Ежелгі абыздар қауымдастығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 20:51, реферат

Краткое описание

Түркілік кезеңнің дүниетанымы абыздардың мазмұны мен атқарар қызметі аралас өнер үлгілері мен туындылары арқылы дəріптелген. Абыздар тəңірлік дүниетаным негізіне сүйеніп, қоғамдық санаға сол тұрғыдан бағыт-бағдар берген. Байырғы бақсылар табиғатқа жақын, ал өмірі оның сырларына толы, үндес болған. Күй атасы Қорқыт атанған абыз баба Тұранды жайлаған түркi халықтарының ой-санасында таза тəңірлік діннің өкілі болғанымен, түркi халықтары ислам дінін қабылдағаннан кейін, исламият əлеміне қоян- қолтық тікелей араласып кеткен.

Вложенные файлы: 1 файл

Ежелгі абыздар қауымдастығы.docx

— 26.38 Кб (Скачать файл)

Тарихта Майқы би, Мөңке билердің атақ-даңқы аса әйгілі. Олар да өз кезінде ханның абызы болған тұлғалар. Асан қайғы абыздың дəстүрін жалғастырушы  Абылай хан заманының абызы Бұқар жырау.  Абылайдың абызы Бұқар жыраудан кейін,  хандық биліктің заманы өтіп, ел билеу жүйесі  отаршылдық қалыпқа түскен соң, қасиетті,  ақылгөй, өнерпаз, болжағыш, көріпкел абыз,  мыс., Мұрат Мөңкеұлы, Дулат Бабатайұлы,  Шортанбай Қанайұлы, Мəшһүр Жүсіптер  болғанымен олардың əз Жəнібегі, хан Абылайы болмады. Заман өзгеріп биігіне өрлей  алмаған дарынды қасиет иелері қайғылы ойға  тұншығып, арманда кетіп жатты, өмірден  өтіп жатты. Қазақ ғалымы М. Мырзахметұлы  «билік сатысында абыздың жауапты қызметін  атқарар көріпкел, тұла бойын өнер құдыреті  билеген, ұлттық идеологияның көрігін  жағатын абыздық лауазым» бүгінде де қажет  екенін ескертеді. Қазақ халқы қайта тұтас  ел болған соң, жаңа мемлекет құрған соң,  байырғы жақсы дəстүрлер уақыт өте келе заман талабына қарай жаңғыртылып қалпына  келеді.

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиет:

http://e-history.kz/kz/contents/view/1369


Информация о работе Ежелгі абыздар қауымдастығы