Қазақ ойшылардың психологиялық көзқарастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 15:47, курсовая работа

Краткое описание

Қазақтар арасысынан үлкен батырлық,ғашықтық дастандар шығаратын данышпан ақындар, оны домбырамен әуенге салып,дауыстап айта білетін жыршылар болды.Арасында өздігінен өлеңмен бастау шығарып, арнау толғау айтатындар да болды. Оларды жырау деген. Толғауларда өмірдің мәнгі емес,ағын судай өтіп жататығын айтып, бұл дүниеде адамдар біріне бірі қонақ екенің еске салып, дүние қоңыз болмай, адамгершілік қасиетті жоғары ұстауға шақырған. Бірі күні жинаған мал, байлық,бала бәрі қалады.Тек адамның істеген жақсылық істері ,даналық сөздері, не жетім-жесірлерге, сондай-ақ басқаларға жасаған қамқорлық қадамдары мен әрекеттері ел аузында сақталады,бейнесі есте қалады деген. Одан
соң ,толғауларда ел қорғауда батырлардың жан-қиярлық ерліктері ,ғашықтық дастандарда келтіретін мөлдір махаббат жырлар елді жоғары адамкершілік дәрежеде тәрбиеледі.

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовая работа.doc

— 216.00 Кб (Скачать файл)

Етре замандарда пайда  болып, ғасырлыр бойы соқыр сенім  нанымдар мен кейбір зиялылардың  көзқарастарында насихатталып келген түсінікткр бойынша адамда тәннен тәуелсіз « жан» болады, мәнгә бақіи жасайтын жан адамның барлық психикалық, тіршілігінің (ойының, сезімінін, еркінің ) иесі де, себепшісі де.Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болады.

Олар дүниеде табиғатқа  бағынбайтын, одан оқшау тұратын  ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатың болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде кайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады.

Жан туралы осындай анамистік ( барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік ) пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі.Мәселен, Лусан аралының (Филиппин ) тұрғындары тағалдар ұйктап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді.Тасманиялықтардың тілінде жан мен көленкенің, ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені олардың ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абион тайпасының индеецтері « лоакаль» деген сөз арқылы көленкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктерін пайда болуы адамдардың өздерінен дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәнің толысуы бір-бірінен байланысып дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәнгібақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді.

Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректкрдің әмбебап ғалымы Аристотель (  б.з.д.384-322 ) есімімен байланысты.

Екі жарым мың жылға  созылған осынау кезкңде психология басқа ғылымдапмен ( филосифия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т.б ) аралас,астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғылымдар жан құбылыстарын ( түйсік, ес, ойлау, қиял т.б ) эксперимент ( тәжірібе ) жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың қөмегімен зерттей бастады.

Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірібелік ғылым ретінде дамыды. Ғылымның осы саласына эксперіментті тұнғыш енгізген неміс ғұламасы В.Вундт ( 1832-1920) болды.

Психология ғылымның тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы  жоғарыда аталған екі бағыттын үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшылардың.

 

                Психикалық құбылыстар


 

Психикалық

процестер

 

Психикалық

кейіп

 

Психикалық

қасиеттер


 

бірі Демокрит ( б.э.д 460-370) сол кездің өзіне –ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жаннын мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады.Сол заманың екінші бір ойшылы, идеалист Платон ( 427-347 ) керісінше « жан мәнгі өлмейді, өпейді » ,- деп тұжырымдады.

Психикалық әрекетті осылайша екі түолі көзқарастұрғысынаң түсіну,қоғам дамуының кейінгі кезендерінде,әсіресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады.Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби ( 870-950) дүние материядан құралады ,ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп,өзгере береді,жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дүрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский

(1225-1274 ) жанның мәнгі  өлмейтіндігі, оның денеден бөлек  өмір сүретіндігі жайлы пікірлеоді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік береді.

Психологиялық ғылыми білімдердің  тарихы екі кезеңге бөлінеді.Оның біріншісі-шамамен 2500 жыл.а созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезен ішінде психологтя басқа ғылымдармен ,әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді.Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт ( 1832-1920) Лейпцигте тұнгыш лаборатория ұйымдастырып, мұның днрбес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.

Психологияның даму тарихы жоғарыда аталған гұламарлармен  қатар Герофил,Эразестрат,Гиппократ , Лейбниц , Локк, Гартли, Дидро, Вольф,Галлер т.боқымыстылардың есімімен тығыз  байланысты.

