Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2013 в 09:57, курсовая работа
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тұлға және қарым-қатынас
1.1. Тұлға туралы жалпы түсiнiк
1.2. Тұлғаның түрткiлерi мен қасиеттерi
1.3. Қызығу, дүниетаным, сенiм, мұрат
ІІІ. Практикалық бөлім
3.1. Сабақ жоспарлары
ІV. Зерттеу бөлімі
4.1. Сауалнама
4.2. зерттеу жұмысының нәтижесі
V. Қорытынды
VІ. Әдебиеттер тізімі
Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық, т. б. болып келеді. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, таным қызығулары оқуға, ғылымға қызығу, (математика, химия, биология, философия т. б.); кәсіптік қызығулар сан салалы кәсіптің түрлеріне байланысты, (эстетикалық қызығулар кино, театр, музыка, бейнелеу өнері т. б.) бөлініп жатады.
Адам объектіге түрлі
мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан
қызығу тікелей және жанама болып
екіге бөлінеді. Тікелей қызығу айналадагы
нәрселердің тартымдылығынан
Адамдардың қызығу саласындағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бүл өзгешеліктер адамның, іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне байланысты белгілі мазмұнға толы болады. Мәселен, бір адамдар саяси-қоғамдық мәселелерге қызығатын болса, екінші біреулер эстетикаға қызығады. Ал үшінші біреулер ғылыми-теориялық мәселелерге ерекше назар аударып отырады, төртінші біреулерде осы айтылғандардың барлығы бірдей тоғысып жатады.
Қызығу балаларда алғашқы
кезде онша ажыратылмайды. Дегенмен,
бөбектерде де қызығу элементтерінің
барын байқауға болады. Қызығудың
жақсы көрінетін жері — мектеп.
Мектеп жасындағы балаларда қарапайым
тану қызығулары көріне бастайды. Мектеп
өмірі балаларда көптеген қызығулардың
түрлерін туғызады. Біртіндеп оқу
қызығуларымен қатар спорттық, оқырмандық
қызығулар қалыптасады. Қызығу көбінде
баланың бір нәрсеге
Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі — адамның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным — адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Нағыз дүниетаным мистика мен идеализмге жат, дәйекті ғылыми-материалистік дүниетаным. Оның басты ерекшелігі — ғылымға негізделетіндігі. Бірден-бір ақиқат — дүниенің, даму заңдарын дұрыс түсіндіретін ғылымға негізделіп дүниетаным ғана адам психологиясына дұрыс бағыт береді. Кісі еңбегін қанайтын адамдардың дүниетанымы мейлінше керітартпа өзімшілдік, адамға деген өшпенділік, шындықты көретұра бұрмалау, пессимизмге салыну — керітартпа дүниетанымның басты белгісі. Адамдардың дүниетанымы ұжымшылдықты, гуманизмді (еңбек адамын құрметтей білу), оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дәріптеп қоймай, әр адамды дүниені қайта құру жолындағы жанқиярлық күреске баулиды. Дүниетанымның негізі бастауыш мектептің өзінде қаланады да бала кәмелетке келгенде оның дүниетанымы біршама қалыптасады. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Адамның дүниетанымына берік сенім нақты іс-әрекеті мен тәжірибесіне байланысты бекімеген дүниетаным берік болмайды. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі, құстың қос қанатындай, адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындыктың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Оны өмір толқыны біресе анда, біресе мұнда соқтырады да, мінез-құлықты көлденеңнен кез келген кездейсоқ жағдайлар билеп кетіп отырады. Осындай адамдардың психологиясын орыстың үлы жазушысы Н. В. Гоголь тамаша көрсеткен: "Әрі-сәрі адамдар, бұлар ол да емес, бұл да емес, қандай адамдар екенін түсіне алмайсың, қаладағы Богдан да емес, селодағы Селифан да емес". Қай адамның болса да өзінше бір түсінігі болады. Бірақ осының бәрі дұрыс болып келе бермейді. Тек ғылымға негізделген түсінік қана, адамның сенімімен, іс-әрекетімен тығыз ұштасқан дүниетаным ғана бірден-бір дұрыс дүниетаным болады. Адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың ұлы қозғаушы күші — сенім. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің, мәні де шамалы. Сенім, пікір-талас, көзқарас қақтығысында, империализмге кең қол ашылғанда ғана шыңдала түседі. Ол адамға бірден келмейді, сенім өмір көріністерін топшылау, кесіп-пішіп көру, тәжірибе жинақтап, соны қорыту арқылы, терең, тиянақты білім негізінде қалыптасады. Сенім кісінің еркін білдірген, сезімін қозғаған, мақсат-мүддесіне, бағыт-бағдарына айналған білім жүйесі. Мұндай дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен бүрын білім негіздерін меңгеру қажет. Білімсіз дүниетаным қорланбайды. Өйткені білім — дүниетанымды қалыптастыратын негізгі құрылыс материалы. Ал адамның алған білімі бөлек-бөлек кірпіш сияқты шашылып жатса (әңгіме білімді қалай болса солай, жеңіл "меңгеретіндер" туралы болып отыр), әрине, ондай білім түкке тұрмайды. Тек зердесіне құйылған, саналылықпен меңгерілген, белгілі жүйемен алған білім ғана адамның дүниетанымына негіз бола алады. Сайып келгенде, ғылымға негізделген белгілі дүниетанымы, айқын мақсаты бар адамның ғана психологиялық қасиеті жоғары болатыны белгілі. Ондай адам үнемі ар-ұятымен жүріп-түрады. Мәселен, бір адам жұмыс үстінде ағаттық істеп, қателескен екен дейік. Оның қатесін жасырып, бүркеп қалуға да мүмкіндігі бар еді, бірақ өзі бұл ағаттығын адамгершілікке жатпайтын қылық деп түсінеді. Жаңағы қателескен адам өзінің қатесін мойнына алуды бірден-бір дұрыс деп табады.
Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің енді бірі — мұрат (идеал). Бүл — адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат — адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш-жігерін соның соңына сарп етеді. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады. Оқушыларды асыл мұраттар рухында тәрбиелеу — бастауыш мектеп мұғалімдерінің де басты міндеттерінің бірі.
Жеке адам психологиясынан
елеулі орын алатын қасиеттердің бірі
— талғам. Бүл адамның дүниетанымы
мен сеніміне, өмірлік позициясына,
бағыт пен мұратына, бағдарына, мақсатына
байланысып жатады. Коммунистік қоғамда
тәрбиеленген кеңес адамының талғамы
буржуазиялық қоғамдағы үстем тап
адамының талғамынан сапалық айырмасы
бар. Талғамға адамның білімі, тәрбиесі,
ортасы, тәжірибесі де елеулі әсер етеді.
Модаға (сән) байланысты да адамдарда
түрлі талғам орын алады. Мәселен, кейбір
адамдардың ала-құла, көзге қораш
киінуін талғамы дұрыс
Қызығу, сенім, талап, мұрат
адамды әр кезде іс-әрекетке итермелеп
отыратын ең негізгі қозғаушы мотивтер
болып табылады. Бұлар адамның
басында айқын да анық сәулеленіп
отырады. Бірақ мотивтердің кез
келгені оғындай пәрменді болып
келе бермейді. Мән-мәнісі адамға онша
айқын емес, көмескі күңгірт болып
көрінетін мотивтер де толып жатыр.
Осы топтағы мотивтердің
Адам қажетін өтеу үстінде неше түрлі жағдайға тап болады. Мәселен, бұрын-соңды өзіне кездеспеген кедергіні алуға шамасы келмейтін кездерде адамның жолы болмай, сәтсіздікке ұшырайды не сол объект оған алынбас қамалдай болып көрінеді. Адамның жолы болмай, босқа әлек болған жан күйзелісін, психиологияда фрустрация деп атайды. Бұл көп жағдайда адамның көңіл-күйіне қолайсыз әсер етіп, оны орынсыз мазасыздандырады. Егер осындай жолы болмаушылық қайталана берсе, адамда ұнамсыз қасиеттердің орын тебуіне себепші болады. Кейбіреулер сылбыр, немқұрайды, жігерсіз күйге түседі, енді біреулер орынсыз ызақор, күйгелектікке салынады. Осындай көрініс жас өспірімдер арасында да байқалады. Балаға үнемі шамасы келетіндей тапсырма беру, оны әлі келмейтін нәрсеге орынсыз қинамау, онда фрустрациялық күйдің орнығуына жол бермеу — мұғалімнің психологиялық қырағылығын, шебер тактісін қажет етеді.
Қарым-қатынас– адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік
(ақпарат алмасу және
2) реттеуші-коммуникативтік
(адамдардың іс-әрекетін
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың
басты мақсаты – өзара
Педагогикалық қарым-қатынас
Педагогикалық қарым-қатынас
- белгілі бір педагогикалық
Перцептивтік қарым-қатынас
Перцептивтік қарым-қатынас — адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның тәртіп себебін түсіну дағдысы. Мұғалім өзінің перцептивтік қарым-қатынас қабілеттерін ұдайы дамытуы қажет.
Фатикалық қарым-қатынас
Фатикалық қарым-қатынас (лат. fatuus - ақымақ) - қарым-қатынас үрдісі үшін ғана мазмұнсыз қарым-қатынас.
Қарым-қатынастың жетекші түрі
Қарым-қатынастың жетекші түрі - осы немесе өзге жас кезеңінде болатын қарым-қатынас түрі, бұл арқылы тұлға дамуының осы сатысына сәйкес негізгі тұлғалық қасиеттер қалыптасады.
Тұлғаның танымдық әрекетіндегі қарым – қатынастың мәні
Қарым – қатынас адамның
тіршілік бейнесі. Ол адамның дүниетануында,
мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті
қажеттіліктерін
Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу - әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапққырлығы мен ақыл – ойына, парасатына байланысты жүзеге асып отыратын қажеттілігі. Тіл табысып өзгелермен қатынас орнату әрбір адамның өзіндік талғам тілегін, ықылас – ынтасын жалпы адамға деген адами көзқарасын жете түсінуді талап етеді. Қарым – қатынас нәтижесінде адамның тұлғалық қасиеті, өзгелерге деген қамқорлығы мен жанашырлығы сезімі, ізгі көзқарасы қалыптасады. Тіршілік ортасы мен өмір сүрудің сан алуан сырларын біліп, жеке басының қадір – қасиетін арттырады. Адам өзін өзгелердің орнына қойып байқап, оның ішкі дүниесінің сырын да барлап біледі. Тұлғаны дамыта оқыту мәселесін зерттеген В.В.Давыдовтың пікірі бойынша жеке тұлға дегеніміз-жаңа материалдық және рухани өнімді өндіруші әрекет субъектісі. Осылай өнімді өндіру шығармашылық болып табылады . Қарым-қатынас күрделі шығармашылық әрекет.
Л.С.Рубинштейн «дамудың
негізі себептердің ішкі
Қарым – қатынас мәнін
Қарым-қатынастың құрылымы мен
атқаратын функциясының
– ақпараттық (немесе коммуникативтік), қарым-қатынасқа түсетін адамдар арасында ақпарат алмасу жүреді;
– өзара әрекеттесу (немесе интерактивтік) қарым-қатынас жасаушылардың білім, идея, жай-күй ғана емес әрекет алмасуларымен ерекшеленеді.
– түсінісу (немесе перцептивтік), қарым-қатынастағы серіктестердің бір-бірін қабылдауы, бағалауы және түсінуі болып табылады.
Коммуникативті жағы-
ақпарат алмасуда, интерактивті
– қарым – қатынас
Қарым қатынас – а) Бірігіп
әрекет ету қажеттілігінен туындайтын,
құрамына ақпарат алмасу, өзара әрекеттесудің
біртұтас стратегиясын жасау, өзге адамды
қабылдау және түсіну, адамдар арасындағы
байланыстың орнауы мен дамуының
күрделі, көп мақсатты процесі; б) Субъекттердің
белгілілік құралдармен жүзеге асырылатын,
бірігіп әрекет ету қажеттілігінен
туындаған және серіктесінің жай-күйін,
мінез-құлқы мен тұлғалық-
Қарым-қатынаста бірінің
әрекеті екіншісінің әрекетіне
бейімделуіне қол жететін кемінде
екі адамның әлеуметтік коммуникациясының
не қарым-қатынасының формасы - әлеуметтік
әрекеттестік болып табылады. Тұлға
диспозициясы – әрекеттің белгілі
бір жағдайлары және осы жағдайлардағы
белгілі бір мінез-құлықты
Әлеуметтік институт – адамдар бірігіп әрекет етуін ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан, тұрақты формалары. Өмір салты – адамның тарихи нақты әлеуметтік қатынастары типтік болып табылатын өмір сүру формасы. Фактілік қатынас – коммуникативтік құралдарды тек қатынас процесін қолдау мақсатында ғана пайдаланатын қатынас.