Өндіріс статистикасының дәріс материалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 13:33, лекция

Краткое описание

Ұлттық есеп жүйесі – елдегі экономикалық процестердің нәтежесін, экономикалық құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететін нарықтық экономиканың статистикалық үлгісі. Бұл үлгіде қолданылатын көрсеткіштер белгілі бір шоттар мен баланстық кестелер түрінде беріледі. Ұлттық есеп жүйесі халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға, топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелеріне негізделген.
Ұлттық есеп жүйесінің негізгі мақсаты –экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономикалық саясатты жете зерттеп, белгіленген бағдарлама бойынша шешеім қабылдау үшін әлеуметтік –экономикалық статистиканың әр түрлі көрсеткіштерін үйлесімді түрде қолдану.

Вложенные файлы: 1 файл

_ндіріс статистикасыны_ д_ріс материалдары.doc

— 880.50 Кб (Скачать файл)

1951 Еуропалық  экономикалық ынтымақтастық  ұйымының жеңілдетілген стандартты  ұлттық есеп жүйесі жарияланған  соң, ұлттық табыс статистикасының  дәстүрлі идеяларын шоттардың  интеграциялық жүйеснің идеялары  ығыстырды.

1952 жылы Нидерландияда алғаш рет ҰЕЖ-ге салааралық баланс енгізілді.Бұл баланс өндіріс сферасының 26 саласы бойынша құрылды және 1938,1946-1951 жж. қамтиды. Мұнан былай салааралық балансты құрған елдердің барлығы оны ұлттық есеп жүйесіне енгізді.

1952 жылдан бастап ұлттық есеп жүйесінде қаржы операцияларының кестесін қосу керектігі сөз болды. Экономикалық зерттеулерде бұл операцияларды талдау және оларға лайықты әдістеме жасау экономикалық зерттеуделерде дербес бағыт ретінде көрсетлді.1952 жыл жарияланған Моррис Коплендтің «Құрама штаттарындағы ақша ағымын зерттеу»атты жұмыс осы бағытты дамытудағы негізгі кезің болды.

Қаржы ағымдарын талдау үшін 1947 жылы Нидерландыда,1949 жылы Флнляндияда қаржы  шоттарын құруғу әрекет жасалды.

Қазіргі кезде көптеген елдердің ұлттық есеп жүйеснің құрамында қаржы операцияларының кестесі бар.(Нидерленды,Финляндия, Норвегия, Франция, Швеция, Германия, Жапония). Ұлттқ баланстық кеестелер (national balance- sheet) түріндегі мүлік баланстарын құружәне олардың интеграциясы- ұлттық есеп жүргізудегі тағы да негізгі бағыт. Шаруашылық бірліктернің қаржы активтері мен пассивтерінің өзгерісі қаржы операцияларның нәтежесін ал, қоғамдағы материалдқ игіліктердің өзгерісі экономикалық әрекеттің нәтежесін көрсететіндіктен ҰЕЖ-де баланстық кестелерді құру қажеттілігі туады.

Ұлттық шоттар ұлттық табыс статистикасынан, ал баланстық кестелер ұлттық байлық статистикасынан бөлініп шықты. Ең алғаш ұлттық баланстар, яғни мүлік  бюаланстарының жүйесі Нидерландыда 1947 жылы (Рикен Ван Олст) және 1948 жылы (В. Корн, С.Смейс) құрылды. Содан бері бұл кестелер осы елде жүйелі түрде пайдаланып келеді. Ал басқа елдер осыған ұқсас жұмыстарды жүргізге бастады.

Шоттардың құрылымын және онда қолданылатын категорияларды халықаралық стандарқа  сәйкестендіру ҰЕЖ –нің дамуы  мен өестеуіне зор ықпал етті.

1945 жылдың соңында Ұлттар Лигасының  статистика жөніндегі сарапшылар  комитеті ұлттық табысты есептеу  және ұлттық шоттарды құрудың  сипаттамасын дайындады. 

1947 жылы ұлттық табыс пен байлықты  зерттейтін халықаралық ассоциация  құрылды.1948 жлы БҰҰ-ның статистикалық бюросы ұлттық табыс статистикасы бойынша алғашқы жинақ жариялады. Жинақта 39 елдің мәліметтері болды.1958 жылдан бастап 140 елдің ұлттық шоттарын қамтып жинақ жыл сайын баспадан шығады.

