Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2015 в 09:08, курсовая работа
Агроөнеркәсіптік жүргізуде экономикалық тетіктерінің тиімділігін жетілдіру қажеттілігі бүгінгі кезеңдегі даусыз, өте керекті қозғаушы күштердің бірі болып отыр. Өндірістің негізгі саласының бірі азық-түлік мәселесін шешетін, Агроөнеркәсіптік өнімдерін өндіретін өндірістің өсімі әліде болса төмен жағдайда. Қалыптасқан жағдайды талдай отырып экономиканың ауылшаруашылығындағы шешілмей жатқан мәселелерді қарастырып, Агроөнеркәсіптік өндірісін ынталандыратын іс-шараларды жүзеге асыру қазіргі кезеңдегі маңызды мәселердің бірі.
Кіріспе.....................................................................................................................3-4
I тарау Агробизнесті мемлекеттік реттеу
1.1Мемлекеттік реттеу жүйесінде аграрлық өндірісті дамытудың және тұрақтандырудың экономикалық механизмі ......................................................5-7
1.2Агроөнеркәсіп кешенді қалыптастыруды жоспарлаудың ерекшеліктері ..................................................................................................................................8-13 1.3 Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары......14-19
II тарау Қазақстанның АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері мен келешекте даму бағыттары
2.1 Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда бәсекелестіктігін
қалыптастыру стратегиясын болжамдау............................................................20-31 III тарау Батыс Қазақстан обылысының агробизнес кешені
Агроөнеркәсіп саласының даму бағыты............................................................32-37
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі
Мазмұны
Кіріспе.......................
I тарау Агробизнесті мемлекеттік реттеу
1.1Мемлекеттік
реттеу жүйесінде аграрлық өндірісті
дамытудың және тұрақтандырудың экономикалық
механизмі ..............................
1.2Агроөнеркәсіп
кешенді қалыптастыруды
II тарау Қазақстанның АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері мен келешекте даму бағыттары
2.1 Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда бәсекелестіктігін
қалыптастыру стратегиясын болжамдау.....................
Агроөнеркәсіп саласының даму бағыты........................
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі
Қосымша
Кіріспе Тақырыпты зерттеудің өзектілігі. Агроөнеркәсіптің негізгі мәселелерінің бірі саланы терең экономикалық дағдарыстан шығару, қайта жаңарту және мемлекеттің халқын отандық азық-түлік өнімдерін қамту қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Агроөнеркәсіптік тиімділігін арттыру.
Агроөнеркәсіптік жүргізуде экономикалық тетіктерінің тиімділігін жетілдіру қажеттілігі бүгінгі кезеңдегі даусыз, өте керекті қозғаушы күштердің бірі болып отыр. Өндірістің негізгі саласының бірі азық-түлік мәселесін шешетін, Агроөнеркәсіптік өнімдерін өндіретін өндірістің өсімі әліде болса төмен жағдайда. Қалыптасқан жағдайды талдай отырып экономиканың ауылшаруашылығындағы шешілмей жатқан мәселелерді қарастырып, Агроөнеркәсіптік өндірісін ынталандыратын іс-шараларды жүзеге асыру қазіргі кезеңдегі маңызды мәселердің бірі.Әлемдік экономикаға ықпалдасу біздің еліміз үшін маңызы зор өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру біз үшін - әлемдік бәсекелеске қатысу, бұл жерде ең бірішші тұтынушылардың мүддесі сақталынады – сатылатын зат неғұрлым сапалы, бағасы тиімді болса, соғұрлым өтімді болады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының төртінші тармағында жазылғандай: „Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген занды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар".
Кез-келген шаруашылық жүргізу нысаны немесе меншік нысаны өздігінен өндірістің дамуына, өрістеуіне, өнім сапасын, тиімділігін арттыруына, жұмыскерлердің әл-ауқаты жақсарту мәселелерін шешіп бере алмауда. Бір мезгілде өндірістік қатынастар, экономикалық ынталандыру мен тұтқалар жетіліп отырмаса, қомақты күрделі қаржылар да агроөнеркәсіптікнда нәтиже бермеуі мүмкін. Осыған орай, ғылыми негізделген жалпы шаруашылық жүргізу тетіктерін, және атап айтқанда, ұжымдық кәсіпорындарының шаруашылық тетіктерін де, жетілдіру аса маңызды мәселе болып табылады. Өндірістің әрбір тәсіліне, кәсіпорынның әрбір ұйымдық-құқықтық нысанына өзіндік ерекшелігі бар шаруашылық жүргізу тетіктері сай келуі тиіс. Осыны ескере отырып, шаруашылық жүргізу тетіктерінің нақгы мазмұны мен оның негізгі элементтері күрделі түрде өндірістің сол кезеңдегі өсу дәуіріне лайықгы өзгеріске ұшырауы керек.Қалыптасып қалған шаруашылық жүргізудің моделі, ең алдымен, негізгі өндірістік буын болып саналатын Агроөнеркәсіптік кәсіпорындарын жетілдіруді қажет етеді. Бұлай болудың себебі, қазіргі кезде Агроөнеркәсіптік өнімнің өндірісі (өткізу, өңдеу) саласында шаруашылық жүргізу тетіктерін жетілдіру өте ерекше өзекті және маңызды мәселеге айналуда.
Зерттеудің негізгі мақсаты және мәні. Агроөнеркәсіптік өндірісінде нарық қатынастарының қалыптасуы жағдайында меншік пен жұмыскерлердің мүдделерімен байланысты біраз өзекті мәселелерін қамтитын, агроөнеркәсіптік өндірісінің тиімді экономикалық тетіктерін ұсынып, нарық экономикасы жағдайында оның жетілу жолдары мен формаларының жоғарғы варианттарын таңдап, жетілдіру жолдарын ғылыми түрде негіздеу болып табылады.
Қойылған мақсатка сәйкес талдау барысында келесі міндеттер шешіледі:
• шаруашылық жүргізу тетіктері мен шаруашылық жүргізудің экономикалық тетіктерінің мәні мен құрылымына шолу жасап, олардың басты буындары мен өзара байланысын анықтау;
• кәсіпорын кызметінің сыртқы экономикалық орта элементтері мен шаруашылық ішіндегі экономикалық тетіктерді талдау;;
• ауылшаруашьшық кәсіпорындары қызметінің тиімді ұйымдық нысандарын белгілеу;
• шаруашылық ішіндегі экономикалық қатынастарды жетілдіру мәселелерін зерттеу;
I Тарау Агробизнесті мемлекеттік реттеу
1.1 Мемлекеттік реттеу жүйесінде аграрлық өндірісті дамытудың және тұрақтандырудың экономикалық механизмі
«Нарық шартында ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру мен реттеудің теориялық аспектісі» – экономикалық механизмнің мазмұны мен маңызының теориялық ережелері зерттелген және қорытындыланған.
Жекелеген экономистер «шаруашылық механизм» мен «экономикалық механизм» ұғымдарына шектеу қояды, соңғысы шаруашылық механизмінің құраушысы деп есептеледі.
Біздің ойымызша «шаруашылық механизм» ұғымы «экономикалық механизм» ұғымынан ауқымдырақ және кең. Бұл категориялар өзара байланысты, бірақ тәуелді емес. Экономикалық механизм обьективті экономикалық заңдардың нақтылығын сипаттайды. Сонымен қатар, ол мемлекеттің жүргізіп отырған экономикалық саясаты әсерінен қалыптасады.
Шаруашылық механизм бойынша жекелеген жұмыстарда оның негізгі экономикалық бөлігі анық көрсетілген.
Экономикалық механизм – шаруашылық механизмі мен ұйымдастырушылық - экономикалық қатынас түрлерінің бөлігі, оның мағынасы өнім өндіруге әрекет жасаушы әртүрлі әдістердің қатынасының дұрыстығын анықтауға бекінеді (оның ішіне баға және қаржылау-несиелеу механизмі, салық пен сақтандыру жүйесі, АӨК инвестициялау мен бюджеттік қолдау да кіреді).
Экономикалық механизмнің қайта құрылу мәселесі экономикалық дамудың объективті және субъективті факторларымен, халық санасының дамуын анықтаумен, қоғамның экономикалық жүйесінің даму концепциясын қалыптастыру мен жасақтауға байланысты болу керек.
Тиімділікке баға және қаржылау-несиелеу механизмі қатынасының, салық және сақтандыру жүйесінің, АӨК инвестициялау мен бюждеттік қолдау көрсетудің бірқалыптылығы кезінде ғана қол жеткізіледі.
Қазіргі жағдайда экономикалық механизм тұрақтандыруы мен дамуының жетекші буыны ретінде қаржы-несиелік механизм қарастырылуы керек.
Басқарушы-әкімшілік жүйесіндегі қаржы-несиелік механизм негізін орталықтандырған жоспарлау жүйесі құрайды, ол қоғамдық өндірісті қаржыландыру мен несиелеуге сәйкес келетін әдістің жиынтығы.
Қаржы қоры шаруашылық есеп қызметі мекемесі қорытындысымен тығыз байланыста болған емес. Инвестициялық сұраныс олардың шаруашылық жағдайына байланысты болмады, оларды шығынды мекемелерде сұрай алатын болды. Мекемелерге мемлекеттік бюджеттен үлкен қаржы түсіру жүйесі болды. Мұндай жағдайда қаржы қоры жұмсалып, оған деген сұраныс арта түсті. Арзан ақша қаражатын бөлу есебінен инвестициялық емес, басқа мәселелерді шешу талпынысы пайда бола бастады.
Сонымен, жабдықтар мен машиналарды жүктемелеу ауысымының санын көтерудің орнына, мекемелер жаңа жабдықтар мен техникаларды талап ете бастады, мұндағы еңбек өндірісі экстенсивті жолмен өсті. Мекемелер қондырылмаған жабдықтармен, пайдаланылмаған машиналар арқылы өздеріне негізгі қордың артықтығын жасауға тырысты, бұл капитал қаржы қоры бөлігін ұстап тұруға әкеліп соқты. Жалпы экономикалық реформа жүргізу кезінде АӨК-нің қаржы жүйесінде терең өзгерістер жасалды. Бұл өзгерістер ең алдымен мемлекет және ауыл шаруашылығы арасындағы қаржылық қарым-қатынас механизмін қозғады. Бұрынғы қаржылық қатынас жүйесі толығымен бұзылып, аграрлық секторға қолдау көрсететін жаңа мемлекеттік жүйені қажет етті, орталықтандырылған несиелеу механизмі жүйесі өзгерді. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің қаржылық жағдайы экономикадағы баға құрылымының өзгеруіне және басқа да бірнеше факторларға байланысты құлдырады. Көп ұзамай, АӨК қаржы қорына өтуіне жаңа мүмкіндіктер беретін нарықтық инфрақұрылым жүйесі құрыла бастады. АӨК қазіргі заманға байланысты қаржыландырудың негізі «Агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу туралы» заңға сәйкес анықталады. Заңда көрсетілген мемлекеттік қаржылық қолдаудың негізгі бағыттарын сызба түрінде көрсетуге болады
Агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуға бюджеттен қаражат бөлуді негізгі үш бағыт бойынша қарастырады: мемлекеттік мақсатты бағдарламаны жүзеге асыру, ауылшаруашылық өндірісті тікелей бюджеттік қолдау және сақтандыру.
Заңға сай агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуға бөлінетін бюджеттік қаржы:
Қазақстандағы АӨК реформалауда шетел тәжірибесін есепке алу оны сол қалпы көшірмелеуді білдірмейді. Отандық АӨК бар жетістіктерге әлемдік аграрлық өндірістегі барлық тиімді және жақсыны синтездеу қажет.
Дамыған елдерде мемлекеттік реттеу экономикалық әдістерді пайдалануға сүйенеді: баға, салық, несие саясаты, бюджеттік дотация мен субсидиялар.Айырмашылығы әр елдің мәдени, тарихи, географиялық ерекшеліктермен, оның әлеуметтік қалауларымен анықталады.
Мысалы АҚШ-та кепілдік баға жүйесі, тұрақты кіріс деңгейін сақтандыратын мақсатты бағалар қолданылады.Мүлікке салық салу кезінде оның ең төменгі құнының мөлшері жүйесімен әрекеттесетін сақтандыру бойынша фермерлік несие корпорациясы құрылған.
1.2 Агроөнеркәсіп кешенді қалыптастыруды жоспарлаудың
ерекшеліктері
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен мемлекеттік даму бағдарламаларымызда отандык өндірушілер мен барлық әлеуметтік қызметтегі тұлғалардың аясында бәсекеге қабілетті болу мақсаты атап көрсетіледі. Қазіргі кездегі дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың әрқилы жағдайларға ұшырауы елімізге де теріс әсерлерін тигізді. Осындай халыкаралык экономикалық қатынастарда Қазақстанның дамуы отандық өндірушілер мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты болып табылады. Осы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы мемлекеттік іс-шаралардың бірі - өңірлерде кластерлік жүйелерді іске асыру көзделіп, бұл өз кезегінде аймақ экономикасын тұтастай көтеретіндігі анықталып, жүзеге асырылу үстінде.
Агроөнеркәсіптік өндірістің соңғы нәтижелері тек тікелей ауыл шаруашылығының даму деңгейіне ғана емес, сонымен қатар соған қызмет көрсететін салаларға да байланысты. Ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі ұлғайған сайын материалдық-техникалық ресурстарды, қажетті шикізаттарды, қосалқы материалдарды т.б. жұмсау мөлшері де ұлғаяды.
Қазақстанның бүгінгі агроөнеркәсіп кешенінің потенциалын халқын асырауға ғана емес, сонымен бірге аграрлық өнімдердің көптеген түрлерініп экспортына өндіру есебінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық мемлекет болуына мүмкіндіктері бар. Жақын арада республика экспортының негізгі бағыттары: бидай, мақта талшығы, ет, жүн, қаракөл терісі, былғары және тон-тері шикізаты болып қалмақ. Ұзақ болашақта дайын өнімнің экспортына бағдарлану, ол үшін бәсекеге қабілетті өнім өндіретін технология мен техниканы пайдалану негізінде қайта өндеуші өнеркәсіпті дамыту қажет.
Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісіндегі нарықтық экономиканың дамуы және әлемдік дағдарыс кезінде экономиканың аграрлық секторының жағдайын шиеленістіре түсетін мемлекеттік қаржылық қолдаудың күрт қысқаруы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өнімдеріне баға диспаритетінің күшейе түсуі тәрізді бірқатар факторлардың жағымсыз әсерімен өте қолайсыз, дағдарысты қалыпта жүргізілуде. Соның салдарынан бүгінде ауылдық тауар өндірушілердің материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілу деңгейі өте төмен және өндірген өнімдерін өткізу жүйесі мардымсыз дамыған жағдайда.
Ауыл шаруашылығының материалдық - техникалық ресурстар ең жаңа ғылыми техникалық жетістіктерді кең қолдануға негізделген қоғамдастырылған ірі машиналы өндіріс, бұған қоса электрлендіру, механикаландыру, автоматтандыру, химияландыру. Кең мағынада алғанда өндірістік заттық суъбективтік факторлары қамтылады.
Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғанда, ауыл шаруашылығының материалдық - техникалық дамуының ең басты міндеті халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті шикізатпен, сондай-ақ ауылдың жедел әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету. Ал, даму жердің экономикалык құнарлығын арттырудан, өнімділігі - жоғары жаңа техниканы барған сайын кеңінен енгізуден, электрлендіруді, химияландыруды, мелиорациялауды, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының жем-шөп өндірісінің өнім өндіру, индустрияландыруды, өндірістік процестерді тікелей пайдаланудан, ауыл шаруашылығы ғылымын өндіріспен ұштастырудан көрініс табады.
Аграрлық саясат – мемлекеттің жалпы және экономикалық саясатының құраушы бөлігі. Аграрлық саясат - саясаттың өзге құраушыларымен тығыз байланыста құрылады – сыртқы сауда, өнеркәсіптік, экологиялық, әлеуметтік және т.б. Аграрлық саясат аграрлық кешеннің (ауылшаруашылық өндірісі, агробизнес құрылымдары, ауылшаруашылық нарықтары, ауылдық қоғамдастықтар және т.б.) қызметімен байланысты мәселереді кешенді шешуде мемлекет қолданатын принциптер мен шаралардың жиынтығы ретінде анықталады.
Мемлекеттік аграрлық саясат келесі принциптерге негізделуі тиіс:
Информация о работе Қазақстанның АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері мен келешекте даму бағыттары