Қазақстан Республикасы-егеменді,унитарлы мемлекет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 22:59, реферат

Краткое описание

1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік егемендік туралы Декларациясын қабылдады. Содан бері 25 қазан Республика күні болып жарияланды. Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
Қазақстан Республикасы – егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғандықтан, 1991 жылдың 21 желтоқсанында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД), ал 1992 жылдың 2 наурызында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік құрылысы
Қазақстан Республикасы — егеменді және тәуелсіз мемлекет
Қазақстан – демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаанылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ.doc

— 109.50 Кб (Скачать файл)

           Қазақстан Республикасы-егеменді,унитарлы мемлекет

  

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  • Қазақстан Республикасы
  • Мемлекеттік құрылысы
  • Қазақстан Республикасы — егеменді және тәуелсіз мемлекет
  • Қазақстан – демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет.
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаанылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      Кіріспе

     Қазақстан Республикасы – ұлан-байтақ, қуатты ел. Жер қойнауында да, жер бетінде де тұнып жатқан байлық мол. Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі он мемлекеттің қатарына жатады. 
Қазақстан 1920 жылы 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталған. КСРО құрамына 1936 жылы он бес одақтас республиканың бірі болып кірді. 
     1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік егемендік туралы Декларациясын қабылдады. Содан бері 25 қазан Республика күні болып жарияланды. Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. 
Қазақстан Республикасы – егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғандықтан, 1991 жылдың 21 желтоқсанында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД), ал 1992 жылдың 2 наурызында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді. Өзіміздің егемендік құқымызды негізге ала отырып, 1995 жылы 30 тамызда Конституция (Ата заң) қабылданды. Ата заңды құрметтеу, жақсы білу және мүлтіксіз орындау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Оның қағидалары заңды түрде қорғалады. 
   Конституция бойынша мемлекет басшысы және ең жоғары лауазым иесі – Президент. Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Парламент екі палатадан тұрады. Жоғарғы палата – Сенат, төменгі палата – Мәжіліс деп аталады. Атқару қызметін Үкімет орындайды. Әкімшілік-аумақтық жағынан Қазақстан 14 облысқа, 160 ауданға бөлінеді. Мұнда 85 қала, 200-ден аса қала типтес кент бар. 
Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1997 жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.   

 

Қазақстан Республикасы

      Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан. Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудiң негiзiнен орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелi белдеудi қамтиды.

      Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұз. 6467 км), оңтүстігінде Түрiкменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызия (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi, батысында Каспий т. (600 км) орналасқан.

      Жер аумағы 2724,9 мың км2. Халқы 15 млн.-нан астам адам. Оның 9 млн-ға жуығы немесе 60%-дайын қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады.

     Астанасы — Астана қаласы. Әкiмшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. Одан басқа Қазақстанда 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық округке бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар (2003; кестенi қ.).

     Мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi. Ресми тілі - орыс тілі. Ұлттық валютасы — теңге, 1993 жылы 15 қарашада енгiзiлген.

     Басқару түріне байланысты - Президенттік Республика. 2011 жылдың 15 қаңтарында өткен Президенттік сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды (бұл қызметте1990 жылдан бері).Атқарушы орган Үкімет басшысы - Серік Нығметұлы Ахметов.

      Қазақстан сөзі Қазақ  және Стан сөздерінен құралған, яғни Қазақ елі деген мағына береді. Соңғы кездері халық арасында Қазақ елі және Қазақия деген атаулар қолданылуда.

 

Мемлекеттік құрылысы

     Қазақстан – 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша – өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеумметті мемлекет ретінде орнықтырды. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғоры өкілді органы – Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады.

      Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенатқа әр облыстан және респ. маңызы бар 2 қаладан екі адамнан сайланады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс республиканың әкімш.-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бір мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттан және партиялық тізім бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады.

      Президент Үкіметті Конституцияда белгіленген тәртіппен құрады. Тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің төрағасын республика Президенті тағайындайды.

      Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғ. Соты және республиканың жергілікті соттары болып табылады. Жергілікті мемл. басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады.

 

 

Қазақстан Республикасы — егеменді және тәуелсіз мемлекет

        Қазақстан Республикасының Конституциясы  мемлекетіміздің егемендігі мен  тәуелсіздігін баянды етті. Қазақстан мемлекетінің егемендігі мына белгілермен сипатталады: Қазақстан мемлекетінің тарихи қалыптасқан аумағы бар. Қазақстанның аумағы бес мемлекетпен: Ресеймен, Қытаймен, Өзбекстанмен, Қызғызстанмен және Түркменстанмен шектес. Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға болмайды. Мемлекетіміздің аумағына басқа мемлекеттің қол сұғуы агрессия деп аталады. Агрессияны халықаралық құқық айыптайды. Конституцияда жарияланғандай, Қазақстан басқа мемлекеттермен тату көршілік, олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы шешу, бірініші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді.

      Республикаға қарсы агрессия  бола қалған күнде немесе сырттан  тікелей қауіп төнсе, Президент  республиканың барлық аумағында  немесе кейбір жерлерде соғыс жағдайын енгізіп, ішінара немесе жалпы әскерге шақыруды жариялайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заң бойынша біздің мемлекет өз аумағын құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде өз қарулы күштерімен қорғайды.  Республика шекарасын Қазақстанның шекара әскері күзетеді, ол республика тұтастығына қандай  болсын  қарсы әрекетке тойтарыс беруі қажет,  адамдарды қылмыстық әрекеттерден қорғауы тиіс. Қоғамда өтіп жатқан  процестер мен мемлекет қызметінің бағытына сәйкес бұл факторлар мемлекеттегі дағдарыс пен тұрақтандыруға жауап береді.

        Егемендіктің маңызды белгісі  — онда мемлекеттік биліктің  жоғары органдарының болуы. Заң  шығару қызметін жүзеге асыратын  жоғары өкілдік орган — Қазақстан  Республикасының Парламенті. Парламент  екі палатадан: Мәжілістен және Сенаттан тұрады. Олар тұрақты қызмет істейді. Мәжіліс депутаттарын азаматтар тікелей сайлайды. Ал Сенат депутаттарының басым көпшілігін мәслихаттар сайлайды. Сенаттың жеті депутатын Президент тағайындайды. Мемлекеттің басшысы-Президентті азаматтар сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Президент мемлекеттік биліктің барлық буындарының келісіп қызмет істеуін қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің көлемінде атқарушы билікті жүзеге асырады. Ол атқарушы органдардың жүйесін басқарады. Атқарушы органдардың жүйесіне жататындар-министрліктер, мемлекеттік комитеттер, коммиссиялар, бас басқармалар және жергілікті атқарушы органдар — облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық, селолық әкімшіліктер. Атқарушы органдардың өкілеттіктері зандарда және арнаулы ережелерде анықталады.

       Ерекше құқық қорғау органдары  бар, олар — соттар, ішкі істер  органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура. Олардың ішкі құрылымы, өкілеттіктері арнаулы зандарда анықталады.

      Егенмендіктің тағы бір маңызды  белгісі — өз азаматтығының  болуы. Азаматтыққа байланысты мәселелер  Конституцияда, азаматтық туралы  заңда, Президенттің заң күші  бар Жарлықтарында қарастырылған. Азаматтық — адамдардың мемлекетпен тұрақты саяси және құқықтық байланысының жағдайы. Мүндай байланыстан мемлекет пен азаматтардың өзара құқықтары мен міндеттері келіп туады. Мемлекет, оның органдары азаматтарға ол құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы үшін қажетті жағдай жасауы керек. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бұзылган болса, лауазым иелері, заң қорғайтын органдар кінәлілерді тиісті жауапқа тартады. Азаматтың міндеттері — Конституцияны, зандарды сақтау, мемлекеттік тілді, барлық ұлттардың тілдерін, әдеттерін, дәстүрлерін құрметтеу, еліміздің экономикалық қуатын күшейту.

      Егемендіктің тағы бір маңызды  белгісі — басқа мемлекеттермен  қарым-қатынас жасау қабілеттілігі. Қазақстан Республикасы Біріккен  Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық  ұйымдардың мүшесі. Көптеген шет мемлекеттермен елшілік қатынастарын жолға қойды. Олармен   саяси,   экономикалық,   мәдени,   т.б.   мәселелер   бойынша халықаралық     

шарттар     жасасты. Сол мақсатпен Қазақстан Республикасының Конституциясы   Президентке,   Парламентке   және Үкіметке қажетті өкілеттіктер берді.

Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, оның жоғары лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президенті Конституция бойынша жоғары лауазымды тұлға болғандықтан Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді, былайша айтқанда, түрлі ұлттар арасында, әлеуметтік топтар арасында лауазымды болмауына қамқорлық жасайды. Мемлекеттік биліктің түрлі буындарының арасында қақтығыс болмауын қадағалайды. Президент Парламент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе, қайта қарау үшін кері қайтарады (вето құқығы). Егер Парламент заң қабылдау құқығын уақытша Президентке тапсырса, ол заңды өзі қабылдай     алады. Сонымен қатар Конституцияда көрсетілген жағдайда Президент заң күші бар Жарлық қабылдай алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан – демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет.

      Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.   

     Демократиялық мемлекет – Қазақстан, ең алдымен, Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар ел. Сонымен қатар, демократиялық мемлекет ретінде Қазақстан әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүдесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді.  

     Зайырлы мемлекет – Қазақстан Республикасында діни мекемелер мен дін ұстаудың мемлекеттен бөлектігін білдіреді және бұл жағдай Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы да басқа нанымдық ағымдарға бірдей қвтысты. Мемлекет оргындары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрылып, жұмы істейді. Сонымен бірге, әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Наным немесе атеизм мәселесі адамның жеке басының шаруасы болуы тиіс.    

    Құқықтық мемлекет  - жеке адам мен қоғам мүдесін қорғайтыны, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделіп құрылған мемлекет. Ол принциптер: заңның үстемдік етуі; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлінуі; адам мен азамат құқығы мен бостандығына халықаралық өлшем денгейінде кепілдік берілуі; тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығының болуы, т.б.   

   Әлеуметтік мемлекет – жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес қоғам мен адамға тұтас қызымет ететін мемлекет. Ол мемлекеттің қаржы көздері есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, қоғамдық ауыртпалықтардың да теңдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге әрекет етеді.  

   Қазақстан өз мемлекетінің әлеуметтік сипатын Конституциясында кепілдік берілген білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтік жұмысбастылық, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табыстары төмен тұратындар тобын қолдау сияқты әлеуметтік игілік істер арқылы анықтаған.   

   Конституциямызда жазылғандай, Қазақстан біртұтас, Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халық сайлаған Президент болады да, Премьер-миністердің басқаруындағы, өзінің алдында жауапты Үкіметті тағайындайды.  

   Қазақстандағы президенттік басқару нысанының ерекшелігі сол билік бөлісу жүйесінде Президент “билік буындарының үстінен қарау” құқығына ие әрі олардың келісіп жұмыс істеуін және өкімет оргындарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол Конституциялық тәртіпке сәйкес Үкіметтің өкілеттігін ғана тоқтатып қоймай, Парламентті де тарата алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

    Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.

Информация о работе Қазақстан Республикасы-егеменді,унитарлы мемлекет