Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 18:03, реферат
Кез келген статистикалық зерттеу фактілерді есепке алу және басқапқы мәліметтерді жинаудан басталады. Жиналған материал статистикалық бақылаудың мақсатына, мазмұнына, сол сияқты мәліметтерді жинау тәсіліне байланысты сан алуан болуы мүмкін. Алайда бастапқы материал қалай жиналғанына, фактілер қалай есепке алынғанына қарамастан, статистикалық бақылау жиналған мәліметтер бойынша зерттеліп отырған құбылыс жайында дұрыс қорытынды жасайтындай ұйымдастырылуы қажет.
І. Статистикалық бақылау және оған қойылатын талаптар
Қоғамдық құбылыстарды олардың сандық және сапалық ерекшеліктерін тығыз байланыстыра отырып сипаттау терең әрі жан жақты жүргізілетін статистикалық зерттеулерсіз мүмкін емес. 1- тарауда статистикалық зерттеу жұмыстары 3 кезеңге бөлінетіні айтылған. Сол кезеңдердің алғашқы статистикалық бақылау деп аталады.
Статистикалық бақылау деп қоғамдық құбылыстар туралы мәліметтерді жоспарлы және ғылыми ұйымдастырылған түрде жинауды айтады.
Кез келген статистикалық
зерттеу фактілерді есепке алу және
басқапқы мәліметтерді жинаудан басталады.
Жиналған материал статистикалық бақылаудың
мақсатына, мазмұнына, сол сияқты мәліметтерді
жинау тәсіліне байланысты сан алуан
болуы мүмкін. Алайда бастапқы материал
қалай жиналғанына, фактілер қалай
есепке алынғанына қарамастан, статистикалық
бақылау жиналған мәліметтер бойынша
зерттеліп отырған құбылыс
Статистикалық бақылау жұмыстарын мынадай 3 кезеңге бөлу қажет:
Статистикалық бақылаудың дайындық
жұмыстарына бақылаудың мақсатын, міндеттерін
анықтау, бақылау бағдарламасын
әзірлеу, бақылауды жүргізуді
Зерттелетін объектіні дұрыс сипаттау үшін бақылау жүргізетін уақытты белгілеудің маңызы зор. Статистикада бақылау уақытын екі түрге бөледі:
Бақылаудың объективті уақыты
деп бақылау мәліметтеріне
Бақылаудың субъективті уақыты – бұл бақылау өткізілетін уақыт, яғни жиынтық бірліктері туралы керекті мәліметтер жиналатын кезең. Мысалы, 2009 жылы Қазақстанда өткізілген халық санағында объективті уақыты 24 ақпаннан 25 ақпанға қараған түңгі сағат 12 болса, осы санақтың субъективті уақыты 25 ақпаннан 6 наурыз аралығындағы уақытты қамтиды. Бақылау дәлдігін қамтамасыз ету мақсатында субъективті уақытты мүмкіндігінше қысқа мерзімге анықтаған жөн. Бақылау құжаттар негізінде жүргізілгенде субъективті уақыттың ұзақтығы маңызды роль атқармайды.
Статистикалық бақылауды жүргізгенде жиналған материалды өңдеу техникасына міндетті түрде көңіл бөлуінуі қажет, себебі бастапқы статистикалық мәліметтерді комьютерде өңдегенде оларға белгілі бір талаптар қойылады. Жиналған материал осы талаптарды қанағаттандыру керек.
Статистикалық бақылауға мынадай талаптар қойылады:
II.Статистикалық бақылаудың формалары, түрлері, тәсілдері
2.1 Статистикалық бақылаудың формалары, түрлері, тәсілдері
Ұйымдастыру тұрғысынан қарағанда статистикалық бақылаудың 2 формасы болады:
Есеп беру деп кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің өз қызметтері туралы статистикалық органдарға құжаттар (есеп) тапсыруын айтады.Есеп беру алдын ала белгіленген бағдарлама бойынша белгілі бір уақытта жүргізіледі. Есеп беру үшін қолданылатын бланктерді статистикалық есеп беру формасы дейді.Олардың әрқайсысының өз шифры, аты болады. Бухгалтерлік және оперативті есеп құжаттарындағы жазбалар есеп беретін бақылау бірлігі үшін бастапқы мәліметтер көзі болып саналады. Кәсіпорынның немесе мекеменің есепке алу аппараты құжаттардағы бастапқы мәліметтерді алдымен өңдейді, содан соң нәтижесін есеп беру формасына жазады. Кәсіпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден жиналған мәліметтер экономикалық әрекет түрі, меншік түрі, аумақ, т.б. белгілер бойынша жинақталып, ел экономикасын сипаттайтын қорытындылаушы көрсеткіштер есептеледі, статистикалық жиынтық кесте құрылады. Есеп берудің негізгі ерекшеліктері болып мыналар саналады:
Қазіргі кезде Қазақстанда
есеп беру статистикалық бақылаудың
негізгі формасы болып
Әр түрлі құбылыстарды зерттегенде олардың күй-жайы, дамуы туралы мәліметтерді есеп беру формасы бойынша жинау мүмкін болмаған жағдайда арнайы ұйымдастырылған бақылау жұмыстары жүргізіледі. Түрлі санақтар, бір жолғы есепке алулар, тексерулер, зерттеулер нәтижесінде керекті мәліметтерді жинау бақылаудың арнайы ұйымдастырылған формасы болып табылады. Арнайы ұйымдастырылған бақылаудың мысалы ретінде халық санағын, отбасы бюджетін зерттеуді, тауар сапасын тексеруді атауға болады.
Статистикалық бақылау түрлерін зерттелетін жиынтықтағы бірліктерді қамту дәрежесіне және мәліметтерді тіркеуге алу уақытына байланысты анықтайды.
Зерттелетін жиынтықтағы бірліктерді қамту дәрежесіне байланысты статистикалық бақылаудың екі түрі болады:
Жаппай бақылауда зерттелетін жиынтық бірліктері толық қамтылады.Мысалы, халық санағы, шығарылған өнімді есепке алу,т.б.
Жартылай бақылауда жиынтық бірліктерінің бір бөлігі ғана қамтылады. Жартылай бақылауды ұйымдастырғанда бақылау нәтижесі бойынша негізгі жиынтықты анық сипаттайтын қорытынды көрсеткіштерді алу міндеті қойылады. Жартылай бақылаудың мынадай түрлері болады:
Ішінара бақылау деп жиынтықтың кездейсоқ алынған бөлігін зерттеуді айтады. Ішінара бақылау – жартылай бақылаудың ең көп тараған түрі. Өнімнің сапасын тексеру, жұмыс уақытын пайдалануды, тұтыну заттарына сұранысты зерттеу ішінара бақылаудың мысалы болады.
Монографиялық бақылау жүргізгенде жиынтықтың жекеленген бірліктері жан-жақты, толық зерттеледі. Бақылаудың бұл түрін қолдану үшін зерттелетін жиынтыққа тән, яғни типтік бірліктер есепке алынуы керек. Монографиялық бақылаудың міндеті негізгі жиынтыққа сипаттама беру емес, ол бүгінгі күннің жетістерін насихаттау үшін немесе зерттеліп отырған құбылыстың кемшілігін анықтау үшін жүргізіледі. Жеке кәсіпорынның іс-әрекетін бақылау, этнографиялық зерттеулер монографиялық бақылаудың мысалы болады.
Жиынтықтың негізгі бөлігін зерттеу деп бақылауға алынған жиынтықтың негізгі бөлігін құрайтын аса ірі бірліктерді ғана зерттеуді ғана айтады.Әдетте мұндай ірі бірліктер зерттелетін белгі бойынша жиынтықтың басым бөлігін құрайды. Статистикалық бақылаудың бұл түрінің мысалы ретінде базарлардағы тауарлардың бағасын зерттеуді келтіруге болады.
Статистикалық зерттеу жұмысының міндеттеріне және бақылауға алынатын құбылыстардың ерекшеліктеріне байланысты мәліметтерді үздіксіз және үздікті түрде тіркеуге болады.Мәліметтерлі тіркеуге алу уақытына байланысты байқаудың үш түрі болады:
Ағымдағы бақылау үздіксіз, жүйелі түрде жүргізіледі. Мұндай бақылаулар құбылыстар мен процестердің уақытқа байланысты дамуын мейлінше толық есепке алуға мүмкіндік береді. Шығарылған өнімді есепке алу, азаматтық хал актілерін тіркеу, келісім бойынша статистикалық органдарға өз бюджеті туралы мәлімет беретін отбасыларының табыстары мен шығындарын күнделікті есепке алуы, дүкендердің саудадан түскен ақшаны есепке алуы және т.б. ағымдағы бақылаудың мысалы болады.