Жан дүниесінің сыры жайлы  дәйікті пікірлерді қазақ ойшылары да айтқан. Тіпті мұндай ой-пікірлер фольклорда, әсіресе, мақал-мәтелдерде көптен кездеседі.Мәселен, « Тән ауырса, жан ауырады » , « Тәні саудың жаны сау», « Тән өледі, демек жан да өледі», « Жан бар жерде қаза бар», « Жан –кеудеге қонақ» т.б. осындай мақалдарда жан мен тәннің ара қатынасы шындыққа сәйкес дұрыс пайымдалғанын байқау қиын емес. Жан қазақ ұғымында жан-жануарға ,адамға тіршілік, күш-қуат беретін рух. Ал Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар , шал,Дулат,Махамбет т.б. қазақ ақын-жыраулары мен ойшылдарының толғауларында да көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесінің сырлары әр қырынан сөз болып, осылар жайлы сындарлы пікірлер айтылған.Өресі биік, материалистік психиологиялық ой-пікірлері Шоқан,Ыбырай,Абай,Сұлтанмахмұт шығармаларынан да көптеген кездестіруге болады. Мәселен, С.Торайғыров

( 1893-1920 ) жан мен тән ылғи да бірлікте , байланыста болады ( « Дене азыққа тоюдан жан ер жетер, жан ер жетіп, дүниенің сырын табар » ), адамның тәні өсумен қатар, жаны да ( ақыл-ой, сана-сезім ) бірге өсіп, жетіліп отырады, осы екеуінің қоса өзгеруінің негізі тәнде , адам өлгеннее кейін, онда қимыл жоқ, сезім жоқ... жек көру жоқ, махаббат жоқ...

Өмір жоқ,яғни, бір  сөзбен айтқанда,тәннен бөлінген жанда  еш уақытта өмір болмайды деп тамаша матеріалістік қорытынды жасайды. Осы іспеттес пікірді Шәкерім Құдайбердиев те ( 1858-1931) айтқан болатын

( « Жан тәнге ,ақыл  жанға маталып тұр » ) .

« Қарапайым адамға жұмбақ секілді көрінетін талай нәрселер психологияда қаралады. Психология терең ойдың білімі ,оны құрғақ пәлсәпа ,бос сөз екен деп ойламаңыздар.

 

Жан сыры жуылған

Психология деген нән.

Шәкерім құдайберді ұлы.

Асан қайғы. Аңызда баяндалатын кезге қарағанда, Асан Қайғы Әз –Жәнібек ханмен бір уақытта өмір сүрген.Ол –кей кезде қазақ үшін Жерұйық іздеген,Сырды ,Ертісті, САрыарқаны көрген,әркайсысына баға берген,ел үшін желмаяға мініп дүниені аралаған аяулы, отаншыл қарт.Ал кейде хаңға қарсы шыққан ,кейде қолдаған ,ел басқаруда ақыл берген данышпан. Енді бірде бәрінен безген қайғылы  ақсақал. Асан туралы аңыздарда сәуегейлік сарындар да бар. Ол өткен мен болашақ туралы да толғайды.

Құйрығы жоқ жалы жоқ           Құлан қайтіп күнкөрер.         Аяға жоқ қолы жоқ          Жылан қайтіп күн көрер.         Шыбын шықса жаз болып,         Таздар қайтіп күн  көрер.         Асан қайғы туралы аңыз «шұрайлы қоныс, нулы өлке таба алмапты « деп аяқталады . Десе де, ол туғанжерін аттап кетпейді, Жиделібайсынды бөтен, бейтаныс елден іздемейді, қазақ топырағынан іздейді .

« Алпамыс батыр» жырының оқиғасы ерте дәуірде туған.Халық түсінігінің, салт-санасының ертеректегі кезінен хабар беретін Байбөрі мен Сарынбайдың достығы, жас күндегі ежеқабыл, араздасып айырыла көшу ,Алпамыстың гүлбаршинды іздеуі –қазақтың көптеген ертегілері мен дастандарына жиі кездесетін оқиғалар.

М.Әуезов осы жыр жөнінде : «Алпамыс батыр әңгімесі бұл жағынан  қарағанда,нағыз қазақ елінің ескілігі болады.Бұл-берірек келген заманның туындысы . Әбден қалыптанған қазақ  бірлігінің әңгімесі.Алпамыс батыр  әңгімесіне келгенде ғана біз елдің салт-санасын көргендей боламыз.Бүгінгі қазаққа таныс,жақын болған әдет-ғұрыпты көреміз. Екі байдың достығы ,достық үстінде ежеқабыл, той,көкпары,жылқышы суреті, бәйгеге ат қосу,қайын ата мен қайын енені қадірлеу,барлығы да қазақ иісін білдіреді. Алпамыс әңгімесінің бұрынғы әңгімелерден бөлек бағасы осы жерінде.

Алпамыс батыр» жырын  зерттеген В.М.Жирмунский бұл жырды  Гомердің «Одиссеясына» ұқсатады.Бұның  өзі ортақ сюжет батыстан шығысқа  келген бе немесе шығыстан батысқа  көшкен бе деген сауылды тудырады. «Алпамыс жырының» « Манас» ,  «Қобыланды батыр» , «Қозы Корпеш- Баян Сұлу »жырларына оқиға ,баяндау,суреттеу т.б. ұқсастықтарын аңықтасақ , әрі жырдағы айтылар жайтардың, салт-сана ,түсініктің қазіргі қазақ ,қырғыз,өзбек т.б. түркі тектес халықтарда сақталғанын ескерсек,жырдың иесі қазақ әдебиетті екенін мойындаймыз.Бұдан шығатын қорытынды дала мәдениетінің, әдебиетінің элементтері, оқиға желісі, мазмұны әдебиетіне де игі әсер еткен.

Психикалық құбылыстың табиғи ғылымы негізін жасауда, оны  материалістік тұрғыдан түсіндіруге орыстын,ұлы ғалымдары

И.М,Сеченовтің ( 1829-1905) рефлекстер жөніндегі пікірлірі мен И.П.Павловтың ( 1849-1936 ) жоғары жүйке қызметі туралы ілімінің маңызы зор болды.

Психикалық әрекетті ғалымдар бейнелеу теориясы негізінде  түсіндіреді.

Осы қисынның ірге тасы әл-Фараби еңбектерінде алғаш сөз болған

( «Сыртқы әсерлердің  әсерімен...заттардың образдары пайда  болады  » ).Әл-Фараби « Философиялық  трактаттар» .Алматы , « ғылым  » , 1973,301-бет )

Бұл теория бойынша сыртқы дүние біздің сезімде мида түйсік қабылдау, елестеу, ой-сезім түрінде бейнеленеді. Бұлардың бәрін кейде бір сөзбен адамның санасы немесе психикасы деп те атайды.Сана сыртқы дүниенің бейнесі дегенді қалай түсінуге болады? Біздің миымыз сыртқы әсерлердің қабылдауға ,бейнелеуге қабілетті.Мидағы бейне,образ сол бейнеленген зат пен құбылысқа дәл келеді. Бейнелеу процесі әр адамның өмір тәжірибесіне, жол мөлшеріне, білім деңгейіне, мақсат-мүддесіне, наным-сеніміне орай өзіндік өзгешеліктерге толы болады.

Неорганикалық материяның ( өлі табиғат ) өзіне де түрлі нәрселер сәулеленеді.Мәселен, заттан айнадағы сәулесінен біз оның суретін көреміз. Ал  егер затты алып кетсек, оның суретінең де айна бетінен жоғалып кететіні мәлім.Психикалық бейне де осы іспептес, яғни сыртқы орта әсер етпейінше, мида ешқандай психикалақ құбылыс пайда болмайды.. Айна бетіндегі бейне де, адам миындағы бейне де « бейнелену» деген бір сөзбен аталғанымен бұл екеуінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей.Айна бетіндегі сәуле « жансыз» сәуле болып табылады.Ал адам миында болатын бейнелеу процесінің айна бетіндегі сәуледен бір ерекшелігі-соңғы бейне өте

құрделі ,ол жүйке процестерінің  жұмысынан  туады. Мидағы бейненің екінші бір ерекшелегі –сөздің  жәрдемімен бейнелеуі. Бейнеленудің осы түрі ұзақ уақыттық тарихы дамудың нәтижесінде, аламдардың еңбек ету қызметінің негізінде пайда болған.

Айналадағы заттар мен  құбылыстардың адам миында бейнеленуі жануарлардан бөлек ,өзгеше жолмен, белсенді түрде сөздің көмегімен жүзеге асады. Адам қоғамдық -әллеуметтік өмірдің  жемісі болғандықтан ,оның бейнелеуі ұғым,пікір, ой қорытындысы түрінде көрінеді. Ол белсенді әрекеттену негізінде , әртүрлі объектілермен қатынас жасап, өзі солардың бейнелеуіне мүмкіндік туғызады.Бейнелеу –заттың  миға әсер еиуінен ғана болатын бір жақты процесс емес, субъект  ( адам  ) пен объектінің ( сыртқы орта ) өзара байланысының нәтижесі.Адам сыртқы ортаның тигізген әсерін, шама-шарқынша өңдеп,саналы түрде бейнелейді. Бейнелеу ми қабаты жықпылдарында адамның жас мөлшері ,білім, дағды, икемі, тәжірибесіне орай түрлі деңгейде көрініп отырады.

Бейнелену формаларының шығуына құрамында белоктық заттары  бар тіршіліктің пайда болуы  шешуші роль атқарады.Тітіркенушілік, яғни тірі организмнің сыртқы әсерге жауап бере алу қабілеті, жүйке жүйесі қүрделі сипат алған сайын организмнің сыртқы ортамен байланысында елеулі орын ала бастайды. Мәселен, балықтардың миы өте мардымсыз болса,сүтпен коректенушілердің миы бұған қарағанда жақсы ( маңдай бөлігі ) өскен сайын олардың сыртқы ортамен байланысының жәрежесі ,яғни бейнелеу мүмкіншілігі де арта түседі.

Бейнелену теориясының  мәнің басқаша түсінетіндер де кездеседі.Неміс  ғалымы Г.Гельмгольц ( 1821-1894 ): «Мидағы бейнелердің сыртқы дүние заттарымен ешқандай ұқсастығы жоқ, бұлар –заттың бейнесі емес, оның символы » ,-дейді.Бұл теориясы біздің сезім мүшелеріміздің көрсеткеніне сенбеушілік туғызады,объективтік дүниені жоққа шығарады. Заттың бейнесі бір басқада, шартты таңба –символ бір басқа .Бейне « кескінделетін» сыртқы заттын объективтік болуын қажет етеді,ал « таңба» мен «символ» оны турадан-тура жоққа шығарады.

Адам санасының табиғатың  осылайша түсінетіндерді ғылымда тұрпайы  материалистер дейді. Мәселен, XIX ғасырда өмір сүрген немістің кейбір оқымыстылары ( Молешотт, Бюхнер, Фохт ): « бауыр өтті өзінен қалай бөліп шығарса, ми да ойды солай бөліп шығарады» деп адамның сана-сезімін, ойлау процесін ми шығаратын заттың ерекше бір түрі деп түсіндіреді. Бұл өте тұрпайы түсінік.Шынында, сана сол материяның өзі болса ,бұдан материя мен сана арасындағы айырмашылық жойылады да , бұл екеуі бірдей болып шығады. Ғылыми түсінік бойынша, психика , сана зат емес ,оны көруге де , суретін түсіріп алуға да болмайды.

Сана- сыртқы дүние заттары  мен құбылыстырының мидағы бейнесі. Ол материалдық бейне емес, идеалдық бейне емес ,идеалдық бейне.Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз көшірмесі емес,адамның басында, жүйке жүйесінде жасалып жататын шындықтың қүрделі бейнесі.

Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде  біраз уақыт бойына зерттелуші адамның  психикалық ерекшеліктерін қадағалауды  байқау әдісі деп атайды. Байқау,әдетте,табигижағдайда, зерттелуші адамның әрекетіне әдейі араласпайақ жүргізіледі.Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасың 

( бет құбылысын ) , сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады. Сондай –ақ адамның ерік күші ,сезім ерекшкліктері, темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сойлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса ,ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздерін ,сөйлемдерін стенографиялап,күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да ,тиісты қорытынды шығарады.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі  ерекшеліктеріне қарай байқау әдісіне  кейде аспаптар да қолданылады. Мәселен,зерттелінетін  объектіні суретке түсіру үшін- фотоаппараттар , зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшін магнитофон т.б пайдаланылады.

Информация о работе Қазақ ойшылардың психологиялық көзқарастары