Қазақ ойшылардың психологиялық көзқарастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 15:47, курсовая работа

Краткое описание

Қазақтар арасысынан үлкен батырлық,ғашықтық дастандар шығаратын данышпан ақындар, оны домбырамен әуенге салып,дауыстап айта білетін жыршылар болды.Арасында өздігінен өлеңмен бастау шығарып, арнау толғау айтатындар да болды. Оларды жырау деген. Толғауларда өмірдің мәнгі емес,ағын судай өтіп жататығын айтып, бұл дүниеде адамдар біріне бірі қонақ екенің еске салып, дүние қоңыз болмай, адамгершілік қасиетті жоғары ұстауға шақырған. Бірі күні жинаған мал, байлық,бала бәрі қалады.Тек адамның істеген жақсылық істері ,даналық сөздері, не жетім-жесірлерге, сондай-ақ басқаларға жасаған қамқорлық қадамдары мен әрекеттері ел аузында сақталады,бейнесі есте қалады деген. Одан
соң ,толғауларда ел қорғауда батырлардың жан-қиярлық ерліктері ,ғашықтық дастандарда келтіретін мөлдір махаббат жырлар елді жоғары адамкершілік дәрежеде тәрбиеледі.

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовая работа.doc

— 216.00 Кб (Скачать файл)

Байкау әдісінің нәтижелі болып  шыгуы үшін қолданылатың қажетті кейбір шарттар:

  1. Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелуінін қамтамасыз ету;
  2. зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет.Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа нашар студентті алатын болсақ, мақсатымыз –оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін білу;
  3. Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелушінің сөз реакцияларын  стенографиялау; кейін оған мұқиятталдау жасау; басты фактілерді іріктеп алу-осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі. 

Сан рет жүргізілген  байқаудың нәтижесіне байланысты ( егер байқауға студент алынған болса ) ұстазбен бірлесе отырып, студенттін оқу әрекетін одан ары жақсарту үшін нақтылы шаралар белгіленеді.

Байқау әдісі арқылы оқу-тәрбие процессінің әр кезеңдерінде ұстаз студенттердің сабақ үлгіруі мен тәртібіндегі ерекшеліктерді білуіне , кейін оларды жақсарта түсу жөнінде тиісті шаралар белгілей алуына болады. Бұл әдіс адамдардаң психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде өте қолданылатын әдістердін бірі.

Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері де бар.

Біріншіден, зерттеуші  мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей алмайды да, көп  уақытын жіберіп алады,екіншіден, байқауды әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай ұйымдастыруғажағдай болмай да қалады. Бұл әр түрлі кездейсоқ объектівтік ( байқауға алынған адамның сабаққа келмей қалуы ), субъектівтік ( бақылаудын қиынға соғуы , зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің жоқтығы т.б. ) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Осы айтылғандарға қарай бұл әдістің ғылыми деректері кейде кемірек болады.

Байқау әдісіне қарағанда  жан қуаттарының эксперіменттік жолмен зерттеудін біраз артықшылығы  бар. И.П.Павлов: « Байқау табиғаттаң ұсынғанын жинайды, ал тәжірибе табиғаттан өзініқ тілегенін алады» -деп тегін  айтпаған.

 

      • Тәжірибе ( эксперимент )

Тәжірибе жасауда зерттеуші  өзіне қажетті жан қуаттарының  көлденеңен кез болуын күтіп тұрмай, сол процесттің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда тәжірібе лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді.Енді бұларға жеке-жеке тоқталып өтейік.

      • Лабораториялық тәжірибе

XIX ғасырдың ортасынан бастап,жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт ( 1832-1920)

психиологияны тәжірибелік  жолмен  зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты ( 1879 ).

Психологтар алғаш рет  көру, есте иіс түйсіктерін зерттеу  үшін тәжірибені пайдаланды.Кейін келе олар секундтың 1/1000 үлестеріне дейін  дәл өлшейтін құралдар ойлап шығарып, кейбір психикалық процестердің пайда  болу тездігін өлшеудің жолын тапты. Сексенінші жылдары ес құбылыстардын зерттеу лабораториядатұнғыш жүргізіле бастайды.Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т.б.өлшеніледі.

Орыс психологы Н.Ланге ( 1858-1921) эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді.

Тоқсыныншы жылдары  француз психологы А.Бине ( 1857-1911 ) алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардың I-ші дүние жүзілік конгресінде II ( Париж, 1889 ) талқыланды. XX ғасырдың басында орыс психологы Г.И. Челпанов ( 1862-1936 ) ұйымдастырды. Бұрынғы КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясында қарасты Психология ғылыми-зерттеу институты мен Ресей ғылым академиясына қарасты психология институтының ( Мәскеу ) лабораториялары жоғары техникамен жабдықталған үлкен ғылыми-зерттеу мекемесі болып отыр. Киев, Тбилиси қалаларындағы психология институттарында да осындай лабораториялар бар.

Ғылыми  психология психикалық құбылыстардың физиологиялық негіздерін ашуды басты мәселенің бірі деп қарайды. Бұл міндетті академик И.П. Павлов ашқан әйгілі шартты рефлекстер әдісі бойынша шешуге болады. Көптеген физиологтялық және психологиялық лабораториялдарда И.П.Павловтың шәкірттері бұл әдістін әртүрлі нұсқаларымен ойдағыдай жұмыс жүргізуде. Мысалы,осы әдіс арқылы профессор Н.И.Красногорский балалардың жоғары дәрежелі жүйке қызметінің даму жолдарының ,проф. А.Г. Иванов-Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қызметін зерттеген.

Тәжірибе жүргізу үшін арнаулы лабораториялық мекемелер қажет болатының айттық. Енді кейбір қарапайым аспаптардың атымен таныстырайық.Мысалы , психикалық процестердің пайда болу шапшандығын өлшеу үшін –хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін- эстезиометр, зейіннің көлемін анықтау үшін –тахистоскоп, есітуді өлшеу үшін-аудиометр,денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін-эргографты пайдаланады. Бұлардаң басқа құрылысы әлдекайда қүрделі құрал-жабдықтар да толып жатыр.

Лабораторияда жүргізілетін эксперіменттің нәтижелігі мына төмендегі жағдайларға байланысты болады:

  1. Байқалатын объекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері болжамының ( гипотезасының ) болуі тиіс;
  2. Тәжірібе түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау ( жазып отыру, инструкциялар т.б. жазу-сызу құралдарымен қамтамасыз ету );
  3. Тәжірібені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы әдістемеге сай жүргізу.
  4. Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық жағынын дербес талдау жасау;
  5. Аланған мәліметтерге байланысты негізгі және ішінара қорытындылар шығара отырып , тәжірібе жүргізуде ашылған кейбір ғылым деректерді ( егер зерттеу жұмысы мектеп жағдайында жүргізілген болса ) оқу-тәрбие процесінің сапасын жақсарту үшін пайдаланса, бұл тәжірибенің негізгі мақсатының орындалғаны болып табылады.
    • Табиғи эксперимент

Тәжірибенің екінші бір  түрі-табиғи эксперимент деп аталады. Табиғи экспериментті психологияға тұнғыш енгізген және оны өзінің зерттеулерінде көп пайдаланған көрнекті орыс психологы А.Ф.Лазурский ( 1874-1917 ) болды. Бұл әдістің байқау әдісінен айырмашылығы , мұнда тәжірибе жүргізуші өзінен керек құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады.Егер окушылардың ойлауын ,сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады.Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса ,сол ойын үстіндегі оқушылардың психологиялық ерекшеліктері жазылып,кейін оған мұқият талдау жасалынады.табиғи эсперименттін кейбір түрлері арқылы( оқыту, констатациялау эксперіменттері т.б.) мұғалімдер оқушылардың кейбір қасиеттерін тәрбиелеуге ,жетілдіруге , сабақ үлгіруі мен тәртіптілігін арттыруға мүмкіндік алады.

Бір тәжірибеде III-IV сынып оқушыларының ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасын анықтау үшін зерттеуші балаларға оқыған текстеріне ат қоюды , осы текстегі суреттер бойынша әңгіме құрастыруды талап еткен. Тәжірибе жүргізуші осы тәсілдер арқылы текстің мазмұнын толык түсінуге қандай әсер ететіндігін байқаған .Осы зерттеуде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасы үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп ,жалпылынып қана қоймай, ондағы образдардың біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі де байқалған. Психологияда бұл айтылғандардан басқа да әдістер бар.Оларды қосалқы-әдістер деп атайды.Мәселен, әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелуніші адамның жас және дара ерекшелігіне ,білім көлеміне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды: зерттелінушіге күдік тудырмау мақсатында әңгіме көбінесе жанама түрде

 ұйымдастырылады , мұнда сөйлесу әдісіне ерекше  мән беріледі.