Мерзімдік бақылау мәліметтерді белгілі бір уақыт аралығында айлық есеп берулері, т.б. мерзімдік бақылау мысалы болып саналады.
Бір жолғы бақылауды белгілі бір мәселені шешу үшін бір рет немесе қажет болған кездерде, яғни үздікті түрде жүргізіледі. Мысалы, тұрғын үй қорының санағы, ақша реформасы кезінде қолма-қол ақшаны есепке алу, т.б.
Статистикалық ақпаратты алудың мынадай тәсілдері бар:
Тікелей бақылау тәсілі арқылы мәліметтерді жинағанда мемлекеттік статистикалық органдардың немесе басқа ұйымдардың өкілдері бақылау бірліктерін өздері байқап, өлшеп, санағаннан кейін мәліметтерді статистикалық құжаттарға жазады.
Бақылаудың құжаттық тәсілі қолданғанда негізгі ақпарат көзі болып әр түрлі құжаттар саналады. Кәсіпорындардың, ұйымдардың бастапқы есепке алу құжаттары бойынша статистикалық есеп берулерін бақылаудың құжаттық тәсілінің мысалы ретінде қарауға болады.
Бақылаудың сұрақ-жауап тәсілі қолданылғанда мәліметтер сұралушы адамның берген жауаптарынан құралады.Сұрақ-жауаптың үш түрлі болады:
Экспедициялық тәсілмен мәліметтерді жинағанда статистик немесе тіркеуші сұралушы адамның (респонденттің) жауаптарын арнайы бланктерге толтырады да оларды статистикалық мекемелерге өткізеді. Халық санағы кезінде осы тәсілді қолданады. Экспедициялық тәсілге көп қаржы жұмсалады, ол көп еңбек сіңіруді, арнайы дайындалған мамандарды қажет етеді, бірақ жиналған мәліметтердің сапасы жоғары болады.
Өзіндік тіркеу тәсілімен мәліметтерді жинағанда респондеттерге арнайы бланктер таратылады, оларды қалай толтыру керектігі түсіндіріледі. Респонденттер бланктерді өздері толтырады,ал тіркеуші бланктің дұрыс толтырылуын қадағалайды, оларды жинап, статистикалық мекемеоерге тапсырады.Бір жолғы бақылау жүргізгенде көбіне өзіндік тіркеу әдісі қолданылады.
Корреспонденттік тәсілмен бақылау кезінде бланктер оларды толтыруға ерікті түрде келісім берген белгілі бір ұйымдарға немесе жеке адамдарға статистикалық органдар арқылы таратылады, яғни керекті мәліметтер ерікті корреспонденттер арқылы жиналады. Бұл тәсіл көп шығынды қажет етпейді, алайда жиналған мәліметтер корреспонденттің біліміне, дайындығына тікелей байланысты болғандықтан, олардың сапасы төмен болуы мүмкін.
2.2 Статистикалық бақылау бағдарламасы
Кез келен статистикалық
зерттеу жұмысы оның мақсаты мен
нақты міндеттерін
Статистикалық бақылау объетісі деп зерттелетін әлеуметтік- экономикалық құбылыстарды айтады. Бақылау объектілері жеке элементтерден тұрады,олар бақылау объектісінің бірліктері болады.
Статистикалық бақылау бірлігі деп белгілері тіркеуге алынатын, яғни бастапқы статистикалық мәліметтер жиналатын бақылау объектілерінің құрамындағы элементтерді айтады.Мысалы халық санағын жүргізгенде осы елдің барлық тұрғыны бақылау объектісі болса, әр адам бақылау бірлігі болады. Бақылау бірлігін дұрыс анықтаудың маңызы зор.Бақылау бірлігі дәл анықталған жағдайда шындықтың бұрмалануы мүмкін. Бақылау бірлігі әр нақты жағдайда бақылау мақсатына сәйкес анықталады.