Шпаргалки по "Социологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2012 в 23:13, шпаргалка

Краткое описание

Социология оқшауланбай, басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз қарым-қатынаста дамып келеді. Социология пәнінің анықтамасы ғылым ретінде оның басқа қоғамдық ғылымдардан өзгешелігі неде екендігін көрсетіп қана қоймай, қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орнын неғұрлым дәл анықтауға, сондай-ақ олардың жеке түрлерімен қаншалықты тығыз байланысты екендігін айқындауға мүмкіндік береді. Қоғамды зерделеуге деген социологиялық көзқарастың ерекшелігін нақты анықтап алу үшін социологияның әлеуметтік философиямен, тарихпен, саясаттанумен, экономикалық ғылыммен және басқа қоғамдық ғылымдармен арақатынасын және өзара әрекетін қарастырудың маңызы зор.

Вложенные файлы: 1 файл

социология.docx

— 71.22 Кб (Скачать файл)

Герберт Спенсер (1820 - 1903) - ағылшын социологы және экономисі, өз еңбектерінде әлеуметтік даму және әлеуметтік эволюция мәселелеріне баса назар аударды. Ол “әскери” және “өндірістік” қоғамның полярлық қарама-қайшылық үлгісін жасай отырып, қазіргі қоғамға дәстүрлі қоғамды қарама-қарсы қояды. Спенсер жаңа әлеуметтік құрылыстың маңызды белгілерін ашты. Олар - дамудың, қиратудың және реттеудің шешуші фокторлары болып саналатын әлеуметтік күрес пен бәсекелестік. Міне осылар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтардың ең маңызды қайнар көзі болып табылады. Жеңіске жеткендер меншік иелерінің тобын құрады, ал жеңіліс тапқандар - жалданбалы жұмысшылар т.б. қалыптастырады; жеңілгендердің ерте ме кеш пе абырой сезімі оянады және оның салдарының бірнеше нұсқасы болады.

Фердинантд Теннис (1865 - 1936) - неміс социологы және тарихшысы. Ол жаңа әлеуметтік құрылыстың маңызды белгілерін сипаттап берді. Теннис Gesellschaft (қазіргі қоғам) пен Gemeіnschaft-ты (дәстүрлі қоғам) бір-біріне қарсы қояды. Қазіргі қоғамда адамдар өзінің жеке қасиеттерін, ұқсастығын жоғалтып, құпиялы жалданушылар, жұмысшылар, сайлаушылар, тұтынушылар мен көрермендер, т.с.с. механикалық түрде біріге отырып, сахнаға шығады. Оған - үлкен нарықтары, аудиториясы, тыңдарман қауымы, электораты, ұлттық ұйымдары бар қазіргі қоғамның көлемі кінәлі. Мұндай жағдайда тұлғааралық байланыстар бүркемеленеді. Бұл жағдай өмір сапасының нашарлануына, бюрократия мен үкіметтің жекеленуіне алып келіп, тоталитарлық режимнің пайда болу қаупін тудырады.

Э.Дюркгейм (1858 - 1917). Ол “аномия” ұғымын енгізе отырып, адамдар - олар өз мүдделері үшін күресіп таласуға дайын тұратын өзімшілдер деп санады. Олар тек мәдени ережелер, нормалар мен құндылықтар арқылы байланысқа түскен жағдайда ғана “бәрінің барлығына қарсы соғысынан” құтылып, үйлесімді әлеуметтік өмір сүруге қол жеткізе алады. Қандай да бір тарихи жағдайларда мәдени ережелер өзінің реттеуші күшін жоғалтады. Сол кезде аномия жағдайы туады, қоғамды ұйымдаспағандық пен астан-кестеңдік жайлап алады. Адамдар өздерін түп-тамырларынан үзіліп қалғандай сезініп, өзін-өзі өлтіруге қол жұмсайды. Дюркгейм, қазіргі қоғам аномиялық жағдайдың туындауына ықпал етеді деп есептеген.

Дюркгейм қандай да бір әлеуметтік фактілердің себептерін басқа бір әлеуметтік фактілерден іздеуге шақырып, психологизмнен бас тартады. Оның көрсеткен кестесінде адамның жүріс-тұрысы шын мәнінде пайдакүнемдік сипатынан айырылады. Алайда, сонымен бірге, адамның өзі индивид ретінде әлеуметтік қызметпен алмастырылады.

