Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 04:54, реферат

Краткое описание

Мен сіздерге, Қазақстан халқына, қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жолдап отырмын. Мен Сіздерге осынау болашаққа қол жеткізіп, өз мұратымызды іске асыруға жәрдемдесе алады-ау деген сенім ұялататын стратегияны ұсынғым келеді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Ішкі саяси тұрақтылық пен Қоғамның топтасуы
Азиялық жолбарыстар
Қазақ халқы барықа тән
Жас ұрпақты білімге тарту
2030 – жаңа Қазақстан
Шүкіршілік
Жақсы қарым-қатынас
Мемлекеттің қорғанысы
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

Социология.docx

— 49.61 Кб (Скачать файл)

 

   Ғажабы, бұлардың барлығының айтқаны ақиқат және сонымен бір мезгілде олардың барлығы қателеседі. Біз — өзіміздің белгілі тарихымыз бен өзіндік болашағымыз бар евразиялық елміз. Сондықтан біздің моделіміз басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады. Ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.

 

   Алдымызға екінің бірін таңдап алу керек деген мәселені қоймаймыз. Біз екеуін де, іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген барлық өркениеттердің ең соны жетістіктерін пайдаланып, диалектикалы боламыз.

                                                               6-бет

   Біздің моделіміз қоғам дамуының әр түрлі модельдерінің түйісуін бейнелеуге тиіс.

 

   Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуеттік-нарықтық экономика құрудамыз. Бұл — бізге қажеттінің нақ өзі.

іздің моделіміз басқа  модельдердің элементтерін сабақтастыра отырып, бірақ негізінен өзіміздің  ерекшеліктерімізге, тарихымызға, жаңа азаматтығымызға және даму кезеңдерінің нақтылығын еске ала отырып, ұмтылыстарымызға сүйеніп, өзіміздің жеке даму жолымызды  белгілейтін болады.

 

   Бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы мемлекеттерге айналғанын сіздердің көпшілігіңіз білесіздер. Алғашқылары Корея, Тайвань және                

 

   Сингапур болса, ал қазір оларға Малайзия, Индонезия және Таиланд қосылды. Біздің ұлы көршіміз — Қытай жоғары қарқын танытып отыр. Индия мен Бразилия да өз қуатын еселей түсіп келеді. Бізге достас Ресей де жуық арада ұлы елдің жаңа келбетіне ие болады деп шынайы үміт артамыз және оған сенімдіміз.

 

   Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан басына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі танда сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы жөнінен және басқа да „көптеген" параметрлері бойынша бізге ұқсас ел, Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есе арттыруға қол жеткізді. Осындай табыстарының нәтижесінде бұл елдер күллі әлемде Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр.

 

   Қазақстан өэінің күллі мүмкіндіктерімен нақ осындай нәтижеге қол жеткізе алмайды дейтін себептер бар ма? Ондай себептер жоқ. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін. Бізде Жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін Қар Барысы дүниежүзілік қоғамдастыққа онша таныс емес.

 

   Жануарлар әлемінде Жолбарыс туыстас болғанымен Барыстын, өзіндік ерекшеліктері де бар.

 

   Бұл — өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалығымен дараланатын Барыс болмақ.

 

   Ол ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды әрі тікелей соқтығыстардан бойын тартатын болады. Бірақ егер өзінің еркіндігі мен тұрағына, ұрпағына қатер төнген жағдайда, ол бұларды басын тігіп, бойындағы барын салып қорғайтын болады.

 

   Ол сыптай да серпінді болуға және семіздік пен жалқаулыққа бой алдырмауға тиіс: әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды.

 

   Ол жаңа асулар мен шындарды бағындыруда, мақсатына жетелейтін елеусіз, бірақ сенімді соқпақтарды іздестіруде табанды да бірбеткей болуға тиіс.

 

   Ол қауіп-қатерден қаймықпауға, тоқшылықтан босаңсымауға тиіс.

 

  Ол өз ұрпағын баулыған кезде: оны баса-көктей келген қонақтардан қорғай отырып, аузындағы дәмдісін соның аузына тосуға, оның саулығына, өресі мен пайымына нәр

                                                           7-бет

беруге тиіс, сөйтіп кез  елген ортадағы қатаң бәсекелестік жағдайында ерте сақайып, өз бетінше  дербес өмір сүруге жетелеп, көрегендік танытады.

 

   Ол өзі ішетін тұнық судың ылайланбауын, ал өз аясында тіршілік ететін табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болады.

 

   Ендеше қазақстандық Барыстың бойына дамудың алдыңғы қатарлы үздік деңгейіне үстелген батыстың талғампаздығы да, шығыстың кемеңгерлігі мен төзімділігі де тән болуға тиіс.

                                                                

   Ол өзінің талпыныс-ұмтылыстарында, жеңістері мен сәтсіздіктерінде бір ананың сүтін тел емген өзінің бауырлары — Өзбек, Қырғыз және басқа да Орталық Азия барыстарымен дәйім бірлікте болып, олардың өрлеуі мен жетістіктерін мақтаныш тұтатын болады.

 

   Дегенмен 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы тұрғызамыз. Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз болашағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күні нақты іс-қимылдарды іске асырмай, күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, егер сәтсіздікке ұшырасақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арта алмаймыз.

 

   Еш нәрсеге бірден қол жетпейді. Табысты әрі тұрақты дамуға объективті түрде белгілі бір сатылар тән, оған құлашты бір сермегеннен жетуге болмайтыны да белгілі.

 

   Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз.

 

   Экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу өз кезегінде саяси тұрақтылық пен тұрлаулылықты, қуатты әрі нысаналы реформаларды талап етеді. Ал бұл үшін

 

   Президенттің, саясатын іске асыруға, ескінің қарсылығын еңсеруге, әрі күмәнданушыларды соңынан ерте білуте қабілетті кәсіпқой, зерделі, батыл және отансүйгіш Үкімет қажет.

 

   Бұл жұмыста табысқа жету Қазақстан азаматтарының қолдауына байланысты. Ал мұндай қолдау адамдар істің оңалуға беталысы мен әділеттілікке көзі жеткен жағдайда ғана көрсетіледі. Нақ сондықтан адамдардың әл-ауқатының өсуі біздің күллі күнделікті жүмысымыздың күретамыры болуға, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес батыл жүргізілуге тиіс.

 

   Осындай болашақтың іргесін тұрғызу үшін және алған бағытымыздан ауытқымас үшін, бізге өзіміздің нені қалайтындығымызды білуге тиіспіз. Сондықтан ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезде, мен, мемлекет басшысы ретінде, біздің еліміздің мұраты: ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын.

 

   Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы — өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс.

 

  

 

                                                             8-бет

Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетемін? Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен  немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы

мықты өкілдері болады. Олар, бабаларының игі дәстүрлерін  сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге  даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары  болады.

 

   Біздің балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, магазиндердің иелері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелері, биржа делдалдары және спортшылары болады. Олар мұнай, газ бен электр қуатын, тамақ өнімдерін өндіретін әрі олармен әлемдік экономиканы қамтамасыз ететін болады. Көпшілігі халық тұтынатын жоғары технологиялық

тауарларды және әлемдік  рынокта өзінің арзан бағасы мен  үздік сапасына орай жоғары сұраныспен пайдаланатын өнімнің көптеген басқа  да түрлерін өндіруші болады.

 

   Біздің жас ұрпақтын, кей өкілдері мемлекеттік қызметке тұрады. Олар жоғары ақы төленетін, жақсы оқытып-үйретілген, Қазақстан мен Қазақстан халқының мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен жоғары қоятын мамандар бола отыррып, жаңа дәуір жағдайында жұмыс істейтін болады.

 

   2030 жылдың азаматтары мемлекеттің өздерінің құқықтарын қорғайтынына және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді болады. Бұл ретте олар қолайсыз жағдаяттар себебімен өмірден өз орнын таба алмай, мемлекетке әлеуметтік көмек сұрап жүгінуге мәжбүр болған аз ғана адамдарға да мемлекеттің қамқорлық жасайтынын білетін болады.

 

   2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуға тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады, Біздін, балаларымыз бен балаларымыздың балалары кінәрәтсіз жағдайда толыққанды өмір сүретін болады.

