Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 15:23, лекция
Осы тұрғыдан қарағанда ХХ ғасырдағы негізгі әлеуметтанымдық тенденциялардың бірі – ол эмпириялық әлеуметтанудың дамуы болып табылады. Бұл тенденцияның мәні – нақтылы әлеуметтік фактілерді жинауға және талдауға байланысты сауалнама, әлеуметтанымдық байқаулар, тәжірибелер жасау сияқты арнаулы әдістерді арнайы зерттеулерде қолдану. Мұндай зерттеулер 20-30 жылдарда әуелі АҚШ-та, содан кейін басқа да елдерде белсенді түрде жүргізіле бастады. Экономикалық жағынан дамып, тез әлеуметтік прогреске бағыт алған қоғам көптеген нақтылы проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін эмпириалдық әлеуметтанымның жетістіктеріне көңіл аударудан бас тартала алмады.