Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 17:48, доклад

Краткое описание

Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір-біріне объективті түрде дәнекер болатын әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастар шеңберінде ғана өмір сүреді. Бұл болса қоғамның тұтастығына, оның біртұтас әлеуметтік организм ретінде өмір сүруіне себепші болады. Мұның мәнін өздерінің теорияларында О. Конт, Г. Спенсер, К. Маркс, М. Вебер, Т. Парсонс және т.б. әлеуметтанушылар ашып берген еді. Ғылыми және әлеуметтік-саяси әдебиеттерде әлеуметтік құрылым түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада бұл – қоғамның жалпы құрылысы

Содержание

Қоғамның әлеуметтік және әлеуметтік таптық құрылымы.
Әлеуметтік стратификация және стратификациялық жүйе моделі.
Әлеуметтік мобильділік.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (4).doc

— 211.50 Кб (Скачать файл)

Әлеуметтік мобильділік әлеуметтік құрылымның қызмет етуінің аса маңызды жағы болып табылады. Әлеуметтік мобильділік дегеніміз адамдардың бір әлеуметтік топтан басқа бір топқа өтуі. Мәселен, шаруа ауылдық жерден қалаға көшіп барып зауытқа жұмысқа орналасса, онда, ол қала тұрғынына, басқа таптын, кәсіби топтын өкіліне айналады. Әлеуметтік мобильділік әлеуметтік қауымдықтар арасында және олардың ішінде жүреді. Әлеуметтік мобильділікті зеттеудің мемлекеттік маңызы бар. Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен тиісті динамиканы сақтау мақсатында ондағы әлеуметтік қозғалыстарды, олардың себептері мен негізгі бағыттарын толық түсінуіміз керек.

Таптар және олардың әлеуметтік байланыстар жүесіндегі алатын орны. Қазіргі қоғамды әлеуметтік дифференциалаудың (жіктеудің) негізгі концепциалары.Таптар үлкен әлеуметтік қауымдықтар ретінде әлеуметтік құрылымның маңызды буыны болып саналады.  Қоғамдық таптар туралы ілім маркстік кезеңге дейін пайда болды. Бірақ мұндай концепциялардың көптеген кемшіліктері болды.  К. Маркстің бұл ілімге қосқан жаналығы, ол, таптардың өмір сүруін өндірістің белгілі бір тарихи даму кезеңдерімен  байланыстырды.Адамдар арасындағы айырмашылықтар ішінде таптық дифференциация қоғам үшін негізгі болып табылады, себебі ол өндіріс саласында қоғамдық  еңбек бөлінісі мен өндіріс құрал- жабдықтарына жеке меншіктің шығуы негізінде пайда болады. Таптар қосымша өнім мен еңбек бөлісі жұмыс күшін қанауды экономикалық тұрғыдан тиімді ететін өндіріс сатысында пайда болады. Қоғамның таптық құрылымын талдаудың маңызды методологиялық мәнісі бар, себебі ол әлеуметтік үлкен топтардың нақтылы экономикалық мүдделерін айқындауға, әртүрлі әлеуметтік қозғалыстардың нақтылы мәнің түсінуге, ғылыми негіздегі саясатты айқындаудың жолын білуге мүмкіндік береді.   Марксизм философиясында таптардың біршама толық ғылыми  анықтамасын берген В.И. Ленин болды.  «Таптар деп, - деді ол, - адамдардың қоғамдық өндірістің белгілі бір тарихи жүйесінде алатын орнына қарай, олардың өндіріс құрал-жабдықтарына деген (көбінесе заң түрінде тұжырымдалған, бекітілген)қатынасына қарай, еңбектің қоғамдық ұйымдасуында атқаратын рөліне қарай, ал олай болса, қоғамдық байлықтан олардың алатын үлесіне және оны алу тәсіліне қарай айырылатын үлкен топтарын айтады ».Бұл анықтамада В. И. Ленин тап құрастырудың  төрт негізгі белгісін атап көрсетті. Бұл белгілерді жеке қарастырудан бұрын, келесі жайттарға назар аударайық. Біріншіден, В. И. Ленин таптарға үлкен әлеуметтік топтарды жатқызды. Бұл – олардың текті белгісі, өйткені, қоғамда басқа  да  жастық, этникалық, кәсіби және т. с. с. үлкен топтар бар. Екіншіден, таптарды сипаттағанда бұл белгілермен шектелмейміз, таптардың саяси және психологиялық ерекшеліктерін назардан тыс қалдырмауымыз керек. В. И. Ленин таптардың басты төрт экономикалық белгілерін көрсетумен шектелді, өйткені олар алғашқы, базистік, ал саяси, психологиялық және т.б. белгілері қондырмалық, екінші  болып табылады. Үшіншіден, таптардың барлық белгілерін олардың өзара  бірлігінде, жүйесінде қарастырамыз. Бірде- бір белгі жеке алып қарастырғанда таптарды толық сипаттай алмайды. Ал енді бұл белгілерді жеке қарастырайық. 1. Таптың қоғамдық өндірістің белгілі бір тарихи жүйесінде алатын орны. Бұл орын не қанаушы, не қаналушынікі болмақ. 2. Өндіріс құрал- жабдықтарына деген қатынасы екі түрлі болуы мүмкін. Таптық қоғам тарихында өндіріс құрал- жабдықтарына толығымен ие болған және ондай мүмкіндігі болмаған таптарды білеміз. 3. Еңбектің қоғамдық ұйымдасуында атқаратын рөлі де  әр түрлі болуы мүмкін. Тарихта бір таптар өндірістің ұйымдастырушысы және басқарушысы болып рөл атқарса (құл иеленушілер, феодалдар, буржуа), ал басқалары тек орындаушы (құлдар, крепостнойлар, пролетарийлер ) рөлінде болды. 4. Қоғамдық байлықтан олардың алатын үлесі еңбектік және еңбектік емес болады, оның мөлшері де әр қалай болады. Таптарды анықтауға белгілер жүйесін қолданамыз дедік. Сонда, Ленин келтірген төрт бегінін ішіндегі ең бастысы, шешушісі болып табылатыны не? Таптын белгілері жүйесіндегі мұндай рөлді атқаратын екіншісі - өндіріс құрал – жабдықтарына деген қатынасы. Өндіріс құрал – жабдықтарына деген қатынасы, басқаша айтқанда, меншіктік қатынасқа қарай таптардың қоғамдық өндірістегі орны мен рөлі айқындалады, сондай–ақ табысының мөлшері алу тәсілі де соған байланысты болады. Қысқасы, таптардың қоғамдық топ ретінде шығуының себебі қоғамдық өндіріс тәсілінің дамуында жатыр. Жеке меншікке негізделген әрбір жеке формацияда негізгі және негізгі емес таптар болады. Негізгі таптар – сол қоғамның өндіріс тәсілі тудырған және өздерінің өзара қатынастарымен сол өндіріс тәсілінің мәнің, оның негізгі қайшылығын айқындайтын, жүзеге асыратын таптар. Мұндайларға құл иеленушілер мен  құлдар, феодалдар мен крепостнойлар, буржуа мен жұмысшылар жатады. Әрбір таптық экономикалық формацияда негізгі емес таптар да бар. Олар бұрынғы таптардың қалдықтары немесе жаңа өндіріс тәсілінің бастамалары болып табылады. Мәселен, құл иеленушілік қоғамда ерікті азаматтар мен қолөнершілер болды. Капитализм жағдайында мұндайларға шаруаларды жатқызуға болады. Негізгі таптар арасындағы қатынастар антагонистік сипатта болады, сондықтан оларды антагонист- таптар деп атаймыз. Негізгі және негізгі таптар арасындағы қатынастар біркелкі емес болды. Мәселен, капитализм дәуіріндегі  буржуазиа мен жұмысшы тап арасындағы таптық қайшылық антагонистік болса, онда шаруалар мен жұмысшы тап арасындағы қайшылық антагонистік емес сипатта болды. Таптардың қатынастары мен олардың арасындағы қайшылықтар біртұтас жүйе болып табылады. Бұл жүйеде келесі қатынастарды ажыратуға болады:

1.Өндіріс құрал- жабдықтарына меншіктік жөніңдегі қатынастар және тікелей өндіріс, тарату, айырбастау және тұтыну жүйесіндегі туындайтын таптар арасындағы қатынастар (экономикалық қатынастар);

2. Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару жөніңдегі таптар арасындағы қатынастар (саяси қатынастар);

3.Құқықтық тәртіп жөніңдегі  таптар арасындағы қатынастар (құқықтық қатынастар);

4.Өнегелік (адамгершілік) нормаларды жүзеге асыруға байланысты таптар арасындағы қатынас (өнегелік қатынастар);