1953 жылы БҰҰ-ның статистикалық  комиссиясының ұйғарымы бойынша стандартты ұлттық есеп жүйесін сипаттайтын баяндама жарияланды. Жаңа секторлардың, институтционалдық бірліктердің пайда болуына байланысты 1964 стандартты ұлттық шоттардың мазмұны жарияланды. 1968 жылы БҰҰ ҰЕЖ-нің алғашқы хабары (версия) жарық  көрді.

1970 жылы Еуропалық бірлестік  БҰҰ-ның ұлттық есеп жүйеснің  негізінде ҰЕЖ-нің Еуропалық нұсқасын  ұсынды.

1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық  комиссиясы жаңа ұлттық есеп  жүйесін қабылдады. Жаңа жүйенің  мақсаты- экономикалық статистиканың  төлем балансы мен мемлекеттік қаржы сияқты бөлімдерінің(тарауларының) үндестігін арттыру. Бұл үндестік ұлттық есеп жүйеснің жеке блоктарында, экономикалық сатаистиканың жоғарғы аталған бөлімдерінде  қолданылытын анықтамалар мен жіктеулердің тығыз байланысын көрсетеді. Мысала «қалған әлем» шоттарында қолданылатын анықтамалар төлем бансындағы анықтамалармен үйлесімді болса, төлем балансының жиынтық жолымен бірдей болады.

Ұлттық есеп жүйеснің тағы бір маөқсаты –ұлттық шоттардың құрамын айқын, жүйелі түрге келтіру, кейбір кіріс және шығыс статьяларының түсіндірмесін анықтау. Осыған байланысты 1993 жылы ҰЕЖ-де жалпы ішкі өнімді анықтауда өзгерістер енгізілгенін ескерткен жөн. Мысалы, геологииялық барлау жұмыстарының шығындары, ЭЕМ –нің бағдарламаларын, әдеби көркем шығармаларының тұп нұсқасын сатып алу негізгі капиталдың жалпы қорлануы болып саналады. Бұдан басқа жалпы қорлану шығындарның құрамына «құнды заттарды сатып алу» деп аталатын жаңа статья енгізілген.

Қазақсатан Республиаксының және ТМД елдерінің ұлттық шоттары  ұлттық есеп жүйеснің еуропалық стандарттарына негізделген және әр ұлттың жағдайна бейімделіп құрылған.

Халық шаруашылығы балансынан ұлттық есеп жүйесіне концепциялық (тұжырымдамалы), әдістемелік мәселелелерді қарстыруд  және оларды шешуді талап етеді. Бұл  мәселерді шешуде халықаралық сипаттаман (рекомендация) негізге ала отырып, шаруашылық әрекетті ұйымдастырудағы елдің ерекшелігін ескерген жөн. Мысалы, өтпелі дәуірдің алғашқы кезеңінде мемлекеттік бюджеттен субсидия бөлінетін экономикалық әрекеттер (ауыл шаруашылығы, орман, су шаруашылығы, жолдарды жөндеу тұрын үй және коммуналдық шаруашылық), кәсіпорындардың өз жұмысшыларына, олардың отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік мәдени қызметтер көлемі анағұрлым көп болады. Бұл кезеңде коммерциялық банктердің әрекеттері, олардың ролі шектеулі күйде қалады.

Үй шарушылығының өндірістік әрекетін анықтау-  ҰЕЖ-дегі негізгі мәселе. БҰҰ ҰЕЖ-нің кепілдемесі бойынша  үй шаруашылығы үшін өндіріс шоты құрылу қажет. Бұл шотта үй шаруашылығының өндірістік әрекеті көрсетіледі. Үй шаруашылығының өндірістік әрекетіне өздері тұтыну немесе сату үшін өндірген өнім, нарықтық қызметтер көрсету, өз үйінде тұру құны және үй қызметшісінің қызметақысы жатады. Мәліметтердің жеткіліксіздігінен халықтың ресми түрде тіркелмеген әрекеті жалпы ішкі өнімді анықтағанда есепке алынбайды.Толық және сенімді мәліметтерді жинау арқылы бұл мәселені шешіге болады. Шоттарда кездесетін тамақтандыру, іссапар шығындары, әскери адамдары киім-кешекпен жабдықтандыру, әртүрлді салықтар, субсидиялар сияқты экономикалық операцияларды түсіндірде де біраз қиындықтар болады. Халық шаруашлығы балансын ақпарат негізі деп санау және шоттар тек тұтас экономика үшін құрылуы осы кезеңдегі ұлттық сеп жүйесін статистикалық практикаға енгізудегі тағы бір ерекшелік болып саналады. Халықаралық стандартты салалық топтастырудың орнына халық шаруашылығының жалпы одақтық топтаструын пайдалану, алғашқ ақпараттық құжаттар базасының (бухгалтерлік есеп, қаржы және банк статистикасы) халықаралық стандартқа сәйкес келмеуі, шаруашлық бірліктердің толық статистикалық бақылауға алынбауы салдарынан эксперименттік есептеулерде кемшілікьтер болады. ТМД елдерін бірыңғай халықаралық стадартты статистикалық әдістемемен қамтамасыз ету үшін жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, т.б көрсеткіштерді есептеудің, өндіріс, табыстың пайда болу, табысты бөлу және пайдалану, басқада шоттарын құру, салараралық байланысты құрудың әдістемелік принциптері айқындалды.

Сол сияқты ҰЕЖ көрсеткіштерін тұрақты  бағамен бағалау принциптерін анықтау, қаржы шотын, баланстық кестелерді, активтер мен пассивтердің өзгерісінің шотын құру сияқты жұмыстарды іске асыру көзделуде. Стандартты әдістеме негізгі макрокөрсеткіштердің динамикасын, құрамын зерттеп, мөлшері туралы мәліметтерді салыстыру үшін, ТМД еледрінің нарықтық экономикалық өту кезеңдерін талдау үшін, осы елдердің экономикалық саясатын, мемлекетаралық экономикалық қатынастардың үйлесімді түрде жүргізу үшін қажет.

ҰЕЖ –де шарушашылық операцияларын  есептеу, өтпелі кезеңдегі құрылымдық ерекшеліктерді анықтау сияқты әдістемелелік  сұрақтарды шешумен қатар макрокөсеткіштерді есептеуге қажетті мәліметтерді жинауғу зор көңіл бөлінуі тиіс керек. Ол үшін шаруашылық біріліктердің бухгалтерлік есебін, бастапқ статистикалық есеп беруді, статистикалық бақылауды өзгерте отырып халық шарушылығы балансының мәліметтер базаснан жаңа жүйенің мәліметтер базасына көшу қажет.

1994 жыл Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік статистикалық комитеті (Ұлттық статистикалық агентігі) 1992 жылғы экономиканың дамуын  сипаттайтын мәліметтер бойынша  алғашқы ұлттық шоттарды құрды.

ХШБ мен ҰЕЖ көрсеткіштернің  тұжырымдармаларының өзара байланысы

және айырмашылықтары

ХШБ мен ҰЕЖ теориялық және әдістемелік  принциптері.

Халық шаруашылығы балансы(ХШБ) деп  марксистік тұжырымдамаларға негізделген, жоспарлы экономиканың дамуын сипаттау, талдау үшін қолданылған макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесін айтады.ХШБ кеңестер одағында алғаш 20-жылдары құрылды. Оның құрылымы өзі сипаттайтын экономиканың үлгісіне сай анықталды. Материалдық ресурстарды бір орталықтан бөлу принциптеріні негізделген бұл экономикалық үлгіде табыстарды бөлу, қаржы инструменттеріне байланысты операциялар сияқты прцестердің маңызы төмендетілді. Халық шаруашылығы балансының негізі болып материалдық баланс (қоғамдық өнімді өндіру, тұтыну,қор жинау балансы) саналады. Материалдық баланс қоғамдағы материалдық игіліктер ресурстарын және оларды пайдалануды сипаттайды.

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін халық шаруашылығы балансын басқа социалистік елдер( Қытай, Ветнам т.б) қолдана бастады.