Зерттелушінің берген жауабы жазылып алынып / алынған мәлеметтерді сол бойды жазып отырудың қажеті шамалы, кейіннен мұқият талданады  да , осыған орай тиісті қорытындылар жасалады.Осындай қосалқы әдістердің қатарына адамның іс-әрекетінің нәтижесін талдау /яғни түрлі күнделік, естелік, хаттар, шығарма, мазмұндама,диктант, сын жұмыстары, түрлі формадағы творчестволық жұмыстарды талдау/, өмірбаян / яғни зерттеулушінің туған күнінен бастап есейген шағына дейінгі даму жолын зерттеу , оның өмірбаян,естелік, мінездемелерін талдау, анкета /жазбаша/ әдістері жатады. Мәселен, анкеттык әдіс арқылы кісі күні бұрын бланкіге жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша жауап қайыпады,Осы әдіспен әр түрлі топтың ұжымының психологиялық өзгешеліктері /талап-тілегі , мүддесі, талғамы, қызығуы т.б./ зерттелінеді. Егер мұғаліс шәкірттерінің қандай кітапты ерекше құмартып оқитындығын , олардың сүйікті жазушылары мен артістері кімдер екендігін және осы тәріздес мәселелерді білгісе келсе, осы әдісті пайдалануына болады. Анкеттегі сұрақтар шұбаланқы келмей, ықшам,зерттеушілерге түсінікті тұжырымдалып, жалпы саны 5-8 ден аспауы тиіс. Алынған материалдың нәтижесі статистикалық /сандық/ талдаудан өткізіледі де, қорытыңдысы ондағы үлкен цифрларга қарай жасалынады. Мәселен, анкета толтырған бес жүз адамның төрт жүзі

 « Абай » романын оқыдық деп жазса, бұдан осы кітаптаноқырмандардың 80 пайызының таныс екендігін ,сондай-ақ  бұл шығарманыңкөпшілік сүйіп оқитын кітапқа айналғанын байқауға мүмкіндік туады. Мұның негізгі кемшілігі адам шын көңіліндегісін жаза бермейді, не болмаса оны қағаз жүзінде дұрыс көрсетпеуі де мүмкін.Әлеуметтік психологияда жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі –сұхбат. Мұнда сұрақ қоюшы сыналушымен / респондент/ әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, өң-ілтипатына зер салып отырады, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді.Сұрақ қоюшы сыналушының ниетін қас-қабағынын біле алатын әдісқой да тәсілқой, қыпығы әрі білікті кісі болуы қажет.Мұнда анкета арқылы анықталуы қиын ұсақ-түйек детальдары ,мәселенің түрлі қалтарыстары мен түп-төркінін аша түсуге мүмкіндік туады. Осы жерде зерттеушінің әңгімесіне ықыластанған адам кейде жаңсақ,екіұшты мәліметтер беруі де ықтимал екендігін ескерген мақұл. Зерттеудің наңтылы талап-тілегіне орай сұхбат бірнеше салаға бөлінеді.Ол жеке адамдармен де, сондай ақ түрлі топтармен де  /үйлелмен, дос-жарандар т.б. / жүргізіледі.Мұның стандарттык , содай –ақ алдын ала жасалған бағдарлама бойынша ,ауқымды тақырыптың төңірегіне құрылған түрлнрі де бар.

Түрлі жан қуаттарының  құрылымын функциялар мен параметрлерді шамамен жорамалдауда, экпсеріменттік материалдары талдауда, модельдері құрастыруда факторлық талдау деп аталатын математикалық –статистикалық әдіс қолданылады.Математика қазіргі кезде көптеген ғылымдардың  зерттеу әдістеріне кенінен еніп отыр. Психологияда мұны алғаш қолданған ағылшын психологы Ч.Спирмен /1904/ .Осы әдіспен адам интеллектісін /ақыл –ой /, оның музыкалық, математикалық қимыл-қозғалыс т.б қабілеттерінің белгілі шамасын белгілеуге болады. Мәселен , осы әдісті психологтар адамның жоғары жүйке қызметі қасиеттерінің құрылымын / Б.М.Теплов , В.Д.Небылицын / зерттеуде пайдаланды. Күрделі корреляциаларды факторлық талдауға салу элнктрондық өлшеуіш машиналарының /ЭВМ/ көмегіне де сүйенеді.