5. Идеологиалық, көркемдік және басқа рухани құндылықтарды жасау мен тұтынуға байланысты таптар арасындағы қатынас (тар мағынасындағы  рухани қатынастар).Қоғамның әлеуметтік құрылымына талдау жасағанда теқ қана тап аралық емес, сондай-ақ таптың ішіндегі айырмашылықтарды ескеру керек. Таптардың ішінде әр түрлі қабаттарды, құрамдас бөлімдерді, отрядтарды айыру олардың қоғамдық болмысы мен мүдделерін анық түсінуге және олардың әлеуметтік және саяси жағдайын жорамалдауға мүмкіндік береді. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, шынайы әлеуметтік дүниеде  мұндай қайшылықтар өте маңызды болып табылады (қаржы капиталы мен өнеркәсіпшілер арасында, кіші бизнес пен корпорациялар  және т. б. арасындағы қайшылықтар).

 

Әлеуметтік мобильдік және оның түрлері.

Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған байланысты әлеуметтік мобильдік деген құбылыстың түсінігі пайда болды. Оны ғылыми жағынан негіздеп, «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы П. Сорокин терең зерттеді.

«Әлеуметтік мобильдік» деп, қоғамдағы жекелеген индивидрет мен адамдар тобының бір әлеуметті жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз.

Әлеуметтік мобильдіктің екі типі болады, олар:

вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және;

горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер.

Веритикальды мобильдік – индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кеу бағытында болады.

Жоғары өрлеу бағытындағы мобильдікке адамның қызметінің жоғарлауы (кәсіби вертикалдық мобильдік), әл-ауқатының, тұрмыс-жағдайының жақсаруы (экономикалық вертикалды мобильдік) жатады.

Адамның вертикальды төмен бағыттағы құлдырауы да өмірде жиі кездесетін мобильдіктің түрі. Әсіресе, қазіргі біздің елдің жағдайында мобильдіктің бұл түрі қоғамда жиі орын алып отырған құбылыс.

Э. Гидденс мобильдіктің бұл типіне жан-жақты талдау жасаған. Британ қоғамындағы төмен құлдырау мобильдігінің себептерін адамның психологиялық күйзеліске ұшырауынан (мысалы, жақын адамынан айырылу, сәтсіздіктерге ұшырау, т.б.) және соған байланысты индивидтің өзінің бұрыңғы статустық дәрежесінен айырылуынан деп түсіндіреді. Мобильдіктің бұл түріне индивидтің жұмысынан айырылуы да жатады.

Жоғары бағытта өрлеу мен төмен түсудің арасында белгілі бір ассиметрикалық (яғни, бөліктердің бір-біріне сай келмеуі) байланыстар болады: әрбір адам қызметте (лауазымда) көтеріліп, жоғарылауға тырысады, керісінше ешқандай адм қызметінің төмендеуін қаламайды. Басқаша айтқанда, жоғарлау – ерікті құбылыс, ал, төмен түсу – еріксіз құбылыс болып саналады.

Горизантальды мобильдікте – индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік қызметке тағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Сол сияқты көлденең бағыттағы мобилдіктің мысалына индивидтің бір азаматтықтан екінші бір азаматыққа ауысуы; ерлі-зайыпты адамдар айырылқан жағдайда ерінің немесе әйелінің екінші бір отбасымен қосылуы; бір діннен екінші бір дінге өту, т.б. жатады. Бұл аталған жағдайлардың бәрнде де индивидтің статустық деңгейінде ешбір өзгеріс болмайды.

Көлденең мобильдікке географиялық мобильдік те жатады. Бұл индивидтің әлеуметтік жағдайында ешқандай өзгеріс әкелмейді, ол тек қана бұрыңғы жағдайды сақтай отырып, бір жерден екінші жерге қоныс аударуды білдіреді. Мысалы, оған ауыл-селодан қалаға және керісінше қоныс аудуруды жатқызуға болады.

Мобилдіктің ұрпақтар арасында және ұрпақ ішіндегі мобильдіктер деген де түрлері бар.

Ұрпақтар арасындағы мобильдікте  балалар өздерінің әке-шешелерінің  әлеуметтік жағдайымен салыстырғанда  не жоғары сатыда немесе төменгі сатыда болулары мүмкін.

Мысалы, шахтердің баласы инженер болуы ықтимал.

Ұрпақтар ішіндегі мобильдікте  индивид өз өмірінде вертикальды  өрлеу немесе төмен түсуге байланысты бірнеше әлеуметтік жағдайда болуы  мүмкін. Жоғары өрлеу-әлеуметтік мансапқа жету болып есептеледі. Мысалы, индивид  өз өмірінде токарь, инжинер, одан кейін цех бастығы, сонан соң заводтың директоры немесе машина жасау саласында министр болуы мүмкін.

Әлеуметтік мобильдіктің бірінші  түрі, яғни ұрпақтар арасындағы мобильдік  ұзақ мерзімдік процеске, ал, екінші түрі, яғни ұрпақтардың іштей мобильдігі – қысқа мерзімді процеске жатады. әлеуметтік мобильдіктің бірінші түрінде әлеуметтанушылардың зерттеуіне таптар арасындағы мобильдік, ал, екіншісінде – дене еңбегінен ой еңбегіне ауысу себептері жатады.

Сонымен, индивидтің немесе әлеуметтік топтың кез-келген қоғамда бір әлеуметтік жағдайға ауысуыболып отырады. Бұл ауысулар кешенді түрде, бірнеше өлшемдер тұрғысынан, яғни экономикалық, саяси, білім, мәдени, т.б. өлшемдер тұрғысынан болатын сапалық өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Кейде әлеуметтік жағдайдың өзгеруі бір ғана өлшемнен шектелуі мүмкін.

Индивид бір статустық топтан екінші бір топқа өтеді. Айталық, жоғары білім алған адамның айлығы жоғары төленетін қызметке тұруы, оның өмір деңгейі мен өмір салтының өзгеруіне  ықпал етеді. Оның сонымен қатар мінез-құлқы, қоршаған ортасы да өзгереді. Сол сияқты ол жоғары топтың адамыме некеге тұруға тырысады.

әлеуметтік мобильдікті басқа  да критерийлерге байланысты жіктеуге болады. Мәселен, оның топтық және жеке мобильдік деген де түрлері бар.

Жек мобильдік туралы біз жоғарыда түсндіріп кеттік. Бұл жеке индивидтің әлеуметтік саты бойымен жоғары өрлеуі немесе керісінше төмен қарай  құлдырауы.

Топтық мобильдік тұтас таптың, топтың, сословиенің әлеуметтік статусының жоғарылауымен немесе төмендеуімен түсіндіріледі. П.А. Сорокиннің пікірі бойынше, топтық мобильдіктің факторларына әлеуметтік революциялар; шетел интервенциясы мен шапқыншылықтар; мемлекетаралық соғыстар; азамат соғыстары;әскери төңкерістер мен саяси режимдандің ауысуы; шаруалар көтерілісі; ақсүйектік тектердің арасындағы күрестер; империяны құру жатады.

Топтық мобильдік әлеуметтік революциялар нәтижесінде жоғары қарқынмен жүреді. Мәселен, Ресейдегі Қазан төңкерісі  большевиктер партиясының бұрын  болмаған беделін көтеріп, қоғамға  мойындатты. Сонымен қатар еңбекші таптан шыққан адамдардың білім алуға, ғылыммен айналысуға, билікке қол жеткізулеріне кең мүмкіндіктер ашылды. Сөйтіп халытық интеллигенция қалыптаса бастады. Мұнымен қатар жаңа өкімет буржуазиялық интеллигенцияға қарсы шабуылын бастады, оларды қуғындап, тіпті жоюға дейін барды. Осы процестердің нәтижесінде Ресейде әлеуметтік мобильдіктің деңгейі жоғарылай түсті.

Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік мобильдіктің негізгі типтермен  бірге оның ұйымдасқан мобильдік  түрі де болады. Мұнда топтардың жоғары, төмен, көлденең бағыттағы мобильдігі мемлекеттің тікелей араласуымен жүзеге асырылады. Мұндай жағдайлар адамдардың келісімі бойынша және олардың келісімінсіз де болуы мімкін.

Мысалы, ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еркін түріне КСРО-да қоғамдық пікірдің үндеуімен тың жерлерге жастардың келуі; ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еріксіз түріне орта шаруаларды тәркілеу; сол сияқты ұлы Отан соғысы жылдарында ингуш, шешендер, татарларды, т.б. туып өскен жерлерінен басқа жаққа күштеп қоныс аударту жатады.

