Психодиагностиканың кәсіби-этникалық принциптері мен психометрикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 20:33, реферат

Краткое описание

Медициналық тексеру сияқты, кез келген психодиагностикалық тексеру адам өміріне елеулі әсер етуі мүмкін. Сондықтан да психодиагностика қарқынды әрі кең дамып келе жатқан көптеген мемлекеттерде ол бақылау және психодиагностика саласында жалып кәсіби-этникалық кодекс ретінде танылады. Сонымен негізгі кәсіби-этникалық принциптерді қарастырайық:
1. Психодиагностикалық әдістемені қолданатын тұлғаларды, мамандық аттестациялау және даярлау принципі.
2. Жеке жауапкершілік принципі
3. Психодиагностикалық әдістемелерді шектеулі тарату принципі («Кәсіби құпия» принципі)
4. Тұлғаның тәуелсіз құқықтарын қамтамасыз ету принципі
5. Объективтілік принципі
6. Құпиялылық принципі
7. Психопрофилактикалық нәтижелерді мазмұндау принципі

Вложенные файлы: 1 файл

Лекция 251212.docx

— 41.71 Кб (Скачать файл)

Бұл әдістің кемшілік тұстары  және шектеулері оны қолданудың идеяны ең жалпы түрінде алға тартуға, табуға мүмкіндік беретіндігінен тұрады. Әдіс идеяның мұқият жетілдірілуіне кепілдік бермейді. Ол сонымен қатар шығармашылық тапсырма үлкен алдын ала есептеулерді қажет еткен кезде қолдануға  жарамайды немесе қолдануда шектеулерге  ие болады. Бірегей идеяларды ұжыммен  іздестіру әдісін қолдану жетекшінің салыстырмалы түрдегі жоғары шеберлігін, импровизацияға, қалжың сезіміне қабілеттіліктерді  қажет етеді. Оны қолдану барысында  сондай-ақ ойлаудың инерциясын жеңіп  шығу әрқашан қолдан келе бермейді, өйткені кей кездері шығармашылық тапсырманы шешудің қандай да бір  ең ықтимал амалы, тәсілі, бабы иллюзиясы  жасалады. Топтың ойлау логикасы көбіне көп осы бағытқа қарай ұмтылады, бірақ осы бір тапсырманы шешуші адамдар үшін ең айқын болып көрінген амал-тәсіл көбіне жалған болып табылады.

 

 

ЭВРИСТИКАЛЫҚ  СҰРАҚТАР ӘДІСІ

 

Бұл әдіс сонымен қатар  «маңызды сұрақтар» әдісі ретінде  де белгілі. Эвристикалық сұрақтар әдісін проблемалық жағдай кезінде қосымша  ақпарат жинау үшін немесе шығармашылық тапсырманы шешу барысының өзінде қолд бар ақпаратты ретке келтіру  үшін қолданған мақсатқа лайықты. Эвристикалық сұрақтар қосымша стимул болып қызмет етеді, шығармашылық тапсырманы шешудің  жаңа стратегияларын және тактикаларын қалыптастырады. Педагог сәтті қойған сұрақ оқушыны тапсырманы шешудің, дұрыс жауаптың идеясына бағыттайтындықтан, оқыту тәжірибесінде оларды сондай-ақ бағыттаушы сұрақтар деп атау кездейсоқ  емес. Эвристикалық сұрақтарға американдық  математик және педагог Д. Пойя көп  көңіл бөліп келген.

Эвристикалық сұрақтарды өзінің ғылыми және практикалық қызметінде ежелгі рим философы Квинтилианның  өзі кеңінен пайдаланғандығын атап кетуіміз керек. Ол барлық ірі саяси  қайраткерлерге қандай да болсын бір  оқиға, жағдай туралы айтарлықтай толық  ақпарат жинау үшін өзінің алдына келесідей жеті маңызды (эвристикалық) сұрақтар қоюды және оларға жауап  беруді ұсынған: кім? не? неге? қайда? немен? қалай? қашан?

  Эвристикалық сұрақтар әдісі келесі заңдылықтарға және оларға сәйкес келетін қағидаларға негізделеді:

1. Проблемалылық және оптималдылық қағидасы. Шебер қойылған сұрақтар арқылы тапсырманың проблемалылығы оптималды деңгейге дейін төмендейді.

2. Ақпаратты бөлшектеу қағидасы (эвристикалық сұрақтар тапсырманы шағын тапсырмаларға бөлуді іске асыруға мүмкіндік береді).

3. Мақсат қою қағидасы (әрбір жаңа эвристикалық сұрақ жаңа стратегияны – іс-әрекеттің мақсатын қалыптастырады).

