Қамидоллина Анаргүл

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 15:23, лекция

Краткое описание

Осы тұрғыдан қарағанда ХХ ғасырдағы негізгі әлеуметтанымдық тенденциялардың бірі – ол эмпириялық әлеуметтанудың дамуы болып табылады. Бұл тенденцияның мәні – нақтылы әлеуметтік фактілерді жинауға және талдауға байланысты сауалнама, әлеуметтанымдық байқаулар, тәжірибелер жасау сияқты арнаулы әдістерді арнайы зерттеулерде қолдану. Мұндай зерттеулер 20-30 жылдарда әуелі АҚШ-та, содан кейін басқа да елдерде белсенді түрде жүргізіле бастады. Экономикалық жағынан дамып, тез әлеуметтік прогреске бағыт алған қоғам көптеген нақтылы проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін эмпириалдық әлеуметтанымның жетістіктеріне көңіл аударудан бас тартала алмады.

Вложенные файлы: 1 файл

анаргуль - копия.docx

— 16.04 Кб (Скачать файл)

Аударған: Қамидоллина Анаргүл

Осы тұрғыдан қарағанда ХХ ғасырдағы  негізгі әлеуметтанымдық тенденциялардың  бірі – ол эмпириялық әлеуметтанудың дамуы болып табылады. Бұл тенденцияның мәні – нақтылы әлеуметтік фактілерді жинауға және талдауға байланысты сауалнама, әлеуметтанымдық байқаулар, тәжірибелер жасау сияқты арнаулы әдістерді арнайы зерттеулерде қолдану. Мұндай зерттеулер 20-30 жылдарда әуелі АҚШ-та, содан кейін басқа да елдерде белсенді түрде жүргізіле бастады. Экономикалық жағынан дамып, тез әлеуметтік прогреске бағыт алған қоғам көптеген нақтылы проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін эмпириалдық әлеуметтанымның жетістіктеріне көңіл аударудан бас тартала алмады. Қоғамдық өмірдің нақтылы проблемалары жөніндегі әлеуметтанушылардың еңбектері коғамның да және ғылым ретінде әлеуметтанудың да ашылғалы тұрған мүміндіктерін жаңа қырынан көрсетіп отырды. Сонымен бірге ХХ ғасырдың басында жүргізілген эмпириялдық зерттеулер көп ретте жетілмеген, бытыраңқы болды, оларды дайындау мен өткізудің жасақталған методологиясы мен әдістемесінің болмағандығы да рас. Сол кездегі қалыптасқан әлеуметтанымдық теориялық мұндай зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік бере алмады, себебі олар кең көлемдегі тарихи-эволюциялық схема сипатында ғана болған еді. Ал бұларды шағын деңгейде тексеру шын мәнінде мүмкін болмады. Дегенмен де, эмпириалдық тенденцияның дамуына кедергі жасауға болмайтын еді. Ал, мұның негізгі себебі – әлеуметтану принципті түрде басқа қызметке – өндіріс аясына шығып, сол саланы да қамтитын ғылымға айналды. Ірі өнеркәсіп әлеуметтанудың іргетасы қаланды. АҚШ оның орталығына айналды.

Басқа елдермен салыстырғанда әлеуметтану  зерттеулерінің көбірек дамыған  елі – АҚШ болды. Егер де ХІХ  ғасырда әлеуметтанымдық ойдың  орталығы Батыс Еуропа болды десек, ал ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап дүниежүзілік әлеуметтанудың орталығы АҚШ-қа ауысты. Ғылымтану ілімінің тұрғысынан қарастырсақ, кез келген ғылымның пайда болып, аяғынан нық басып кетуі ең алдымен оның ішкі және сыртқы институттандырылуына, яғни әлеуметтік институттардың барлық қасиеттеріне ие болуына байланысты.

Бұл процесте әрқайсысы дәйекті  түрде институттандыру ісін тереңдететін бірнеше сәттерде атап көрсетуге  болады:

  1. белгілі бір ғылым саласы бойынша маманданатын ғалымдардың сана-сезімінің қалыптасуы, яғни ғалымдар бұл тұрғыдағы зерттеу жұмысында өзінің ерекше объектісі мен ерекше әдістері барлығын түсінеді;
  2. арнаулы мерзімдік басылымдардың болуы;
  3. ғылыми пәндердің мәліметтерін түрлі оқу орындарының оқу жоспарларына енгізу;
  4. сөз болып отырған білім салалары бойынша арнаулы оқу орындарын ашу;
  5. осы білім пәндері бойынша жұмыс жасайтын ғылымдар бірлестігінің ұйымдық түрлерін, яғни ұлттық және халықаралық ассоциациялар құру. Мінеки, бұл аталған процесс сатыларын әлеуметтану ғылымы Еуропа елдері мен АҚШ-та ХІХ ғасырдың 40-жылдарынан бастап бастан өткерді.

АҚШ-тағы әлеуметтанудың біркелкі жақсы  дамуына бір-бірімен байланысқан  екі жағдай:

    1. жоғарыда келтірілген институттандырудың бес сатысынан АҚШ-тағы әлеуметтанудың тез өтуі;
    2. нақтылы, эмпириялық әлеуметтік зерттеулердің үлкен аумағының болу жағдайлары шешуші ықпалын тигізді.

Бұл елдегі әлеуметтану әуел бастан-ақ беделді университеттік ғылым ретінде  қалыптаса бастады. 1901 жылы әлеуметтану  оқу курсы ретінде 169 университет  пен колледждерде оқытылды, ал 80-жылдардың аяғында бұлардың саны 250-ге жетті. АҚШ-тағы әлеуметтану әуел бастан қолданбалы эмпириялдық ғылым ретінде орнықты. 1910 жылдың өзінде бұл елде 3 мыңнан аса эмпириялық зерттеулер жүргізілсе, ал қазір бұл көрсеткіш екі еседен асты.

ХХ ғасырдың басынан бастап ірі  өнеркәсіптік әлеуметтану АҚШ-та да пайда бола бастады. Бұл елдегі өнеркәсіп  әлеуметтанудың негізін қалаушылардың  бірі – американ әлеуметтанушысы  және психологы Элтон Мэйо (1880-1949). Оның тәжірибесі Чикаго маңында орналасқан қаланың атына байланысты Хоторн эксперименті деп аталады. Мэйо өзінің тәжірибелік зерттеулерін 1927-1932 жылдарда сол қала маңындағы «Вестерн Электрик Компани» кәсіпорнында жүргізді. Мэйо экспериментіне дейін сол кездердегі өндіріс саласында Фредфик Тэйлор тұжырымдамасы үстемдік етті. Ол өндірісті тыңғылықты саралап, өндіріс «жеткілікті тиімді емес» деген тұжырымға келді. Өйткені жұмысшылар енжарлық танытып, жеңіл жұмыс істегілері келеді. Жағдайды өзгерту үшін зерттеуші алғашқы болып Еңбекті Ғылыми Ұйымдастыру (ЕҒУ) және Өндірісті Парасатты Басқару (Менеджмент) жүйесін ойлап тапты.

Әлеуметтану дамуының соғыстан кейінгі  дәуірі (40-жылдардың екінші жартысы  мен 60-жылдар) өте жемісті және көпқырлы болды. Осы уақытта әлеуметтанудың маңызы зор көптеген бағыттары мен  тұжырымдамалары пайда болып, дамыды. Әлеуметтанымдық теориялардағы  тұғырлы орынды көрнекті американ теоретигі Т. Парсонстың (1902-1979) еңбектері иеленді. Оның ұсынған көптеген тұжырымдамаларының ішіндегі ең елеулілері екеу: 1) әлеуметтік әрекет теориясы; 2) құрылымдық-функционалдық сараптау тұжырымдамасы. Методологиялық жағынан бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ біріншісі негізгі болып табылады. Әлеуметтік әрекет теориясын Парсонс 30-жылдардың өзінде-ақ Вебер мен Дюркгеймнің, т.б. идеялары ықпалымен қалыптастыра бастады. 1937 жылы оның «Әлеуметтік әрекет құрылымы» деген кітабы шықты. Соғыстан кейінгі жылдары Парсонс бұл теориялық идеяларын дамытуды жалғастырды. Бұл теорияның мәні мен мазмұны мынаған саяды: кез келген әлеуметтік әрекет, біріншіден, әрекет жасайтын адамдардың болуын талам етеді, екіншіден, әрекетті тудыратын нақтылы жағдайдың, үшіншіден, әрекеттің мақсаттары мен алдын ала белгіленген өлшемдерден тұратын шарттарының болуын көздейді. Әрекеттің өзі, Парсонс пікірінше, өздігінен ұйымдастырылатын жүйе. Ал бұл жүйе реттеудің символдық механизмдерімен (тіл, құндылықтар, т.б.), өлшемдікпен (яғни әрекеттің қоғамда орныққан ережелері мен құндылықтарына тәуелділігіне), волюнтаристікпен (ортаның жағдайларына тәуелсіздігімен) сипатталады. Әлеуметтік әрекет теориясында басты орында «әрекеттер жүйесі» деген ұғым алады.


Информация о работе Қамидоллина Анаргүл