Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 17:48, доклад

Краткое описание

Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір-біріне объективті түрде дәнекер болатын әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастар шеңберінде ғана өмір сүреді. Бұл болса қоғамның тұтастығына, оның біртұтас әлеуметтік организм ретінде өмір сүруіне себепші болады. Мұның мәнін өздерінің теорияларында О. Конт, Г. Спенсер, К. Маркс, М. Вебер, Т. Парсонс және т.б. әлеуметтанушылар ашып берген еді. Ғылыми және әлеуметтік-саяси әдебиеттерде әлеуметтік құрылым түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада бұл – қоғамның жалпы құрылысы

Содержание

Қоғамның әлеуметтік және әлеуметтік таптық құрылымы.
Әлеуметтік стратификация және стратификациялық жүйе моделі.
Әлеуметтік мобильділік.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (4).doc

— 211.50 Кб (Скачать файл)

Әлеуметтік  стратификация және әлеуметтік мобильділік

  1. Қоғамның әлеуметтік және әлеуметтік таптық құрылымы.
  2. Әлеуметтік стратификация және стратификациялық жүйе моделі.
  3. Әлеуметтік мобильділік.

 

1. Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір-біріне объективті түрде дәнекер болатын әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастар шеңберінде ғана өмір сүреді. Бұл болса қоғамның тұтастығына, оның біртұтас әлеуметтік организм ретінде өмір сүруіне себепші болады. Мұның мәнін өздерінің теорияларында О. Конт, Г. Спенсер, К. Маркс, М. Вебер, Т. Парсонс және т.б. әлеуметтанушылар ашып берген еді. Ғылыми және әлеуметтік-саяси әдебиеттерде әлеуметтік құрылым түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада бұл – қоғамның жалпы құрылысы, оның бүкіл негізгі элементтері арасындағы байланыстар жүйесі. Сондай-ақ, бұл ұғым әр түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың түрлері және олардың арасындағы қарым-қатынастың: әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-демографиялық, әлеумет- тік-этникалық сияқты түрлерін сипаттайды. Әлеуметтануда "әлеуметтік құ- рылым” ұғымы "әлеуметтік жүйе” ұғымымен тығыз байланысты. "Әлеумет- тік құрылым” түсінігі "әлеуметтік жүйе” түсінігінің бір бөлігі болып табылады және 2 компоненттен тұрады - әлеуметтік құрам және әлеуметтік байланыстар. "Әлеуметтік құрам” – бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент – осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді. Осылайша, "әлеуметтік құрылым” ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан мәні мен сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады.

Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құры- лымның негізгі элементтері болып әлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады.

Кез келген қоғамның әлеуметтік құрылымы аса күрделі және тек  әлеумет- танушылардың көңіл аударатын  тақырыбы ғана емес, оған әлеуметтік басқа- ру ғылымының өкілдері, сонымен бірге саясаткерлер мен мемлекеттік қай- раткерлер де назар аударатын мәселе. Қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтап алмайынша, оның ішінде қандай әлеуметтік топтардың өмір сүретін- дігін және олардың мүдделерінің қандай екендігін нақты білмейінше, қоғамдық істерді басқаруда, соның ішінде экономика, әлеуметтік, саясат және рухани өмір салаларында бір қадам да алға басуға болмайтынын ұғыну-ың маңызы өте зор.