Тест әдісі  балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі , не жекелген жан куаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлумат алуға көмектеседі.Мұндай салыстырулар алдын ала белгіленген жас белгілеріне қарай жүргізіледі. Тест арқылы , бала өз жасына қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезеңінен ауытқушылық / жоғары, төмен / бар ма деген ,сауалдарға жауап алынады. Тесті толық орындау мүмкін болмайтындай етіп іріктеу керек. Тапсырма жас мөлшері біркелкі балаларға / кемінде 200 / бірдей беріледі де, мұндағы жауаптардың орта / барлық бала бойынша ортақ балл/ есебі шығарылады. Осы орта есеп жас мөлшерлік норма болып есептелінеді. Тест тапсырмаларын тексеру , жас мөлшерлік норма белгілеу тестері интеллектік тестер дейді.Мұнда әртүрлі ақыл-ой әрекетін қолдануды талап ететін, зерттелінушіге бұрыннын таныс емес тапсырмалар болады. Осындай тест баланың ақыл-ойға байланысты берілген тапсырманы қандай дәрежеде игергенін байқауға мүмкіндік береді.

Тест тапсырмаларын  іріктеуге ғылымы тұрғыдан қараудың маңызы зор,өйтпеген жағдайда ,оның қортындылары бала ақыл-ойының дамуын бұрмалап көрсетуі мүмкін.Тест баланын мектептегі оқуға  әзірлігін,сондай –ақ психикалық дамуы кешеуілдеп қалғандардың ерекшеліктерін танып –білуде көмек көрсете алады.

Адамның жаң дүниесінің сырын жақсырық түсіну үшін бұл әдісті аталған әдістермен қосарластыра пайдаланган дұрыс. « Біз ,әдетте, адамды жұмыста іс-әрекетіне қарай бағалаймыз, дегенмен, адамды жан-жақты бағалаудың өлшеміне оның отбасындағы , тұрмыстағы ,ұжымдағы және одан тыс жерлердегі мінез-құлқы да енуге тиіс »

Психология сан салалы ғылым. Қазірде  оның қырыққа жуық саласы бар.

Әлемдік психологиялық  ой-пікірлердің даму тарихы екі кезеңге бөлінеді. Мұның бірінші шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, көш басы Аристотельден / 348-322/ басталатын ілкі тарих.

Осынау ,сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген

ғұламалар ,атап айтқанда , Герофил,Эрасизтрат, гиппократ,Демокрит, Гален, Гераклит, Декарт, Гоббс, Спиноза,Лейбниц, Локк ,Руссо,Дидро,Кант,гегель т.б ғұламалар адамның жан дүниесін сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлір айтқан.Мәселен, Аристотель өзінің

« Жан туралы трактатында» жан тәннің өмір сүру формасы екендігін, мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция секілді процестерге Демокрит /460-370/ жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыратын үнемі қозғалыста болатын қасиет деп түсіндірді.

Ал француз ғалымы Рене Декарт /1596-1650/ жануар сыртқы ортаның  әсіріне рефлекс / жүйке жүйесінің қызметі / арқылы жауап береді десе, голланд ғұламасы Бенедикт спиноза /1632-1667/ адамның еркі мен эмоциясы / аффект, құмарлық т.б / дене қызметімен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін айтқан.

Шығыс әлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Әбу Нәсір -әл Фараби /870-950/ мен Әбу Әлі ибн Сина /980-1037/ Ж.Баласағұні, әл –Ғазали ,Ибн Рүшд, Ита Баджа т.б.айтқан,  

          Психологияның өз алдына дербес  отау тігіп , ғылым ретінде  көрінуі        

өте беріде,отау тігіп, ғылым ретінде көрінуі өте беріде, яғни 1879 жылдан

басталады.Сол жылы неміс  ғалымы Вильгельм Вундт /1832-1920/ Лейпциг 

қаласында түңғыш лаборатория  ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды

арнаулы  құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге  болатындығын

дәлелдеп, мұның дербес  эксперименттік  /тәжірибелік/ ғылым  болуына жол

ашты.  

       ХХ-ғасырдың  алғашқы ширегінде жан қуаттарының заңдылықтарын зерттеумен  айналысатын психология ғылымының дағдарысы айқын    байқала бастады.  Тәжірибе  арқылы  алынған  есепсіз көп нақты материалдар сана құбылыстарын теориялық  тұрғыдан дұрыс түсіндіріп береалмады.Психолог ғалымдар сананың сыртқы  ортамен байланысын зерттеудің  орнына  оның  ақиқаттан қалайша ажырауын көрсетуден  алысқа бара  алмады. Алынған  деректердің практика үшін елеулі маңызы бола турса да, осы ғылымның  әдіснамалық /методологиялық/ астары  әлсіз болып,  психологияда бір-біріне  қарамақайшы бағыттар  пайда бола бастады.

Информация о работе Қазақ ойшылардың психологиялық көзқарастары