  Эвристикалық сұрақтар әдісінің артық тұсы оның қарапайымдығынан және кез келген тапсырмаларды шешу үшін тиімді екендігінен тұрады. Эвристикалық сұрақтар әсіресе ойлау интуициясын, шығармашылық тапсырмаларды шешудің логикалық схемасын дамытады. Бұл әдістің кемшіліктері және шектеулері оның ерекше бірегей идеялар мен шешімдер бермейтіндігінен және, басқа да эвристикалық әдістер секілді, шығармашылық тапсырмаларды шешудегі абсолюттік табысқа кепілдік бермейтіндігінен тұрады.

 

КӨП ӨЛШЕМДІ МАТРИЦАЛАР ӘДІСІ

 

Бұл әдіс зерттеушілердің  және өнертапқыштардың арасында сондай-ақ «морфологиялық жәшік» әдісі немесе «морфологиялық талдау» әдісі ретінде  де белгілі.  Бұл әдіс швейцар  ғалымы Ф.Цвики реактивті қозғалтқыштар  жүйесін жасап шығарған кезде  ең толық негіздемесін және практикалық  қолданысын алды. Осы әдіске арқа сүйей  отырып, Ф.Цвики көптеген өнертабыстарды ойлап тапты. Зерттеушілердің немесе өнертапқыштардың алдында бәрінен  жиі тұратын проблемаларды талдай отырып, Ф.Цвики бұларды үш үлкен  класқа бөлді:

1) осыларды шешу үшін белгілі болып та отырған элементтердің салыстырмалы түрде шамалы санын пайдалануға болатын проблемалар;

2) осыларды шешу үшін әлі белгісіз болып отырған жаңа элементтерді пайдалану қажет проблемалар;

3) үлкен сандар проблемалары.

Шығармашылық тапсырмаларды  шешудегі көп өлшемді матрицалар әдісінің бастапқы идеясы келесіден  тұрады. Жаңа бір нәрсе өте көп  жағдайларда белгілі элементтердің (құрылғылардың, процестердің, идеялардың және т.с.) өзгеше комбинациясы немесе белгілінің белгісізбен комбинациясы болып келетіндіктен,  матрицалық әдіс мұны сынап көру және қателесу жолымен емес, мақсатты бағыттай отырып және жүйелі жасауға мүмкіндік береді. осылайша, көп өлшемді матрицалар әдісі  зерттеліп отырған проблеманы матрицалық талдау барысында пайда  бола бастайтын жаңа байланыстарды  және қатынастарды жүйелі талдау қағидасына негізделеді.

Бұл атау әдістің мәнісін  көрсетуге қарағанда, құпиялылық және маңыздылық ореолын жасайтындықтан, әдістің «морфологиялық жәшік» атауының онша сәтті болып табылмайтындығын байқамауға болмайды. Оның үстіне көп  жағдайларда ешқандай «жәшік» жасалынбайды, ал жаңа идеяны іздестіруде, екі өлшемді  матрицаны талдауды қолдана отырып, мәселені шешу қолдан келіп отырады.

Көп өлшемді матрицалар әдісінің  қасиеті оның күрделі шығармашылық тапсырмаларды шешуге және көптеген жаңа, күтпеген, бірегей идеялар  табуға мүмкіндік беретіндігі болып  табылады.

Көп өлшемді матрицалар әдісінің кемшіліктері және шектеулері, тіптен қиындығы орташа тапсырмаларды шешкен кездің өзінде матрицада шешімдердің  осылардың арасынан оңтайлысын таңдап алу қиынға соғатын жүздеген варианты болуы мүмкін. Аталған әдіс зерттеліп  отырған жүйенің барлық параметрлері ескерілетіндігіне кепәлдік бермейді. Осы әдісті қолдану белгілі бір  дағдыны және шеберлікті қажет етеді.

Жоғарыда атап айтылып  кеткеніндей, оның бастапқы вариантында, көп өлшемді матрицалар әдісі  екі өлшемді матрица, мысалға  7х7 элемент болып келуі мүмкін. Тәжірибе магиялы, сиқырлы 7 санының  матрицалар құруға қатысты оптималды  болып табылатындығын көрсетуде (Халық  даналығының: жеті рет өлшеп, бір  рет кес! деуі тектен тек емес болса  керек).

 Талдаудың екі өлшемді  матрицасын құрастырудың мысалы  үшін:

 а) шығармашылық тапсырманы шешудің еркін алынған жеті эвристикалық тәсілін және

б) осыны жақсарту қажет болып отырған нысанның (өнімнің) техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жеті сипаттамасын аламыз.

  Матрицаның бір осі бойынша осы эвристикалық тәсілдерді ойша «саламыз»:

 1. Аналогия тәсілі – аналогты іздстіру және поиск аналога и использование всех процедур вывода по аналогии.

2. Бөлшектеу тәсілі – жүйенің құзыретті құрамын іздестіру, оның шағын жүйелерге бөлшектеу.

3. Ірілендіру тәсілі – жүйенің өлшемдерін, көрсеткіштерін, сапалық сипаттамаларын арттыру.

4. Инверсия тәсілі –іс-әрекет рәсімдерін қарама-қарсы рәсімдерге өзгерту, функцияларды айналдыру, жүйеге жалпы қабылданғанға қарама-қарсы көзқараспен қарау, динамиканы статикамен және керісінше алмастыру.

5. Бейімдеу тәсілі – жүйені немесе оның жекелеген құрамдас бөліктерін сыртқы жағдайларға, жаңа мен ескінің өзара әрекеттесуіне бейімдеу.

6. Идеалдандыру тәсілі – жүйені және оның жекелеген құрамдас бөліктерін идеалды вариантқа жақындастыру мүмкіндіктерін іздестіру.

7. Шектеу тәсілі – жүйенің бір бөлігін уақытша бөліп алу мүмкіндіктерін іздестіру, шарттардың бір бөлігін уақытша өзгерту, тапсырма талаптарының бір бөлігін уақытша қанағаттандыру және т.с.

Талдау матрицасын құрған кездегі сипаттамалардың екінші қатары етіп біздің мысалымызда жүйенің  техникалық-экономикалық сипаттамалары: 1) салмағы; 2) сенімділігі; 3) үнемділігі; 4) пайдаланылуының ыңғайлылығы; 5) габариттері; 6) жасалуының технологиялығы; 7) эстетикалығы алынуы мүмкін.

 

Еркін ассоциациялар әдісі

Бақылау көрсеткендей творчестволық  мансаптың нәтижелілігі, әсіресе  жаңа идеялар туындау кезеңінде, ассоциацияның барлық идеяларын  кең және ауқымды түрде пайдаланғанда  жоғарлайтды, бұл идеялар өз кезегінде  мәселелерді шешуде тиімді идеялардың туындауына алып келеді. Ассоциацияның  туындауы процесі кезінде шешілетін  мәселе компоненттері мен қоршаған дүние элементтері арасында біртекті емес байланыс орнайды. Ассоциациялық  қатынастардың туындауы нәтижесінде  мәселені шешудің творчестволық  идеялары пайда бола бастайды. Ассоциациялық  қатынастардың орнауы үшін топтың әрбір  мүшесі сол қатынастардың базисі болып табылатын өзінше бір ой, идея немесе белгілі бір пікір  айтуға ұмтылысы жоғары болуы тиіс. Бұл әдісті қолдану барысында  сүйенетін белгілі бір принциптер бар:

  1. Еркін ассоциациялар принципі
  2. Антиконформизм
  3. Кейіндетілген критикалық сараптама

 

Инверсия әдісі

Инверсия әдісі творчестволық  қызметтің эвристикалық әдісінің бір  түрі, олар жаңа творчестволық мәселелерді  шешуде қолданылады.

Ойлап тапқыштар бұрыннан бері келесідей шешімге келген, егер логикалық ойлау тәсілі тығырыққа  тірелген кезде, сәйкесінше ол мәселені шешуде баламалы шешімдер көмектеседі. Мысалы, белгілі бір құралды сырттай  ғана зерттейді. Бұл өзін-өзі тауысқан, ерекшелігі жоғалған дәстүрлі әдіс. Бұл  жағдайда ақылға қонымдысы аталған  құралды ішкі жағынан зерттеу. Инверсия әдісі дуализмнің, диалектикалық  бірліктің, творчестволық ойлауды  тиімді пайдаланудың  принциптері  мен заңдалақтарына негізделеді. Нақтырақ айтсақ, анализ бен синтез, логикалық  және интуитивті, зерттеу объектісінің статикалық және динамикалық сипаттамаларына, объектінің ішкі және сыртқа жақтары, өлшемін азайту немесе көбейту, нақты  және абстрактылы және т.б.

Бұл әдістің ең бір басым  тұсы ол ойлау диалектикасын дамытуға, шешімі жоқ немесе тығырыққа тірелген кездерден шешім табуға, ерекше бір  ойлардың туындауына мүскіндік береді.