Әлеуметтік құрылым – қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс күштерінің және өндірістік қатынастардың деңгейіне байланысты қалыптасқан қауымдардың тұтастығы және олардың өзара тұрақты қатынастары. Әлеумет- тік құрылым қатарына халықтың жас шамасына, жынысына, ұлтына, кәсібіне т.б. ерекшеліктеріне байланысты шоғырланған топтары жатады. Әлеуметтік-таптық құрылым таптардан және сол таптардың құрылымына енбейтін әлеуметтік топтардың жиынтығынан тұрады. Еңбектің қоғамдық бөлінісі мен өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктік қатынас әлеуметтік құрылымның негізі болып табылады. Еңбектің қоғамдық бөлінісі негізіне әлеуметтік қауымдықтар қалыптасады. Меншіктік қатынас қалыптасқан әлеуметтік құрылымды экономикалық тұрғыдан негіздейді.Қазіргі қоғамда әлеуметтік құрылымның дамуында екі негізгі үрдісті атап кетуге болады. Біріншісі, қоғамдағы дифференциациалау процестерінің белсенді түрде жүруі мен жаңа әлеуметтік топтардың пайда болуымен ерекшеленеді. Екіншісі, әлеуметтік құрылымның дамуына тікелей ықпал тигізетін дүниедегі экономика саласын- дағы интеграциалық процестер.Мемлекет өзінің әлеуметтік саясатында бұл процестерді үнемі ескеріп отыру керек. Мұндай саясат барлық әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеуге, олардың мүдделерін үйлестіруге негізделген. Ең бастысы — әлеуметтік әділеттілік принциптерін сақтай отырып олардың тұрақты өмір сүруіне жағдай жасаумен әл ауқатын көтеру. Әрине, бұл проблемаларды шешу оңай емес.  Әлеуметтік қауымдарға таптар, страталар, кәсіби және салалық топтар, ұлыстар, ұлттар, ұлтаралық және аймақтық қоғамдастықтар, демографиалық топтар, адамдардың қалалық және ауылдық өмір сүру формалары, еңбектік, жанұйалық және т.б. құрылымдар жатады. Әлеуметтік қауымдар өте күрделі ұйымдасқан, өз кезінде бір-бірімен тығыз өзара байланыста және өзара әрекеттестікте болатын әр түрлі әлеуметтік топтар мен құрылымдардан тұрады. Даму процесінде олардың құрамы саны және сапасы жағынан өзгереді, жаңа қауымдықтар пайда болады, әлеуметтік мобильділік арта түседі. Бұл өзгерістердің бағыты көп жағдайда қоғамның дамуын белгілейді. Адамдардың санына қарай әлеуметтік қауымдар  үлкен (таптар, ұлттар, кәсіби және салалық топтар және т.б.), орташа (аймақтық қауымдар, өндірістік ұжымдар және т.б.), кіші (жанұя және т.б.) болып үш топқа бөлінеді.Қоғамның әлеуметтік құрылымы тарихи ұғым болып табылады. Әрбір жеке қоғамның белгілі бір әлеуметтік құрылымы болады. Мәселен, алғашқы қауымдық құрылыстың ру –тайпалық ұйымдасуы болды, онда ру еңбектік және жанұялық ұжым ретінде, сол секілді, әлеуметтік- этникалық қауым формасы ретінде қызмет атқарды. Құлиеленушілік қоғамда құлдар мен құлиеленушілер таптары, кәсіби топтар пайда болды, этникалық қауым формасы ретінде халықтық қалыптасты, моногамды семья дүниеге келді. Феодализм дәуірінде негізгі таптар – феодалдар мен шаруалар болды. Капитализм дүниеге буржуазия мен жұмысшы табын әкелді.