 

   2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады. Олардың Қазақстаны Еуразияның орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың — Қытайдың, Ресейдің және

 

   Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады.

 

   Оны барлық ұлттар үшін тен, мүмкіндіктер барына сенімді, бірақ бәрінен бұрын өздерін

Қазақстанның азаматтарымыз  деп санайтын көптеген ұлттардын, өкілдері мекендейтін болады.

 

   2030 жылғы Қазақстан әлі де барынша кемелдене алмайды, Ол әлі әлемдегі ен, бай, ең білімді, ең дамыған ел бола қоймайды, бірақ ол күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.

 

   Әрине, мұның бәрі — болашақты ой көзімен көру, оның моделі, асқақ мұрат, арман ғана.

 

   Сіздердін, көпшілігіңіз бүл мұратты кей кезде ең қарапайым нәрсенің өзі жетіспей жататын бүгінгі тіршілікпен салыстырып, мұны қиялға балап, ащы мысқылмен езу тартуларыңыз да мүмкін.

 

  

 

                                                                     9-бет

    Бірақ олай емес. Мұның бәріне де қол жеткізуге болады, әрі әлемдік тәжірибе бүл жоспарлардың ақиқаттығын қуаттап отыр. Иә бүгін бәрімізге қиын түсіп отыр. Оңай болған кезі бар ма? Біздің аталарымыз бен әкелеріміз осы жүз жылда қандай жеңіл кезді бастан кешірген екен? Азамат соғысы, аштық пен жұт, жаппай куғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы немесе соғыстан кейінгі күйзеліс жылдары оларға оңай тиді дейсіз бе? Өткен ғасыр мен оның алдындағы ғасыр жеңіл болып па? Әрине, бұл — тарих. Тіпті бүгінгі күні де жер бетінде 800 милллион адам жыл сайын асқа жарымай, аштықты бастан кешіруде, талай жүздеген миллион адамдардың баспанасы жоқ, миллиондар қанды соғыстарда қаза тауып жатыр.

 

   Ендеше, біз неге аһылап-уһілей береміз, ішкі қуатымызды қысыр сөз бен күңкілге несіне жұмсаймыз?

 

   Кез келген сыннан бірлігіміздің, күш-жігеріміздің және болашаққа деген сеніміміздің

арқасында абыроймен шыққанымызды ұмытатындай зердеміз сонша қысқа  ма еді? Тәулік бойы тыным таппай жұмыс істіп, аш құрсақ жүрсек те, аузымыздағыны балаларымызға жырып беріп, олардың ертең жақсы өмір сүретініне сенген едік қой.

 

   Бүгін және ертең дәл осылай істеумізге не кедергі?

  

   Ендеше неге уайымға салынып, еңсемізді түсіріп жібердік? Ендеше еліміздін, алдында, әрқайсымыздың алдымызда орасан зор мүмкіндіктер ашылған осындай кезде, ең бастысы бүрын ешқашан еншімізге тимей келген еркіндікке қолымыз жеткен кезде мұнымызға не жорық! Барлығы тек өзімізге, сенімімізге, ерік-жігерімізге, бірлігіміз бен еңбегімізге байланысты. „Ел мен үшін не істей алады деп сұрамаңыз, ел үшін өзім не істей алам деп сұраңыз".

 

   Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды турде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырған ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемалар үшін болашақ ұрпақ кешірер. Егер біз өз мемлекеттілігімізден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез келген ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы болуға тиіс.

Қауіпсіздіктің басымдығы  анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз. Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын  қалауы мен дамытуын шолып қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және қатал күрес  жүргізгенін айқын көрсетеді. Осы  стратегиялық міндеттің шешімін  үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды геостратегиялық  күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре байсалды әрі барабар  бағалауды талап етеді.

 

   Қазақстанның қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында болмайтынын біз түсінеміз. Ресейдің де, Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де бізге шабуыл жасауға итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан-анық. Бұл тыныштық пен тұрақтылықтың болжап білуге болатындай қашықтығы Қазақстанның экономикалық әлеуетін тиімді нығайту үшін пайдаланылуға тиіс, соның негізінде біз ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз.

Информация о работе Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы