Шпаргалки по "Социологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2012 в 23:13, шпаргалка

Краткое описание

Социология оқшауланбай, басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз қарым-қатынаста дамып келеді. Социология пәнінің анықтамасы ғылым ретінде оның басқа қоғамдық ғылымдардан өзгешелігі неде екендігін көрсетіп қана қоймай, қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орнын неғұрлым дәл анықтауға, сондай-ақ олардың жеке түрлерімен қаншалықты тығыз байланысты екендігін айқындауға мүмкіндік береді. Қоғамды зерделеуге деген социологиялық көзқарастың ерекшелігін нақты анықтап алу үшін социологияның әлеуметтік философиямен, тарихпен, саясаттанумен, экономикалық ғылыммен және басқа қоғамдық ғылымдармен арақатынасын және өзара әрекетін қарастырудың маңызы зор.

Вложенные файлы: 1 файл

социология.docx

— 71.22 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17.Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты мен міндеті

Социологиялық зерттеудің мақсаттары проблемалық жағдайды шешу болып табылады. Егер социологиялық зерттеу теориялық проблеманы шешуге бағытталған болса, онда зерттеудің нәтижесі әлеуметтік шындықтың бұрын мән бермеген аспектілерін тану болады. Ал егер зерттеу тәжірибелік сипаттағы проблемаларды шешуге бағытталса, онда оның мақсаты проблемалық жағдайдан арылуға әкелетін тәжірибелік қадамдар қабылдау жөніндегі ұсыныстар болады.

Социологиялық зерттеулердіңміндеттері нәтижесінде социолог әлеуметтік қайшылықтардан арылу (тәжірибелік проблема кезінде) бойынша қорытынды білімді (теориялық проблема кезінде) немесе ұсынысты жасай алатын зерттеу әрекеттерінің орындалуы болып табылады.

Социологиялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін анықтау барысында  проблемалық жағдайдың мазмұнды құрылымының анықталуына әкелетін негізгі ұғымдарды айқындау және түсініктемелеу сияқты социологиялық зерттеу бағдарламасының мазмұнды аспектісі қалыптасады.

Мынадай мысал келтірейік: қайсы бір жоғары оқу орнында  студенттердің үлгерімін көтеру мүлдем қолдан келмейді дейік. Жоғары оқу орнының басшылығы бұл  проблеманы шешу үшін социологтарды  көмекке шақырады. Мұндай жағдай проблеманың  іс-тәжірибе саласынан туындауына жатады. Бұл жерде социологтардың әрекеттері келесідей. Олар басшылықпен бірге  “Студенттердің үлгерім деңгейін көтеру”  деген тақырыпты анықтай алады. Зерттеу тақырыбында проблемалық жағдайдың өзі жасырылған - аталмыш оқу орнында үлгерім төмен және оны көтеру үшін оның басшылығы не істеу керек екенін білмейді, социологтар да бұл мәселе бойынша нақтылы ұсыныстар беруге әзірге дайын емес. Мұндай жағдайда социологиялық зерттеудің мақсаты осы оқу орнындағы студенттердің үлгерім деңгейін көтеруге әкелетін ұсыныстар жасау болады. Зерттеудің міндеті социологиялық зерттеудің нақтылы әдістерін пайдаланумен белгілі бір кезең аралығында осы зерттеуді жүргізу болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18.Социологиялық сұхбаттасуға сипаттама беріңіз

Бұқаралық сұрауды ұйымдастырудағы  аса маңызды бөлім сұхбат алушылардың  жұмысы болып табылады. Элизабет Ноэльдің анықтауынша, ең күшті сұхбат алушы - ол “адамға үйір педант”. Формализмге  негізделген сұрауда сұхбат алушы  нұсқауды басшылыққа алуы тиіс, енжар  күйінде тыңдап, жауаптарды қабылдай білуі, яғни респондентпен айтыспауға, шыдамсыздықты көрсетпеуге, жетекші  сұрақтарды қоймауы тиіс. Бүгінде  зерттеу ұйымдарында сұхбат алушыларды іріктеп алу мен оқытудың алуан  түрлі әдістемелері бар.

Формализмге негізделмеген  сұхбат

Әдебиетте бұл әдістің  еркін, стандартты емес, құрылымдық емес сұхбат деген өзге атаулары кездеседі. Көп жағдайда “терең сұхбат” термині (іn-depth-іntervіew) қолданылады. Бұл терминдердің барлығы осы зерттеу түрінің формализмге негізделген (стандартты, құрылымдық) сұхбаттан айырмашылығын көрсетеді. Айырмашылықтың өзі мынадан тұрады, еркін сұхбатты пайдаланған кезде әрбір респонденттен ақпараттың тура сол түрлерін алуға әрекет жасалынбайды және индивид есептік-статистикалық бірлік болмайды. Сұхбаттың мазмұны респонденттен респондентке дейін өзгеруі мүмкін: әрбір респондент өзі ең жақсы жағынан көрсете алатын ақпаратты хабарлайды немесе пікірді білдіреді.

Сонымен, формализмге негізделмеген  сұхбатта сұрау зерттеудің сапалы әдісі  ретінде көрінеді.

Терең сұхбат әдістемесі өте  күрделі және жоғары білікті сұхбат алушылардың қатысуын қажет етеді. Көбінесе олардың орнында зерттеушілердің  өзі болады.

Өткізілу технологиясы бойынша  терең сұхбатты нарративтік (narratіve - әңгіме, хикая), жартылай құрылымдық және фокустық деп бөлуге болады.

Нарративтік сұхбат - сұхбат алушының ешқандай араласпауынсыз респонденттің еркін әңгімесі. Мұндай жағдайда баяндаудың толық еркіндігі респондент үшін ең маңызды сәттер жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік береді деп белгінеді. Нарративтік сұхбатты қолдану әсіресе респонденттің жеке қабылдауы, оның сезімдері маңызды болған жағдайда өзін ақтайды. Қолданбалы социологиялық және маркетингтік зерттеулерде нарративтік техника өте сирек қолданылады.

Жартылай құрылымдық сұхбат айтарлықтай кең таралған. Ол гайдтың біршама жоғары деңгейдегі құрылымдылығымен ерекшеленеді. Онда стандартты, өлшенетін ақпарат алуға бағытталған сұрақтар кездесуі мүмкін. Сонымен бірге, формализмге негізделген сұрауға қарағанда жартылай құрылымдық сұхбат респондентке ыңғайлы әңгіме барысын бұзбау үшін кейбір сұрақтар реті мен жорамалданған жауаптар көлемінен ауытқуға жол береді.

Жалпы, сұхбат алушыдан гайдтың  барлық сұрақтары бойынша ақпарат  алу талап етіледі.

Фокустық сұхбат әңгіме барысында зерттеу мақсаттары тұрғысынан ең маңызды проблемаға әрдайым назар аударып отыруды білдіреді.

Стандартты емес сұхбат іріктеудің аса үлкен емес көлемінде - 20-дан 100-ге дейін адам болғанда жүргізіледі. Бұл әдістің қымбаттылығымен, сол  сияқты ақпаратты жазу мен өңдеудің  қиындығымен байланысты. Терең сұхбатта, әдетте, аудио және бейнежазба қолданылады.

Терең сұхбатта сұрақнама  гайд деп аталады. Бұл сауалнамадан гөрі, әңгіме жоспары болып табылады. Егер сауалнаманың құрылымдық бірлігі - сұрақ болса, гайдтікі - тақырып  болады. Тақырыптар сұрақ немесе баяндау  сөйлемдерімен көрсетілуі мүмкін.

Егер құрылымдық сұхбатта бір сұрақтың екінші сұраққа “қысым жасамауы” үшін сұрақтардың дәлме-дәл  логикалық орналасуынан құтылу ұсынылса; еркін сұхбатта формальді логиканың  ережелері толық көлемде қызмет жасайды. Сұрақтар бір-бірінен, жекеден  жалпыға немесе жалпыдан жекеге беріліп  отыруы тиіс.

Сұхбат алушының жүріс-тұрыс  үлгісі таптаурынды болып келетін  стандартты сұхбатқа қарағанда еркін  сұхбатта суырып салма маңызды. Бірақ  бұл сұхбат алушының респонденттің  жауаптарына ықпал ету қауіпін  одан сайын ұлғайта түседі. Мұндай ықпалды төмендетудің күрделі әдістемесі жасалынған. Ол кішігірім арнайы проблема болғандықтан аталмыш оқулықта қарастырылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19.Қоғам құрылымындағы тұлға

Қоғам құрылымындағы  тұлға.Әлеуметтік өзара іс-қимылдар мен қарым-қатынастардың ұйытқысы жеке тұлға болып табылады. Адам тұлғасын зерделегенде оның көріністерін мынадай деңгейлерге бөлу қалыптасқан: [8]

 табиғи деңгей - адамның  өзінде бар және оған басқа  адамдардың ықпалынсыз дамитын  деңгей;

 биологиялық деңгей - шығу тегі бойынша ортақ болуы,  бүл орайда адамның жануармен  ұқсас болуы міндетті емес;

 мұрагерлік деңгей - ата-аналарының  тектік қорының негізінде тіршілік  етіп дамитын деңгей; ол биологиялық  (бірақ биологиялықтың бәрі мұрагерлік  емес);

 әлеуметтік деңгей - адамның  әлеуметтену, басқа адамдармен  араласуы мен өзара іс-қимылы  барысындағы деңгей.

Әлеуметтік  көрініс кең мағынасында үш құрамдас бөліктен тұрады [9]:

- өзіндік әлеуметтік - өзінің әлеуметтік рөлдерін қалыпты атқаруға қажет деген белгілер жиынтығы;

- ерекшеленген мәдени - автоматты түрде сақталатын, жеке адамның ажырамас белгісіне айналған және басқалардың оны тәрбиелі деп санауына мүмкіндік беретін әдептілік мінез-құлық нормалары мен ережелерінің жиынтығы;

- ізгі - адамдағы әдеп нормаларын ең жоғары талаптар ретінде сақтауға байланысты әлеуметтік және мәдени бастамалардың жарқын көрінісі.

Бұлайша тәптіштеу “адам”, “жеке адам” және “тұлға” ұғымдарының аражігін ажырату  үшін қажет. “Адам” ұғымы жалпыға ортақ, ол барлық адамдарға тән сапалар мен қасиеттерді сипаттау үшін пайдаланылады. Бұл ұғым дүниеде  өзіне ғана тән тіршілік ету тәсілімен басқа барлық материалдық жүйелерден өзгеше адам әулеті, адамзат сияқты ерекше тарихи дамушы қауымдастықтың бар екенін көрсетеді. Осынау тіршілік ету тәсілінің арқасында адам тарих дамуының барлық сатысында, жер шарының барлық нүктелерінде адам баласы болып қалады, онтологиялық мәртебесін сақтайды.

Бірақ адамзат өз бетінше  өмір сүрмейді. Өмір сүретін де, әрекет ететін де нақты адамдар. Адамзаттың жеке өкілдерінің өмір сүруі «жеке  адам» деген ұғыммен көрсетіледі. Жеке адам - адамзаттың жеке дара өкілі, оның барлық әлеуметтік және психологиялық  белгілерінің: ақыл-ойының, ерік-жігерінің, қажеттіліктерінің, мүдделер және т.б. иесі. “Жеке адам” ұғымы бұл арада “нақты адам” мағынасында қолданылады.

Адамның жеке басының және тарихи дамуының түрлі деңгейлеріндегі  нақты-тарихи даму ерекшеліктерін көрсету  үшін “жеке адам” ұғымымен қатар  “тұлға” ұғымы пайдаланылады. Тұлға – жеке адам дамуының нәтижесі, оның барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым толық жүзеге асуы.

Тұлға бірқатар гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі  болып табылады. Философия тұлғаны  дүниеде қызмет ету, таным және шығармашылық субъектісі ретінде қарастырады. Психология тұлғаны психикалық процестердің, қасиеттердің және қарым-қатынастардың: темпераменттің, мінездің, қабілеттің, ерік-жігердің және т.б. орнықты тұтастығы ретінде  зерттейді. Әлеуметтану көзқарасы  тұлғаның әлеуметтік-типтік белгісін бөліп қарайды.

Әлеуметтенуден бейімделуді (жаңа шарттарға үйренудің уақыт  бойынша шектелген процесі), оқытуды (жаңа білім алу), тәрбиені (әлеуметтендірудің агенттері мен институттарының жеке адамның рухани аясы мен мінез-құлқына мақсатты түрде ықпал етуі), есеюді (адамның 10 жастан 20 жасқа дейінгі кезеңде әлеуметтік психологиялық қалыптасуы) және ержетуді (адам организмінің жеткіншектік және жастық шағындағы нығаюының физикалық-физиологиялық процесі) ажырата білу қажет.

Әлеуметтену процесі негізгі өмір тізбектері деп аталатын сатылардан өтеді. Бұл балалық, жастық, ересектік және қарттық шақ. Әлеуметтену процесін нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады. Өмір тізбектері әлеуметтік рөлдердің алмасуымен, жаңа мәртебеге ие болумен, зиянды әдеттерден, айналасындағылардан, достық байланыстардан бас тартумен, өмір салтын өзгертумен байланысты. Ескі құндылықтарды, нормаларды, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту кері әлеуметтену деп аталады.Содан кейінгі ескі құндылықтардың орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелеріне үйрену қайта әлеуметтену деп аталады.

Әлеуметтенудің мәні адамды өз қоғамының мүшесі етіп қалыптастыратындығында. Кез келген қоғам өзінің әлеуметтік, мәдени, діни, этикалық мұраттарына  барынша сай келетін адамның  белгілі бір типін қалыптастыруға тырысып келген және тырысады. Алайда бұл мұраттардың мазмұны тарихи дәстүрлерге, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуға, қоғамдық және саяси  құрылымға қарай әр түрлі болады. Дей тұрғанмен, қазіргі заманда  қоғамның толыққанды мүшесінің мұраты көп, жалпы немесе әр түрлі қауымдастықтар үшін азды-көпті үйлесетін сипаттамасы  бар екенін айтуға болады. Соған  сәйкес әлеуметтену процесі де әр түрлі қоғамдарда белгілі бір  ерекшеліктерді сақтай отырып, әмбебап  және үйлесімді сипаттамаға ие болады, бұл ғаламдық, жалпы планеталық және жалпы әлемдік тенденциялармен (кенттену мен ақпараттандырудан экологиялық және демографиялық үрдістерге дейін) байланысты.

Әлеуметтену процесінің мазмұны кез  келген қоғам өзінің мүшелері еркектің немесе әйелдің рөлін сәтті меңгергеніне (яғни жыныстық-рөлдік әлеуметтенуге), өндіріс қызметіне білікті қатыса алуына және қатысқысы келуіне (кәсіби әлеуметтену), берік отбасын құруына (отбасылық рөлдерді игергеніне), заңды  сыйлайтын азаматтар болуына (саяси  әлеуметтену) және т.с.с. мүдделі екендігінде. Мұның бәрі адамды әлеуметтену объектісі  ретінде сипаттайды. Алайда, адам әлеуметтену  объектісі болып қана қоймай, субъектісі болған кезде де қоғамның толыққанды мүшесі бола алады. Субъект ретінде  адам әлеуметтену процесінде өз белсенділігін  жүзеге асырумен, өзін-өзі дамытумен  және қоғамда өзін-өзі көрсетуімен  етене бірлікте әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгереді.

 

 

 

 

 

 

 

20.Әлеуметтік институттардың негізгі белгілері

Әлеуметтік институт. Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез  келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам  өзін құрайтын адамдарға қатысты  өзінің негізгі функцияларын - біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т.б. орындай  алмас еді.Әлеуметтанушылар “институт” ұғымын құқықтанушылардан алып, оны  бай әлеуметтік мазмұнмен толықтырған. Ол базалық әлеуметтану санаттарының бірі болып табылады, теориялық тұжырымдамаларды құру мен шынайы қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды талдауда оны айналып өту мүмкін емес. Ағылшын әлеуметтанушысы Г.Спенсер “әлеуметтік институт” терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады [38]. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үйішілік.  Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржіма-ланады. “Институция” термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. “Институт” ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді. Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді. Әлеуметтік құрылғы ретінде институт адам қызметінің әр түрлі салаларын реттейтін ресми және бейресми ережелердің, принцип-тердің, нормалардың, ұстанымдардың орнықты кешенін білдіреді. Олардың негізінде топтар мен адамдардың қарым-қатынас жасау жүйесіндегі орнын, функцияларын, мінез-құлқын анықтайтын әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер жүйесі ұйымдастырылады. Әлеуметтік институттың жеке адамнан гөрі жоғары сипаты, өзіндік аса қатаң құрылымы бар, жүйелілік сапасы болады. Құндылықтар, үлгілер және нормалар жүйе ретінде жеке адамдардың қандай да бір әлеуметтік қауымдастық шеңберіндегі міндетті мінез-құлықтарын реттеп отырады. Әлеуметтік институт деп көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізгі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Олардың сәтті қызмет атқаруы адамдар қауымдастығының өмірін сақтауға мүмкіндік береді, оларды топтар мен қоғамға біріктіреді, олардың өмірін тұрақты етеді. Дәл осы әлеуметтік институттар ұйымдардағы бірлескен корпоративтік қызметті үйлестіреді, әлеуметтік қатынастар сипатын анықтайды және оларды сақтап отырады. Әрбір институт:

Информация о работе Шпаргалки по "Социологии"