Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 04:54, реферат

Краткое описание

Мен сіздерге, Қазақстан халқына, қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жолдап отырмын. Мен Сіздерге осынау болашаққа қол жеткізіп, өз мұратымызды іске асыруға жәрдемдесе алады-ау деген сенім ұялататын стратегияны ұсынғым келеді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Ішкі саяси тұрақтылық пен Қоғамның топтасуы
Азиялық жолбарыстар
Қазақ халқы барықа тән
Жас ұрпақты білімге тарту
2030 – жаңа Қазақстан
Шүкіршілік
Жақсы қарым-қатынас
Мемлекеттің қорғанысы
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

Социология.docx

— 49.61 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министірлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

 

 

Кафедра: Социология

 

 

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

 

 

Социология пәні

Тақырыбы: Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы

 

 

Жетекшісі:

Төлеуова М.Ө.

Студент: АиУ 13-1

Куржикенов Жасулан

 

 

 

 

 

Қарағанды 2013

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

           Ішкі саяси тұрақтылық пен Қоғамның топтасуы

           Азиялық жолбарыстар

           Қазақ халқы барықа тән

           Жас ұрпақты білімге тарту

           2030 – жаңа Қазақстан

           Шүкіршілік

           Жақсы қарым-қатынас

           Мемлекеттің қорғанысы

  1. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Мен сіздерге, Қазақстан халқына, қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жолдап отырмын. Мен Сіздерге осынау болашаққа қол жеткізіп, өз мұратымызды іске асыруға жәрдемдесе алады-ау деген сенім ұялататын стратегияны ұсынғым келеді.

Мен сіздермен келер ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, алыс перспективаға  ендеп бойлайтын болашақ жайлы  өзімнің ой-толғаныстарыммен бөліскім келеді. Біз өзіміздің болашағымызды  және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті.

  

   Бұл бізге не үшін қажет? Менің ойымша, біздің әрқайсымызда ендігі жерде тек бүгінгі күнмен ғана, ағымдағы міндеттерді толассыз шешумен ғана өмір сүруге болмайтындығын терең түсіну сезімі пісіп-жетілді.

 

   Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екендігін анық білуге және ұғынуға тиіспіз.

  

   Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң-бұрылысты сенделістерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандырамыз.

 

    Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз.

  

   Бүгінгі таңда басымыздан кешіп отырған қиын жағдайлар бізді күш-қуатымыз бен үміттен айырмауға тиіс. Перспективаларымызды айқын үғыну, жолымызда тұрған қиындықтар мен қауіп-қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамымыздың барша азаматтарын осынау ортақ міндетті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі.

 

   Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.

  

   Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді?

  

   Олар әл-ауқатты өмір сүре ме, тоғайған, дендері сау әрі білімді-білікті бола ма?

  

   Олар жақсы әрі азат қоғамда өмір сүре ме?

  

   Олар бейбіт-татулықта өмір сүре ме?

  

   Олар өз қауіпсіздігі мен балаларының қауіпсіздігі үшін алаңсыз бола алар ма, көшелермен емін-еркін жүріп, өз дүние-мүлкі үшін қауіптенбес болар ма?

  

   Біз оларға қуатты мемлекет пен өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыра аламыз ба?

 

                        

                                            3-бет

   Тату көршілік бірінші кезектегі міндет, алайда елді ішкі алауыздық жайласа, ол шешілмейді. Егер әр түрлі топтар оларды қандай мүдделердің — саяси, идеология, діни, этникалық немесе таптық мүдделердің біріктіретініне қарамастан, қарама-қарсылық күйде болса, бұл халықты ортақ игілікке қол жеткізу мен өзінің ұлттық мүдделерін іске асыру мақсатынан жаңылыстыратын қауіпті жағдайға әкеп соғады. Бұл жерде әңгіме тікелей қарсыластық немесе соғыс жағдайы туралы да болып отырған жоқ. Солтүстік Ирландия, бүрынғы Югославия, Перу, Ауғанстан, Камбоджа мен Руанда және басқа да елдер ешбір өркениеттің, ешбір мәдениеттің алауыздықтың ауыр салдарынан сақтандырылмағанын дәлелдеп отыр.