Таптар және олардың  әлеуметтік байланыстар жүесіндегі алатын орны. Қазіргі қоғамды әлеуметтік дифференциалаудың (жіктеудің) негізгі концепциалары.Таптар үлкен әлеуметтік қауымдықтар ретінде әлеуметтік құрылымның маңызды буыны болып саналады.  Қоғамдық таптар туралы ілім маркстік кезеңге дейін пайда болды. Бірақ мұндай концепциялардың көптеген кемшіліктері болды.  К. Маркстің бұл ілімге қосқан жаңалығы, ол, таптардың өмір сүруін өндірістің белгілі бір тарихи даму кезеңдерімен  байланыстырды.Адамдар арасындағыайырмашылықтар ішінде таптық дифференциация қоғам үшін негізгі болып табылады, себебі ол өндіріс саласында қоғамдық  еңбек бөлінісі мен өндіріс құрал- жабдықтарына жеке меншіктің шығуы негізінде пайда болады. Таптар қосымша өнім мен еңбек бөлісі жұмыс күшін қанауды экономикалық тұрғыдан тиімді ететін өндіріс сатысында пайда болады. Қоғамның таптық құрылымын талдаудың маңызды методологиялық мәнісі бар, себебі ол әлеуметтік үлкен топтардың нақтылы экономикалық мүдделерін айқындауға, әртүрлі әлеуметтік қозғалыстардың нақтылы мәнің түсінуге, ғылыми негіздегі саясатты айқындаудың жолын білуге мүмкіндік береді.   Марксизм философиясында таптардың біршама толық ғылыми  анықтамасын берген В.И. Ленин болды.  «Таптар деп, - деді ол, - адамдардың қоғамдық өндірістің белгілі бір тарихи жүйесінде алатын орнына қарай, олардың өндіріс құрал-жабдықтарына деген (көбінесе заң түрінде тұжырымдалған, бекітілген)қатынасына қарай, еңбектің қоғамдық ұйымдасуында атқаратын рөліне қарай, ал олай болса, қоғамдық байлықтан олардың алатын үлесіне және оны алу тәсіліне қарай айырылатын үлкен топтарын айтады ».Бұл анықтамада В. И. Ленин тап құрастырудың  төрт негізгі белгісін атап көрсетті. Бұл белгілерді жеке қарастырудан бұрын, келесі жайттарға назар аударайық. Біріншіден, В. И. Ленин таптарға үлкен әлеуметтік топтарды жатқызды. Бұл – олардың текті белгісі, өйткені, қоғамда басқа  да  жастық, этникалық, кәсіби және т.с.с. үлкен топтар бар. Екіншіден, таптарды сипаттағанда бұл белгілермен шектелмейміз, таптардың саяси және психологиялық ерекшеліктерін назардан тыс қалдырмауымыз керек. В.И.Ленин таптардың басты төрт экономикалық белгілерін көрсетумен шектелді, өйткені олар алғашқы, базистік, ал саяси, психологиялық және т.б. белгілері қондырмалық, екінші  болып табылады. Үшіншіден, таптардың барлық белгілерін олардың өзара  бірлігінде, жүйесінде қарастырамыз. Бірде-бір белгі жеке алып қарастырғанда таптарды толық сипаттай алмайды. Ал енді бұл белгілерді жеке қарастырайық: 1.Таптың қоғамдық өндірістің белгілі бір тарихи жүйесінде алатын орны. Бұл орын не қанаушы, не қаналушынікі болмақ. 2.Өндіріс құрал- жабдықтарына деген қатынасы екі түрлі болуы мүмкін. Таптық қоғам тарихында өндіріс құрал- жабдықтарына толығымен ие болған және ондай мүмкіндігі болмаған таптарды білеміз. 3.Еңбектің қоғамдық ұйымдасуында атқаратын рөлі де  әр түрлі болуы мүмкін. Тарихта бір таптар өндірістің ұйымдастырушысы және басқарушысы болып рөл атқарса (құл иеленушілер, феодалдар, буржуа), ал басқалары тек орындаушы (құлдар, крепостнойлар, пролетарийлер ) рөлінде болды. 4. Қоғамдық байлықтан олардың алатын үлесі еңбектік және еңбектік емес болады, оның мөлшері де әр қалай болады. Таптарды анықтауға белгілер жүйесін қолданамыз дедік. Сонда, Ленин келтірген төрт бегінін ішіндегі ең бастысы, шешушісі болып табылатыны не? Таптын белгілері жүйесіндегі мұндай рөлді атқаратын екіншісі - өндіріс құрал – жабдықтарына деген қатынасы. Өндіріс құрал-жабдықтарына деген қатынасы, басқаша айтқанда, меншіктік қатынасқа қарай таптардың қоғамдық өндірістегі орны мен рөлі айқындалады, сондай–ақ табысының мөлшері алу тәсілі де соған байланысты болады. Қысқасы, таптардың қоғамдық топ ретінде шығуының себебі қоғамдық өндіріс тәсілінің дамуында жатыр. Жеке меншікке негізделген әрбір жеке формацияда негізгі және негізгі емес таптар болады. Негізгі таптар – сол қоғамның өндіріс тәсілі тудырған және өздерінің өзара қатынастарымен сол өндіріс тәсілінің мәнің, оның негізгі қайшылығын айқындайтын, жүзеге асыратын таптар. Мұндайларға құл иеленушілер мен  құлдар, феодалдар мен крепостнойлар, буржуа мен жұмысшылар жатады. Әрбір таптық экономикалық формацияда негізгі емес таптар да бар. Олар бұрынғы таптардың қалдықтары немесе жаңа өндіріс тәсілінің бастамалары болып табылады. Мәселен, құл иеленушілік қоғамда ерікті азаматтар мен қолөнершілер болды. Капитализм жағдайында мұндайларға шаруаларды жатқызуға болады. Негізгі таптар арасындағы қатынастар антагонистік сипатта болады, сондықтан оларды антагонист- таптар деп атаймыз. Негізгі және негізгі таптар арасындағы қатынастар біркелкі емес болды. Мәселен, капитализм дәуіріндегі  буржуазиа мен жұмысшы тап арасындағы таптық қайшылық антагонистік болса, онда шаруалар мен жұмысшы тап арасындағы қайшылық антагонистік емес сипатта болды. Таптардың қатынастары мен олардың арасындағы қайшылықтар біртұтас жүйе болып табылады.

