Қазақстанның АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері мен келешекте даму бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2015 в 09:08, курсовая работа

Краткое описание

Агроөнеркәсіптік жүргізуде экономикалық тетіктерінің тиімділігін жетілдіру қажеттілігі бүгінгі кезеңдегі даусыз, өте керекті қозғаушы күштердің бірі болып отыр. Өндірістің негізгі саласының бірі азық-түлік мәселесін шешетін, Агроөнеркәсіптік өнімдерін өндіретін өндірістің өсімі әліде болса төмен жағдайда. Қалыптасқан жағдайды талдай отырып экономиканың ауылшаруашылығындағы шешілмей жатқан мәселелерді қарастырып, Агроөнеркәсіптік өндірісін ынталандыратын іс-шараларды жүзеге асыру қазіргі кезеңдегі маңызды мәселердің бірі.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3-4
I тарау Агробизнесті мемлекеттік реттеу
1.1Мемлекеттік реттеу жүйесінде аграрлық өндірісті дамытудың және тұрақтандырудың экономикалық механизмі ......................................................5-7
1.2Агроөнеркәсіп кешенді қалыптастыруды жоспарлаудың ерекшеліктері ..................................................................................................................................8-13 1.3 Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары......14-19
II тарау Қазақстанның АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері мен келешекте даму бағыттары
2.1 Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда бәсекелестіктігін
қалыптастыру стратегиясын болжамдау............................................................20-31 III тарау Батыс Қазақстан обылысының агробизнес кешені
Агроөнеркәсіп саласының даму бағыты............................................................32-37
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Агробизнес курстық жұмыс.docx

— 89.66 Кб (Скачать файл)

- отандық өнімнің ұлттық  бәсекелік артықшылықтарын дамыту;

- инновациялық технологияларды  еңгізу арқылы ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу бойынша қосымша қуаттылықтарды еңгізу;

- еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігі;

-  2011 жылы балық аулауды 350-400 тоннаға дейін ұлғайту.

- ауыл тұрғындарының  мақсаттық топтарындағы 3,5% -дық үй шаруашылықтарына шағын кредит беру;

- агроөнеркәсіптік кешен салаларының жұмысын басқаруда жоғары деңгейге қол жеткізу қамтамасыз етілетін болады

Ауыл шаруашылығы - өсімдік және жануар ресурстарын өңдеумен байланысты салалардың күрделі кешенін бере отырып, әлемдік шаруашылықтың маңызды бөлігі болып табылатыны белгілі. Ауыл шаруашылығының бұл саласы халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз етіп, бірінші қажеттіліктегі тұтыну тауарларын өндірумен әлеуметтік маңызға ие болып отыр. Экономикадағы аграрлық сала Ұлттық және аймақтық шаруашылықтар құрылымына әсер етеді.

Кез-келген елдің экономикасындағы ауыл шаруашылығының алатын рөлінің көрсеткіші ретінде экономикалық белсенді халықтың ішіндегі ауыл шаруашылығында жұмыс бастылық үлесін, сондай-ақ ЖІӨ-нің құрылымындағы ауыл шаруашылығының үлес салмағын қолданады. Әлемде жалпы экономикалық белсенді халықтың 40%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді, ал бұл шамамен 1,1 млрд адамды құрайды. Дүние жүзілік банк мәліметтері бойынша, Қазақстанда аграрлық секторын инвестиция жұмсау тиімділігі мұнай өндіруден кейінгі екінші орынды алады. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне әлемдік бағалардың өсуіне байланысты, бұл салаға капитал құю тартымды болып, келеді. Бұған статистика да куә бола алады. Мысалы, 2005 жылы осы секторға инвестиция тарту 17,3 млрд теңгені құраса, ал 2010 жылы олар 3 еседен артық, яғни 55,9 млрд теңгеге дейін өскен.

Негізгі капиталға инвестициялар соңғы жылы 21 %-ға өсіп, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінің өсу қарқыны 17%-ды құрады. Үкіметтің, Ұлттық банктің және экономика мен қаржы аясын тұрақтандыру жөніндегі қаржылык бақылау Агенттігінің бірлескен қызметтік жоспарына сәйкес агроөнеркәсіп кешеніне мол капитал құю жүзеге асырылып жатыр, ал бұл экономиканын көтерілуіне сөзсіз әсер етпек. 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 20,7%-ға өсіп, оның құны 1,3 трлн теңгеге жетпек.