Топтық мобильдік халық шаруашылығының құрылымдық өзгеруіне байланысты қайта  құрулардың нәтижесінде де болады. Ал, бұл жеке адамның еркіне байланысты емес. Мвсалы, халық шарушылығының  кейбір салаларының қысқаруы, кейбір мамандықтың жойылуы халықтың үлкен топтарын ауыстыруға, басқаша орналастыруға мәжбүр етеді. Мысалы, 50-70-жылдары бұрыңғы Кеңес Одағында көптеген ауыл-село қысқартылып, оларды іріктендіру процесі болды.

Сол сияқты экономикалық дағдарыстар  қоғамдағы халықтың басым көпшілігінің әл-ауқатының төмедеуіне, жұмыссыздар санының ратуына әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда топтық әлеуметтік мобильдіктің вертикалды төмен құлдырау бағытында болуы жиі байқалады.

Сонымен, топтың мобильдігі қоғамда  орын алатын революциялық, дағдарыстық, қайта құру кезеңдеріне тән сипатты белгі. Ал, дамуы бір қалыпты, тұрақты қоғамдарда жеке мобильдіктің үлес салмағы жоғары, ол қоғамдарда топтық мобильдіктер өте сирек кездеседі.

Әлеуметтік мобильдік құбылысының  екі өлшемі бар. Олар – мобильдіктің жылдамдығы және көлемі.

Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы белгілі бір уақыт аралығындағы тік бағыттағы әлеуметтік дистанцияның (сатылар саны) немесе жеке индивидтің осы бағытта жоғары өрлеуі немесе төмендеуіндегі экономикалық, саяси, кәсіби страталардың санымен өлшенеді.

Мәселен, біреулер қысқа мерзімде жоғары статусқа ие болса, екінші біреулердің  ондай дәрежеге көтерілуі үшін бірнеше  сатылардан өтуі және бұл процестің  ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

Мысалы, кеңестер Одағында қарапайым адамның жоғары саяси  элита қатарына өтуі үшін ұзақ уақыт және көптеген әлеуметтік сатылардан өтуі керек болған. Яғни, қарапайым қызметкер комсомол ұйымында, бастауыш партия ұйымдарында, аудан, қала, облыс көлемінде басшылық қызметтеде жоғары беделге ие болған соң ғана жоғары саяси элитаға мүмкіндік алған.

Ал, мобильдіктің көлемі немесе қарқыны белгілі бір уақыт  аралығындағы өздерінің әлеуметтік статустарын өзгерткен индивидтердің  санымен өлшенеді. Бұл сан абсолюттік болады да, оның қоғам халқының жалпы  санына қатынасы салыстырмалы көлемді пайызрақылы көрсетіледі.

Алдыңғы қатарлы дамыған  елдерде халықтың үштен екі бөлігі мобильді болып келеді және ол қоғамдарда жеке вертикалды өрлеу бағытындағы  мобильдіктің көлемі жоғары.

Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны неге байланысты? деген сұрауға ғалымдар: біріншіден, ол жеке тұлғаның сапалы қасиеттеріне байланысты деп жауап береді. Шын мәнісінде, өзінің кәсіби деңгейін, әлеуметтік экономикалық жағдайын өзгертіп, жоғары статусқа ие болуы үшін әрбір индивидтің қажымай –талмай еңбек етуі, әрдайым жоғары ұмтылуы қажет. Екіншіден, жеке адамның тік өрлеу бағытында бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға ауысуына қоғамның жалпы даму дәрежесі, ондағы мүмкіндіктер ықпал етеді. Қуатты экономикасы мен демократиялық саяси жүйесі бар елдерде кең мүмкіндіктер бар. Ол елдерде мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны да жоғары.

Американ әлеуметтанушылары  П. Балу мен О. Дункан дамыған елдердегі  әлеуметтік қарқынын зерттеу нәтижесінде  АҚШ-да тік жоғары бағыттағы мобильдік  басым деген қорытындыға келген. Батыс ғалымдары постиндустриалдық қоғамдарда «төменгі» және «жоғары таптардың» үлес салмағына қарағанда «орта таптың» үлес салмағының өсіп отырғындығын айтады. Мәселен, С. Липсет АҚШ-тың әлеуметтік таптың құрылымын бүйірі шығыңқы ромб бейнесінде көрсетуге болады дейді.

Информация о работе Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік