Нөлдік циклдік жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2014 в 03:00, курсовая работа

Краткое описание

Үймереттер мен ғимараттардың жерасты бөлігін салумен байланысты технологиялық процестерді нөлдік циклдік жұмыстары деп атайды. Нөлдік цикл жұмысының құрамына әдетте топырақты өңдеу, негіз және іргетас құрылысының технологиялық процестері кіреді. Топырақты өңдеуге дейін дайындық жұмыстарын орындайды, олар бөліп берген территорияда негізгі жұмыстарды орындауға дайындалудан тұрады.

Содержание

Кіріспе
1. Курстық жұмысты орындау үшін бастапқы мәліметтер
2. Имараттың жобасы, көлденең және
бойлық қималары, қазаншұңқырдың жобасы
3. Топырақтың сипаттамалары
4. Құрамалы темір-бетон конструкцияларының спецификациясы
5. Жер жұмыстарының көлемін анықтау
6. Жұмыс көлемінің ведьмосі
7. Жер жұмыстарын өңдеу кезіндегі пайдаланылатын машиналар
8. Еңбек шығыны, машина уақыт және еңбек ақы калькуляциясы
9. Жер асты суларын төмендету жұмыстары
10. Жинақтау кранын таңдау
11. Жер асты жұмысын өңдеу технологиясы
12. Сапаға қойылатын талаптар
13. Жұмыс өндірісінің мерзімдік графигі
14. Техника – эканомикалық көрсеткіштері
15. Техника қауіпсіздігі бойынша шаралар
16. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.docx

— 177.72 Кб (Скачать файл)


 

8. Еңбек шығыны, машина уақыт және еңбек ақы калькуляциясы.

Еңбек шығыны БМБ бойынша есептеледі. Оны тек қабылданған нұсқа бойынша құрады. Жұмыс көлемі ведьмостысынан жұмыс аттары көшіріліп жазылады (2,4-баған). БМБ-ның қажетті парагрыфтарынын 3,5,6,7,8,9,10-бағандардың  өлшем бірлігі, уақыт бірлігі, бағасы жазылады. Кестедегі қалған бағандар есептеу бойынша шағарылады.

4 – кесте

 

 

    1. Жер асты суларын төмендету жұмыстары

 

Жер асты су деңгейін төмендетудің үш тәсілі бар: 1 – ші Ашық су төкпе тәсілі, 2 – ші Суды жасанды төмендету, 3 – ші Тампонаж.

Жер асты суын ашық су төкпе тәсілімен жүргіземіз. Ол үшін қазаншұңқырға құйылатын судың көлемін анықтаймыз:

 

 

 

Fдна = a∙b=27∙39=1053 м2

Fотк =

Мұндағы, – қазаншұңқырдың түбі бойынша ауданы, – жер асты су днңгейінен төмен орналасқан құламаның ауданы, α – 1м2 – қа құйылатын су α = 0,25м3/сағ.

Суды ағызу үшін сораптар санын анықтау (С-204):

 

Мұндағы, – қор коэффиценті, 1,5-2 қабылданады, – сораптың өнімділігі, 120 м3/сағ.

      1. Жинақтау кранын таңдау

 

Жинақтау процесі келесі операциялардан тұрады: ілу, көтеру, орнына қою, түзілісті дәлдеу және уақытша бекіту, қосылысқан жерлердің немесе түзілістердің бөлек элементтерінің дәнекерлеу бөлшектерін тоттанудан қорғау, жобалық жағдайда түзілістерді ақтық бекіту.

Техникалық параметрлері бойынша крандар таңдау. Аз қабатты ғимараттар үшін өзі жүретін жебелі крандар арқылы құрылыс конструкциялары жинақталады. Өзі жүретін жебелі крандар жыланбауырлы табанды, пневмодоңғалақты және автомобилді болып келеді.

Көп қабатты ғимараттар үшін құрылыс конструкциялары мұнаралы крандармен жинақталады. Мұнаралы крандар жылжымалы және стоционарлы, аралас болып келеді.

Өзі жүретін жебелі крандар келесідей техникалық параметрлермен анықталады: 1 – ші қажетті ілмектің көтеру биіктігі (), 2 – ші қажетті ілмек құлашы (), 3 – ші қажетті жебе ұзындығы (), 4 – ші қажетті жүк моменті ().

Мұнаралы крандар үшін техникалық параметрлер келесідей болады: 1 – ші қажетті ілмекті көтеру биіктігі (), 2 – ші қажетті ілмек құлашы (), 3 – ші қажетті жүк моменті ().

  1. Фл 24.10.6. Іргетас табаны

 

Мұндағы, Һ0 – жинақталатын элементті жинақтау үшін орнатылатын деңгей, Һз – биіктік бойынша қор (0,5-1м дейін), Һэ – жинақтау жағдайындағы элементтің биіктігі Һэ = 0,3, Һс – строптың биіктігі Һс = 4,2 м.

 

 

 

Мұндағы, а – жинақталатын элементтің ұзындығының немесе енінің жартысы, а = 0,5м, - жинақталатын элементтің шетінен жебенің осьіне дейінгі аралық горизонтал бойынша = 1-1,5 дейін, – полистпаст биіктігі =1,5-4м,  – кранның тұрған деңгейінен жебенің өкше топсасына дейінгі биіктік =1,5м,  С – жебенің өкше топсасынан кранның бұрылу өсьіне дейінгі аралық =2м дейін қабылданады.

 

 

 

 

Мұндағы, – жинақталатын элементтің салмағы, т,  – строптың салмағы (0,09т).

  1. ФБС 24.6.6-Т. Жертөле қабырғаларының блоктары

 

 

 

 

 

  1. ПК60.12-6 AIYT. Қабатаралық жабын тақтасы

 

 

 

 

 

      1. Жер асты жұмысын өңдеу технологиясы

 

Үймереттер мен ғимараттардың жерасты бөлігін салумен байланысты технологиялық процестерді  нөлдік циклдік жұмыстары  деп атайды. Нөлдік цикл жұмысының  құрамына әдетте топырақты өңдеу, негіз және іргетас құрылысының технологиялық процестері кіреді. Топырақты өңдеуге дейін дайындық жұмыстарын орындайды, олар бөліп берген территорияда негізгі жұмыстарды орындауға дайындалудан тұрады.

Жер ғимараттары міндеті және пайдалануы бойынша тұрақты және уақытша болып келеді.

Тұрақты ғимарттар салынып жатқан объектілердің құрама элементтері болады және оларды дұрыс пайдалануға арналады. Оларға бөгет, канал, автомобиль және темір жолдардың оймалары мен үйінділері және т.б. жатады.

Уақытша жер ғимараттары мен имараттары тек құрылыс кезеңінде жасалады және үймереттердің жерасты бөліктерінің іргетастарын, технологиялық жабдықтарын, инженерлік коммуникацияларын және т.б. орнату үшін арналады.

Тұрақты және уақытша жер ғимараттарына қойылатын негізгі талап олардың бүйір беттерінің – құрамының тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Оймалардың өлшемдерін салыстырғанда оның ені ұзындығынан 1/10 кем болмаса, оны қазаншұңқыр, ал ені 1/10-нан кем болса ұзын ор деп аталады. Қазаншұңқырлар әдетте көлемді ғимараттардың жертөлесін салғанда жасалады. Ұзын орлар ұзынынан созылыңқы коммуникациялар, су, газ, жылумен жабдықтау, канализацияның сыртқы жүйелерін салғанда қазылады.

      1. Сапаға қойылатын талаптар

Құрылыс сапасы дегеніміз тұрғызылған үймереттер мен ғимараттар және олардың бөлшектері жобалық шешімдер мен мөлшерлерге сәйкестігі.

Құрылыс сапасы оның барлық құралу сатысында жасалады: өндіріс алдында (жоспарлау, жобалау, құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіру, құрылыс алаңына жеткізу), өндірісте (құрылыс-жинақтау процесі), және өндірістен кейінгі (пайдалануға берілуі). Жер жұмыстарын жүргізгенде геологиялық, геодезиялық және геотехникалық бақылау жүзеге асырылады. Орындалған операциялар құрамы бойынша жер жұмыстарының сапасын бақылау жер ғимараттарының түрі және  атқаратын міндетімен анықталады. Ол қағида бойынша үш кезеңде орындалады: кіріс (алғашқы), операциялап (жұмыс өндіру барысында) және соңғы (алу-тапсыру).