ХШБ-нің үлгісінде қаржы балансын құру қажеттілігі көрсетілген, бірақ мемлекеттік басқару ұйымдары табыс және қаржы активтернің қозғалысын талдауды қажет деп санамағандықтан практика жүзінде бұл баланс құрылмады.ХШБ-нің негізгі тұжырымдамасына сай экономикалық өндіріс салаларымен ғана шектеледі, ал өндірістік емес сферадағы, яғни, материалдық емес қызметтер сферасындағы әрекеттердің нәтежелері (басқару, қаржы, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, өнер, қорғаныс, коммуналды шаруашылық т.б) ұлттық табысты бағалауда ескерілмеді, бұл қызметтерді ұлттық табысты қайта бөлудің нәтежесі деп қарастырды. Сондықтан, халық шаруашылығы банасындағы көрсеткіштерді ұлттық есеп жүйесіндегі көрсеткіштемен тікелей салыстыруға болмайды.

Халық шаруашылығы балансының ұлттық есеп жүйесінен елеулі өзгешеліктер бола тұра ҰЕЖ –нің дамуына өз әсерін тигізді. Өйткені Кеңестер Одағының статистикалық ұйымдары алғашқы халық шаруашылығы балансын 1925-1926 жылдары құрды, яғни ХШБ ҰЕЖ-нің алғашқы зерттеулерінен бұрын пайда болды.ХШБ-ның алғашқы зерттеулері экономика салаларының байланысын көрсететін кестелерден құралды. Бұл кестелер салааралық баланстың болашақтағы үлгісі еді.Халық шаруашылығы балансының негізгі ережесі – материалдық өнідіріс сферасы мен өндірістік емес сфераны ажырату, материалдық өндірістің өзін өндіріс құрал жабдықтарының (І бөлігі) және тұтыну затарының өндірісі (ІІ бөлігі) деп екіге бөлу. Осы теория ббойынша қоғамдық жиынтық өнім екі формада ұдайы өндіріледі: а) натуралды затты б) құнды. Натуралды-заттық формасы орын толтыру қорына(өндірістік тұтыну) және қорлану қорына бөлінеді. Ал құнды формасы бойынша қоғамдық жиынтық өнім екі бөліктен тұрады. Ол затқа айналған құн(С) және жаңа жасалған құн(V+м).

Қоғамдық жиынтық  өнімнің материалдық-заттық құрылымы қоғамдық қажеттіліктердің құрылымына сәйкес анықталады. ХШБ –нің теориясы бойынша жасалған макроэкономикалық процестердің үлгісі ұдайы өндірістің негізгі аспектілерін толық кһөрсеткенімен, өндірістік емес сферадағы процестерді есепке алмайды, өндірісті ұйымдастырудың нақтылы формаларының әсерін ескермейді, осындай себептерге байланысты ХШБ әкімшілік басқару жүйесінде белсенді рол атқара алмады. Сондықтан, жаңа есеп жүйесіне көшу қажеттігі туындайды. Бұл жаңа жүйенің, яғни ұлттық есеп жүйесінің негізі – шаруашылық айналымы тұжырымдамасы болып есептелінеді. Ұлттық шаруашылықтың әр түрлі экономикалық құбылыстарды қамтып көрсететін көп өлшемді жүйе деп қарастыруға болады. Бұл жүйенің негізі-экономикалық айналым. Экономикалық айналым өндіру, тұтыну, қор жинау, қайта бөлу сияқты экономикалық процестерден тұрады. Оның үш элементі бар: экономикалық айналым обьектісі, субьектісі, экономикалық операциялар. Тауар, қызмет, ақша құралдарыэкономикалық айналамның обьектісі, ал шаруашылық бірліктері оның субьектісі болады.Экономикалық айналым обьектісінің бір субьектіден екінші бір субьектіге ауысуы экономикалық операциялар арқылы жүзеге асырылады. Макроэкономикалық құрылым түрлерінің классификациясы (жіктелуі)- материалдық игіліктер мен қызметтер қозғалысы ресурстарының ұдайы өндірісі деп қарауға негізделген. Ұдайы өндірістің әр сатысында ресурстар әртүрлі экономикалық формада көрінеді. Ресурстар, ең алдымен, өндірістік ресурстар түрінде, содан кейін ұдайы өндірістің ресурстары, ең соңында қаржы ресурстары (субьектілерінің ақша құралдары) түрінде көрінді.

ҰЕЖ-нің тұжырымдамасы бойынша материалдық игіліктерді өндіру мен қызмет көрсетудің арасына шек қойылмайды, экономиканың тұтастығы сақталады. Мұның өзі шаруашылық субьектілерінің өндірістік әрекетттерінің нәтежесін, кіріс мен шығысын бағалауға мүмкіндік береді.

