Қазақстан Республикасы-егеменді,унитарлы мемлекет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 22:59, реферат

Краткое описание

1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік егемендік туралы Декларациясын қабылдады. Содан бері 25 қазан Республика күні болып жарияланды. Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
Қазақстан Республикасы – егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғандықтан, 1991 жылдың 21 желтоқсанында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД), ал 1992 жылдың 2 наурызында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік құрылысы
Қазақстан Республикасы — егеменді және тәуелсіз мемлекет
Қазақстан – демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаанылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ.doc

— 109.50 Кб (Скачать файл)

   Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді.     Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

     Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.

     Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..  

     Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.

     Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

    Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді

    Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

   Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

    Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

    Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.

     Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.

     Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін  әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады. 

    Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға  деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.

    Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.

      Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

    Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

    Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.

     Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.

Қорытынды

      Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бері жиырма бір жыл. Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық қүқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі. Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болды. Жаңа мемлекеттіліктің іргелі негіздері қаланды, қоғамдық дамуды реттеп және бағыттап отыратын қабілетті біртұтас мемлекеттік билік қалыптасты.

     Қазақстан Республикасы азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, діни көз-қарасына сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріліп, азаматтарды кемсітушіліктің кез-келген түріне тыйым салған.

    Тәуелсіз мемлекеттің тағдыры, оның ертеңі, болашағы, қазақ ұлтының өркениетті әлемге тұрақты өз орнын иемденуге деген ынтасы жылдан жылға күшейіп, өткен кезеңде жақсы көрініс тапты.

Мемлекетіміздің өркендеуі, дамуы, гүлденуі болашақ білімді жастарды қажет етеді, жаңа замандағы ғылымның жетістігінен толық хабардар олар мемлекетіміздің көш бастаушысы, ілгерілетушісі болып қалыптасуы керек. Міне, сонда ғана Тәуелсіз Қазақстан асқақ арманы мен мүратына жетері анық. Өркениетті елдерде тәжірибе алмасу, шетелдерде білім алу, оны жетілдіру мемлекетіміздің дамуының тетігі. Мемлекет нысанының толыққанды өмір сүруіне ат салысуымыз керек.

    1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республиасы Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады. Республика Конституциясының қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, қоғамдық, саяси институттар қызметіне негіз боларлықтай принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Республика Конституциясы Конституциялықтың демократиялық дәстүрлеріне сүйене отырып, Қазақстанның көп ұлтты халқын мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі деп таныды. Мемлекеттік биліктің бірлігін атап көрсете отырып, Конституция билікті заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлу принципін мемлекеттің, ұйымдық және қызмет ету тетігін негіз етіп алды. Қазақстан республикасының құрылым нысаны бойынша — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.

     Қазақстан   Республикасының   Конституциясында   тек   адамның, азаматтың,  мемлекеттік және қоғамдық құрылымның тың мәртебесі ғана емес, сонымен бірге стратегиялық құқықтың идеялары да айқындалды. Бұл, атап айтқанда, Конституциядағы Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп орнықтыратыны жөніндегі қағидада көрініс тапқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.-Алматы.,1995

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты, http://www.akorda.kz

  1. http://egov.kz/

  1. http://kk.wikipedia.org/

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасы-егеменді,унитарлы мемлекет