Көптеген социологтар  секілді, ол да әлеуметтік-экономикалық прогресте шешуші рөлді жеке меншік, бәсекелестік пен еркін кәсіпкерлік  емес, адамдардың ынтымақтастығы мен  бірлігі, әлеуметтік қатынастар мәдениеті, еңбектің микро-макро деген деңгейдегі әлеуметтік ұйымдасқандығы атқарады деп  санаған.

Макс Вебер (1864 - 1920) - неміс социологы, ХІХ - ХХ ғасырлардағы ең ықпалды тұлғалардың бірі. Ол қазіргі қоғамды саралай отырып “дәстүрлі” және “капиталистік” қоғамды бір-біріне қарсы қояды. Олардың айырмашылығы мына өлшемдер бойынша көрінеді: жеке меншік формасы, технологияның басым түрі, жұмыс күшінің нарығы, экономикалық бөліп берудің әдістері, заңдар табиғаты, кең таралған дәлелдемелер. Вебердің сөздері бойынша, капитализм дегеніміз “пайда соңынан ылғи қуалап жүру” және “бос жұмыс күштер нарығын дұрыс ұйымдастуру”

Вебер ерекше ментальдыққа - “этосқа” ие болатын кәсіпкерлер  мен жұмысшылардың ерекше табы болады деп санайды. “Этос” немесе “капитализм рухы” табыс себебін, аскеттілік, парыз сезімін қамтиды. Этостың қайнар көзі протестантизм болып табылады.

Вебер ұйым теориясы шеңберінде бюрократия құбылысына сипаттама жасап, бюрократиялық жүйені әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыта түсуде нақтылы әдістемелік ұсыныстар берген.

Вебер социологиясының негізгі  принципі - бюрократия теориясының  арқауын құратын рационалдылық. Капитализмнің ең маңызды белгісі, бәрі де мойындап отырған таным құралы ретіндегі ғылымның рөлі болып табылады.

Вебердің айтарлықтай  жетістіктеріне әлеуметтік дауларды экономикалық тұрғыдан талдауын жатқызуға болады. Экономикалық жүріс-тұрысты ол әлеуметтік жүріс-тұрыстың ең ұтымды түрі деп қарастырады.

Ғылым өнеркәсіпте ірі-ірі эмпирикалық зерттеулер жүргізді және мұндай зерттеулердің әдістемесінің дамуына айтарлықтай үлес қосты.

Вебер, жан-жақты социолог бола тұра, социологияда ең бастысы  шаруашылық өмірді талдау деп есептеді. Ол әлеуметтік-экономикалық өмірді зерттеп  білгенде жүріс-тұрыс категорияларына сүйенді және жүріс-тұрыстық тұрғыдан қарауға үгіттеуші болып табылады.

Талкотт Парсонс (1902 - 1979) қоғамның төмендегідей негізгі белгілерін бөліп қарастырды: 1) экономика, өзінің жаппай өндірісімен, бюрократиялық ұйымымен, жан-жақты қамтушы нарығымен, ақшасымен қоғамда жоғары рөл атқарады; 2) төрт кіші жүйенің толық жіктелуі (бейімделушілік, мақсатты бағыттаушы, интегративті, қолдаушылық); 3) әлеуметтік үйлестірудің негізгі механизмі болып табылатын құқықтық жүйенің дамуы; 4) стратификация; 5) әлеуметтік өзара байланыстардың күрделі жүйесінің жанама түрде кеңеюі.

Ол экономикалық қатынастарды талдауға көңіл бөледі, іс-әрекет теориясы тұрғысынан адами әрекеттің субъектісі көбіне жалпы құрылымдардың элементі ретінде көрінеді. Немесе іс-әрекет жүйелері ішінде шешуші рөл нормативтік құрылымдарға беріледі [13].

Парсонс, қазіргі және дәстүрлі қоғамның үлгілері тарихи қоғамдарды шынайы бейнелейді деп есептемейді; керісінше, ол оларды үзіліссіз сызықша бойында орналасатын қоғамдағы талдамалық нүктелер ретінде қарастырады. Ол келесі “паттерн-өзгермелілікті” бөліп көрсетті: мәртебені негіздеу, бағалау өлшемі, эмоцияның рөлі, әлеуметтік құрылымның анықтылық деңгейі.

 

7.Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етуші құқықтық факторлардың сипаттамасы

Социологияның бірінші кезектегі  проблемаларының бірі - әлеуметтену  процесі болып табылады. “Әлеуметтену” ұғымы жалпылама түрде индивидтің әлеуметтік топ пен жалпы қоғамға тән мәдениет ұғымына кіретін және индивидке қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді субъектісі ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік беретін белгілі бір білім, норма, құндылық, ұстаным, мінез үлгілері жүйелерін меңгеруі процесін сипаттайды.

Әлеуметтенуден бейімделуді (жаңа шарттарға үйренудің уақыт  бойынша шектелген процесі), оқытуды (жаңа білім алу), тәрбиені (әлеуметтендірудің агенттері мен институттарының индивидтің рухани аясы мен мінез-құлқына мақсатты түрде ықпал етуі), есеюді (адамның 10 жастан 20 жасқа дейінгі кезеңде әлеуметтік психологиялық қалыптасуы) және ержетуді (адам организмінің жеткіншектік және жастық шағындағы нығаюының физикалық-физиологиялық процесі) ажырата білу қажет.

Әлеуметтену процесі негізгі өмір тізбектері деп аталатын сатылардан өтеді. Бұл балалық, жастық, ересектік және қарттық шақ. Әлеуметтену процесінің нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады. Өмір тізбектері әлеуметтік рөлдердің алмасуымен, жаңа мәртебеге ие болумен, зиянды әдеттерден, айналасындағылардан, достық байланыстардан бас тартумен, өмір салтын өзгертумен байланысты. Ескі құндылықтарды, нормаларды, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту әлеуметсіздену деп аталады.Содан кейінгі ескі құндылықтардың орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелеріне үйрену қайта әлеуметтену деп аталады.

Әлеуметтенудің мәні адамды өз қоғамының мүшесі етіп қалыптастыратындығында. Кез келген қоғам өзінің әлеуметтік, мәдени, діни, этикалық мұраттарына  барынша сай келетін адамның  белгілі бір типін қалыптастыруға тырысып келген және тырысады. Алайда бұл мұраттардың мазмұны тарихи дәстүрлерге, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуға, қоғамдық және саяси құрылымға қарай әр түрлі болады. Дей тұрғанмен қазіргі заманда қоғамның толыққанды мүшесінің мұраты көп, жалпы немесе әр түрлі қауымдастықтар үшін азды-көпті үйлесетін сипаттамасы бар екенін айтуға болады. Соған сәйкес әлеуметтену процесі де әр түрлі қоғамдарда белгілі бір ерекшеліктерді сақтай отырып, әмбебап және үйлесімді сипаттамаға ие болады, бұл ғаламдық, жалпы планеталық және жалпы әлемдік тенденциялармен (урбанизация мен ақпараттандырудан экологиялық және демографиялық үрдістерге дейін) байланысты.

Әлеуметтену процесінің мазмұны  кез келген қоғам өзінің мүшелері еркектің немесе әйелдің рөлін сәтті  меңгергеніне (яғни жыныстық-рөлдік әлеуметтенуге), өндіріс қызметіне білікті қатыса алуына және қатысқысы келуіне (кәсіби әлеуметтену), берік отбасын құруына (отбасылық рөлдерді игергеніне), заңды  сыйлайтын азаматтар болуына (саяси  әлеуметтену) және т.с.с. мүдделі екендігінде. Мұның бәрі адамды әлеуметтену объектісі  ретінде сипаттайды. Алайда адам әлеуметтену  объектісі болып қана қоймай, субъектісі болған кезде де қоғамның толыққанды мүшесі бола алады. Субъект ретінде  адам әлеуметтену процесінде өз белсенділігін  жүзеге асырумен, өзін-өзі дамытумен  және қоғамда өзін-өзі көрсетуімен  етене бірлікте әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8. Неке және отбасы түсінігі. Отбасының пайда болу түрлері

Отбасы – белгілі бір әлеуметтік нормалар,санкциялар,мінез-құлық,құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі зайыпты, ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт. Әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін өз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы,оның өмір сүруі мен дамуы заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтанудың тағы бір саласы-отбасы әлеуметтануы қалыптасты.

Отбасы қызметі: репродуктивті,  әлеуметтендіру, эмоционалдық қанағаттандыру, статустық қызмет, қорғау қызметі, экономикалық қызмет, жыныстық қатынасты реттеу

Құрамына қарай: нуклеарлық немесе кеңейтілген

Нуклеарлы отбасы негізін ерлі-зайыптылар мен олардың балалары құрайды,яғни мұндай отбасында екі ұрпақтың өкілдері өмір сүреді.

Кеңейтілген отбасы ерлі-зайыптылар өз балаларымен, ата –аналарымен,бауырларымен бірге тұрады, онда бірнеше ұрпақ өмір сүреді.

Отбасы түрлері:

1.Билікті бөлу,билікке,лидерлікке ие болу және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі сақталған:дәстүрлі немесе авторитарлық отбасы.

Дәстүрлі отбасына – ер адам негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдаушы боп саналады, оның қожайындығы басым.  Демократиялық отбасы үй шаруасына қатысты міндеттердің отбасы мүшелері арасында тең,әділ бөлінуі, ерлі-зайыптылардың тұрмыстық мәселе бойынша бірлесіп шешім қабылдануы.

2.Отбасы тұрған  мекен-жайына қарап: патрилокалды және матрилокалды боп бөлінеді. Патрилокалды отбасында жас жұбайлар күйеуінің әкесінің үйінде тұрады. Матрилокалды отбасында жұбайлар әйелдің ата-анасының үйін бірге мекендейді. Эванклюлелокалдық отбасы ерлі-зайыптылардың ағасынң немесе әпкесінің отбасымен бірге тұруымен сипатталады.Жас жұбайлар ата-аналарынан мүлдем бөлек тұратын болатын болса,онда оларды неолокалды отбасы деп атайды.

Неке дегеніміз – отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі түрі.

Моногамия бір ер адам бір ғана әйелмен некеде тұрады,ал полигамия бір әйелдің бірнеше ер адамдармен немесе бір ер адамның бірнеше әйелмен некеге тұруы. Полигамияның екі түрі бар:полиандрия –көп еркекпен неке құру ,полигиния-көп әйел алу.

Некеге отырар кезде тек өз тобының  ішінен ғана жұбай таңдауды талап  ететіндер эндогамия деп аталады.Ал егер де некеге отырар кезде өз тобынан тыс таңдаса экзогамия деп аталады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9.Тұлғаның әлеуметтенуі ұғымы мен көздері

Тұлға бірқатар гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі  болып табылады. Философия тұлғаны  дүниеде қызмет ету, таным және шығармашылық субъектісі ретінде қарастырады. Психология тұлғаны психикалық процестердің, қасиеттердің және қарым-қатынастардың: темпераменттің, мінездің, қабілеттің, ерік-жігердің және т.б. орнықты тұтастығы ретінде зерттейді. Әлеуметтану көзқарасы тұлғаның әлеуметтік-типтік белгісін бөліп қарайды.

Әлеуметтенуден бейімделуді (жаңа шарттарға үйренудің уақыт  бойынша шектелген процесі), оқытуды (жаңа білім алу), тәрбиені (әлеуметтендірудің агенттері мен институттарының жеке адамның рухани аясы мен мінез-құлқына мақсатты түрде ықпал етуі), есеюді (адамның 10 жастан 20 жасқа дейінгі кезеңде әлеуметтік психологиялық қалыптасуы) және ержетуді (адам организмінің жеткіншектік және жастық шағындағы нығаюының физикалық-физиологиялық процесі) ажырата білу қажет.

Әлеуметтену процесі негізгі өмір тізбектері деп аталатын сатылардан өтеді. Бұл балалық, жастық, ересектік және қарттық шақ. Әлеуметтену процесін нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады. Өмір тізбектері әлеуметтік рөлдердің алмасуымен, жаңа мәртебеге ие болумен, зиянды әдеттерден, айналасындағылардан, достық байланыстардан бас тартумен, өмір салтын өзгертумен байланысты. Ескі құндылықтарды, нормаларды, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту кері әлеуметтену деп аталады.Содан кейінгі ескі құндылықтардың орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелеріне үйрену қайта әлеуметтену деп аталады.

Әлеуметтенудің мәні адамды өз қоғамының мүшесі етіп қалыптастыратындығында. Кез келген қоғам өзінің әлеуметтік, мәдени, діни, этикалық мұраттарына  барынша сай келетін адамның  белгілі бір типін қалыптастыруға тырысып келген және тырысады. Алайда бұл мұраттардың мазмұны тарихи дәстүрлерге, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуға, қоғамдық және саяси  құрылымға қарай әр түрлі болады. Дей тұрғанмен, қазіргі заманда  қоғамның толыққанды мүшесінің мұраты көп, жалпы немесе әр түрлі қауымдастықтар үшін азды-көпті үйлесетін сипаттамасы  бар екенін айтуға болады. Соған  сәйкес әлеуметтену процесі де әр түрлі қоғамдарда белгілі бір  ерекшеліктерді сақтай отырып, әмбебап  және үйлесімді сипаттамаға ие болады, бұл ғаламдық, жалпы планеталық және жалпы әлемдік тенденциялармен (кенттену мен ақпараттандырудан экологиялық және демографиялық үрдістерге дейін) байланысты.

Информация о работе Шпаргалки по "Социологии"