Кіріс бақылауына кіретіндер: жасалатын жер ғимараттарының биіктік және жобалық орнын анықтайтын техникалық құжаттарды тексеру, гидрогеологиялық іздеулері және топырақты сынау мәліметтері, негізгі элементтерді жер үстіне шығару және оларды бекіту актілері.

Операциялап бақылау жұмыс өндірісінің жобасымен толық сәйкес орындалады. Қазаншұңқыр және ұзын орлар қазғанда оларға ғимараттар немесе инженерлік жүйелердің элементтерін орналастыру шарттарын есепке алып геометриялық өлшемдері, түбінің еңістері және олардың бағыты, құлама тігі, жақтарын бекіту тәсілдері, басқа шараларды іске асыратын немесе әлсіз топырақтарды бекітуді қамтамасыз етуі бақыланады.

Топырақты үйінділерге салғанда: оның түрі және ылғалдылығы; үйінді қабаттарын салу жүйесі; тығыздау тәсілі және қабаттың мүмкін қалыңдығы; салынатын топырақты үйлесімді дымқылдық деңгейіне дейін суландыру (құрғату); үйіндідегі топырақтың тығыздылығының өзгеру ерекшелігі; әр қабаттың шегіндегі топырақтың алынған тығыздылығы берілгенге (мөлшерленгенге) сәйкестігі; төгілетін топырақтағы тастардың шекті мүмкін ірілігі және олардың пайыздық мөлшері бақыланады.

Соңғы бақылау. Әдетте техникалық құжаттардың орындалуын тексеруді қамтиды. Жұмысты тапсырғанда ұсынатын техникалық құжатта: тұрақты реперлердің ведмостілері; жер ғимараттарының геодезиялық бөлу актілері, жұмыс өндірісінің барысында және жобалау мекемесі және тапсырушымен келісілген өзгерістер кіргізілген ғимараттардың жұмыс сызығы; жұмыс жұрналы, жасырын жұмыстардың куәландыру актілері немесе олардың кезеңмен қабылданған журналы болу керек.

Желі – бойлаған жер ғимараттарын, әсіресе жол үйінділері мен оймаларын жасағанда бақылаудың соңғы кезеңі және алу – тапсыру құрылыс аяқталған учаскеде жүзеге асырылады.

Жұмысты алу – тапсыру: техникалық құжаттардың түгел бар болуын тексеру; орындалған жұмыстың сапасын және жер ғимараттарының геометриялық өлшемдерін іріктеп тексеру; жұмыстың жасырынды түрлерін қабылдау түрлерін тексеру негізінде жасалады.

 

Жинақтау процесінің сапасын бақылау

Құрылыс түзілістерін жинақтау, ақыр аяғында үймереттер мен ғимараттардың, сапасы жобалық шешімдердің, құрылыс өнімінің сапасына, оныың технологиялығына және жобалық қалпына түзілістерді орнату дәлдігіне, түйіс-түйіндер және оларды бітеу сапасына байланысты.

Бұйымдардың және олардың түйін-түйістерінің жинақтау технологиялық деңгейінің артуы құрылыс түзілістерінің жинақтау дәлдігін шұғыл көтереді. Жинақтау дәлдігі өз кезегімен құрылыстың еңбек сыйымдылығын, машина сыйымдылығын, ұзақтылығын және өзіндік құнын азайтуға және үймереттер мен ғимараттардың ұзаққа шыдамдылығы мен сенімділігін көтеруге мүмкіндік туғызады.

Жинақтау жұмыстарының сапасы жоба және биіктігі бойынша үймереттер мен ғимараттардың өстері дұрыс бөлінуіне, олардың жер асты және жер үсті бөліктерінің жобалық шешімдерін қамтамасыз етуіне, түзілістерді жинақтағанда шекті ауытқуының сақталуына байланысты. Шекті ауытқу шамалары құрылыстағы геодезия жұмыстары бойынша ҚМЕ – нің тарауларында белгіленген.

