Өндіріс статистикасының дәріс материалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 13:33, лекция

Краткое описание

Ұлттық есеп жүйесі – елдегі экономикалық процестердің нәтежесін, экономикалық құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететін нарықтық экономиканың статистикалық үлгісі. Бұл үлгіде қолданылатын көрсеткіштер белгілі бір шоттар мен баланстық кестелер түрінде беріледі. Ұлттық есеп жүйесі халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға, топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелеріне негізделген.
Ұлттық есеп жүйесінің негізгі мақсаты –экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономикалық саясатты жете зерттеп, белгіленген бағдарлама бойынша шешеім қабылдау үшін әлеуметтік –экономикалық статистиканың әр түрлі көрсеткіштерін үйлесімді түрде қолдану.

Вложенные файлы: 1 файл

_ндіріс статистикасыны_ д_ріс материалдары.doc

— 880.50 Кб (Скачать файл)

Өндіріс статистикасының  дәріс материалдары

 

 

 

 

Лекция 1. Ұлттық есеп жүйесі пәні, оның әдістері, міндеттері

1.Ұлттық есеп  жүйесі – шоттар мен кестелердің  жиыны түрінде берілген өзара  байланысты экономикалық көсеткіштердің  жүйесі

2.ҰЕЖ-нің обьектісі  өнім өндіру, қызмет көрсету, табысты бөлу операцияларының ұлттық деңгейіндегі жиынтығы.

3.ҰЕЖ-де қолданылатын  әдістер.

 

Ұлттық есеп жүйесі – елдегі экономикалық процестердің нәтежесін, экономикалық құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара  байланысты макродеңгейде көрсететін нарықтық экономиканың статистикалық үлгісі. Бұл үлгіде қолданылатын көрсеткіштер белгілі бір шоттар мен баланстық кестелер түрінде беріледі. Ұлттық есеп жүйесі халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға, топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелеріне негізделген.

Ұлттық есеп жүйесінің негізгі  мақсаты –экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономикалық саясатты жете зерттеп, белгіленген  бағдарлама бойынша шешеім қабылдау үшін әлеуметтік –экономикалық статистиканың  әр түрлі көрсеткіштерін үйлесімді түрде қолдану.

Ұлттық есеп жүйесі- жан-жақты жүйе, оны әр түрлі салалардың міндеттерін  шешу үшін қолдануға болады. Ол елдің  макроэкономикалық көрсеткіштерін басқа елдердің осындай көрсеткіштерімен салыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әр елдің ерекшелігін ескере отырып, бұл жүйенің шоттарын, экономика секторларын, көрсеткіштерін нақтылауға, өзгертуге болады.

Ұлттық есеп жүйесін экономиканың әр түрлі саласында қолдану арқылы мына міндеттерді шешуге болады:

  • мемлекеттік реттеу шараларын жете зерттеу. Ұлттық есеп жүйесінде экономиканың салалары, секторлары, әртүрлі экономикалық қатынастар туралы ақпараттардың болуы жоғарыда аталған міндетті шешуге көмектеседі.ҰЕЖ- нің ақпараттарын пайдалана отырып, мемлекеттің, шаруашылық субьектілерінің тұтыну шығындарын тексеруге, қажетті деп саналатын салық және бюджет саясатын жүргізуге, сыртқы сауда мен сыртқы экономикалық байланыстарды жақсартуға жағдай жасауға, айналамдағы ақша массасын реттеуге, инфляцияға қарсы күрес шараларын жүргізуге, т.б. макроэкономикалық саясаттардыреттеуге болады;
  • макрокөрсеткіштерді пайдалана отырып, талдау жасау, экономикалық айнымалы көрсеткіштер арасындағы функционалды байланыс параметрлерін бағалау негізінде және уақыт қатарларын қолданып , экономиканың дамуын үлгісін құру;
  • экономикалық даму стратегиясын және оны іске асыратын шешімдерді қабылдау;
  • ұлттық есеп жүйесі негізгі көрсеткіштері –жалпы ішкі өнім мен қолда бар жалпы ұлттық табыс арқылы халықаралық салыстыру жүргізу.бұл жерде барлқ және жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, қолда бар жалпы ұлттық табыс, инвестицияның, мемлекет шығысының жалпы ішкі өнімге қатынасы есептеледі.
  • статистиканың өзара баланысты салаларында қолданылатын ұғымдарды, көрсеткіштерді, анықтамаларды, топтастыруларды жете зерттеу үшін ҰЕЖ-нің тұжырымдамаларын пайдалану, яғни ұлттық есеп жүйесін үйлесім негізі ретінде қолдану.

