Тұлғаның типтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:42, реферат

Краткое описание

Реалистік тип. «Ер адам» типі. Эмоциялық тұрақтылығы жоғары, заманына қарай бейімделе біледі. Нақты объектіні ұнатып, сонымен шұғылданғанды дұрыс көрінеді.Ептілікті талап ететін, үнемі қозғалыста болатын кәсіппен айналысқанды жөн деп есептейді. Міндеті нақты кәсіпті : механик, жүргізуші, инженер, агроном т.б. мамандықтарды ұнатады. Ауызша сөзді талап етпейтін, моторлық қабілеті мол, сызбалар оқу сияқты жұмыстар жанына жағады.

Вложенные файлы: 1 файл

ТҰЛҒА ТИПТЕРІ.doc

— 149.00 Кб (Скачать файл)

 Әлеуметтену тиімділігі оның адамгершілік, мәдени, экономикалық жағдайына негізделеді. Әлеуметтік институттардың тұлғаға әсер күші авторитеттік-референттікке байланысты. Дегенмен, басымдылық артықшылық отбасына беріледі. Отбасының тұлға әлеуметтенуіндегі рольі ерекше. Отбасынан тыс тәбиеленетін бала бейімсіздіктен, эмоциональдық контактінің бұзылуынан, топтық пара-парлықтан шаршайды.    

 Әлеуметтену  процесі дене, анатомиялық-физиологиялық,  сенсорлық, эмоциональдық, танымдық  және тұлғаның әлеуметтік дамуы  сияқты белгілі бір циклдарға байланысты. Әлеуметтену кезеңін адамның түрлі өмір сүру кезеңінде болатын адам дамуы мен өзіне тән әлеуметтік ситуацияларымен түсіндіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Әлеуметтену кезеңін анықтаудың түрлі тұрғылары  бар. Әлеуметтік тұрғыда әлеуметтену үш сатыдаболады деп бөледі. Олар:

  • еңбекке дейінгі,
  • еңбектегі,
  • еңбектен кейінгі.

 

    Әлеуметтену кезеңінде  психоаналитикалық көзқарастарды  ескерген жөн. Олар: әлеуметтенуді  алғашқы, маргинальді, тұрақты,  статусын жоғалтумен байланысты  әлеуметтенулер.(зейнетке шыққаннан кейінгі жағдай).      

Әлеуметтенудің  алғашқы кезеңі – баланың әлеуметтенуі З.Фрейд пікірінше, бұл кезең мыналардан, тұрады:    

1) оральдық (туғаннан 2 жасқа  дейін) бала әлемі тез  айналасына ғана шоғырланады;   

2) анальдық (2 жастан 3 жасқа дейін) бала гигиена дағдыларына үйретіледі. З.Фрейд пікірінше, бұл кезең адамның барынша кейінгі дамуын анықтайды;   

3)фаллигиялық (4 жастан 5 жасқа  дейін). Алғаш рет қарсы жыныстық  топтағы ата-аналарға симпатиясы  пайда болады. З.Фрейд осы сезімге  байланысты дау-дамайды,  ұл балалардағыны эдиптік комплекс, қыздардағы  электрлік деп аталады. Бұл кезеңді жақсы өткізгендер өздерін ата-аналарына ұқсатады.  

 З.Фрейдтің пікірінше,  негізгі тұлғалық сипаттар осы  кезеңде қалыптасады.   Сондай-ақ, тұлғаның әлеуметтену процесіндегі бейсаналық рольін абсолюттендірмеу керек. Алғашқы әлеуметтену кезеңінде әлеуметтік рольдер мен ойындық іс-әрекеттерді тану мен меңгеру, күтуге жүйесіне байланысты туу мен беку, оны қанағаттандыру, оған ата-ана тарапынан болатын талап,онымен айналысу сипаттары шешуші мәнге ие.   

 Маргинальды(аралық  немесе псевдотұрақты) әлеуметтену – жеткіншектің әлеуметтенуі. Жеткіншек жаста жыныстық жетілу болатыны мен оның ересек адам болғанға дейін жалғасатыны белгілі. Бұл кезең тұлғаның өзіндік беку, топтық ұқсастықпен, балалықтан жеткіншектікке ауысужасымен байланысты.     

 Тұрақты әлеуметтену – белгілі бір жетістікке жету мен әлеуметтік және тұлғааралық рөлдер кең спектрін орындау үйлесімінде.    

 Статусын жоғалтуға  байланысты әеуметтену – адамның зейнетақы демалысымен байланысты және ол кезеңдегі жағдады ауыр сезінуі мен дезадаптациялануымен түсіндіріледі. Ең жақын адамдардың өмірден кетуі, өмірінің мәнін, организмінің қартаю процесінің кері айналмайтынын, жалғыздық пен қажетсіздікті сезіну ауыр күйзеліске әкеледі. Мұндай жағдайды немере, шөберелеріне сүйіспеншілікпен ауыстыруы оларға күш береді және әлі де қажеттілігін, өмірдің қайталануын сезінуге мүмкіндік береді.


Информация о работе Тұлғаның типтері