      1. Жұмыс өндірісінің мерзімдік графигі

 

Жұмыс өндірісінің мерзімдік графигі сызықтық график арқылы жобаланады. Мерзімдік графикте жұмыстарды жекелеген түрде көсетуге болмайды және қатаң түрдегі технологиялық жұмыстардың кезектес жүйесі арқылы құрылады. Барлық жүмыстардың басталуы және аяқталуы өзара байланысты болуы қажет. Ауысым саны жұмыс өндірісіне байланысты қабылданады. Жұмысты машинамен және механикаландырылған тәсілмен жүргізгенде ауысым санын кем дегенде екі ауысымға тең алады, ал машиналарды қолданусыз жүргізілетін процестерде ереже бойынша бір ауысымға қабылдайды. Мерзімдік жобада әр түрлі процестердің кезектілігі, ұзақтылығы және өзара байланысы көрсетіледі. Мерзімдік жоспарда жалпы құрылыстың бағасын, процестердің өзара байланысын, уақытша жер ғимараттары мен имараттарының көлемін есептеудің дұрыстығын және жұмыстардың тасқынды, үздіксіз атқарылуын құрылысты жобаланған мерзімде аяқталуына тексереді.

Құрылыстағы жұмыстардың ұйымдастырылуының дұрыстығын теңсіздік коэффиценті арқылы тексереді:

 

Мұндағы, – объектіде жұмысшылардың максималды саны, – жұмысшылардың орташа саны;

 

Теңсіздік коэффиценті 1,5-тен аспауы қажет, ал асып кеткен жағдайда жұмыстарға қайта есептеулер жургізіледі. Сондай-ақ адам санын қысқарту арқылы  еңбек сыйымдылығын ұзартуға болады және де адам санын өзгертпестен жұмыс мерзімін жылжытуға болады.

      1. Техника – эканомикалық  көрсеткіштері

5 – кесте 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Саны

1.

Құрылыс ұзақтылығы

күн

45

2.

Еңбек сыйымдылығы

Ад-кун/Маш-см

208/48

3.

Құрылыстың құны

тг

 

4.

1 ауысымда 1 жұмысшыға келетін  өнімділік

м3/смен

1,26


 

      1. Техника қауіпсіздігі бойынша шаралар

Жер жұмыстары өндірісіндегі қауіпсіздік техникасы

Жер жұмыстарын орындағанда ҚМЕ және ЖӨЖ-де ескерілген қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау керек.

Жер жұмыстары басталуға дейін барлық қазіргі жер асты коммуникацияларының (электр жүелері, газ құбарлары) орналасуын тура белгілеу керек. Олардың қасында топырақты өңдеуді тек осы коммуникацияларды пайдаланатын мекемелердің жазбаша рұқсат қағазы болса және мекеменің қатысқан өкілінің көзінше және жұмыс жүргізуші немесе шебердің бақылауымен ғана рұқсат етіледі. Топырақ өңдеуді электр жүйесі, қысым су, газ құбарларына тікелей таяулықта соқпа құрал-сайманын қолданусыз жүргізіледі.Каммуникациялардың орналасқан жері мен тереңдіктері көрсетілген жоба болуы қажет және жұмысты бастамас бұрын коммуникациялардың орналасқан жеріне арнайы белгілер қойылуы қажет. Топырақтың қажетті тығыздығы белгіленбей тұрып опырылғыш топырақтар мен уақытша бекітілген құламаның маңында құрылыс машиналары мен механизмдеріне жұмысты жүргізуге тыйым салынады. Жұмыс істеп тұрған эксковатор шөміші немесе жебесі астында тұруға қазым жағынан жұмыс жасауға рұқсат етілмейді. Эксковатормен топырақты өзі қотарғыш автомобильдердің артқы немесе бүйір жақ ернеуінен тусіреді, эксковатор мен автомашина аралығында адамдар тұруға рұқсат етілмейді.

Оймалар қазылғанда топырақты сейсмикалық жағдайларға зерттеулер жүргізілуі қажет. Жұмысшылардың қазаншұңқырға кіріп-шығуы үшін 0,6м-ден кем емес өтістер жасалады және уақытша баспалдақтар тұрғызылады. Топырақта кездейсоқ жағдайда жыралар пайда болған сәтте жұмысшылар топырақтың опырылу алаңынан тыс жерге барулары тиіс. Эксковатормен топырақты автосамосвалдарға тиеу артқы немесе бүйір жаны арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Құламалардағы тастардың қазаншұңқырға түсуінің алдын алу мақсатында құламаны әр түрлі тастардан тазартады. Топырақты гидромеханикалық тәсілмен өңдегенде бөтен адамдарға су шайған топырақтың өңдеу жерінде, ал жұмысшыларға гидромонитор ағысының қимыл аймағында болуға рұқсат етілмейді.

Информация о работе Нөлдік циклдік жұмыстары