 

   Бірлікке апаратын жолдағы бұрынғы кедергілерді жойып, әдетке, құштарлыққа, ерекше мүдделерге, дінге, жас қарайластығына немесе басқа факторлардың қайсысына негізделгеніне қарамастан, жаңа кедергілерді болдырмау — біздің міндетіміз. Диалогтың ықтимал барлық нысандарын көтермелеу, сондай-ақ адамдар арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынасты күшейту арқылы біз біртіндеп ұлттық ынтымағымызды нығайтып, ұлттық әлеуетімізді ұлғайтамыз.

 

   Қоғамның негізі болып табылатын бұл басымдықты жүзеге асырудағы біздің стратегиямыздың мынадай құрамдас бөліктері бар:

— еліміздің барлық азаматтары үшін мүмкіндіктердің теңдігіне  негізделген біріңғай азаматтығымызды  дамытатынымызға кепілдік беру;

— этникалық түсініспеушілік  себептерінің жойылуын, барлық этникалық  топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету;

— қоғамымыздағы дәулеттілер  мен жарлылардың арасындағы айырмашылықты  азайту және ауыл проблемасына үнемі  ерекше көңіл бөлу;

— өтпелі және кейінгі кезеңдерде пайда болатын әлеуметтік проблемаларды  ұдайы шешіп отыру;

— ұзақ мерзімді болашақта  саяси тұрақтылықты да, қоғамның топтасуын  да қамтамасыз ететін бай Қазақстанды  барынша жігерлі түрде қалыптастыру;

— адамдар арасындағы қарым-қатынас  пен коммуникациялық байланыстардын, барлық нысандарын дамыту;

— әр түрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынастарды нығайту. Бүгін „Біздер — қазақстандықтар  кімдерміз?" деген сырттай қарағанда  қарапайым сауалға кез келген адам бірден жауап бере алмайды. Өзін-өзі  бірегейлендіру проблемасын шешу үшін уақыт пен белгілі бір тарихи даму кезеңі қажет болады.

 

   Коммунистік режим 70 жылдан астам уақытта бірыңғай кеңес халқын ақыры қалыптастыра алмады. Отарлықтан шыққан көп ұлтты елдердің көпшілігі ондаған жылдар өткеннен кейін де бұл процесті аяқтай алмады. Бізде де бұл сезім қалыптасып, орныққанға дейін бірнеше ондаған жылдар өтеді.

 

   Бірақ қазірдің өзінде бізді біріктіретін бірқатар факторлар бар. Бұл — өз шекарамыздың шегіндегі жеріміз, оны көркейткен ата-аналарымыз, сәтсіздіктердін, ауыртпалығын бірге көтеріп, жетістіктеріміздің қуанышын бірге бөліскен ортақ тарихымыз. Бұл — келешекте осы жерде бірге тұрып, бірге жұмыс істейтін біздің балаларымыз. Сондықтан біздің әрқайсымызды өз ата-анамыздың алдындағы борышымызды ұғыну мен балаларымыздың өмірін одан әрі жақсарта түсуге деген ұмтылысымыз біріктіреді. Бүгінгі таңда осы айқын мақсаттар бірлік пен топтасу үшін нақты тұғыр болып табылады.

 

   Тәуелсіздік пен реформалардың алғашқы жылдарында біз коммунистік-ұжымдық негіздерден жекеше-дарашылдыққа қарай ыға бастадық. Жекеменшік дарашылдықтың жедел дамуы құндылықтар бағдарын ауыстыруға ғана көмектесіп қоймай, этникааралық

                                                                    4-бет

қарама-қайшылықтардың терең  тамырларын қиып, олардың әлеуетін кемітуге де ықпал етті.