Ұлттық есеп тұжырымдамаларына  сәйкес көрсеткіштердің жаңа жүйесіне өту қажеттілігі мынадай жағдайларға  негізделген:

Экономиканың макросатаистикалық үлгісі ретінде қолданылатын ұлттық сеп жүйесі материалдық өндіріс пен материалдақ емес қызметтер өрісі кең құқылы және дербес шаруашылық субьектілері тікелей мемлекеттің басқаруынсыз  да экономикалық байланыстар жасай алады деген идеология сүйенеді. Мемлекет басқаруынсыз экономикалық байланыстар жасалғанда, өзін -өзі реттеу мехенизімі болып сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, капиталдаң бір саладан екінші салағаауысыуы есептеледі.

Статистиканы өзгертуде макроэкономикалық  көрсеткіштердің атқаратан ролі зор. Халық шаруашылығы балансының макроэкономикалық көрсеткіштерінің, материалдық өндіріс басымдлығы туралытұжырымдаманың, әлеуметтік экономикалық  даму, сыртқы экономикалық байланыстар көрсеткіштерінің, төлем балансының, мемлекеттік бюджеттің халықаралық стандартқа сәйкес келмеуі халық шаруашылығын эжкономикалық әдістермен басқаруға мүмкіндік бермеді.

Экономиканың дамуына баланысты  қызметтер ролінің артуы экономиканң  негізгі даму заңдылықтарының бірі болып саналады.Экономика дамыған  сайын шаруашылық әрекеттің нәтежесі ретінде жалпы ішкі өнімнің құрамында көрсетілетін қызметтердің үлесі арта түседі. Бұл заңдылық біздің Республикаға да тән, сонықтан қызметтерді жаңа жүйеде халық шаруашылғы балансындағы кең түрде қамту қажет. Өндіріс нәтежесін көрсеткенде тек материалдақ өндіріс өрісінің тауарлары мен материалдақ қызметтерін ғана есептемей, сонымен қатар, материалдақ емес қызметтерді де қарастыру қажет.Халық шаруашылығы балансында бұл есептер есепке алынбаған.

80-жылдары макроэкономиканың терң  және жан-жақты талдау қажеттілігі  айқын сезіле бастады. Осы кезде мемлекеттік статистикалық ұйымдар бұрын халық шаруашылығы балансында қамтылмаған кейбір әлеуметтек- экономикалық даму аспектілері туралы мәліметтерді зерттеп, кестелер дайындады. Мысалы, осы жылдары материалдық емес қызметтер балансын құру, тұтынушылардың әр түрлі топтарына көрсетілген материалдық емес қызметтер, қызмет көрсету шығындары туралы мәліметтер жинау, оларды жете зерттеу сияқты жұмыстар қолға алынды.

Жалпы ішкі өнім көрсеткішін (1988) статистикалық  практикада қолдану макроэкономикалық статистиканың одан әрі дамуындағы негізгі қадам болып саналады. Жалпы ішкі өнім есептеу әдістемесі ұлттық есеп жүйеснің принциптеріне негізделген. Жалпы ішкі өнімді, жалпы ұлттық өнімді есептеу экономиканың даму дуңгейі мен қарқынын айқындайды, халықаралық салыстыруларды жеңілдетеді, сонымен қатар экономикалық- статистикалық талдауды тереңдетеді.

Ұлттық есеп жүйесінің құрылу және даму тарихы

ҚР статистикалықпрактикасында ҰЕЖ  қолданудың негізігі кезеңдері және стратегиясы

Елдің табысы мен байлығын есептеу туралы ой ертеде пайда болды, бірақ алғашында экономикалық талдау жасау керектігі ескерілмеді.XVIII- XIX ғасырларда ұлттық байлық және ұлттық табысты зерттеуге әрекет жасалды, бірақ бұл зерттеулерде халық шаруашылығының негізгі көрсеткіштерінің өзара байлансы, ресурс айналама есепке алынбады.

Ұлттық есеп жүргізу туралы ойды ең алғаш ағылшын зерттеушісі  Грегори Кинг айтты. Ол ұлттық есептің  ұлттық табыс статистикасмен тығыз  байланысты екенін және материалдық  игіліктерді бөлудің ерекшеліктерін қарастырды.

Француз экономисі Француа Кенэ алғашқы рет өз зерттеулерінде өнім қозғалысы мен табыс қозғалысның  тұтастығын көрсетуге тырысты. Ол өнім мен табыс қозғалысын бөліп қарстыруға болмайды, олар қоғамның экономиалық  өмірінің айналымын көрсетеді деген  ойды айтты.

Кенэнің 1758 жылғы жарық көрген «Экономикалық  кесте» жұмысындағы ой- пікірлері  кейінірек ұлттық есеп жүргізудің негізгі  принциптеріне айналды.Ол қағидалар  мыналар:

-экономиканы құрамдас бөліктернің  арасында дәлмедәл сандық баланыс  бар бір тұтас жүйе деп қарастыру;

-осы жүйедегі қоғам мүшелерінің  белгілі топтарын (экономикалық  агенттерді) және оларды байланыстыратын  экономикалық ағымдарды бөлу;

-өнім мен табс қозғалысын  талдау;

-жабық жүйедегі табыс пен  таза өнімнің теңдігін және  қоғамдағы әр класс үшін ағымдардың тепе-тең болуын талап етеу;

-Қайта бөлу мехенизмінің міндеті,  яғни экономикалық агенттердің  бір тобының (өндіруші кластың)  шығындар ұлттық байлықтың экономикалық  айналамға қатысатын және ұдайы  өндірісте болатын бөлігін қалай  өзгертетінін, осы ұдайы өндірілген құндылықтан экономикалық агенттердің барлық топтарына табыстың қалай бөлінетінін көрсету;

-ұдайы өндірістің үздіксіздігін  қамтамасыз ететін халық шаруашылығының  арақатынасын сақтау.

Ұлттық есеп жүйесінің дамуына  өз үлесін қосқан ғалымдарың бірі- француз Антуана Лавуазье. А.Лавуазье 1771 жылы Францияның ұлттық ассамблеясында «Франция корольдігің аймақтық байлығы туралы саяси арефметикалық очерк» атты баяндамасын жасады. Баяндама өнім өндіріу, тұтыну процестерін сипаттайтын және ұлттық өнімнің, ұлттық табыстың, мөлшерін көрсететін кесте келтірілді. Бұл кестелерді тарихтағы ең алғаш ұлттық шоттар деуге болады.

Лавуазье заттай өнім, ақшалай табыс, салық, салық салынатынтаза табыс  көрсеткіштернің айырмашылығын  көрсетті, сонымен қатар, халықтың кірісі мен шығысы бойынша өндіріс пен өнімді бөлу процестеріне талдау жасады. Осы таладау нәтежесінде материалдақ қаржы балансын құру турал пікір айтты.

Бірақ Кенэ мен Лавуазьенің айтқан ой пікірлері ұзақ уақыт іске асырылмады. Оған сол кездегі экономикалық теорияның эволюциясы  және экономика дағдылы түрде дамиды деген қағида себеп болды.

Сонымен қатар, ол кезде экономика  стихиялы түрде дамиды, оны мемлекет трапынан реттеу қажет емес деген  көзқарас қалыптасты. Сондықтан мұндай жағдайда халықшаруашылығындағы байланыстарды сан жағынан талдаудың қажеті болмады.Соған қарамастан халық шаруашлығының синтетикалық көрсеткіштерін есептеуге байланысты жұмыстар жүгізілі берді.

ХХ ғасырдың 30-жылдары түбегейлі  өзгерістер болды, соған байлансты, ұлттық есеп жүргізудің жаңа кезеңі басталды. Бұған 1929-1933 жлдары Ұлы экономикалық депрессия (тоқырау) себеп болды. Осы жылдары жинақ пен инвестиция арасындағы байланыс, жалақының өсі не кемуі салдары, экспорттың немесе импорттың өзгеруі, кәсіпкердің табысы сияқты келелі мәселелердің шешу қажеттілігі артты.ал бұл мәселелерді бұртұтас экономикаға талдау жасамай шешуге болмайтын еді. Көптеген экономистер тоқыраудан кейін нарықтық экономиканы қалпына келтіру үшін реттеу қажет деген қортындыға келді. Осындай пікірді айтқан және дәлелдегендердің бірі –ағылшын экономисі Дж.Кейнс. Нарықтық экономиканы реттеу мәселелері туралы өз ойларын Дж.Кейнс «Ақша,процент және жұмысбастылықтың жалпы теориясы» атты жұмында (1936ж) жариялады және болашақ ұлттық сеп жүйеснің негізгі принциптерін келтірді.ОЛ ҰЕЖ жалпы табыс, тұтыну, инвестиция, жинақ сияқты өзара байланысты макрокөрсеткіштердің жүйесі деп көрсетті, осы көрсеткіштердің кейбіреулерін өзгерту арқылы мемлекет экономиканы реттй алады.

Кейнстің, Ван Клифордің және басқа  да ғалымдардың жұмыстарын негізге ала отырып, жеке елдер ұлттық шоттар құра бастады. 1936 жылы еврей экономисі Людвиг Грюнбаум Палестина үшін ең алғаш ұлттық шоттар жүйесін құрды.

1941 жылы Голланд статистигі Ван  Клифор Голландияның ұлттық шоттарын  құрды.(1938 жылы мәліметтер бойынша). Ван Клифордың құрған шоттар сауда, өндіріс, тұтыну, әкімшілік секторларын қамтыды. Осы жылы Францияда, Англияда ұлттық шоттарды көгілдір кітап (Blue book) түрінде жариялады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең ұлттық есеп жүгізудің кеңінен тараған кезеңі болып саналады. Осы кездегі ұлттық шоттардың жаппай тарағанын төмендегі кестеден көруге болады

Капиталистік елдерде ҰЕЖ дамуы

Елдің аты 

Құрылған жылы

Ескерту

Австрия

1951

Жұмыстың басталған кезі. 1963 жүйе біржолата қалыптасты

Англия

1941

БҰҰ стандарттары шоттарының тұжырымдамасы  бойынша құрылған

Бельгия

1954

1948-1951 жылдардағы мәліметтербойынша  алғашқы зерттеулер БҰҰ және  ЕЭЫҰ-ның (Европалық экономикалық  ынтымақтастық ұйымдарының) стандарттарына  сәйкес келді.

Дания

1948

Жүйе төрт шоттан құралады

Ирландия

1951

Жүйе үш шоттан құралады.

Италия

1955

Екі сектор, төрт негізгі шот құрылды.

Мальта

1959

Жүй БҰҰ стандарттарына сай құрылды.

Нидерланды

1948

Алғашқы шоттар 1938,1946,1947 жылдардағы мәліметтер бойынша құрылды.

Норвегия

1946

Соны (оригинал) жүйе

Португалия

1950

Жүйе БҰҰ стандартына лайық  алты шоттан құрылды

Туркия

1950

Жұмыстың басталған кезі.

Қарапайым интеграцияланбаған үлгі

Финляндия

1958

ҰЕЖ-нің түсіндірмесі жарияланды.

Соны жүйе.

Франция

1946

Соны жүйе

ГФР

1949

Жүйе үш сектор, жеті функционалды шоттан тұрады.

Швейцария

1963

Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай  құрылған

Швеция

1954

Соны жүйе

Индия

1951

Интеграцияланбаған жүйе

Жапония

1953

Тоғыз кесте құрылды, оның алтауы БҰҰ-ның  стандартына лайық

Аргентина

1955

1946 жылы жалпы ішкі өнімді септеуге әрекет жасалды.

Бразилия

1951

1947 жылы ұлттық шоттарға байланысты  жұмыс басталды

Гондурас

1952

БҰҰ-ның стандартына сай интеграцияланған жүйе құрылды

Канада

1948

Секторлар бойынша алғашқы шоттар құрылды

Колумбия

1949

Жұмыстың басталған кезі. Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай құрылды

Мексика

1953

Жүйе БҰҰ стандартына сәйкес құрылды.

Панама

1959

Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай  құрылды

Перу 

1946

Жұмыстың басталған кезі. Жүйе БҰҰ-ның  стандартына сай құрылды

АҚШ

1947

Бес шот, жиырма жеті кесте құрылды. Тұрымдамалары БҰҰ-ның стандартына сай келді

Чили

1949

БҰҰ-ның стандартына сәйкес құрылды

Эквадор

1954

Ұлттық шоттардың интеграцияланған жүйесі

Жаңа Зелендия

1948

Жүйе төрт шоттан тұрады

Флиппини

1952

БҰҰ жүйеснің тұжырымдамасына негізделген бес шоттан құрылды.

Информация о работе Өндіріс статистикасының дәріс материалдары