Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 18:03, реферат
Кез келген статистикалық зерттеу фактілерді есепке алу және басқапқы мәліметтерді жинаудан басталады. Жиналған материал статистикалық бақылаудың мақсатына, мазмұнына, сол сияқты мәліметтерді жинау тәсіліне байланысты сан алуан болуы мүмкін. Алайда бастапқы материал қалай жиналғанына, фактілер қалай есепке алынғанына қарамастан, статистикалық бақылау жиналған мәліметтер бойынша зерттеліп отырған құбылыс жайында дұрыс қорытынды жасайтындай ұйымдастырылуы қажет.
Бақылау объектісінің, оның
бірліктерінің көптеген белгілері
болады. Ол белгілердің барлығын бірдей
есепке алу мүмкін емес, ал кейбір белгілер
бақылау үшін қажет болмайды. Сондықтан
статистикалық бақылауды
Бақылау бағдарламасы деп бақылау барысында бақылау бірліктеріне қойылатын сұрақтардың тізімін немесе тіркеуге алынатын белгілердің тізімін айтады.
Статистикалық бақылау бағдарламасының маңызы зор. Жиналған мәліметтердің сапасы бағдарламадағы сұрақтарға тікелей байланысты болады. Сондықтан бағдарлама зерттелетін ең негізгі белгілерін анықтайтын, сол сияқты дәл жауап алынатын сұрақтар ғана болуы керек.
Бақылау бағдарламасындағы сұрақтардың жауабын жазу үшін формуляр қолданылады. Формулярда сұрақтардың тізімі, жауап жазатын бос орын, жауаптың шифры болады. Бақылаудың ерекшелігіне байланысты формулярды бланк, форма, сауалнама, карта, санақ қағазы деп атайды. Әдетте формулярды жеке және тіізмдік деп бөледі. Жеке формулярда бақылауға алынған бір ғана бірліктің, ал тізімдік формулярда бірнеше бірліктің мәліметтері жазылады.Мысалы,1999 жылы Қазақстан Республикасында өткізілген халық санағында тізімдік формуляр қолданылды. Формулярдағы сұрақтарға қалай дұрыс жауап беру керектігі нұсқауда көрсетіледі.Нұсқау жеке құжат түрінде немесе формулярмен бірге болуы мүмкін. Бағдарлама сұрақтарының құрамы мен мазмұны бақылау міндеттеріне және зерттелетін қоғамдық құбылыстың ерекшелігіне байланысты болады.
Бельгиялық статистик Адольф кетле (1796-1874)кез келген статистикалық бақылаудың бағдарламасын құрғанда мынадай негізгі принциптердің сақталуы қажет екенін айтқан:
-Бағдарламада осы статистикалық зерттеуге сөзсіз қажет сұрақтар ғана болуы тиіс;
-Бағдарламаға дәл жауап алатын сұрақтарды ғана енгізу керек;
-Бағдарламада күдік тудыратын сұрақтар болмауы керек;
-Бақылаудың бағдарламасын бір сұрақтардың жауаптарын тексеруге болатындай ғып құрған орынды.
Содан бері стаистикалық бақылау бағдарламасы осы талаптарға сай құрылады.
2.3 Статистикалық бақылау мәліметтерін тексеру
Статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған материал жан-жақты тексеріледі. Тексеру кезінде жиынтықтың бірліктерінің қалай қамтылғаны, құжаттардың қалай толтырылғаны анықталады. Сонымен қатар статистикалық мәліметтер логикалық және арифметикалық жолмен тексеріледі.
Логикалық тексеру бақылау бағдарламасындағы өзара байланысты сұрақтардың жауаптарын салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, халық санағының бағдарламасындағы адамның жасы, білімі, отбасы жағдайы туралы сұрақтар бір-бірімен байланысты, сондықтан олардың жауаптарын логикалық жолмен тексеруге болады.
Арифметикалық немес есептік тексеру сандық көрсеткіштердіңжиынын тексергенде қолданылады. Статистикалық кестелердегі жиынтық жолды, бағанды тексеру арифметикалықө тексерудің мысалы болады.
Тексеру нәтижесінде түзетуге болмайтын қателер кездескен жағдайда зерттеуді жалғастырады, ал аталған қателер есеп беру формаларында кездессе, ресми сұрау салынады. Әрине, мұндай әрекеттер статистикалық мәліметтерді өңдеу процесін қиындатады және кешіктіреді. Сондықтан бақылау жұмыстарын қате жібермейтіндей деңгейде ұйымдастыру қажет. Ол үшін бақылау барысында қандай қателер болуы мүмкін екенін білу керек.
Бақылау қатесі деп көрсеткіштің бақылау нәтижесінде алынған мәні мен нақты мәнінің айырмасын айтады.
Статистикалық бақылау қателерін екі топқа бөлуге болады:
-Репрезентативті қате;
-Тіркеу қатесі.
Іріктеліп, бақылауға алынған
жиынтық бөлігіндегі
2.Тіркеу қатесі бақылау барысында деректерді дұрыс анықтамағанда, дұрыс жазбағанда болады. Тіркеу қателерінің екі түрі болады:
Кездейсоқ қателер қызметкер бірлігінің төмендігінен, оның жұмысқа ынтасыз болуынан, т.б. себептерге байланысты жіберілуі мүмкін.
Жүйелі қателер кездейсоқ қателерге қарағанда анағұрлым қауіпті , себебі олар қорытынды көрсеткіштерге айтарлықтай әсер етеді. Жүйелі қателер әдейі жасалған және байқаусыз жіберілген болып бөлінеді. Халықтың жас құрамы туралы мәліметтерді жинағанда адамдардың өз жастарын шамамен жинақтап айтуын байқаусы жіберілген жүйелі қатенің мысалы ретінде келтіруге болады. Мысалы, 49 немесе 51 жастағы адам жасын 50-де көрсетсе,50 жастағылардың саны күрт көбейіп кетеді.
Әдейі жіберілген қате фактілерді қасақана бұрмалағанда болады. Мысалы, көптеген адамдар өз табыстарының мөлшерін азайтып көрсетеді.
Статистикалық мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін бақылау бағдарламасы мен нұсқауларды тиімді жасау, барлық кәсіпорындардағы, ұйымдардағы, мекемелердегі есепке алу мен есеп беруді тексеріп тұру, мамандардыдаярлау, халыққа бақылаудың міндетін түсіндіру сияқты жұмыстарды жүзеге асыру қажет.
III.Қорытынды
Статистикалық бақылау –қоғамдық құбылыстар туралы мәліметтерді жоспарлы және ғылыми ұйымдастырылған түрде жинау.
Статистикалық бақылауға
мәліметтердің толық болуы,
Статистикалық органдар кәсіпорындардың,
ұйымдардың,мекемелердің қызметтерін
статистикалық бақылауға алады.
Статистикалық бақылау зерттелетін жиынтықтағы бірліктерді қамту дәрежесіне байланысты екі түрге бөлінеді: жаппай және жартылай.Ал тіркеуге алу уақытына байланысты ағымдағы,мерзімдік және бір жолғы болып бөлінеді.
Статистикалық мәліметтерді алудың мынадай тәсілдері бар:тікелей бақылау, құжаттық және сұрақ –жауап.
Кез келен статистикалық
зерттеу жұмысы оның мақсаты мен
нақты міндеттерін
Тексеру кезінде жиынтықтың
бірліктерінің қалай
құжаттардың қалай толтырылғаны анықталады. Сонымен қатар статистикалық мәліметтер логикалық және арифметикалық жолмен тексеріледі.
Тексеру нәтижесінде түзетуге болмайтын қателер кездескен жағдайда зерттеуді жалғастырады, ал аталған қателер есеп беру формаларында кездессе, ресми сұрау салынады. Әрине, мұндай әрекеттер статистикалық мәліметтерді өңдеу процесін қиындатады және кешіктіреді. Сондықтан бақылау жұмыстарын қате жібермейтіндей деңгейде ұйымдастыру қажет. Ол үшін бақылау барысында қандай қателер болуы мүмкін екенін білу керек.
Статистикалық бақылау қателерін репрезентативті және тіркеу қатесі деп бөлуге болады.
Статистикалық мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін бақылау бағдарламасын, нұсқауларды тиімді жасау, есеп беру мен алуды тексеріп, мамандарды даярлап,халыққа міндетін түсіндіру сияқты жұмыстарды жүзеге асыру қажет.