Ағымдағы жылы Қазақстан экономикасын тұрақтандыруға бөлінетін 15 млрд доллардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы сапасын дамытуға жұмсалады. Және 18,9 млн долларды Еуразиялык банк астык экспортын дамыту мақсатында ұсынбак. Бүгінгі күні Қазақстанның аграрлык секторына шетел инвесторлары да аса көңіл аударуда. Егер бұрын табиғат ауа райынан тәуелді, тәуекелді жоба ретінде бұл сала капитал құралы ретінде сирек қарастырылса, ағымдағы жағдайда тамақ саласы ең бір қажетті, яғни келешегі бар сала ретінде саналып отыр. Біздің аймамың мүмкіндіктеріне Сауд Араб елдерінің инвесторлары да қызығушылық танытып отыр, олар астық пен мал шаруашылығына байланысты жобаларға ақша салуға дайындықтарын білдірді. Ауыл шаруашылығы климат жағдайларының құбылмалығына байланысты жоғары тәуекелді болып келеді. Осыған қарамастан Қазақстан Үкіметі саланы дамытуға үлкен бас тігіп отыр, себебі қазіргі жағдайда аграрлық сектордың әлеуеті өте салмақты болып отыр. Қазақстанда аграрлы секторға еңбекке қабілетті тұрғындарының 23 %-ы жұмыс істейді. Солардың еңбектерінің нәтижесінде біз республиканың жалпы өнімдерінің 25%-н аламыз. Сонымен қатар біздің елімізде ауыл шаруашылығы мемлекет аралық маңызы. Астық, ет, мақта, қант қызылшасы сияқты өндіріс өнімдері Қазақстанмен серіктес елді арасында едәуір артықшылық береді.

Бүкіл әлемдік банк тобына кіретін халықаралық қаржы корпорациясы (ІҒС) таяу екі жылда Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне 100 млн доллар құюға ниеттенуде. Ауыл шаруашылығы бойынша ІҒС сарапшылары дағдарыс кезеңінде ауыл шаруашылығы саласына басымдық беру керек, бұл экономикаға жақсы жемісін береді деп есептейді. Ауыл шаруашылығы реформаларының амбициозды бағдарламасын мемлекеттік органдар ДСҰ-на кіру жөнінде мәселе көтерілуіне байланысты іске асыра бастады. Мұндай масштабты қарым-қатынастар жүйесіне қатысушы елдің азық-түлік тәуелсіздігі мен бәсекеге қабілетті болуы тиіс.

Отандық ет өндірісінің сапасы мен бәсекеге қабілетін көтеруге мүмкіндік беретін заманауи жем беру алаңдарын ұйымдастыру бойынша жобаларды жүзеге асыру жоспары бар. Сондай-ақ түрлі аймақтарда жергілікті өнімдерді қайта өндейтін жаңа өндірістер салу мүмкіндіктері қарастырылуда. Жүргізілген реформалар нәтижесінде, біздің еліміз нақты жетістіктерге қол жеткізді. Елдің жалпы экспортында мақта (15%), тері және жұм (25%) едәуір үлеске ие. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2010 жылдың алғашқы жартысында, 2019 жылмен салыстырмалы кезеңге қатынасында 2,7 %-ға өсті, бұл нәтиже мал шаруашылығы саласының 3%-ға даму есебінен болды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінің ақпараты бойынша ағымдағы жылдын жартыжылдысында бидай ұнының экспорты 19,6%-ға өсіп және 924,4 тоннаны құрады. 2012 жылы, өсімдік шаруашылығында барлық түрлерінен жақсы жиналым алынды. Бункерлік салмақта астыктың жалпы жиыны 22,7 миллионнаны құрады, бұл 2007 жылдың жиналымынан 5,7 млн тоннаға артық. Биылғы жылы да бұдан кем емес нәтиже күтілуде.

Астық өндіруден Қазақстан Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды, ал әлемде бидай экспортшы елдер арасында сегізінші, ұн экспорты бойынша бірінші орынды алады. 2011 жылы егіс алқаптары 21 млн көлемінде қарастырылып отыр. Жаздық (дәнді дақылдар) 17,8 млн-ға, дәнді дақылдар - 1,6 млн ға, маслиналықты 825 мың гектарға етілмек. Алдыңғы жылмен астық дәнді дақылдар мен жем дақылдары сәйкесінше 0,4 млн га және 0,8 млн га-ға артпақ. Қант қызылшасы үшін ағымдағы жылы егіс алқабы 16 мың га-ға қыскарды. Күнбағыс алқабын 43мың гектарға, сондай-ақ рапс пен мақсатыны қыскарту есебінен тамыр дақылдарын 81мың гектарға азайтты.

Ағымдағы жылдағы егіс көлемдерінің осынша қысқаруына қарамастан зығыр картоп және мақта сияқты дақылдар, сондай-ақ мал шаруашылығы бойынша елде 3-7%-ға жылдық өсімге келешекте жоспар құрылған. Дегенмен мал шаруашылығы үшін мұндай өсім тиімді емес екенін айта кету керек. Ет өндірісі ұзақ жылдар бойы Қазақстанның ұлт дәстүрлі қызмет түріне айналды. Ал тыңды игеру жылдарында жайылым жерлердің жетіспеушілігінен еліміз зардап шекті, бұрынгы қолда бар базарларды сол күйі қалпына келтіре алмады. Соңғы жылдары мал басы солтүстік Америкадан желдерді сатып алу есебінен өсті. Дегенмен, сарапшылар қазіргі өсім әлі ұзақ уакыт бойы тардаптардың орнын толтыра алмайды дейді. Біріншіден, АӨК-нің есуінің оң динамикасы жеткілікті төмен старттық деңгейден орын алып отыр. Ауыл шаруашылығы өндіріс көлемі бойынша еліміз ондаған жылдарға артка тасталды. Әсіресе, дамыған елдерден мал шаруашылығын дамыту тиімділігінен артта қөшу көп.

Екіншіден, экономикалық есуге бәрінен бұрын энергикалық ресурстарға әлемдік жоғары бағалармен байланысты факторлар есебінен қол жетті. Оң, динамика терең құрылымдық реформалармен бекітілмеген, бәрінен бұл ауыл шаруашылық жерлерін нарықтык айналымға енгізуден көрінеді.

Үшіншіден, экономикалық өсу ақаулы және секторлық сипат алуда. «Жаңа операторлар» секторында және «дәстүрлі» шаруашылық түрлерінің кең ауқымының экономикалық жағдайының төмендеуі мен туралау стагнацияның жалғасу аясында орын алып отыр. Өсімдік шаруашылығындағы сатылу көлемі мен пайданың есе әзірге мал шаруашылығында да экономикалық жағдайдың жақсаруы мен жалғаспай отыр. Мал шаруашылығы өнімінің импортының ептеп өсуі байқалады.

Төртіншіден, аграрлық сектордағы білікті мамандардын сыртқы және ішкі эмиграцияға ұшырауынак және біліксіз жұмыс күшінің калуынан болған, мамандар әлеуеті мәселесі ұшытуда.

Бесіншіден, аграрлық секторды жерді қайта бөлу мен меншік құқығы сәйкесінше макроэкономикалық қайта құрылымдармен және нарықтык институттардың дамуымен бекілмеді, ал реформа жылдары ауыл шаруашылығын жүргізудің жалпы экономикалық жағдайлары едәуір төмендеді.

Аграрлық сектордың даму деңгейі Қазақстан қоғамының экономикалық, қоғамдық-саяси тұрақтылығының, анықтаушы факторлары болып табылады.

Ауыл шаруашылығы мәселелерінің бірі - ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасы мен дақылдарды қорғау төмендеп кетті. Қазақстан жерлері табиғи күйінде төмен өнімділік қасиетке ие, сондықтан оны жақсартып отыруды қажет етеді. Республиканың барлық аймақтарындағы егістік жерлердегі құнарлы заттар статистикалық есепте жылдан жылға теріс баланс беріп келеді, құнарлылық элементтерінің жоғалуы тыңайтқыштар беруден асып кетеді.

Химизациялау қызметтерінің мәліметтері бойынша Қазақстан етістіктері жыл сайын 2,5 млн тонна құнарлы заттарды қайтара жоғалтады екен, ал жерді қалпына келтіру үшін оған 1,8 млн тонна фосфорлы, 1,1 млн азотты және 0,1 млн тонна кальций тыңайтқыштарын өндірін жерлерге себу керек. Соның арасында 2008 жылмен салыстырғанда тыңайтқыштардың жалпы өндірісі 73 есе, ал соның ішінде фосфорлық тыңайтқыш 87 есе, азоттық 49 есе азайтып, ал калий түктері соңғы жылдары тіпті өндірілмей де кетті.

Біздің фермерлер химиялық минералды тыңайтқыштардың қымбаттығын тілге тиек етеді, бірақ органикалық шикізат қолданылмайды. Айта кету керек, соңғы он жылда органикалы шикізаттармен тыңайтылған алаңдар 688 мыннан 8,8 мың гектарға дейін, немесе 78 есе қысқарған. Жердің құнарлығына осындай салғырттың нәтижесінде дәнді дақылдар мен мақта өнімдері 30%, картоп -20%, көкөністер - 40%, күнбағыс - 3 есе, ал қант қызылшасы - 2,5 есеге қысқарған.

Ауыл шаруашылығы Қазақстанның АӨК-ң негізгі бұрышы. Онда еңбекке қабілетті тұрғындардың 23%-ы жұмыс басты және ол республиканың халық шаруашылығының барлық өнімдерінің 25%-ын береді. Қазақстанның ауыл шаруашылығы сатуға мол астық, ет, жүн, тағы да басқа өнімдерінді жеткізе отырып, мемлекет аралық маңызға ие. 

Қазақстанда ірі ауыл шаруашылығының дамуына ең бастысы, етістік, жайылма, өрістер кіретін көлемдегі ауыл шаруашылығы алқаптары бар үлкен жер қорының болуы ықпал етеді. Қазақсатанның егін шаруашылығына қарағанда азырақ өнім береді, бірақ онда ауылдың еңбекке қабілетті тұпғындарының көп бөлігі жұмылдырылған.

Бұл жоспарда Қазақстанның инновациялық технология жөніндегі заңы отандық тауар өндірушілерге жәрдемі тиді. Агроөнеркәсіп кешенінің даму болашағын анықтау үшін Үкімет 2015 жылға дейінгі тұрақты даму Концепциясын қабылдады Концепция саланың техникалық жабдықталуының, оның индустризацияласуы, дайындық иифрақұрылымын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен өткізудің, Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарын асырып, АӨК бөлімдері нарығын мемлекеттік реттеуді жетілдіріп және елдің азык-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің сапалык өсуін қарастырады.

Үкімет ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірістік құрылымын қайта қарауды және ресурс үнемдеуші технологиялар есебінен саланың тиімділігін арттыру міндетін қойып отыр. Мұндай технологияларды енгізу бір шама қаражатты талап етеді, бірақ Үкімет жақын жылдардың өзінде жемісін беретін жобаға шығын жұмсауға дайын тұр. Екі жылдан кейін 5 млн гектар дақылдар осындай технологиялармен қамтылуы тиіс. Бұл кезде 1 гектарға шығындар 15 долларға қысқарады, жанар-жағармайдың (ЖЖМ) тұтынылуы бір жарым есеге азайып, пайдаланылатын техниканың саны азаяды.

Дегенмен, астық экспортын өсіріп, әрі астық экспорттаушы - әлемдік ірі елдер бестігіне кіру үшін, ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің субсидия тау түрі мен көлемін арттыру, өсімдік шаруашылығын сақтандыру механизмін қайта қарау, мемлекеттің ауыл шаруашылығына құйған қаржыларының жұмсалуына бақылауды күшейту қажет.

Үкімет ауылдық аудандарда шағын жабдықтағы 100 шағын кәсіпорындар салынуды көздейтін Үлттық бағдарлама жасалуда, ал бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы шикізаттарының ысырапқа ұшырауын азайтып, сол жерде жоғары сапалы соңғы өнім шығару, ауыл жастарына келешегі бар жұмыс орындар жасауға мүмкіндік берме

2.1 Агроөнеркәсіптік кешенді  дамытуда  бәсекелестіктігін

қалыптастыру стратегиясын болжамдау 

Қазіргі экономиканың әлемдік бәсекелестікте шаруашылықтардың тәжірибесінде жалпы мемлекеттік макроэкономикалық жоспарлау бюджеттік, стратегиялық, индикативті, директивті түрлерге бөлінуде. Соның ішінде экономикасы дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін, бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін, Қазақстанға стратегиялық және индикативті жоспарлаудың маңызы айтарлықтай болып отыр.

Стратегиялық жоспарлау дүние жүзіндегі мемлекеттердің кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет) саласы.

Стратегиялық жоспарлаудың мәні, шектеулі қор көлемі бойынша дамудың магистралды бағытын тауып, экономиканың қолайлы тұстарын тиімді пайдаланып жағымсыз жақтарының әсерлерін бейтараптандыру.

Старатегиялық жоспарлаудың бірнеше кезеңдері болады. Мысалы, старттық, сандық, басыңқы бағыттары және ұтымды жақтары.  SWOT- талдау күшті (ұтымды) және әлсіз жақтар, мүмкіндіктер мен қатерлер мағынансын береді. Ол сыртқы алға қойған мақсаттарға жету стратегиясын жасау үшін қолданылады.

Егер күшті (ұтымды) және әлсіз жақтарын талдауда саланың ішкі факторлары қаралатын болса, онда мүмкіндіктер мен катерлерді бағалауға сыртқы факторлар зерттеледі. Оның ішінде, нарықтың қатерлі бәсекелестік тұрыс. Өйткені, пайдаланылмаған мүмкіндік, оны бәсекелестер дұрыс пайдаланған жағдайда қауіп-қатер болып шығуы мүмкін.

2001 жылы аймақта өңдеуші  өнеркәсіп орындарында жылдық өсу қарқыны 8-8,4% мөлшерінде болса, ол 2015 жылы еңбек өнімділігі кемінде үш есеге арттыру және жалпы ішкі өнімде энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету, өңдеуші өнеркәсіптердің негізгі қорларының өнімділгін арттыру белгіленген:

  • кәсіпкерлік ахуалды, құрылымды және жеке секторларды ынталандыратын, әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндіріске қосылған құндар тізбегіндегі элементтерді игеру;
  • ғылымды көп қажет ететін және жоғарғы технологиялық экспортқа негізделген өндірістерден өнім өндіру бәсекеге тартымды, оларды ынталандыру;
  • мемлекеттің экспорттық әлеуметтік қосылған құны, жоғарғы тауарлар мен қызметтердің пайдасына қарай әртараптану;
  • сапаны әлемдік стандартына көшу;
  • дүние жүзілік ғылыми- техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және әлемдік экономикамен ықпалдасуыды күшейту қарастырылған.

Стратегиялық жоспарлаудың республика бойынша 2004-2015 жылдарда жүзеге асыру кезеңдері:

1-кезең 2004-2005 жылдар;

2-кезең 2006-2010 жылдар;

3-кезең 2011-2015 жылдар.

Стратегия жоспарын іске асыруға жұмсалатын инвестициялық сипаттағы тікелей шығындардың болжамды мөлшері жылына 1,2 млрд АҚШ долларына белгіленген. Ал, стратегияны іске асыруға белгіленген мемлекеттік шығындардың құны 2005 жылғы бағалармен жылына 260 млн АҚШ долларын құрайтыны қаралған.

Стратегиядағы іс-шараларды  қаржыландыру үшін Даму Банкінің, инвестициялық қордың, инновациялық қордың қаржыларын тарту белгіленген.

Болжамдар бойынша индустриялық- инновациялық саясатты белсенді жүргізу экономиканың өсу қарқынын жылына кемінде 8,8-9,2 пайызға қамтамасыз етеді. Бұл 2001 жылмен салыстырғанда 2015 жылы жалпы ішкі өнім көлемін 3,5-3,8 есеге көбейтуге мүмкіндік беретінін көзделуде. Ал, өңдеуші кәсіпорындарда жылдық орташа өсу қарқыны 8-8,4 пайызға дейін жеткізуге, еңбек өнімділігін салыстырмалы жылдары кемінде 3 есе арттыруға, ЖІӨ-ге энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкіндік береді.

Информация о работе Қазақстанның АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері мен келешекте даму бағыттары