Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 11:09, реферат
Адамның жоғарғы формалардағы психикалық іс-әрекеті жанама сипатта болады. Адамдар ежелден-ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде т.б. белгілі бір мәліметтерді жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты бейнелеулерде, белгілерді пайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бұл құралдардың пайда болуы , дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы, алдымен, психиканың тарихи даму процесін сипаттайды. Бұл құралдарды игеру жеке дара даму процесін анықтайды. Бала адамзат тарихында қалыптасқан тәжірибені игереді. Баланың ойлауы, есі, қабылдауы тілді, іс-әрекетің белгілі бір тәсілдерін, білімді т.б. игерумен айтарлықтай сабақтас.
Кіріспе
1. Психиканың пайда болуы туралы жалпы түсінік.
2.Жануарлар психикасының қасиеті, айырмашылығы.
3.Адам санасының пайда болуы және дамуы.
4. Психикалық процестер.
5. Тұлғаның психикалық қасиеттері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
2. Жануарлар психикасының қасиеті, айырмашылығы.
Хайуанаттардың қылықтарында
оларға тұқымқуалаушылық арқылы беріліп
отыратын биологиялық процестер
үлкен орын алады. Дамудың
төменгі сатысында шартсыз
Инстинкт деп – тіршілік үшін күресуде пайда болып, нәсіл арқылы хайуанаттарға көшіп отыратын, белгілі жағдайларда пайдалы түрде іске асатын қылықтарды айтады. Инстинкт, яғни соқыр сезім хайуанаттардың қылығының төменгі түрі.
Инстинкттік қылықтар өздігінен автоматизм түрде әрекет етеді. Инстинкттер көбінесе хайуанаттардың тіршілігіне пайдалы болады.
Хайуанаттардың эволюциялық
дамуында тұқым арқылы беріліп отыратын
соқыр сезім әрекеттеріне олардың
жеке тіршілігінде сыртқы дүниеге ыңғайланудың
және үрейленудің нәтижесінен
Хайуанаттарда дағды пайда
болу мәселелерімен көп
1. Байқап қарау, қалыптасу жолы.
2. Жаттығу заңы.
3. Нәтиже шығу, әсер алу (эффект) заңы.
4. Жануарлардың дағдылануға дайындығы хайуандардың тәні сау, құрсақты аш, тұтқында ұсталып бостандыққа ұмтылып тұруы, дағдының тезірек болмауы, тіпті мүлдем пайда болмауы да мүмкін.
Хайуанаттарда дағдыланудың
пайда болуы олардың
Хайуанаттардың қылығында дағдыланумен бірге шартты рефлекстер де үлкен орын алады. Бірақ егер дағдылану төменгі сатыда тұрған жәндіктерде де пайда болатын болса, шартты рефлекстер жоғарғы сатыға шыққан миының жарты шарлар қыртысы дамып, тиісті дәрежеге жеткен жануарларда ғана болады.
Даму сатысының жоғарғы басқышында тұрған жануарлардың әрекеттерінде соқыр сезім және дағдылану қылықтарымен бірге саңылау (рассудок) әрекеттерінің бастапқы белгілерінің бар екенін байқауға болады.
Бұл жөнінде жоғары хайуанаттарға
тәжірибелер жүргізіп Германияда –
Келлердің, Америкады – Торндайктың,
Иеркстің, Ресейде – Павловтың, Войтонистің
тағы басқа ғалымдардың жүргізген
зерттеулері мүмкіндік береді.
3. Адам психикасының пайда болуы және дамуы.
Психиканың ең жоғары формасы
- адамның санасы. Сана адамның
қоғамдық тарихи дамуның жемісі. Ол
әлеуметтік даму заңына сәйкес үнемі
жетіліп, күрделеніп отырады. Адам психикасының
ерекшеліктері біздің санамызан
өмір заттар мен құбылыстарды әр алуан
нәрселерді. Түсіну, қабылдау, елестету
арқылы көрінеді. Олардың адамның
сезім мүшелері арқылы тікелей көріп
білуге, ұстап көруге болмайтын қасиеттерімен
белгілелері, өзара шарты байланыстары
адамның абстрактілі ойлау
Деп аталады. Ежелгі грек жұртының ғұламалары Гемокрит (б.з.т 6ғ.), Демокрит (б,з.т 5 ғ.) жан табиғаттың бір бөлігі, ол сол табиғат заңына ыңғайланбайды деген пікірді қолдайды. Демокрит психиканы оттың атомдарындай қозғалмалы қасиеттер деп санады. Сонымен жан туралы алғашқы ілім психиканы адам тәнінің қызметі деген бір ыңғай материалистік түсінікті тудырды. Сол заманның ғұлама ойшылы Платон б.з.т 424-347 жж. Жан мәңгілік нәрсе, ол өлмейді, өшпейді деген қоырытынды жасады. Ол бұл пікірмен өз заманда үстемдік құрған билеуші топтың мүдесін қорғап, психиканы түсіндіруді. Идеалисттік бағытты жақтады.
Аристотель (б.э.д. 384-322ж) оның
«жан туралы»трактаты бірнеше
Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі-ойлай білетін адамның дүниеге келуі. Адам санасының қалайша пайда болғандығы ғылыми тұрғыдан бірден-бір дұрыс түсіндірген марксизм классиктері болды. Маркс пен Энгельс адамның санасы еңбек ету процесінде пайда болған, адам қоғам мүшесі, сондықтан да оның санасы әлеуметтік-тарихи құбылыс деп түсіндіреді.
Демек, еңбек әрекетінде сананың, дыбысты анық тілдің дамып шығуы және олардың қоғамдық-тарихи сипатна тоқталсақ:.
Жануарлар мен адам психикасының өзіндік
ерекшеліктері және сипаттары түрліше,
олардың арасында айрықша айырмашылықтар
бар. Жануарлардың «тілі» мен адамның
сөйлеу тілін салыстыруға мүлде
болмайды. Жануарлар жануарларға
белгі берумен ғана шектелсе, ал
адам анық сөйлеу тілі арқылы әр алуан
хабарлар беріп, қазіргі жағдай мен
болашақ жөнінде басқа
Зерттеу тәжірибелеріне қарағанда, жоғары сатыдағы жануарларда әрекеттік ойлау кездеседі. Ойлаудың ондай түрі маймылдың бағдарлау мен айлалы әрекеттер жасап, мақсатына жету үшін түрлі жағдайларда ²құрал² қолдануынан көрінеді. Жануарлар психикасы олардың сыртқы әсерлерді тікелей қабылдайтын жағдайына тәуелді. Ал адамның нақты жағдайларға бейімделуі ойлаудағы дерексіздендіру әрекетіне сүйеніп, іс-әрекет нәтижесін алдын-ала болжай алады. Адам нақты жағдайды бейнелеумен бірге одан шығатын нәтижені де пайымдайды. Сондай-ақ, ол еңбек құралдарын жасап, қажетіне қолданады.Ал жануарлар ²құралды² тек нақты, көрнекі әрекетке ғана жұмсайды. Өзге жағдайларда жануарлар ²құралды² қажет болар-ау деп тани алмацды. Жануарлар үшін зат тек нақты жағдайда ғана белгілі бір мәнге ие болады. Олардың заттық-құралдық әрекетінде ұжымдық бірлесу сипаты болмайды. Ең әрі кеткенде бір маймыл екінші маймылдың әрекетін бақылауы мүмкін. Бірақ олар ешқашан біріне-бірі көмектесіп, бірлескен әрекет жасамайды.
Адамның жануарлардан басты ерекшелігінің бірі – еңбек құралын ойлап, жоспарлап жасауы. Оны қажет кезінде қолданып, сақтайды. Екіншіден, құрал-саймандарды басқа адамдармен бірлесіп қолданады. Адамның психикалық әреетіндегі саналылықтың үшінші ерекшелігі – олардың қоғамдық тәжірибені бір-біріне жеткізіп, мұра етіп қалдыратындығы. Адам да, жануарлар да жеке өз тәжірибелерін жинақтайды. Алайда, адам сол тәжірибелерін саналы түрде меңгереді.
Әрбір адамның мінез-құлқында қоғамдық тәжірибенің ізі сайрап жатады. Қоғамдық тәжірибе адам психикасын дамытуға күшті ықпал етеді. Нәресте жарық дүниеге келісімен, әрқилы әрекеттер жасап, құралдарды қолданып, айналасындағы адамдармен қатынаста болады.Сөйтіп, адамзат баласының психикалық функцияларының жетілуіне әлеуметтік орта әсер етіп, қажетті құралдарды меңгеруінде сапалық өзгерістерге ұшырайды. Адамға ғана тән жоғары функциялар – ырықты зейін, ырықты ес, абстрактылы ойлау дамиды.
Адам сезімінің дамуы және абстрактылы ойлауы нәтижесінде болмысты бейнелеу тәсілдері өзара ұқсас. Сондықтан, адам айналасында болып жатқан жағдайлардың сырын білуге терең үңіледі. Өзіне әсер ететін заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстарды бейнелеп, олардың бір-біріне қатынас себептерін таниды, әр қилы эмоцияларға әсерленеді. Мұндай сипаттар – адам психикасының өзіндкі төртінші ерекшелігі. Тек адам ғана басынан кешірген оқиғаларға қайғырып, қуанады. Басқа адамның басына түскен жағдайларға жанашырлық білдіріп, оларға жан дүниесімен тебіренеді. Табиғат әсемдігін қабылдап, оған шаттанады, жасампаздық істердің нәтижесіне қуаныш білдіріп, рақаттанады. Сөйтіп, саналы тіршіліктің түрлі сырларын танып, ақыл-ой сезімін байытады.
Адам психикасының жануарлар психикасынан тағы бір ерекшелегі сол – жануарлар дүниесінің дамуы биологиялық эволюция заңына тәуелді болса, ал адамзат санасы қоғамның тарихи даму заңдылықтарына бағынады. Адамдардың өзара қарым-қатынасы мен өмір тәжірибесі оның көңіл-күйін, ырықты зейіні мен есте сақтауын, абстрактылы ойлау қабілетін жетілдіріп, жеке басының кісілік қасиеттерін қалыптастырады. Адам психиканың қоғамдық даму сипатын түрлі себептермен жас кезінен жануарлар ортасында өскен адам баласының жағдайларыннан толық аңғаруға болады. Барлық маугли балаларда жабайы аңдарға тән тіршілік сипаты мен реакциялық әрекеттер болған. Ал адамның жас кезінен қалыптасатын,әлеуметтік ортаға бейімделген сапалары байқалмаған. Егер маймылдың балалары өз үйірінен ажырап қалатын болса, олар тек маймылға тән әрекеттерінен жаңылмайды. Адам баласы адам болып өсуі үшін жарық дүниеге келгеннен бастап адамдар арасында, әлеуметтік ортада өмір сүруі қажет.
Адам психикасы – бүкіл материяның эволюциялық даму нәтижесі. Психиканың даму сатыларын талдау нәтижесінде біз сананың пайда болуы биологиялық фактормен байланысты екенін түсінемізү\. Адамның арғы тегі заттық әрекет ету негізінде ойлаған. Сөйтіп, жоғары жүйке жүйесінде, әсіресе, бас миында көптеген уақытша байланыстар жасауға қабілетті болған. Алғашқы адамдар қолға ұқсас алдыңғы аяқтарының көмегімен қажетті құралдар жасап, оларды нақты жағдайға қолдана да білген. Жануарлар эволюциясының мәнін түсуде сана адамның қоғамдық қатынастарының жиынтығы екенін айқын түсіне аламыз. Адамдардың алғашқы қоғамдық қатынастарының сипаты – үйірленіп тіршілік етіп, топтасып өмір сүруі. Сөйтіп, олар өз жауынан қорғанған тамақ табуда біріне-бірі көмектескен. Еңбекке қажетті құрал жасап қолданған. Еңбектену әрекетінде алдыңғы екі аяғы әр алуан іс-қимылдар жасауға икемделіп, денесін тік ұстаған. Мұндай даму адамның бас миының жетілуіне зор ықпал еткен.
Еңбек әрекеті – қоғамдық дамудың
алғы шарты және нәтижесі. Еңбек
әрекеті адамдар арасындағы қоғамдық
қатынастар мен тұрмыс жағдайының күрт
өзгеруіне, адам тегінің өсіп жетілуіне
қолайлы ықпал етеді. Ортаның
күрт өзгеруі адамның тіршілік етуін
қиындатып, қажеттіліктерін
Еңбек әрекетің арқасында адамның санасы дамыды. Эвалюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, заттық әрекетінің мәнін шынайы түсінетін болды, сөйтіп, ақиқат дүниені өзгерту дәрежесіне қолы жетті. Еңбек құралдарын жасап, оны қолдану, сақтау әрекетінің арқасында адам тіршілік ортасына тәуелді болатын бірсыпыра жағдайлардан құтылды, өзін сол ортаның иесі ретінде сезінетін деңгейге көтерілді. Өздері жасаған құралдармен әр алуан әрекеттерді жасайтын болды. Құрал арқылы бір ұрпақ келесі түрлі құрал жасау тәсілдерін, іс-қимылын мұра етіп қалдырады. Еңбек әрекетінде адамның зейіні өзі жасайтын құралға шоғырланып, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға да бағытталады. Адамның әрекеті – еңбек. Күрделі өндіріс түрлерінің шығуына сәйкес қоғам мүшелерінің құрал-жабдық жасаулары да бірнеше буынға бөлінеді. Енді қоғам мүшелері әр буынды жеке атқарады.
Қол еңбек әрекеті нәтижесінде қалыптасып, түрлі затқа жанасу арқылы әрбір нәрсені нәзік сезіне алатын болды. Сондай-ақ, қол материялдық дене жөнінде бағалы мағлұматтар да береді. Қол – тек еңбек органы ғана емес, сол еңбектердің жемісі. Оның дамуы адамның бүкіл органдарының дамуына да әсер етеді.
Қолмен істелетін сан қилы еңбек әрекеті көздің бақылауымен ұштасып, адамның көру органының дамуына әсерін тигізеді. Қол мен көздің бір-біріне сәйкестеніп отыруы адам организмінің бүкіл қимыл-қозғалысын
Реттеп отырады да, оның танымдық өрісін кеңейтеді.Сөйтіп, оның сезіну қызметінің өзгеруі бас миының жетіліп, көлемінің арта түсуіне қолайлы жағдай тудырады. Еңбек ету нәтижесінде адамзаттың қоғамдық өмірі құрылды, қарым-қатынас жасаудың жоғары формасы – олардың дыбысты тілі жетіліп, адам сана арқылы болады. Еңбек процесінде адамның саналы әрекеті қалыптасып, бейнелеу формалары жетіле түсті.
Тарихи даму процесінде екі шешуші фактор – еңбек пен дыбысты тіл арқылы адамзат орасан зор табыстарға жетіп, осы заманғы материялдық және рухани мәдениетті меңгерді.
4.Психикалық процестер
Түйсік.
Түйсік туралы түсінік. Сезгіштік және табалдырық түрлері: абсолюттік және айырма. Вебер-Фехнердің псифизикалық заңдылығы. Адаптация құбылысы. Түйсіктердің өзара байланысы. Сенсибилизация және синестезия құбылыстары. Бір ізді бейнелер. Экстерорецепторлар және оның түрлері. Интерорецепторлар түйсіктері. Проприорецепторлар түйсіктері. Түйсіктің физиологиялық негіздері (перифериялық, нерв жолдары, ми орталығы). Тітіркендіргіш, психикалық бейнелеу, субъективтік образ. Сенсорика. Сенсорлық жүйе. Тұлғаның сенсорлық ұйымдасуы. Сенсорлық зеректік. Сезімталдық. Сезімталдық тұлғаның әлеуметтік және кәсіптік қасиеті.
Қабылдау.
Түйсік және қабылдаудың
байланысы. Уақытты және кеңістікті
қабылдау. Заттарды кеңістікте қабылдау
қасиеттері: көлемі, формасы, орналасу
қалпы. Қозғалысты қабылдау механизмі.
Гештальтпсихологиядағы қабылдау теориясы.
Уақытты қабылдау механизмі. Затты
және фонды қабылдау. Қабылдаудың
тұтастылығы, мағыналылығы, таңдамалылығы,
тұрақтылығы, қабылдаудағы иллюзия, апперцепция.
Қабылдаудың нейрофизиологиялық негіздері.
Қабылдаудың даму сатысы. Қабылдау-
сыртқы дүниедегі заттармен
Ес процестері және елес.