Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 09:39, реферат
Ел ішінде Ассамблеяның қалыпты жұмыс істеуі нәтижесінде ұлттар өзара айрандай ұйысқан, тату-тәтті мамыражай тіршілік етіп келе жатқанына қалың бұқара куә. Бүгінде республикадағы этностардың мәдениеттері, тілдері дәстүрлерінің дамуына қажетті жағдайлар жасалғандығын ешкім де жоққа шығармас. Ал уақыт озған сайын этномәдени бірлестіктердің саны тұрақты өсіп, қазір олардың саны 800-ден асады. Оның ішіндегі 28-і республикалық дәрежеге ие. Статистикаға көз жүгірсек, осы күндері 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарлама мен 7 тілде телебағдарлама тарайды. Ал білім беру саласында өзбек, тәжік, ұйғыр, және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп бар. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізілуде. Сондай-ақ, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылған. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда, елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істеп келеді. Жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған кітаптар жарық көруде.
Ассамблея ұлттар бірлігін бекіте түседі
27.02.2013 14:55
130-дан астам ұлт өкілдерінің
туған жері – топырағы, қасиетті
қарашаңырағына айналып
Ел ішінде Ассамблеяның қалыпты жұмыс істеуі нәтижесінде ұлттар өзара айрандай ұйысқан, тату-тәтті мамыражай тіршілік етіп келе жатқанына қалың бұқара куә. Бүгінде республикадағы этностардың мәдениеттері, тілдері дәстүрлерінің дамуына қажетті жағдайлар жасалғандығын ешкім де жоққа шығармас. Ал уақыт озған сайын этномәдени бірлестіктердің саны тұрақты өсіп, қазір олардың саны 800-ден асады. Оның ішіндегі 28-і республикалық дәрежеге ие. Статистикаға көз жүгірсек, осы күндері 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарлама мен 7 тілде телебағдарлама тарайды. Ал білім беру саласында өзбек, тәжік, ұйғыр, және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп бар. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізілуде. Сондай-ақ, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылған. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда, елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істеп келеді. Жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған кітаптар жарық көруде. Жалпы халықтық мерекелер ретінде Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой секілді жиын, шаралар дәстүрге айналған десек те болады. Мұның бәрі де ұзақ мерзімді басым мақсаттарды көздеген Елбасы саясатының нәтижесі және Қазақстан халқының ынтымақ, татулығының жарқын көрінісі деуге әбден болады.
«Сырт көз – сыншы» дейді
қазақ. Елдегі Ассамблея
Демократияға ден қойған зайырлы мемлекет ретінде елордамыз Астана қаласында халықтар бірлігі мен татулығын нығайтуға арналған түрлі жиындар жиі ұйымдастырылып тұрады. Сондай ауқымды басқосуларға әркез Елбасымыздың өзі белсенді қатысып, ой-пікірін ортаға салып жататын кезі аз емес. Оған тіпті, халықаралық дәрежедегі лауазымды тұлғалар да шақырылып, ұлттар арасындағы бейбітшілікті бекіте түсудің мәселелері жан-жақты қарастырылатын кездер аз емес. Мұндай алқалы басқосуда елдегі мәдени орталықтар мен түрлі ұлт өкілдеріне мінбер ұсынылып, сөздері тыңдалады. Олар күмеуін табуы тиіс проблемаларды шешудің жолын ұсынумен қатар, өз ришылықтарын да білдіріп жатады. Сондай жиндардың бірі Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында ұйымдастрылған болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сссиясына Н.Назарбаев қатысып, Ассамблеяның атқарған шаруасын қорытындылап, алдағы жоспарларын нақтылаған болатын. Сонда «Қазақстан – келісім мен бірліктің интегралды ұясы» деген. Тіпті, осы тақырып аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, ұлттар арасындағы татулық, бірлік пен жайлы қарым-қатынастың үлгісі қандай болу керектігін еурпалықтарға көрсету қажеттігі жайында да тапсырмалар берген. Сол жиында «бұл «Еуропаға жол» бағдарламасы аясында жүзеге асуы тиіс», – деп те нақтылаған болатын Мемлекет басшысы.
Ал енді жоғарыда атап
өткеніміздей, Ассамблеяның парламенттік
өкілдігіне қатысты әңгімеге
қайта оралсақ. Ассамблеяның
– ҚХА (Қазақстан халқы Ассамблеясы) – бұл ұлттар арасындағы үйлесімділік пен тұтастықты сақтаудың тамаша институты. Біздің елдегі жетістікті көрген БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан «Қазақстан – түрлі ұлт өкілдерінің өзара татулығын нығайтуда әлемге үлгі бола алаты ел» деген болатын. Мұндай лебіз қазақстандықтарға зор мақтаныш сыйлаумен қатар, мол жауапкершілік артады. Бұл жерде басты рольге ие қазақ халқына шексіз алғыс айтуымыз керек. Тағдыр талайымен тарыдай шашырап, қайғы-қасіретке толы қуғын-сүргін жылдарында «бөтенсің демей», өзге ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алып, ағалық қамқорлық көрсеткен қазақ халқына қандай құрмет көрсетсек те лайықты. Осы кезге дейін ұлттарды ұйыстырып келген олар, болашақта да қауымдастықтардың басын қосатын негізгі күш бола алатындығына сенімдімін, – деген жылы лебізі әлі де елдің есінде.
Мұндай сөздер қайырымды
істің қайтарымы болмаса да, көңілдерге
жылу беретіні жасырын емес. Сондай-ақ,
дархан көңіл кең пейілді
Міне, қиын-қыстау кезеңнің өзінде
өзге ұлт өкілдерін қол ұшын
созып, қатардан қалдырмаған
2013 жылғы 24 сәуірде Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайында «Қазақстан – 2050» cтратегиясы: бір халық – бір ел - бір тағдыр» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтеді.
2013 жылғы 24 сәуірде Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Қазақстан – 2050» cтратегиясы: бір халық – бір ел - бір тағдыр» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтеді.
Оның жұмысына барлық аймақтардан Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция және БАҚ қатысады.
Сессия соңынан салтанатты концерт өтеді.
ҚХА-ның ХХ сессиясы қарсаңында Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
23 сәуір күні Алматы қаласы
ҚХА делегациясының елордаға
сапарымен Мемлекет басшысының
ҚХА-ның XVII сессиясында берген
тапсырмасына сәйкес
Сессия бағдарламасы аясында аймақтық делегат-қатысушылар үшін бекітілген орталық мемлекеттік органдар басшыларымен, Ассамблеядан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарымен кездесулер, Астана қаласының көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылады.
25 сәуір күні сессия
Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»
Бейсенбі, 25 сәуір 2013 3:00
Кеше Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті.
Сессия жұмысына еліміздің барлық аймақтарынан Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, елімізде тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялардың жетекшілері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі.
Қымбатты отандастар!
Қадірлі қауым!
Қасиетті қазақ жерін
Ел тәуелсіздігінің ең жауапты
кезеңінде бірлігіміздің
Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды.
Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20 сессиясын «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп атауымыздың астарында үлкен мән бар.
Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді.
Бүгінде олар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды.
Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді.
Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр.
Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ.
Осыны халқымыз бек түсініп, бірлігіне бекем болды.
Ел иесі – қазақ халқы да ешкімге шетқақпайлық көрсеткен жоқ.
Ұлтына, тілі мен діліне қарамай
барша этнос өкілдерінің
Табысқа тоқмейілсіп, тоқырап қалмай, алыс болашағымыздың темірқазығы – «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдадық.
Онда ең басты 7 басымдықтың бірі – Жаңа қазақстандық патриотизмнің түп қазығы ретінде ел бірлігін басты назарға алдық.
Менің тапсырмаммен дайындалған Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы да айрықша маңызды құжат.
Бүгінгі сессияда салиқалы ойлар айтылып, тағдырлы шешімдер қабылданарына сенемін.
Құрметті қазақстандықтар!
Бүгін біз Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясын өткізіп отырмыз.
Бұл біздің үлкен жолды жүріп өткенімізді білдіреді.
Осы жылдар ішінде Ассамблея кәмелет жасына жетіп, ұлтымыздың аса маңызды жалпыазаматтық институтына айналды.
Қазақстан – этностық жанжалдардан азат аумақ.
Экономикалық және әлеуметтік-саяси реформалар этносаралық тағаттылық пен үйлесімнің арқасында табысты жүргізілді.
Бейбітшілік пен тыныштық әр үйдің баға жетпес байлығына айналды.
Біздер мен сіздер атқарған жұмыстың,
Ассамблея жұмысының басты нәти
Бүгін біз Ассамблея – тұтастай Қазақстан халқы деп толық негізбен айта аламыз!
Барлық он жеті миллион!
Бүгін Ассамблея – тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сенімді, берік іргетасы.
Ассамблея тарихы – ел тарихы, халық тарихы.
Құрметті отандастар!
Біздің сессиямыздың күн тәртібіне маңызды мәселе енгізіліп отыр. Ол: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр».
Неге біз бұлай айта аламыз?
Өйткені, «бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.
«Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!
Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.