Ассамблея ұлттар бірлігін бекіте түседі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 09:39, реферат

Краткое описание

Ел ішінде Ассамблеяның қалыпты жұмыс істеуі нәтижесінде ұлттар өзара айрандай ұйысқан, тату-тәтті мамыражай тіршілік етіп келе жатқанына қалың бұқара куә. Бүгінде республикадағы этностардың мәдениеттері, тілдері дәстүрлерінің дамуына қажетті жағдайлар жасалғандығын ешкім де жоққа шығармас. Ал уақыт озған сайын этномәдени бірлестіктердің саны тұрақты өсіп, қазір олардың саны 800-ден асады. Оның ішіндегі 28-і республикалық дәрежеге ие. Статистикаға көз жүгірсек, осы күндері 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарлама мен 7 тілде телебағдарлама тарайды. Ал білім беру саласында өзбек, тәжік, ұйғыр, және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп бар. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізілуде. Сондай-ақ, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылған. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда, елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істеп келеді. Жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған кітаптар жарық көруде.

Вложенные файлы: 1 файл

Ассамблея.doc

— 179.50 Кб (Скачать файл)

 

Мәнерлеп сырғанау спорты бойынша  әлем чемпионатының күміс жүлдегері  Денис Тен әлемдік мәнерлеп сырғанау Қазақстан тарапынан бәсекелестікті күтпе­генін, мәселен, әлем чемпионатында 9 мың көрермені бар зал қазақстандықтарға тікесінен тік тұрып қолдау көрсеткенін атап өтті. Олардың ішінде тек қазақ­стандықтар ғана емес, жапондықтар, италиялықтар, америкалықтар, кореялықтар, сондай-ақ, басқа да ұлттың өкілдері болды. Олар бізге келіп, Қазақстанға келгісі келетіндерін, қазақ тілін үйренгісі келетіндерін айтып жатты. Сондықтан, Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің жеңісіміз – Сіздің де жеңісіңіз, деді.

 

Конькимен сырғанау спорты бойынша  әлем чемпионы Денис Кузин әлем чемпионы болуды армандамайтын спортшы болмайтынын, бұл жолда ол әртүрлі қиындықтарды бастан кешіргенін есіне алды. Қазақстан  бүгінде 22 жылды артқа тастады. Ал ендігі кезекте бізді жаңа қашықтықтар күтіп тұр. Қазақстан оларды да үлкен рекордпен жүріп өтеді деген сенімдемін, десе, фристайл бойынша Әлем кубогының күміс жүлдегері Дмитрий Рейхерд те қазақстандықтарға өзінің игі тілегін жеткізді. Мен шаңғы фристайлымен шұғылданамын. Бұл спорт түріне техника мен күш-жігер, сондай-ақ, ойлылық айрықша қажет. Егер Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, дәл осы спорт түрімен шұғылданатын болсаңыз, ол Сізге міндетті түрде ұнар еді. Себебі, Қазақстан дәл қазір дәл осындай ойын стилін көрсетуде! деді.

 

Ал Бейбіт Ыстыбаев өз сөзінде: «Мәртебелі Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстанның ұлттық құрамасының капитаны – Сіз. Құрметті Қазақстан халқы! Ел­басының және сіздердің алдарыңызда біз Қазақстан туын, «Қазақстан барысы» алтын белдігін ел намысындай биік ұстап өтеміз деп ант береміз!» деді.

 

Спортшылардың сөздерінен кейін Ассамблеяның ХХ сессиясы өз жұмысын аяқтауға бет  алды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  сөз сөйлеуге жазылғандардың бәрі сөйлеп болды, бірақ шығып сөйлеймін  деушілерге жол ашық, деді. Сөйлеушілер  бола қоймаған соң, Елбасы алдыңғы қатарда отырған 120 жетім баланың анасы Тұяқ Есқожинаны мінберге өзі шақырды. Осы күні бір баланы да асырай алмай, бастары қатып жүрген ата-аналар бар, ал сіз жүздеген баланы өсіріп отырсыз. Сол тәжірибеңізді жұртқа айтып беріңізші, деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Жиналған халықтың қол соғып қоштауымен 120 баланың анасы мінберге көтерілді.

 

Ол өзінің отбасылық балалар  үйін қалай ашқанын жүрегі толқып тұрып айтып берді. Мен өзім Ұлы  Отан соғысында қаза болған азаматтың  баласы едім. Әкем соғысқа кеткеннен кейін туып, жалғыз бала болған соң есімімді де Тұяқ деп қойыпты. Мен жетімдіктің қандай болатынын өз басымнан өткерген соң, «жетім көрсең жебей жүр» деген халық даналығының қасиетін жақсы түсінемін. Елімізде экономикалық дағдарыс болып жатқан 1998 жылдың бір күнінде жұбайыммен базарға барып, өзінен үлкен сөмкені көтеріп, қайыр сұрап жүрген баланы көрдім. Әлгі балаға жаным ашығаны сондай, жүрегім езіліп, жанымды қоярға жер таппадым. Бәріміз де қол қусырып қарап отырсақ, мұндай сәбилерге кім көмектеседі деген ой келді. Сосын жұбайыма айтып, біз балалар үйін ашып, артымызға бір жақсылық тастап кетейік, дедім. Ол кісі қарсы болмаған соң, үш бөлмелі жайлы пәтерімізді сатып, ақшасына балалар үйін аштық. Биыл бізге 15 жыл толады.

 

Балалар үйінің аты – «Нұр» қайырымдылық үйі. Ол бұрынғы кеңестік интернат сияқты емес, әке-шешесі, аға-апалары бар балалардың үйі болды. Үлкендерім кішілерге көмектесіп, қолдарынан жетелеп, көмектерін көрсетіп жүреді. Құдайға шүкір, міне, 120 баланы асырап отырмыз. Алды азамат болды. Алдында 50 баланы асырайтын шығармыз деп шамалаған едік, бірақ артынан 120 бала келген соң, оларды да кеудеден итермей, бәрін де бауырымызға бастық.

 

Одан әрі  әз ана балаларды жеткізуге көмектескен  ұжым басшыларына, жергілікті және жоғары билікке, әсіресе, балаларға, аналарға қатысты дұрыс саясат ұстанған Елбасына рахметін айтты. Елімізде жетімдер болмасын, біздің халқымыздың жүрегі әрқашан иіп тұрады, сондықтан жетім балаға біздің елде жол жоқ, деді ол. Көшеде жүрген әрбір қараусыз балаға селқос қарамаңыздар, бір көмектеріңізді жасауға дайын тұрыңыздар. Өйткені, барлық бала біздің болашағымыз, егер ол бала жаман жолға түссе, бәріміз де кінәлі боламыз, деді ол.

 

Әз ана  орнына жеткенше қол соғу үзілмеді, бәрі де орындарынан тұрып оған құрмет көрсетті. Елбасы Н.Назарбаев Т.Есқожинаға ризашылығын білдіріп, оның ең жоғары құрметке лайық екенін айтты. «Бір жетімнің басынан сипаған адам жұмаққа барады» деген сөз бар еді, ал сіз тура барасыз, Құдай бұйыртса, деді Президент. Одан әрі Елбасы сөзін жалғастырып, біздің елімізде әлі күнге жүздеген бала көздері жәудіреп балалар үйінде отырғанын айтты. Соларды алып неге бауырымызға баспасқа? Оларды аламыз деп тіпті алыс шет елдерден де адамдар келіп жатқанда, жанымыздағы тумай жатып тағдырдың талайына ұшыраған әлсіз жандарға қамқорлық жасауымызға болады ғой, деді Елбасы.

 

Одан әрі  Президент жылдағы дәстүр бойынша  Қазақстан халқы Ассамблеясы  Төрағасының этномәдени бірлестіктің төрағалары болып табылатын екі  жаңа орын­басары ротация әдісімен тағайындалатынын еске салып, осы орындарда болған З.Хасанов пен А.Карапетянның жұмыстарына алғысын білдірді. Ал олардың орнына еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі А.Барон мен күрд этномәдени бірлестігінің басшысы К.Мирзоевтың кандидатурасын ұсынып, ешкім қарсы болмаған соң, екеуін де тиісті өкімімен бекітетінін айтты.

 

 

Бұдан кейін  Мемлекет басшысы Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Ассамблеяның белсенді мүшелеріне тапсырылатын «Бірлік» алтын медалімен наг­­радталған «Егемен Қазақстан» республикалық  газеті АҚ президенті Сауытбек Абдрахмановқа, болгар этномәдени бірлестігінің төрағасы Олег Дымовқа, Талғар қаласындағы «Нұр» отбасылық қайырымдылық балалар үйінің директоры Тұяқ Есқожинаға, Павлодар облысындағы украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Михаил Парипсаға, «Әзербайжандар ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әбилфаз Хамедовке, ҚХА Ақмола балалар және жастар ұйымдары ассоциациясының төрайымы Дина Галлямоваға медальдарды табыс етті.

 

 

 

Сессия  жұмысы Үндеу қабылдаумен қорытындыланды. Ол Ассамблеяны қоғамдық келісім, мемлекеттік кемелдік, жауапкершілік пен ұлттық патриотизм ордасына айналдыруға, ізгілік пен ашықтық дәстүрлерін сақтауға, әр азаматтың елді гүлдендіруге белсенді үлес қосуына шақырады.

 

Сессия  өз жұмысын аяқтаған соң Ассамблея  мүшелері концерттік бағдарламаны тамашалады.

 

 

Ассамблея сессияларында берік орныққан дәстүрдің  бірі – сессия соңынан Ассамблея  мүшелері мен қонақтарына арналып  ұйымдастырылатын концерт. Кеше Бейбітшілік  және келісім сарайында болған концерт  те еліміздегі тұрақтылық пен татулықтың сұлу сазбен өрілген салтанатына айналды. Қарағанды қаласындағы «Шолпан» би ансамблі орындаған «Кербез» биімен басталып, еліміздегі этностардың әндері мен билері бірінен кейін бірі жарасымды жалғасып кете барған, кәсіби өнер шеберлері мен этномәдени бірлестіктердегі әуесқойлар қосыла әрлеген бұл концерт Қазақстанды мекен еткен барша жұрттың төл мәдениетін өркендетуіне тиісінше жағдай жасалғанын келісті көрсетіп берді. Концерт финалында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова, халықаралық конкурстардың лауреаттары Игорь Благородный, Равшан Саидходжаев және этномәдени бірлестіктердің би ұжымдары, барлық қатысушылар қосыла кестелеген «Мәңгілік ел» вокалды-хореографиялық композициясы ел халқының тілі басқа болса да тілегі бір, жүзі басқа болса да жүрегі бір перзенттерінің бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай татулығын өнер тілімен тамаша өрнектеді.

 

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, Жақсыбай САМРАТ,

 

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

 

«Егемен Қазақстан».


Информация о работе Ассамблея ұлттар бірлігін бекіте түседі