 

ЭМПАТИЯ ӘДІСІ

Бұл әдіс мәселелерді шешудегі ең негізгі эвристикалық әдіс болып  табылады. Аналогияны қолдану үрдісі интуитивті және логикалық ойлау  процедураларының арасындағы кезеңдік құбылыс болып табылады. Творчестволық  мәселелерді шешу барысында түрлі  анологиялар қолданылады: нақты  және абстрактылы, тірі және өлі дүниедегі  анологияларыд іздестіру, мысалы, техника  саласында.

Кейде ойша аналог құрау  кезінде жақсы эвристикалық нәтиже беретін айла бұл – гиперболизация, яғни айтылып отырған объектінің ауқымын үлкейту немесе кішірейту  арқылы суреттеу.

Эмпатияның кең тараған  мағынасында ол былай айқындалады, яғни өзіңді өзге біреудің орнына қою. Аталған әдіс қолданылған кезде  көбіне белгілі бір адамның сезімі, ойлауы және т.б. басқа адамға жазылады. Эмпатиялық әдіс творчестволық қызметтің  барлық түрлеріне қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СИНЕКТИКА ӘДІСІ

Синектика әдісінің авторы  Гарвардтық, Калифорниялық, Пенсильваниялық, Бостондық университеттерде білім  алған Дж.Гордон болып табылады. Синектика ұғымының өзі «әртекті элементтердің бірлестігі» деген  мағынаны береді. Дж.Гордонның пікірі бойынша, жекелеген адамның творчестволық  қызметі, сан-қыйлы дайындығы бар  персоналдың творчестволық қызметі  тәріздес болып келеді деп есептейді.  

1952 жылы АҚШ-та Дж.Гордон  жасаған синектиктардың бірінші  тобына түрлі біліктілігі және  білімі бар адамдар кірген. Олар: архитектор, инженер, биолог, дизайнер. Күтпеген жерден дәл осы топ  басқаларға қарағанда көп ашылулар  жасады.

Синектика әдісі өзінің болашақтағы  дамуын және теориялық негізделуін  Г.Я.Буштың еңбектерінен алды. Синектика  әдісінің негізгі мағынасы мынада. Оны қолданудың алғашқы кезеңдерінде «творчество механизмдеріне» баулу  үрдісі жүзеге асырылады. Авторлар бұл  әдістің тек қана белгілі бір  бөлігін үйретуге кепілдік береді, алайда қалған бөлігінің меңгерілуіне кепілдік бермейді.

Синектика әдісін қолдану  барысында мәселенің алдын ала  құрастырылуын болдырмау керек, себебі ол алдағы шешімдердің туындауына кедергі болады. Талқылауды бастаған кезде негізгі ойды мәселенің  өзінен емес, сол мәселенің туындауына алғышарт болған негізгі құбылыстарды немесе факторларды талдаудан бастаған оңтайлырақ.

Синектика әдісінің артықшылықтарына эвристикалық әдістің негізінде  құрастырылған барлық артықшылықтар  жатқызылады. Ал оның кемшіліктері мен  шектеріне келесілерді жатқызуға  болады:

  • Синектика әдісі тым творчестволық мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді, бірақ қалыптасқан шешу жолынан өзге және тиімді шешім табуға мүмкіндік береді;
  • Әдісті 30-40мин қолданғаннан кейін жаңа идеялардың туындау қабілеттілігі төмендейді;
  • Бұл әдісті қолдану топ басшысының жоғарғы біліктілігін талап етеді.

 

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН СТРАТЕГИЯЛАР ӘДІСІ

Мәселелерді шешудегі басшының алдында туындайтын бір қиындық  ол оның қалыптасқан және қарапайым  шешімдерден ауытқып, жаңа немесе ерекше шешімдерді табуға ынтасының төмен  болуы. Тіпті кейде біз дұрыс  таңдау жасағанның өзінде, бізде «мен бір нәрсені жіберіп алдым-ау»  деген үрейлер болады.

Ұйымдастырылған стратегиялар әдісінің эвристикалық ережелері:

  1. Мәселені шешу барысында ойыңызға келген кез келген идея мен ойларды жазып алыңыз.
  2. Қабылданып қойған жспарлармен қатар ойыңызға кенеттен келген жоспарларды да пайдаланыңыз.
  3. Қабылданған және тексерілген стратегиялар ойға кенеттен келген стратегиялармен жақсы толықтырылатынын естен шығармаңыз.
  4. Творчестволық мәселені шешу барысында келесі стратегияны мақсатты түрде қолданыңыз:
  5. Функционалдық сараптама стратегиясы:

Информация о работе Психодиагностиканың кәсіби-этникалық принциптері мен психометрикалық негіздері