 

   Алайда шовинизм мен ұлтшылдық әлі толық ұмытыла қойған жоқ. Мүндай процестерді қыздыра тусу әрекеттері халықтың көпшілігін қызықтырмайды, керісінше олардың наразылығын тудырады. Русофобия күрт кеміп, қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеу үдерісі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды. Қоғам этникалық проблемаларды бұрынғы жылдарға қарағанда анағұрлым байыппен, сындарлы және ашық талқылайтын болды.

 

   Біздің нарыққа қарай басқан космополиттік және интернационалдық қадамымыз этникааралық қарама-қайшылықтарды әлсіретіп, зор қызмет атқарып отыр. Еркін нарық та мемлекеттің бара-бар рөлінсіз кіршіксіз емес, ол маятник сияқты құндылықтардың бір жүйесінен екінші жүйесіне ауысу жылдамдығын алғаннан кейін бізге қажет тепе-тендік нүктесінен ендігі аттап кеткен тәрізді.

 

   Бүгін қарсы тұрудың жаңа полюстері — кедейлер мен байлар арасындағы, басқарылатындар мен басқарушылар арасындағы, село мен қала арасындағы қарсылық полюстері ашылды.

 

   Бұл алшақтық жалпы қабылданған шектен тыс деген түсінік қоғамда пісіп-жетілді. Егер Қазақстан бай адамдардың шағын тобы бар мемлекет болса, өмірге төзімділіктің төмендеуі мен ішкі-сыртқы тұрақсыздық салдарынан, жақсы дегенде, әуре-сарсаңға түседі. Біз кедейлер мемлекеті болып көрдік. Мемлекет ең алдымен орта таптың — фермерлердің, „ақ жаға-көк жағалылардың", интеллигенцияның, ұсақ буржуазияның мүддесін білдіруге тиіс. Кезінде большевиктердің осы топтардың барлығына шүйліккені тегін емес. Олар капитализмнен коммунизмге өту үшін басты соққыны қайда бағыттау керек екенін білді. Олар капиталистік мемлекеттің тірегіне соққы берді. Бізді кулактарға, „шірік интеллигенцияға", жұмысшы ақсүйектеріне, ұсақ саудагерлерге қарсы қалай тәрбиелегенін еске түсірейік. Көпшілігімізде жек көрушіліктің орнығып қалуы осыдан емес пе екен?

 

   Ішкі саяси тұрақтылық пен даму үш тапқа да: байларға, орташаларға және кедейлерге сүйенеді. Олардың барлығы да қазірше қоғамда болады, бірақ, әрине, қалыпты өркениетті арақатынаста болуға тиіс.

 

   Қала мен село арасындағы қарым-қатынаста жіктелу айқын көрінді. Мүнда жіктелудің терең процесі жүріп жатыр және бұл ретте алшақтық үнемі ұлғая тусуде. Село таяудағы он жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беру және әлеуметтік проблемаларды шешуге ерекше көңіл бөлу, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болуға тиіс.

 

   Біз селодағы жұмыс күшінің көптеп босауына, село тұрғындарының қалаға көшудің ұлғайып, урбанизация процестерінің дамуына әзір болуға тиіспіз. Село бүгін: жалақы, зейнетақы төлемеу, артта қалушылық, кедейлік пен жұмыссыздық, әлсіз инфрақұрылым, білім беру мен денсаулық сақтау, экологиялық апат сынды барлық негізгі әлеуметтік проблемалардын, өзегіне айналды. Әйтсе де мұнда демографиялық әлеует өте жоғары.

 

   Орталықтан қиындықпен „жиналған" қажетті ресурстар қалаларда қалып қойып, селоға жетпейді. Мұндай „жайылыңқы" саясатты доғару керек. Қысқа мерзімде селодағы барлық өзгерістерді аяғына жеткізу керек, олар қуатты және нысаналы әлеуметтік саясатпен қатар жүргізілуге тиіс.

                   

 

                                                                 5-бет

   Мұндағы біздің мақсаттарымыз айқын — біз шаруалар мен село тұрғындарына өз өмірін көбірек қадағалауға мүмкіндік беруге, сондай-ақ осындай бақылауды жүзеге асыруы үшін оларды құралдармен қамтамасыз етуге тиіспіз.

 

   Бұл проблемаларды стратегиялық тұрғыдан, негізінен экономикалық ілгерілеу арқылы шешуге болады. Мейлінше бай Қазақстан әр адамға барынша көп мүмкіндік береді.

 

   Әлемге әйгілі ұлы басшы айтқандай „судың көбеюі таяздан барлық кемені көтереді".

 

   Біздің стратегиямыз ұлғайып келе жатқан ұлттық байлықтың бір бөлігін әр адамның алуына мүмкіндік беретіндей болуға тиіс.

 

   Ал қазіргі өтпелі кезенде адамдардың көпшілігіне оңай болмайды, Үкіметтің де барлық адамға бірдей көмектесетіндей қаражаты жоқ. Бұл салада біздің стратегиямыз мемлекеттік көмекті халықтың ең мұқтаж топтарына, тек соларға ғана тікелей жіберу болып табылады.

 

   Бірак, бүгін біз өз қиындықтарын өзі жеңе алатын адамдардың санын көбейтуге мұқтаж болып отырмыз.

 

   Балаларымыздың болашағы мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың қандай болатыны туралы сөз қозғағанда біз өзіміз құратын өркениеттің — біздің болашақ қоғамымыздың моделін алдын ала білуге тиіспіз. Бүгін тоталитарлық және либералды қоғам арасындағы дау жойылған кезде либералдық қоғам моделдерінің өзі әр түрлі болатыны және әр елдің өзіндік ерекшеліктері болатындығы анықталып отыр.

 

   Негізгі айырмашылық моделдердің екі үлгісінің: ағылшын-саксон және „азиялық жолбарыстар" көрсеткен азиялық үлгілерінің арасында болып отыр. Бірқатар бағыттарда ортақ сипаты бола тұра, олардың арасында үлкен айырмашылықтар байқалады. Бірінші модельге көбіне даралық, екіншісіне — коммунитаризм тән. Бірінші жағдайда мемлекеттің шектеулі рөлі уағыздалса, екіншісінде мемлекеттің жоспарлаумен белсенді түрде айналысып, жекеше сектор мен бүкіл қоғамға жетекшілік етуге тиіс күшейтілген рөлі уағыздалады. Бірінші модельде көңіл макроэкономикаға, екіншісінде — микроэкономикаға бөлінеді және т. с. с.

 

   Бұдан бұрын айтып өткенімдей, бұрынғы жылдары алдымызға жедел өзгерістерді мақсат етіп қойып, белсенді түрде ағылшын-саксон нұсқасы бойынша жүрдік, бірақ бүгін біз бұдан әрі қай жолмен жүру керек деген стратегиялық сауалға жауап табуға тиіспіз. Қоғамда бұған қатысты консенсус жоқ. Қазақстан Еуропаның кішкентай болса да бір бөлігі, тарихи тұрғыдан да біз Батыс өркениетіне ұмтыламыз дейді біреулер. Біз көбінше азиялық елміз, сондықтан „жолбарыстардың": Жапонияның, Кореяның тәжірибесін ұстануға тиіспіз дейді екінші біреулер. Біз Ресейлік менталитет пен ұжымшылдық принциптерін терең сіңірдік, сондықтан біздің таңдауымыз Ресейдің тандауына сай болуға тиіс дейді үшіншілер. Төртінші біреулер біздегі халықтың басым көпшілігі мұсылмандар, сондықтан біз жаңа түркі моделін негізге алуға тиіспіз деп дауласады.

Информация о работе Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы