Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 12:25, реферат
Жеке адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау жағдайында қалыптасып, іске асырылады.
Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның ішінде құқықтық түрде де реттеу арқылы әлеуметтік жүйені құрайтын элементтердің өзара әрекетін реттеу жолымен қамтамасыз етеді және сол жүйенің өздігінен басқарылу тәсілі болып табылады.
Көктем,
жаз жыл мезгілдерінде
Суицидальді
мінез-құлық көбінесе
Адам өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық та үлкен әсерін тигізеді. Бірақ кей біреулер ұрсысып өзін- өзі өлтіретін болса, енді біреулері түрмеде отырып бостандықты аңсайды. Сондықтан қоғамда өмір нашарлаған сайын суицидте көбейе түседі.
Девицияның
негативті формалары
Девиацияны
зерттеуші көптеген ғалымдар
девиантты мінез-құлықтың
Үшіншілері оларды негізгі
бес факторға бөліп қарастырады. Оларды жекеше қарастыратын
болсақ:
1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне
кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар
жатады:
Бұлардың бәрі адамның
қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген
жағымсыз қарым-қатынасын тудырады,
ал балалар болса, өзіндік сезім
мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында,
ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы
бұзылады.
2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым
болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар
жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда,
неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық
сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң,
дөрекі болады. Оларға міндетті түрде
әлеуметтік-медициналық реабилитация,
сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған
тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың
әрбір даму сатысында, олардың психикалық
қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері
қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында
әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе
керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі
мүмкін. Егер, балаға ата-ананың жылуы,
махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол
ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену
- невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен
қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық)
тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық,
психикалық аурулар және психологиялық
патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың
пайда болуына жол ашады. Егер, балада
адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса,
онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім
тұрады.
3. Әлеуметтік-педагогикалық
факторлар. Олар мектептік, отбасылық,
қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде,
баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты.
Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы
жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына
және бағаларға парықсыз қарайтындар.
Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін
көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің
(дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:
Баланың психоәлеуметтік
дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі
факторы - ата-ана. Баланың бойындағы
асоциалды мінез-құлықты
Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық,
физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық.
Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар
үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін.
Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар
қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға
бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен,
бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді.
Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі
баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне,
әлеуметтік тәжірибесіне байланысты.
Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш,
үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы
т.б.) балалардың мінез-құлқы да өзгереді:
агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне
сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте
төмен болады. Зерттеулерге қарағанда,
зорлық-зомбылықты көп көрген балалар
өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.
4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар.
Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей
және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі,
жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу,
т.б.
5. Моралді-этикалық факторлар.
Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің
деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың
бұзылуы. Девиантты мінез-құлықты
балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі
ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық
пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы
әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен
жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде,
бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге
асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі
туады:
Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.
Қазіргі уақыттағы
әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік
деңгейінің құлдырауы және
Қазақстан азаматтарының денсаулығын
нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру
туралы елбасының жолдауын, егемендіктің
кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын,
алтын сүрлеу десе болады.
"Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат
жемісі” деп тегін айтылмаған.
Қазіргі
қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық
және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе,
балалар мен жастардың денсаулығы қауіп
тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану,
есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік,
адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте
жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
сарапшыларының дерегі бойынша халық
денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни
адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына
тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне
байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің
негізгі факторларына мыналар да енеді:
қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың
кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы,
жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының
барлығының көптеген уытты заттармен
ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс
туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің
– шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық
көп таралуы.
Адам денсаулығына зиянын
Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына
жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай
көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз.
Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас,
рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр
жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз.
Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының
нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына
өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады.
Халық
денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби
тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас
денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған
үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі
екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда
ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза
су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және
салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ
болашақтың жарқын кепілі болмақ.
2. Түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ЫСБН 9965-32-491-3
3. К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ЫСБН 9965-822-10
4. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.ЫСБН 9965-32-491-3
5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі (топтама); Заңтану топтамасы. - Алматы "Мектеп" 2002 жыл"
Мазмұны:
Әлеуметтік бақылау