ХШБ мен ҰЕЖ –нің міндеттеріндегі айырмашылықтар:

-ХШБ қоғамдық өндірісті бір  орталықтан жоспарлаудың талаптарын  қанағаттандырады оның негізгі  міндеті:

шоттарды құруда бухгалтерлік есептегі екі жақты жазау принципі қолданылады, яғни әр -өндіріс процесін және материалдық ресурстардың қозғалысын қадағалау;

-ҰЕЖ нарықтық экономика талаптарын  қанағаттандырады, ол қаржы-ақша  қатынастарын бірінші орынға  қояды.

Екі жүйенің тұжырмдамаларындағы  айырмашылықтар:

-ХШБ-де өндірістік әрекет деп  материалдық өнідіріс сферасындағы  әрекетті айтады, ал ҰЕЖ-де табыс әкелетін кез келген әрекет деп саналады;

-ХШБ- да өнім құны көшірілген  құннан (еңбек заттарының шығыны  және негізгі капиталдың тозуы)  және жаңадан жасалған құннан (өндірушілердің алғашқы табысы, яғни материалдық өнідіріс сферасындағы еңбекшілердің, кәсіпорындардың алғашқы табысы) құралады, ал ҰЕЖ-де өнім құны еңбек заттарының шығынынан және өндіріс факторларының ақысынан құралады. ҰЕЖ дегі еңбек заттарының шығын материалдық ресурстар, қызметтер және материалдық емес қызметтер аралық тұтыну түрінде беріледі, яғни ХШБ еңбек шығындарымен бірдей емес. Ал еңбек факторларының ақысы болып еңбекақы, пайда рента, прцент, дивиденд есептелінеді.

ҰЕЖ мен ХШБ –нің әдістемесіне мынадай өзгешеліктер бар:

-өндіріс көрсеткіштернің мазмұнындағы  өзгешеліктер. Бұл өзгешеліктер ұлттық табысты (өнімді) анықтауда екі жүйеде әр тұрлі тәсілдердің қолдануына байланысты болады;

-өнімді тұтыну (аралық,ақырғы) табысты  бөлу қайта бөлу прцестерінің  көрсеткіштерінің мазмұнындағы  өзгешеліктер;

-қаржы ағымдарын (несие заем) түсіндірудегі өзгешеліктер.ХШБ  бұл ағымдар ұлттық табысты уақытша қайта бөлу, ҰЕЖ –де экономика секторларында бөлінген инвестиция түрінде қарастырылады;

табыс, шығыс, жинақ категорияларын жіктеудегі өзгешеліктер.

ҰЕЖ ағымдағы табыстар мен шығыстардың айырмасы «жинақ» көсеткіші арқылы анықталады және бұл көрсеткіш күрделі шығындарды қаржыландырудың көзі болып саналады. ХШБ табыс пен шығысты ағымдағы және бір жолғы деп екіге бөлінбейді, сонықтан «жинақ» көрсеткіші де жоқ, ал қолма-қол ақшаның банктегі салымдарының өсімі сияқты жинақ түрлері ұлттық табыстың қайта бөлінген түрі деп саналады.

Мәліметтерді көрсетудегі өзгешеліктер:

-ҰЕЖ  мәліметтер «Т» әріпі  тәрізді шоттар және кестелер  түрінде беріледі. Ұлттық көрсеткіш  (экономикалық операция) шотарда  2 рет жазылады (бір шоттың кіріс бөлігінде, кінші шоттың шығыс бөлігінде). ХШБ мәліметтер кстелер түрінде беріледі. Бұл кестелерде материалдық игіліктердің ресурстары және оларды пайдалану көрсетіледі. ХШБ көрсеткіштер жүйесі материалдық игіліктердің ғана қозғалысын көрсетеді, ал ҰЕЖ тауар өндіру, қызмет көрсету, табыстың пайда болуы, оның бөлу, қайта бөлу, пайдалану процестерін және қаржы активтері мен пассивтерінің өзгерістерін зерттейді. Содықтан ұлттық есеп жүйесінде  экономикалық айналымды жан-жақты, толық көрсетеді.

Информация о работе Өндіріс статистикасының дәріс материалдары