысалы: Л. Толстойдың «Қарғаның тапқырлығы»  атты әңгімесін алайық: Мәтінді оқып таныстырып, балаларды белсенді түрде  әңгімеге тартып, олардың зейінін, қиялын, ойын талдаудың соңына дейін ұстау, талқылайтын сұрақтан ауытқып кетпеу және шығармашылық бағыт-бағдар беріп  отыру керек. Ол үшін:

 

  • баланың сезімін, көңіл-күйін бақылау;
  • өз сезімдерін білдіріп  айта  білуге үйрету (орыс тілі, бейнелеу өнері)

 

Қиялдау арқылы сурет салу. «Шәйнек пен кесе» суретін салады.

диолог немесе мәтін құрап,, салған суреттері бойынша өздері баяндайды. Балалар өз ойын жеткізу барысында  сөз тауып, өмірде әр заттың өз орны, қажеттілігін барлығына талдау жасап, көздерін жеткізе білді.

 

Мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше  аяқтау.

 

«Адам және егінші» ертегісі бойынша, ертегіні талдауда тәрбиеші тек ауызша ғана әңгімелеп қоймай, оның мазмұнына  сай салынған суреттерді тамашалап, басқа ат қойып «Шыдамдылық жемісі», театр сабағында сахналық көріністі  пайдаланса, балалар есте сақтау процесін жүзеге асырады. Сонда ғана ертегінің  тәрбиелік мәні ашылып, балалар ол жөнінде қорытынды жасап, ертегі кейіпкерлерін салыстырып, өмірмен  байланыстыра алады. Бұдан байқағанымыз тәрбиеші үшін ең негізгі көрсеткіш  балалардың көркем шығарманы қабылдауы  яғни ертегіні тыңдай отырып, оның кейіпкерлерінің  жақсылықтың жамандықты жеңуі, бастығын ісін аяғына дейін аяқтауға, шыдамдылықпен  жемісін жеуге, еңбекке, білімділікке жетуі және т. б.

 

4. Ойын әдістері: сюжетті-ролді  ойындар, драмалық және дидактикалық. Көркем шығарманың мазмұны сай  ойналатын (Мақта қыз бен мысық,  түлкі мен торғай және бауырсақ  т.б.) Сюжетті ролді ойындарында  балалардың кейіпкерді өз шығармашылығында  бейнелеуі, оның ойын әрекеті  барында қайталауында баса назар  аударсақ.

 

Сахналау ойындарын қолданғанда  көркем шығармаларды рөлдерге бөліп  ойнатып, ондағы балалар әрекетін оқиға  желісі орындауына көңіл бөлінеді.

 

Ертегіні тыңдай, көре отырып бала уайымдап қана қоймай, сонымен қатар  кейіпкердің әрекетіне іштей  қолдау көрсетеді. Нәтижесінде жас  тұлғаның бойында адамға, заттарға құбылыстарға деген жаңа эмоционалды  көзқарас туындайды.

 

Ересектер-балаға өз ойын артпай, оған естігенін сезінуге, ойлануға өз бетімен  ойын дамытуға үлгі беру керек.

 

Оқушылар кез-келген мәтінді оқып әңгімелей отырып, тілдік-көркемдік  әрекеттері дамиды. Балалар бейнелі  суреттерді, ойыншықтарды пайдаланып, оқыған ертегі, әңгімелерге ұқсас  өздерінің қиялымен әңгіме құрастырады. Кей жағдайда өмірде көргендін теледидардан тамашалаған мультификациялық фильмдерді, киноларды әңгімелейді.

 

Мұндай жұмыс түрлерін жүргізуден байқағанымыз балалардың көрген-білгендерін  байланыстыра отырып әңгімелеу, оқылған  шығарма мазмұнын естеріне түсірту  арқылы айтып беру, өз шығармашылығымен әңгіме, ертегі құрастыру мүмкіндіктері  одан ары арта түседі.

 

Қорытындылауға келсек: көркем шығармашылыққа балалардың қызығушылығын, белсенділігін  арттыру мақсатында көптегенәдіс-тәсілдерді танысқан тақырып бойынша қолданып, жасаған жұмыстың нәтижесін көруге қол жеткіздік;оны өмір тәжірбесімен байланыстырып, шындықты жалғастыруды үйрендік;оны өмір тәжірибесімен  байланыстырып, шындықты жалғастыруды үйрендік. Мәтінді талдауда балалар  күнделікті өмірден көргендерімен  байланыстыруға да жағдай қарастырылған. Балалардың сабаққа қызығушылығын, әдіс –тәсілдерді орындау барысында  берілген тапсырманың нәтижесін  салыстыруға, өзін-өзі бақылау, іс-әрекеттің  және жолдастарының іс- әрекеттерін  бақылап, оған өздеоі баға беріп, қошемет  көрсете білуге мүмкіндік туды.

 

Тәрбиешінің ең үлкен міндеті бала белгілі бір көркемдік шешім  тауып өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назардан тыс  қалдырмай шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыру.

 

Сонымен қатар, тәрбиеші оқығанды, көргенді әңгімелеу, түсіндіріп айтуға, сұрақтарды дайындауда балаға өзінің сезімін, алған  әсерін, уайымдауын, кейіпкерлерге  деген көзқарасын ұғынуға, адал қасиеттерін  бекітуге жағдай туғызуды қажет. Әңгімелесу тек шығырмашылық қабілет емес, сонымен  қатар, білімді нақтылау және тілді  дамытудың құнды әдісі болып  табылады. Көркем-эстетикалық шығармашылыққа балудың басты мақсаты оны  өмір тәжірибесімен байланыстыру шындықпен  жалғыстыру болғандықтан үнемі әдеби  мәтінді талдауда балалар күнделікті өмірден көргендерімен байланыстыруға жағдай жасалып отырылады.

 

 

 

 

 

                                   Практикалық жұмыстар

                                            Сабақ жоспарлары

 

Сауат ашу сабағы

Білім беру саласы: Қатынас

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріптер

Сабақтың мақсаты: Дыбыс  пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс  пен әріптің айырмашылығын ажырата  білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту. Топтық жұмыста бір-біріне көмектесуге  үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, Ұйымдастырылған  оқу - іс әрекеті: Сауат ашу

көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: Сюжетті  суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Психо жаттығу: «Күлімдейік».

- Балалар адам жанының,  жүрегінің кілті біздің езуімізде.Егер  біз үнемі достарымызға, ата-анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап көңілді  жүрсек біз мейірімді, ақылды  болып өсеміз. Жан-жағымызға күлкі  сыйлайық.

Олай болса кел, балалар  күлейік!

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік

Қабақ шытқан не керек

Күліп өмір сүрейік!

- Балалар бүгінгі сабағымыз  өте ерекше.Сабаққа деген ынтамызды көтерейік.

Жаттығу «Біз байсалдымыз»

Біз байсалдымыз,

Мұқият тыңдаймыз,

Есте сақтаймыз,

Бөгет жасамаймыз,

Сабақта өткенді, әрдайым  қайталаймыз!

- Балалар бұл ненің  дыбысы?

Таңғажайып кезең. Топқа  қонақ келеді. (музыкамен кіреді)

- Сәлеметсіңдер ме балалар  бұл даярлық топ па?

- Мен өте қызықты әріптер  әлемінен келдім. Мен дыбыстар  әлемінің ханшайымымын. Мен сендерге  өз әлемім жайлы айтып берейін.

- Әлдеқандай патшалықта  емес, әлдеқандай мемлекетте емес, тура өзіңнің аузыңның ішінде  дыбыстар тұрып жатыр, ал олардың  үйі міне қандай әдемі.

(ауызды көрсетші, аша  ғой қане). Үйдің төбесі бар.  Еден төменгі таңдай, Есік еріндер.  Есік бекем болу үшін сүйек  шарбақтар да бар.Бәрі жақсы  болар еді, бірақ үйдің ішінде  ашулы айдахар кіріп алыпты. Алайда  кейбір дыбыстар емін-еркін өтіп  кетеді және олар қызыл киім  киіп алыпты. Ал басқа дыбыстардың  жолына кедергі жасапты. Есікті  жауып алады немесе қоршауды қойып қояды. Олар емін еркін шыға алмайды сондықтан көк көйлек киіпті.

Мен жайлы не білесіңдер?

- Сөз, сөйлем, дыбыс, дауысты,  дауыссыз дыбыс жайлы балалар  айтады.

Менің әлемім жайлы білдіңдер  енді мен сендермен қоштасайын .Сендерге қызықты тапсырмалар бар соларды  орындасаңдар сендерді сыйлықтар күтіп тұр. Сау болыңдар!

1. Жұмбақ

Бұл не? Сиыр.

Қай дыбыстан басталып тұр? (С)

С и ы р сөзінде қанша  дыбыс қанша әріп бар? 4 әріп 4 дыбыс  Сиыр сөзін буынға бөлу. Си-ыр екі  буын . Қанша дауысты дыбыс болса  сонша буын болады Сөздің естілуіне  қарай бірнеше бөлікке бөлуге болады. Оны буынға бөлу деп атаймыз..

(Тақтаға бір бала басқа  б-р орнында текшелермен жазады)

Қанша дауысты дыбыс, қанша  дауыссыз дыбыс.оларды

Екі дауысты, ол и және ы  дыбыстары. Ол үйткені созылып әндетіп  кедергіге ұшырамай айтылады. Қызыл  текшемен белгілейміз.

С, Р-дауыссыз үйткені қысылып  кедергіге ұшырап дыбыстауға келмейді.

Сиыр бұл сөз.

Сиыр қандай болады?

Ала бұл да сөз. Енді екі  сөзді байланыстырайық. Ала сиыр. Бұл енді сөйлем болады.

Сөйлем сөздерден құралады.Ол тиянақты ойды білдіреді. Оны мынадай  сызба түрінде береміз. Текшемен сөйлемді жазу.(тақтада)

Сөйлем арқылы адам өз ойын көргенін түсіндіреді.Сөйлемдегі сөздер бір бірінен бөлек жазылады.

Сөйлемнің бірінші сөзі бас  әріппен беріледі. Сөйлем соңында (! ?) белгісі қойылады.

2.Балалар көзімізді жұмып  ештемені көрмесек те менің  дауысымды, иттің үруі, машинаның  гүрілін естисіңдер. (таспадан тыңдату)  Бұлар дыбыстар.

Оларды көзбен көрмегенмен  құлақпен естисің. Оларды естиміз, айтамыз.

Дыбыстар - әріппен таңбаланып жазылады.

3.Дидактикалық ойын «Қай  дыбыстан басталады» Суреттегі  заттың қай дыбыстан басталғанын  табады.

4. Буын ұйқастар:

ра-ра-ра – ұшып жүр ара; ар-ар-ар – дала толы қар; ыр-ыр-ыр –  үйдің сыртында қыр; ры-ры-ры – жапырақтар сары; ір-ір-ір – үсті – басы кір;

5. К. Ерешовтың «Ала  бұзау» атты әңгімесін оқып  беру.

Ескендір күнде ала  бұзауына сүт беріп жүріп, көкорай  шөпке жайып, қамқорлық жасап  жүрді.Бір күні ала бұзау тоғайда  жүрген малға қосылып кетті. Ескендір бұзауын іздеп тоғайға келді.бір  кезде қатты жел соқты.Жел соққанда қандай дыбыстар шығады? Жел улейді. У-у-у

Желдің әсерінен ағаштардың жапырағы шулайды.

Қандай дыбыстар естіледі? Ш-ш-ш

Тоғайда жүру өте қиын болды.

Маса ызыңдап, мазасын  алады. З-з-з

Ескендір қасына еріп келген Ақтөстің ырылдаған дыбысын естіді. Р-р-р

Ескендір айналасына қарады.Шөп  арасында басын көтеріп, Ақтөске  қарап айбат тұрып тұрған жыланды  байқады.

Жылан Ақтөске қарап ысылдап  тұр екен. С-с-с

Жыланды көрген Ескендір қорыққанынан өсіп тұрған емен түбіне қарай шегінеді.Ыжылдаған  дыбысты құлағы шалады.Ол еменнің  бұтағына орналасқан араның ұясын көреді. Ыжылдаған аралар Ж-ж-ж.

Ескендір ала бұзауын  шақырады.

- Кәне балалар, бұзауын  шақыруға көмектесейікші: Ауқау-ауқау!

Жақын жерден бұзауын үйіне  айдап қайтты.

- Балалар, сонда біз  әртүрлі дыбыстар естідік, біз дыбысты қайтеміз?

6.Сергіту сәті.

- Мен дыбыстарды дауыстап  айтамын, ал сен « А» дыбысын  естігенде алақаныңды шапалақта.

- Естігенде аяғыңды тыпырлат  т.с.с қимылдар

О-О-О-У-У- У-А-А-А-Э-Э- Э-Ы-Ы- Ы  А-А-А- Т –Т-Т-М-М-М А-А-Я -Я- Ө- А- Е

7. Мнемо жолдар арқылы  балаларға мазмұнын айтқызу.

8. Сурет бойынша сөйлем  құрастыр.Текшемен сөйлем жазу.

9. Сөздік ойын «Қарама  –қарсы сөздер»

Мен «жоғары» десем, сен...

Мен «төбе» десем, сен...

Мен «үлкен» десем, сен...

Мен «алыс» десе, сен...

Мен «биік»десем, сен...

Мен «ауыл» десем, сен…

Мен «құрғақ» десем, сен…

10.Ребус шешу

11. Дәптермен жұмыс Үлгі  бойынша жазу.

Сонымен балалар, сөз дыбыстардан  құралады, дыбыстарды айтамыз, естиміз

Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады, әріптерді көреміз, оқимыз, жазамыз.

12. Кім жылдам? логикалық  ойын

Мұзды қала неден жасалған? (Мұздан).

Кітап неден жасалған? (қағаздан)

Орманда не көп? (ағаш).

Анасы қызын үйге шақырды кім үйде? (анасы)

Қорытынды: «Өз көңіл –күйіңді сал»

Рахмет айтып сіздерге, күлкімізді сыйлайық.

Көріскенше күн жақсы, аман-есен болайық!

 

 

Пәні: Валеология

Тақырыбы: Менің қайырымды  көмекшілерім. Құлақ.

Мақсаты:

1) Балаларға адамның сезім  мүшелері туралы білім беру. Олардың  қоршаған ортаны танып-білудегі  маңызы жайлы түсінік беру. Құлақтың  құрылысымен таныстыру.

2) Ой-өрісін, танымдық қабілетін  жетілдіру. Құлақты күту ережелерін  үйрету.

3) Жеке бес тазалығын  сақтауға, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын.

Көрнекілігі: суретті слайдтар, дидактикалық материалдар, әліппе дәптері.

 

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру:

Балалар шеңбер бойына жиналып, бір-біріне сәттілік тілейді.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру, қайталау:

«Валеология» елінің картасына  қарап, өткен аялдамалар бойынша  ережелерді еске түсіреді.

1-слайд.

Дидактикалық ойын: «Адам  денесін құрастыр».

Дене бөліктерінен тұтас  адам денесін құрастыру.

2- слайд.

Топтастыру. Сезім мүшелерін  тауып, суреттерін сызық арқылы қосу.

Көз---------- мұрын------------ құлақ

тері --------- сезім мүшелері ------------------ тіл

 

Сұрақ-жауап арқылы өткен  сабақты бекіту:

1) Сезім мүшелерінің атқаратын  қызметі.

2) Көзді күту ережелері.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Жұмбақ жасыру. – Бір  таудың екі жағынан

Екі қалқан жабысқан.

Жақын барсаң маңына,

Сезе қояр дыбыстан. (құлақ)

3-слайд.

Құлақтың құрылысымен  таныстыру. Құлақ - есту мүшесі. Құстардың  сайрауын, ағаш жапырақтарының сыбдырын, жануарлар мен жәндіктердің сан  түрлі дауыстарын, әсем сазды әуендерді, желдің уілін, теңіздің шуылын, достарыңның  жарқын күлкісін, анамыздың әдемі  үнін естуімізге көмектесетін - құлақ.

Ойын: «Ыммен айт».

Бір бала ортаға шығып (тәрбиеші өзі шығуына болады), қалғандарына ыммен бір нәрсе айтады. Балалар  оның не айтқысы келгенін табу керек.

Релаксацияға арналған жаттығу.

Үнтаспадан судың сылдыры, құстардың үні, өсімдік сыбдыры  естілетін әсем әуен жіберіледі. Балалар  көздерін жұмып, табиғат аясында  жүргендерін елестетеді.

Егер адамның құлағы естімейтін болса, оған өмір сүру қиын болатынын  ұғындыру. Қарт адамдардың құлақтары  нашар еститінін, оларға күлуге болмайтынын  түсіндіру. Туғаннан құлағы естімейтін адамдардың тілінде де кемістігі  болады. Оларға әрқашан да көмектесу  керек.

ІV. Әліппе дәптермен жұмыс.

4-слайд.

«Кім кіммен сөйлесіп тұр?». Телефонмен сөйлесіп тұрған балалардың қайсысымен сөйлесіп тұрғанын тауып, сызықпен көрсет.

5-слайд.

«Суретте не жетпейді?». Мұрынға  гүл, көзге көзілдірік, құлаққа -?

(домбыра үні).

6- слайд.

Құлақты күту ережелері:

Аязда жылы бас киім кию  керек.

Үшкір затпен шұқуға болмайды.

Жуып, таза ұстау керек.

Қатты шудан сақтан!

Ойын: «Телефон»

Балалар тізбектеле отырады. Бастаушы Бірінші отырған баланың  құлағына бір сөз айтады. Ол келесі баланың құлағына не естігенін айтады. Ол келесіге айтып, ойын жалғаса береді. Соңында кім өзінің не естігенін  айтады. Қате кеткен бала айыбын өтейді.

Информация о работе Мектепалды даярлығында оқу жұмысын ұйымдастыру формалары