 

Біз қоғамынң әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары.

Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз.

Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің  тарихи үш типі белгілі. Олар: а) касталар; ә) сословиелер; б) таптар. Осы аталған  жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық және жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады. Жабық жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған:

а) брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;

ә) кшатрийлер (әскери адамдар);

б) вайшьтер (саудагерлер), бұл екі  топ халықтың 7%-ын құрайтын;

в) шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық;

г)хариджандар – қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.

Қоғамдағы қалыптасқан діни наным  мен дәстүр бойынша, жоғары каста  мен төменгі каста адамдарының  араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына  қатаң тыйым салынған. Драхмалық  діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек.

Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі адамдардың мінез-құлықтары және өмір салттарында касталық жүйенің қалдықтары сақталған.

Сословиелік жүйелер – феодалдық  қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал, төменгі сословиеге – қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.

«Тап» деген ұғым ғылыми айналымға  жаңа заманда енді. Әсіресе, XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда  таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды.

Тек кейін К. Маркс және М. Вебер  еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептері мен астарларына  терең назар аударыла басталды.

К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соыең нәтижесінде ол әлеуметтік стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның негізі таптары - құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда – буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі.

Негізгі емес таптар өткен дуәірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның таптары. Мәселен, капиталистік қоғамда феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін.

К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардан басқа  әлеуметтік жіктердің болатынын  ескертеді. Әлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық таптар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы – меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі.

К. Маркс интеллигенцияны әлеуметтік топқа жатқызады. өйткені бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері өз және олар шығу тегі жағынан да әр түрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. Сол себепті К. Маркстің ізін қуушылар интеллигенцияның өзін буржуазиялық, ұқсас буржуазиялық және пролетарлық деп жіктеуді ұсынған.

К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен  ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тәсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мәнін  түсіндірді және өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді.

К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан әрі дамытқан В.И. Ленин болды. Ол өзінің 1919-шы жылы жазған «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз – қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасына қарай және қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың әдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы; сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдардың еңбегін қанауын айтамыз».

Информация о работе Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік